«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)













Нұр-Сұлтан, 2019

Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
6. Модерация және балл қою 5
1- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
3- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
4- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер

1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы Ойлау дағдыларын ың деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырма лар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну


Қолдану

















Жоғары деңгей
дағдылары - шығарманың тақырыбын, түрі мен жанрын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді;
- әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін анықтайды және оларды сипаттай алады;
- әртүрлі әдеби шығармалардың мазмұнын зерттейді және өз түсінігін ұсынады;
- әдеби шығармалардың мазмұнын баяндайды;
- поэзиядан немесе қара сөзден дауыстап үзінді оқиды;
- әдеби шығармалардың мазмұны туралы пікірлермен келіседі және қарсы болады;
- әртүрлі медиаматериалдарды пайдаланады. Көп таңдауы бар сұрақтар
Анализ және интерпретац ия - әдеби шығармалардың сипаттау тәсілдерін анықтайды;
- берілген әдеби шығармалардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайды және талдайды;
- әдеби шығармалардың тілі мен құрылымын талдайды;
- әдеби шығармадағы дәлелдемелерді пайдаланып, өз көзқарастарын ұсынады;
- жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты байланыстырады. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және
салыстыру - авторлардың жұмыстары мен стильдерін бағалайды;
- өз жазбаларында,соның ішінде шығармашылық жазуларда әдеби құралдар пайдаланады;
- жоспарлау әдістерін пайдаланады;
- қазақ және әлемдік әдебиеттегі шығармалардың мазмұнын салыстырады. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

1- тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

111.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

11.1.5.1 шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу Жауап нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5

6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау
11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып,
автор стилін анықтау
9 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық Жазбаша толық 20 10
тақырыптармен салыстырып, жауапты қажет
тарихи және көркемдік ететін сұрақтар
құндылығын бағалау
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі Шығармалар: С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі,
І. Есенберлин «Қаһар» романы, А. Сүлейменов «Бесатар» повесі

1- БӨЛІМ
1. Тұжырымдарды композициялық құрылым ретімен орналастырыңыз
1) Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз қалдыруы. Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл.
2) Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Ожардың опасыздығы.
3) Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекілітау бауырынан тапқан ажал.
4) Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі.
5) Қасым төре, оның үлкен балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары. А) оқиғаның басталуы
В) оқиғаның байланысуы С) оқиғаның шиеленісуі
D) оқиғаның шарықтау шегі Е) оқиғаның шешімі

1) .... 2) .... 3) .... 4) .... 5) ....
[1]

2. «Қаһар» романынан алынған қай үзіндідегі мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған?
А) - Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай ру-ру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ ту тігіп ел болудан қалған. Осыны неге түсінбейсіңдер.
В) Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айт; қан әлжуаз қалпында да жақсы көрем.
С) Дегеніме көнбесең, елді аттың бауырына, қамшының астына аламын. Кімде кім айтқаныма көнбейді екен, Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмейді екен
– ол менің жауым.
D) Қасым төре біз секілді ақымақ емес еді. Арқа жерінде сегіз өкіріктің не үшін құрылғанын бізден бұрын түсінді. Тоқа, Алтын, Алтай, Уақты ертіп патша құрығы жетпейтін Бестаңбалы жеріне қарай көшті.
[1]

3 «...Қазығұрттың ақ майы кілкіген ақ қымызын таң асырып ішіп отырғанда ел басына осыншалық апат төнер деп кім ойлаған? Апыр-ау, осы елдің түбіне көріп алам жетпеп пе еді, бір Алланың өзі сақтар жетпеп пе еді; ауып келіп асыңды ішіп, табағыңды тепкен жендеттің қымыз кекіріп тұрып маңдайыңнан шерткенде қол қусырғаның, қол қусыра бергенің жетпеп пе еді? Нені көріп аласың сонда? Ел айбаты көп ердің іркес-тіркес айдалып кеткенін бе?..» - деген сөз қай кейіпкерге тиесілі?
А) Сәруар В) Төрехан С) Крейгель
D) Сержан


4. Ұсынылған үзіндіде қандай мәселе көтерілген?
Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолында, Қайдағысы сені тауып, Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді, Сенерлік дос, санама.
А) амал достықпен жүретін достар туралы В) шын сенуге тұратын адал достар туралы С) байлық үшін дос болатындар туралы
D) достықты сатып кететін адамдар туралы

[1]












[1]


