«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ әдебиеті» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

















Нұр-Сұлтан, 2019

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 22
«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі, І. Есенберлин «Қаһар» романы

Оқу мақсаты 11.1.1.1


11.2.2.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну
автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың композициялық құрылымын талдайды
• Шығармадағы ғаламдық мәселелерді анықтайды
• Шы5арма идеяясы мен автордың бейнесіің өзара байланысын табады
Ойлау дағдыларының Білу, түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. І.Есенберлиннің «Қаһар» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдаңыз.




2. «Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі, — дейтін еді ...» деген Бұқар жыраудың сөзі қай оқиғаға қатысты айтылды? Себебін әлемде орын алып жатқан саяси мәселелер тұрғысынан түсіндіріп жазыңыз.





3. С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңінің идеясын автор бейнесімен байланыстырып талдаңыз.
1) Өлең арқылы ақынға қандай мінездеме беруге болады?
2) Оны қандай өлеңнің қандай жолдарынан аңғардыңыз? Мысал келтіріңіз.
3) Өлең идеясы мен ақынның азаматтық ұстанымын қалай байланыстыруға болады?

Бағалау критерийі №
тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың композициялық құрылымын талдайды

Шығармадағы ғаламдық мәселелерді анықтайды 1-2 шығарманың сюжеттік-композициялық
құрылымын анықтайды;
5
даналық сөзді әлемдегі саяси мәселемен
байланыстырып, түсіндіреді; 2
Мәселенің маңыздылығын өмірден мысал келтіріп дәлелдейді; 2
Автор бейнесін тауып, шығарманың негізгі идеясымен
байланыстырады 3 өлең мазмұны негізінде ақынға мінездеме
береді; 1
өлең жолдарымен мысал келтіріп
дәлелдейді; 1
өлең идеясы мен ақынның азаматтық ұстанымын байланыстырады. 1
Барлығы 12

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
«С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі, І. Есенберлин «Қаһар» романы»

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың композициялық құрылымын талдайды

Шығармадағы
ғаламдық мәселелерді анықтайды. Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымын анықтауда, даналық сөзді ғаламдық мәселемен
байланыстыруда, мәселенің маңыздылығына өмірден мысал келтіріп, дәлелдеуде қиналады. Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымын анықтауда, даналық сөзді ғаламдық мәселемен байланыстыруда, мәселенің маңыздылығына өмірден мысал келтіріп, дәлелдеуде қателер жібереді. Шығарманың сюжеттік- композициялық құрылымын анықтайды; даналық сөзді ғаламдық мәселемен
байланыстырады; мәселенің маңыздылығын өмірден мысал келтіріп дәлелдейді.
Автор бейнесін анықтап, шығарманың негізгі идеясымен байланыстырады Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездеуде, оған дәлел ретінде мысал келтіруде және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдауда қиналады. Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездеуде, оған дәлел ретінде мысал келтіруде және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдауда қателер жібереді. Өлең мазмұнына сүйеніп, ақын бейнесін мінездейді, оған дәлел ретінде мысал келтіреді және өлең идеясы мен ақын бейнесін байланыстыра талдайды.









6

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
А. Сүлейменов «Бесатар» повесі

Оқу мақсаты 11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып,
тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы мәселені ғаламдық мәселелермен салыстырады
• Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Автор ойды астарлап жеткізуде қандай әдеби тәсілді қолданған?

«...Жігітке нелер келіп, нелер кетпес... Күйген деген сөз боп па.?..Тандырдағы қойдың қиына жауырынын төсегенді былай қойып, сендей асыл батырлар маздаған шоқты уыстап асап жүр ғой, маздаған шоқты қос уыстап асап қоюға да мүмкін. Асап па ең?!. Асамасаң асарсың. Нұрғазыны екі солдатқа сүйретіп апарып қызыл шоққа жыққан мен. Мен – Рекең екеуміз. Қара ормандай сыңсып туған, сыңсып тұрған жұртпыз ғой: біз үшін бала зәру боп па? Марқұм әкейдің жалғыз қалған бастасы, Рекең, баласы Нұрғазының оң қолын шынтағынан қайырып алдық та, қойдың қиы жайнаған жер тандырға аттық та жібердік. Біз үшін бала зәру, азамат зәру, жолдас зәру боп па – аттық та жібердік.





2. Шығармада көтерілген мәселені әлемде болып жатқан қандай мәселелермен байланыстыруға болады?

А. Сүлейменов «Бесатар» Шығарманың көтерген Неліктен дәл осы тақырыппен повесінің идеясы мәселесіне ұқсас қазіргі байланыстырдыңыз?
таңда орын алып жатқан оқиғалардан мысал



3. Берілген үзінді арқылы шығарманың тарихи құндылығына баға беріңіз. Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
«...Крейгель: - Ну, Голоножкин, очередь твоя, отличись. Сәруарды ат. Голоножкин: - Я не могу, Ваше благородие.
Крейгель: - Что не можешь?
Голоножкин: - Я живу на их земле...»

