«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)















Нұр-Сұлтан, 2019

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 4
6. Модерация және балл қою 5
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларының
деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну

Қолдану  әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасау
арқылы идеялық мазмұнын Таңдауды қажет ететін сұрақтар









Жоғары деңгей дағдылары түсінеді;
 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды;
 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;
 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен
үндестіреді.
Анализ және интерпрета- ция  әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдайды;
 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашады;
 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазады;
 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ
құндылықтарды анықтайды; Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және
салыстыру  шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды;
 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
 шығарманың идеясын
адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазады. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына

мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсы рма Қамтылатын мақсаттар *Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

11.1.3.1 көркем шығармадағы
кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық
жұмыстарда қолдану Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың
жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін
айқындау

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның Толық жауапты
қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15

өмір шындығымен байланысын анықтау

11.2.3.1 шығарма
идеясы мен
көркемдегіш құралдардың
байланысын талдау
9 11.3.3.1 шығарманы көркемдік- эстетикалық
құндылық
тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу Жазбаша толық
жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Кеңістік пен уақыт» бөлімі
Шығармалар: О. Бөкей «Атау кере» повесі,
Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі

1- БӨЛІМ


1. «Неге біз осы...» деген қолданыс қай кейіпкерге тиесілі? А) Таған
В) Ерік С) Шал
D) Айна






[1]



2. Шығарма қай жанрға жатады? А) поэзия, жыр
В) проза, роман С) проза, әңгіме
D) проза, ой толғау

3. Қай кейіпкердің ойы немесе айтқан сөзі екенін көрсетіңіз.
А) Кінәні өзгеге арта салу – пәледен құтылудың ең оңай жолы. В) Жеңу үшін, жең түріп төбелесе беру шарт емес…
С) Еркектер-ай, есер қылықтарың ғой әйел затын зәтте қылатын…
D) Адамның қателігі – кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде.
1) Айна
2) Таған
3) Ерік
4) Нүрке кемпір 1 , 2 , 3 , 4 .






[1]











[1]


4. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінен берілген үзіндінің идеясына сәйкес келетін мақалды анықтаңыз.
Құйын кезде желің болып жүгірдім, Қиын кезде белің болып бүгілдім, Туған дала, ұлың емес тек қана
Қабақ шытпас құлақ кесті құлыңмын.

А) Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді.
В) Отан үшін отқа түс күймейсің. С) Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
D) Маңдай термен тапқан нан тәтті.
[1]

5. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде автор ойын қалай тұжырымдайды?

А) Елді қорғап ұрпаққа аманат екені жайлы
В) Туған жерін шексіз сүйе беретінін жеткізу арқылы С) Туған даласы алдында кінәсін жуып-шаюы арқылы
D) Ұлы тұлғалардың қасиеттерімен байланыстыру арқылы

2- БӨЛІМ





[1]


6. «Дүниедегі ең қиын нәрсе – шын сүйген адамыңнан қалған көңіл; ол– шыққан жан, кешірімі мен кеңдігі болмайды екен» деген Айнаның тұжырымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Айнаның ішкі толғанысын, ойын шығармадан мысалдар келтіріп талдаңыз, ойыңызды тұжырымдаңыз.


[5]

7. Шығарма неге «Атау кере» деп аталды? Ондағы мәселені өмір шындығымен байланыстырып түсіндіріңіз.


[5]

8. Туған дала, табалап жатқан күліп, Жауларымен ісі жоқ мақтан біліп, Мықтылығы дейсің бе кей ұлдарың Тағдырыңды тартыпты көкпар қылып.

Топқа кіріп жүргендер төсін ұрып, Алдыменен алса екен осыны ұғып,
Бармақ тістеп, бас шайқап өкінгеннің
Несі салт, несі дәстүр, несі ғұрып, – деген жолдардағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз, қолданысы мен мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз.


[5]

3- БӨЛІМ

9. Оралхан Бөкей «Атау кере» шығармасындағы Таған бейнесін талдаңыз. Таған бейнесі арқылы шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығын бағалап, әдеби эссе жазыңыз.