5. «Қаһар» романындағы тек ұлттық тарихи құндылық шеңберін ғана қамтитын тұсын белгілеңіз.
А) Кенесары бастаған көтерілістің туу және жеңілу себептерін баяндау
В) Бөгенбай, Қабанбай бастаған қазақтың батырларының іс-әрекетін сипаттау С) Жоңғар басқыншыларының қазақ елінің бестен үш бөлігі қырғанын көрсету
D) Әбілқайыр ханның өзге қазақ басшыларымен ақылдаспай Ресейге қосылуын көрсету
[1]

2- БӨЛІМ
6. Сарыарқаның бір тауы бар Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал Қалың зеңгер, құзды шаттар, Құзды шаттар қалың ну, Сарқырайды мұз бұлақтар, Мұз бұлақтар у да шу.
Өлең жолдарындағы автордың ойын жеткізудегі қолданған көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

7. Неліктен жазушы өз шығармасының атын «Бесатар» деп таңдап алған? Тақырыптың шығарма идеясымен қандай байланысы бар?
[5]

8. «...«Түркістанның босағасын келін болмай кесір боп, 16 жылдың шілдесі аттады» деген жолды сол кезең және уақытпен байланыстыра 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.
[5]

3- БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, 250-300 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.
1) А. Сүлейменовтің «Бесатар» повесінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.
2) І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы тарихи оқиғаларды суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасаңыз.
[10]
Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат


1 А-2
В-1
С-4
D-5
Е-3

1
2 В 1
3 В 1
4 С 1
5 В 1

6 Көркемдегіш құралдарды анықтайды; 2
Қолданысына талдау жасайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1

7 Автор көзқарасын анықтайды; 2
Өмірмен байланыстырып, дәлелдейді; 2
Өз көзқарасымен байланыстырады; 1
8 Автор көтерген мәселеге талдау жасайды; 2
Шығарманың тарихи құндылығын 3
бағалайды;
9 Шығарманың көркемдік
бағалайды; құндылығын 3
Орынды пікір, дәлел келтіреді; 2
Эссе құрылымын сақтайды. 2

2- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2- тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір
шындығын көрсету Жауап нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5

6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау
11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып,
автор стилін анықтау
9 11.3.4.1 шығарманы идеялық Жазбаша толық 20 10
жағынан мазмұндас әлем жауапты қажет
әдебиеті үлгілерімен ететін сұрақтар
салыстыра талдап, әдеби
сын жазу
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Пайым мен парасат» бөлімі Шығармалар: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі,
С. Елубай «Жалған дүние» романы

1- БӨЛІМ
1. «Жалған дүние» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.
A. ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін жылдарының басталуы
B. екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын кешкен қазақ тарихы
C. қазақтың киіз үйінің тарихы мен колхоздастыру кезеңі туралы
D. «тоқырау заманы» мен «ұлтсыздану» дәуірінің басталуы
[1]


2. «... Бүкіл жұрт ақымақ па, сонда? Сенен де ақылды, сенен де атақты жұрт бар емес пе?...» деген сөзді Маусымжан қашан айтты?
А. Қайын атасы жоғары партия мектебіне түс дегенде В. Едіге қызын қазақ балабақшасына берем дегенде С. Едіге ұлын қазақ мектебіне берем дегенде
D. Қайын атасы мамандығыңды өзгерт дегенде
[1]


3. «Жалған дүние» шығармасында тоқырау кезеңі қалай көрініс табады? А. Тоқтасынның араққа салынуы арқылы
В. Түгелханның ажырасуы арқылы
С. Аиданың жүріске салынуы арқылы
D. Жауаптардың барлығы дұрыс






[1]



4 Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын....
Үзіндіде қандай ғаламдық мәселе көтерілген?
А. жаһандық азаматтық В. ұлтжандылық
С. рухани құндылық
D. адамгершілік









[1]


5. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін, - деген өлең жолдарында қолданылған троптың түрін көрсетіңіз.
А. метафора В. эпитет
С. теңеу
D. синекдоха
[1]

2- БӨЛІМ
6. Неліктен автор «Жалған дүние» романында Хансұлу тағдырымен қатар қазақ халқының тоқырау тұсындағы мінез-құлық өзгерісін қоса суреттеген?
[5]

7 Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім — көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім...
Үзіндіде кейіпкер бейнесін сипаттаудағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

8. Әлем әдебиетіндегі Хансұлу сияқты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, бейнесіне құндылықтар тұрғысынан талдау жасаңыз.
[5]