[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша
ақпараттар
1 А 1
5
2 В 1

3 1 D
2 В
3 А4 С
1
4 D 1
5 D 1

6 Өз ойымен байланыстырып талдайды; 2 15
Шығармадан мысал келтіреді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1

7 Мағынасын түсіндіреді; 1
Өмір шындығымен байланыстырады; 2
Ойын дәлелдейді; 2

8 Берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды
анықтайды; 2
Қолданысына талдау жасайды; 3


9 Кейіпкер әрекетіне өзіндік баға береді; 2 10
Көзқарасын шығармадан мысалдар келтіріп дәлелдейді; 2
Көркемдік-эстетикалық құндылығын талдайды; 2
Логикалық қорытынды жасайды; 2
Эссе құрылымын сақтайды. 2

2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері Тапсырмалар сипаттамасы Орындау уақыты, минут Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығармаға
сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

11.1.3.1 көркем шығармадағы
кейіпкерлер
жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір
шындығын көрсету Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың
жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

11.2.2.1
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын
анықтау Толық жауапты
қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың
байланысын талдау

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас
тұрғысынан шығармашылық
жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін
тақырыптарға шығарма) жазу
9 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып
бағалау Жазбаша толық
жауапты
қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Заман шындығы» бөлімі Шығармалар: Б. Мұқай «Өмірзая» романы
Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

1- БӨЛІМ

1. «Шындыққа әділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып, жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың, қарағым. Ол – адасу жолы, теріс жол». Шығармада берілген үзіндінің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтаңыз.
А) Аяған В) Асылхан
С) Қуат ақсақал
D) Алдияр Ақпанұлы
[1]


2. Аяғанға жабылған жалалардың ішінен артығын көрсетіңіз. А) Жақияны ұрып-соққан
В) Тарих пәнін бұрмалап оқытқан
С) Үйде құпия ақпараттар, кітап тығып ұстағаны
D) Ауғанстандағы соғысқа қатысты теріс пікір білдіргені






[1]



3. Шығармадағы Алмастың бейнесі сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз. А) Жеке басының қамын ойлайды, жандайшап сатқын, опасыз
В) Аяғанды қиындықтан құтқарушы, студент жастарды үгіттеуші
С) Жағдайдың құрбаны, Хадишаны сүйеді, қолынан ештеңе келмейді
D) Жасаған қиянаты үшін опық жеген құрбан, Алдияр ақсақалдың жақтаушысы






[1]


4. «Пәтер іздер жүр едік» әңгімесінде пәтер іздеуші жас отау ұйғыр әйелден пәтер жалдаған болатын. Үйге кірген екеуі таң-тамаша боп жан-жағына қарайды. Келіншегі үйде бірдеңенің жетіспей тұрғанын айтады? Ол не?
А) айна В) стол С) терезе
D) теледидар
[1]

5. Автор пәтер қожайындары арқылы қандай адамдардың бейнесін бергісі келді? А) Өте пысық, еті тірі адамдардың бейнесі
В) Өмірде көпті көрген адамдардың бейнесі
С) Тойымсыз, жаны ашымайтын адамдардың бейнесі
D) Қиналғанда қол ұшын беретін адамдардың бейнесі
[1]

2- БӨЛІМ

6. «Өмірзая» романының негізгі идеясын бүгінгі заман шындығымен байланыстырып, талдау жасаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.



[5]

7. «Кеудесі құр кеуек, түк қалмаған сияқты, иесіз қалған аңсал-саңғал үйдей құлазыды, жүрек жоқ, жан жоқ. Денесі кесіп тастай салған томар сияқты, тіпті еш жері – сынған қабырғалары да, күп болып іскен мұрны, жұдырық тие-тие шодырайып кеткен шекесі, басуға жарамай қалған аяғы да ауырмайды. Шыбын жаны әлдеқашан торғайға айналып, әлдеқайда ұшып кеткен тәрізді». Үзіндінің көркемдік тілін талдаңыз. Шығарма идеясымен байланыстырыңыз.


[5]

8. Жаңбыр толастайын деді, сүрепеті кеткен айғыз-айғыз көшемен қараңғы түн құшағына сіңіп барамыз. Пәтер іздеп жүрміз...
Әңгіме осылай аяқталады. Жас отаудың тағдыры әрі қарай қалай болатыны жайлы болжап, ойыңызды 5-6 сөйлеммен өрбітіңіз.


[5]

3- БӨЛІМ

9. Алып шаһарларға арман қуып келетін жастардың, соның ішінде, жас отаулардың бас сауғалайтын баспана таба алмай сандалып жүретіні қазіргі таңда да өзекті мәселе екені сөзсіз.
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі көтерілген мәселе мен бүгінгі заман көрінісін салыстыра отырып өз көзқарасыңызды айқын көрсетіп, аргументативті эссе жазыңыз. Ойыңызды деректермен дәлелдеңіз.


[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша
ақпараттар
1 D 1
5
2 А 1
3 А 1
4 С 1
5 В 1

6 Негізгі идеясына талдау жасайды; 2 15
Бүгінгі заман шындығымен байланыстырады; 2
Ойын дәлелдейді; 1

7 Көркемдік ерекшелігін талдайды; 2
Қолданысын түсіндіреді; 2
Идеясымен байланыстырады. 1

8 Ойды болжайды; 2
Шығармашылық танытады; 2
Жүйелі жеткізеді; 1


9 Мәселені анықтайды; 2 10
Бүгінгі өмірмен салыстыра отырып бағалайды; 2
Өзіндік көзқарасын аргументтермен дәйектейді; 2
Логикалық қорытынды жасайды; 2
Сауаттылығын көрсетеді, эссе құрылымын сақтайды. 2

3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау
уақыты, минут Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығармаға
сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

11.1.3.1 көркем шығармадағы
кейіпкерлер
жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың
жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

11.2.2.1
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен
байланысын Толық жауапты
қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15

анықтау

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың
байланысын талдау
9 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас
туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу Жазбаша толық
жауапты
қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа көзқарасын
дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Ғасырлық туынды» бөлімі Шығармалар: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том

1- БӨЛІМ

1. «Абай жолы» романындағы Абай әрекетіне байланысты оқиғаларды бөлімдерімен сәйкестендіріңіз.
Эпопеяның негізгі
бөлімдері Абай іс-әрекеті
1) “Жолда” А) Әке қолындағы қаннан үріктім, қатты шошыдым. Ауырып
қалдым. Аналардың жылуын сездім.
2) «Шытырманда» В) Шөже өнеріне сүйсінеді, әрі әкесі үшін қатты ұялады.
Шындықты мойындайды.
3) “Қат-қабатта” С) Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығады.
4) “Қайтқанда” D) Тоғжанды сүйе тұра, ескілікке қарсы шыға алмайды.
[1]


2. Қодар мен Қамқаны жазалаудағы Құнанбай шешімін көрсетіңіз. А) Өздеріне өзі жаза кессін.
В) Айналадағылардың пікірін тыңдау керек
С) Ел қорлаған сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек
D) Бұндай сұмдықтың ойлан шығарған адамды өлімге кесу






[1]



3. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңінің шығуына арқау болған не? А) Абайдың Тоғжанға ғашық болуы
В) Абайдың Әйгерімге деген ыстық махаббаты
С) Әмір мен Үмітей арасындағы жалындаған махаббаты
D) Біржан салдың қонақ болып жатқан кездегі бір кештегі думан






[1]



4. Кәмшатты Бөжейге берудің мәні немен байланысты? А) Құн төлеу
В) Атастыру С) Туыстасу
D) Баласы болмағандықтан






[1]



5. Абайдың әжесі Зере арқылы көрінетін құндылықтарды анықтаңыз. А) Сабырлық иесі, адуынды ене
В) Кәрі ана, жылы құшақ, қатал мінез
С) Көне көз, мейірім құшағы, даналық мектебі
D) Ақылшы ана, көпті көрген, құлағының мүкісі бар






[1]


2- БӨЛІМ

6. Шығармадағы Абай бейнесіне талдау жасаңыз.

Бала Абай Бозбала Абай Кемелденген Абай

[5]

7. Құнанбай баласы Абайға қандай үш мін тақты? Өз көзқарасыңызды білдіріп, талдаңыз.


[5]

8. «Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей».
Автордың Тоғжан бейнесін сипаттауда қолданған көркемдік құралдарына тоқталып, тіліне талдау жасаңыз.


[5]

3- БӨЛІМ
9. «Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. Мұхтар Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор»

Берілген пікірмен өз ойыңызды байланыстыра отырып, Абай бейнесін берудегі автордың шеберлігіне баға беріп, әдеби сын жазыңыз. Идеясы жағынан мазмұндас туындылармен салыстырыңыз.


[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша
ақпараттар

1 1 С
2 D
3 В4 А
1
5
2 С 1
3 С 1
4 А 1
5 С 1
6 Абайдың өмір кезеңдері бойынша бейнесін талдайды; 3 15
Мысалдармен дәлелдейді; 2

7 Үш мінді анықтап, талдау жасайды; 2
Көзқарасын білдіреді; 2
Ойын жүйелі жеткізеді; 1
8 Көркемдік қолданыстарды анықтайды; 3
Қолданысына талдау жасайды; 2


9 Берілген пікірмен ойын байланыстырады; 2 10
Автордың идеяны танытудағы шеберлігіне баға береді; 2
Шығармадағы көріктеу амалдарының қолданысына
талдау жасайды; 2
Басқа туындылармен салыстырады; 2
Әдеби сынында логикалық бірізділікті сақтайды. 2

4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация –10 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 11.1.1.1 әдеби шығармаға
сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