3- БӨЛІМ
9. Екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз.
1) «Жалған дүние» шығармасын идеясы жағынан мазмұндас шығармамен салыстырып, әдеби сын жазыңыз.
2) «Жалған дүние» шығармасындағы қазақ халқының тоқырау кезеңін суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасап, әдеби сын жазыңыз.
[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 D 1
2 C 1
3 D 1
4 D 1
5 В 1


6 Шығармадағы қазақ халқының тарихи
тағдырына қатысты оқиғаларды талдайды; 2
Өз көзқарасы мен пікірін дәлелдейді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1

7 Көркемдегіш құралдарды анықтайды; 2
Кейіпкер бейнесін ашудағы қолданысын
талдайды; 2
Өзіндік баға береді; 1

8 Әлем әдебиетімен салыстырады; 2
Құндылықтар тұрғысынан талдайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1


9 Шығарманың идеясына талдау жасайды; Мазмұндас шығармалармен салыстырады; Дәлелдер келтіреді;
Сыни баға береді;
Логикалық бірізділікті сақтайды. 2
2
2
2
2

3- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

3- тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

11.1.5.1 шығармадағы
ұлттық және
жалпыадамзаттық
құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5

6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау
11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып,
автор стилін анықтау
9 11.3.3.1 шығарманың Жазбаша толық 20 10
идеясын көркемдік- жауапты қажет
эстетикалық құндылық ететін сұрақтар
тұрғысынан талдап, әдеби
эссе жазу
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Ғасырлық туынды» бөлімі Шығарма: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

1- БӨЛІМ

1. «Абай жолы» шығармасындағы кейіпкерлердің ойларын сәйкестендіріңіз.

1. «...Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да
қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді» ... А) Абай
2. «...Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы
бар ма?… В) Алшынбай
3. …« -"Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта оралып
көрмеймiз-ау, кеткенi-ау" деп, есiркеп қарайсыңдар!» … С) Дәркембай
4. … «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?… Д) Құнанбай

А. 2-А, 3-В, 4-С, 1-D
В. 1-В, 2-А, 3-Д, 4-С
С. 1-А, 2-D, 3-С, 4-В
D. 1-А, 2-С, 3-D, 4-В
[1]

2. «...Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі— күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер... Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма», - деп, ақыл берген кім?
A. Ұлжан В. Зере С. Айғыз
D. Құнанбай
[1]


3. Қажылыққа кетерде Құнанбай неліктен Ұлжаннан кешірім сұрады? А. өзіне адал жар болғаны үшін
В. жарының алдында кінәлі болғандықтан С. елге қайта оралмаймын деген қауіптен
D. барлық жауаптар дұрыс






[1]



4. Абайды Бөжей еліне не себепті жіберді?
А. Құнанбайдың атынан кешірім сұрау үшін В. Бөжей өліміне көңіл айту үшін
С. Кәмшаттың жағдайын білу үшін
D. Бөжейдің асын беру үшін






[1]


5. «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің негізгі идеясын табыңыз.

...«Басқа үкі тағу – бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын» - деді әжесі. Мұндай киімін кигісі келмеген Абайға Зере қатты бұйрық етіп: – Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! – деді.
А. ата-баба жолын, салт-дәстүрді құрметтеу В. Абай киімдерінің бағалы екенін көрсету
С. әжесі Зеренің мінезінің қаталдығын көрсету
D. өр мінезділік, көнбістік, шыдамдылық
[1]

2- БӨЛІМ
6. «Абай жолы» романында Абайдың кедей жатақтарының сөзін сөйлеуінің сыры неде? Ойыңызды автордың идеясымен байланыстырыңыз.
[5]

7. Бөжейдің асын бергенде қазақтың ұлттық құндылықтары қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
[5]

8. Романдағы Абай жүріп өткен жолдың қиындығын әлемдік мәселе тұрғысынан талдаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
[5]


3- БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз, 200-250 сөз.
1) «Абай жолы» романындағы әке мен бала арасындағы қақтығыстардың туындау себептерін түсіндіріп, көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан талдап, баға беріңіз.
2) «Абай жолы» романындағы Абайдың Ділданы айттыруға барғандағы құда түсу дәстүріне қатысты ұлттық құндылықтарды суреттеудегі автор шеберлігіне баға беріңіз.
[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 B 1
2 A 1
3 D 1
4 C 1
5 A 1

6 Автордың идеясын анықтайды; 2
Өз ойын автор идеясымен байланыстырады; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1