11.1.2.1 әдеби шығарманың
жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер
жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 11.2.1.1 әдеби шығарманың
жанрына қарай композициялық Толық жауапты
қажет ететін сұрақ Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген
сұрақтарға жауап 10 15

ерекшеліктерін айқындау

11.2.2.1
шығармадағы авторлық
идеяның өмір шындығымен
байланысын анықтау

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың
байланысын талдау

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге
өзіндік көзқарас тұрғысынан
шығармашылық жұмыс (эссе,
әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу тар береді.
9 11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып
бағалау Жазбаша толық
жауапты
қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа 120-150 сөз көлемінде өз көзқарасын
дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Табиғат және адам» бөлімі Шығармалар: Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

1- БӨЛІМ


1. «Қызыл кітап» поэмасының 1-бөліміндегі оқиғалар ретін көрсетіңіз. А) Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
В) Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ — Қалпақ емес —
Қақпан боп көрінеді.
С) Қызыл түлкі даланың көрігі еді. Жаға болып ол енді «керіледі»
D) Шынтақтаған жастықты Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
1)
2)
3)
4)















[1]



2. Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға! – өлең жолымен сәйкес келетін астарлы ойды көрсетіңіз?
А) Құстар – адамның жақын досы. В) Аққуды атпа, махаббатты сатпа!
С) Құс – аспан әлемінің ерке падишасы
D) Құс ұясында ғана өзін туған үйіндей сезінеді.







[1]



3. Өлгеннен соң күн де жоқ Шуақ та жоқ. Өлтіргенде ар да жоқ, Ұят та жоқ.
Оңбағанның артында ұрпағы бар,
Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.
Өлең жолдарында асты сызылған сөз троптың қай түріне жатады?
А) символ В) кейіптеу С) метафора
D) синекдоха











[1]



4. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасындағы Мэлс Әлібаевичтың сипаты қандай? А) Елінің қамын жеген абзал азамат
В) Алыстағы баласына асығып келе жатқан ғалым
С) Қызметінің арқасында айтқаны айтқан, дегені деген
D) Жылпостығының арқасында "еті тірі жігіт" атанған






[1]

5. Ақсақал мен саудагер әйелге ара түскен қай кейіпкер? А) жолсерік
В) жолаушы С) Қошқарбай
D) аға лейтенант
[1]

2- БӨЛІМ

6. Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ. Қызыл кітап —
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ! Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың кез, Қызыл кітап —
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Өлең жолдарында көтерілген мәселені өзіндік көзқарасыңыз тұрғысынан өзгеше жанрда ұсыныңыз (хат, үндеу, монолог). Жазба жұмысыңызды 7-9 сөйлеммен жеткізіңіз.


[5]

7. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасындағы астарлы ойды өмір шындығымен байланыстырыңыз. Ойыңызды дәлелді жеткізіңіз.


[5]

8. «Тойдан қатқан қазақтар» пьесасының жанрлық ерекшелігін талдаңыз. Автордың оқиғаны өрбітудегі стиліне, кейіпкер бейнесін берудегі тіл көркемділігіне талдау жасаңыз.


[5]

3- БӨЛІМ

9. «Тойдан қайтқан қазақтар» спектакльде жандайшаптар мен маймөңке жағымпаздарды айналасына жиып, ел мүддесін ойлаған боп, биік-биік мінбелерден сөз сөйлеп жүрген лауазым иелері бізде аз ба?! Әншейінде олар судағы балық сияқты, сөзі де өзі де жып- жылтыр ұстай алмайсың. Содан кейін де дәурені жүреді. Тіпті іштей олардың безбүйрек адамдар екенін сезсең де қолдан келер қайран жоқ.

Жоғарыдағы ойды өрбітіп, көтерілген мәселені қазіргі заман көрінісімен салыстыра отырып, 120-150 сөз көлемінде сын-пікір жазыңыз. Ойыңызды шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.


[10]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша
ақпараттар

1 1 С
2 В
3 А4 D
1
5
2 С 2
3 D 3
4 С 4
5 А 5

6 Өзіндік көзқарасы тұрғысынан жазады; 2 15
Форматты сақтайды; 2
Ойын жүйелі жеткізеді; 1

7 Астарлы мағынасын ашады; 2
Өмір шындығымен байланыстырады; 2
Ойын дәлелдейді; 1

8 Жанрлық ерекшелігін түсіндіреді; 2
Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді; 2
Тілдік ерекшелігін талдайды; 1


9 Көтерілген мәселені анықтайды; 2 10
Заман көрінісімен салыстырып бағалайды; 2
Көзқарасын дәлелдейді; 2
Ойын жүйелі жеткізеді; 2
Жазба жұмысының құрылымын сақтайды. 2
 
Верх