7 Көтерілген мәселені анықтайды; 2
Оқырманға әсерін талдайды; 2
Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді; 1

8 Ғаламдық мәселені анықтайды; 2
Ойын дәлелдейді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1


9 Көтерілген мәселені анықтайды; Сыни тұрғыдан талдайды; Жаңашылдығына баға береді; Орынды пікір, дәлел келтіреді;
Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады. 2
2
2
2

2

4- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4- тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1-5 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5
6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының
қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
9 11.3.4.1 шығарманы идеялық
жағынан мазмұндас әлем Жазбаша толық
жауапты қажет 20 10

әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби
сын жазу ететін сұрақтар
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі Шығармалар: Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі,
М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы, Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

1- БӨЛІМ
1. «Бауырлар» өлеңінің тақырыбына арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз
A. Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне орай
B. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орай
C. Астананың 10 жылдығына орай
D. Абайдың 150 жылдық мерекесіне орай
[1]

2. «Шал мен теңіз» әңгімесінен үзіндідегі «Мен көп нәрсені түсінбеймін. Адамның аспандағы күнді, айды, жұлдызды құлатып түсіруге ниет қылмайтыны қандай жақсы. Біз қорегімізді теңізден зорлық қып тартып алып, өзіміз секілді тіршілік иелерін өлтіріп жатамыз, - адамға осы да жеткілікті ғой», - деген кейіпкердің сөзінен қандай астарлы ойды байқауға болады ?
А. адамдардың ниетінің дұрыс болуы В. жер бетіндегі соғыстың болуы
С. табиғаттың заңдылығын сақтау
D. қанағатшылдықтың маңыздылығы
[1]


3. «Көшбасшы» поэмасында елбасының қандай еңбегі ерекше сипатталады?
A. Мәңгілік ел атауын ұсынуы
B. Ұлы Даланың жаңа келбетін айқындауы С. Астананың келбетін жобалауы
D. Ел рәміздерінің жобасын ұсынуы

4. «Көшбасшы» поэмасынан алынған үзінді арқылы автор қандай ойды астарлайды?
«...Ұлдарым төрге шықса байрақпенен, Басталар Әнұраным айбатпенен.
Рухтың ұлағатты көзі емес пе, Әнұран – әр қазаққа қайрат берген. Әнұран – менің оттай Ар-намысым, Намысым зау биіктен аңғарылсын. Әнұран айтылғанда кеудемдегі, Жүрегім дайын тұрар самғау үшін...»
А. ар-намыстың биіктігі В. Әнұранды құрметтеу С. ұлтжандылық
D. рухани құндылық






[1]












[1]


5. «Шал мен теңіз» повесінде шал қай жерді көруді армандайды?
A. Африка
B. Гольфстрим
C. Гавана
D. Канар аралдары

[1]

2- БӨЛІМ

6. «...Ақ найза қолда ойнаған толғамалы, Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды… Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,
Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі», - деген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

7. «...Адамға бақыт түрліше түрде келмек, оны танымай қалармын деймісің? Бақыттың қандай түрі болса да, таңдамай-ақ, аздап сатып алар едім, сұрағанын төлер ем...» деген үзіндіде қандай астарлы ой бар?
[5]

8. «Бауырлар» өлеңіндегі «...Туған елсіз ешқашан көгермейсің...» ойды қалай түсіндірер едіңіз? Өз ойыңызды 1-2 шумақ өлеңмен жеткізіңіз.
[5]

3- БӨЛІМ
9. Төменде екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз.
1) Э. Хемингуейдің «Шал мен теңіз» повесіндегі шалдың басынан өткен оқиғаларды саралай отырып, кейіпкер тағдырына жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау жасап, әдеби сын жазыңыз.
2) Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен адамзаттық сезімін талдап, әдеби сын жазыңыз.

[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 С 1
3 D 1
4 C 1
5 C 1

6 Көркемдегіш құралдарды анықтайды; 2
Көркемдегіш құралдардың қолданысына
талдау жасайды; 2
Сипатына баға береді; 1

7 Үзіндідегі астарлы ойды анықтайды; 2
Автор көзқарасын талдайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1

8 Шығармадағы мәселені талдайды; 2
Өз ойын дәлелдейді; 2
Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді; 1


9 Шығарманы жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдайды;
Өз көзқарасын білдіреді;
Шығармадан дәлелдер келтіреді;
Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады;
Логикалық бірізділікті сақтайды.
2
2
2

2
2
 
Верх