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы мәселені
ғаламдық мәселелермен салыстырады 1-2 шығармадағы мәселені анықтайды; 1
ойды астарлап жеткізуде қолданған
әдеби тәсілді табады; 1
шығарманың идеясын өз сөзімен
жазады; 1
шығарма идеясына ұқсас шынайы
өмірден мысалдар келтіреді; 1
неліктен осы мысалмен
байланыстыратындығын түсіндіреді; 1
Шығарманың тарихи
және көркемдік құндылығын бағалайды 3 шығарманың тарихи құндылығына
сыни пікір білдіреді; 1
өз ойын дәлелдеп жеткізеді. 1
Барлығы 7

«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
А. Сүлейменовтің «Бесатар» повесі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы мәселені ғаламдық мәселелермен салыстырады Шығармадағы мәселені анықтауда, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табуда, шығарма идеясын шынайы өмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіруде қиналады. Шығармадағы мәселені анықтауда, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табуда, шығарма идеясын шынайы өмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіруде қателер жібереді. Шығармадағы мәселені анықтайды, ойды астарлап жеткізуде қолданған әдеби тәсілді табады, шығарма идеясын шынайы өмірмен байланыстырып, өз сөзімен себебін түсіндіреді.
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын
бағалайды Шығарманың тарихи құндылығына өзіндік сыни пікір білдіруде, өз ойын дәлелдеп жеткізуде қиналады. Шығарманың тарихи құндылығына өзіндік сыни пікір білдіруде, өз ойын дәлелдеп жеткізуде қателер жібереді. Шығарманың тарихи құндылығына сыни пікір білдіреді, өз ойын дәлелдеп жеткізеді.












9

2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Қ. Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Оқу мақсаты 11.2.3.1


11.1.2.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау
әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметіне талдау жасайды
• Автор стилін анықтайды
• Шығармадағы көтерілген мәселелерді өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады
Ойлау дағдыларының Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Үзіндіде қолданған көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.

Өлең үзінді Көркемдегіш Қызметі құралдар
Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз, көңілім – көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім.
Сөзім – жыр, лебізім – күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Автордың стильдік ерекшелігі




2. Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінде өзін қалай таныстырады? Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтаңыз. Өлеңнен мысал келтіріңіз.

...Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын...

3. Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Ойыңызды өмірмен байланыстырып, дәлелдер келтіріп, ойтолғау түрінде жазыңыз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы
көркемдегіш құралдардың қызметіне талдау жасайды

Автор стилін анықтайды.

1 үзіндіден көркемдегіш құралдарды
табады; 2
көркемдегіш құралдардың қызметін
ашады; 2
автордың өзіндік стилін анықтайды; 1
Шығармадағы көтерілген
мәселелерді өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

2-3 ақын бойындағы ұлттық мінез бен
қасиеттерді анықтайды; 2
шығармадан мысал келтіреді; 1
шығармада көтерілген мәселені қазіргі
өмірмен байланыстырады; 1
өз ойына дәлелдер келтіреді. 1
Барлығы 10

Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы көркемдегіш
құралдардың қызметіне талдау жасайды

Автор стилін анықтайды Үзіндіден көркемдегіш құралдарды табуда, көркемдегіш құралдардың қызметін ашуда қиналады. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды табуда, көркемдегіш құралдардың қызметін ашуда қателер жібереді. Үзіндіден көркемдегіш құралдарды табады, лөркемдегіш құралдардың қызметін ашады.
Автордың өзіндік стильдік ерекшеліктерін көрсетуде қиналады. Автордың өзіндік стильдік ерекшеліктерін көрсетуде қателер жібереді. Автордың өзіндік стильдік ерекшеліктерін көрсетеді.
Шығармадағы көтерілген мәселелерді өмірмен
байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтауда, шығармадан мысал келтіруде, шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыруда өз ойына дәлелдер келтіруде қиналады. Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтауда, шығармадан мысал келтіруде, шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстыруда өз ойына дәлелдер келтіруде қателер жібереді. Ақын бойындағы ұлттық мінез бен қасиеттерді анықтайды, шығармадан мысал келтіреді, шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады, өз ойына дәлелдер келтіреді.








12

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
С. Елубай «Жалған дүние» романы
Оқу мақсаты 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып шығармашылық, жұмыс (эссе,
әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы мәселені ғаламдық деңгейде талдап, көтерілген мәселе бойынша креативті жұмыс жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Шығармада қандай мәселе көтерілген? Шығармадан кем дегенде 2 мысал келтіріңіз.





2. Үзінді арқылы автор қандай астарлы ойды жеткізіп тұр? Кейіпкердің өмірден түңілу себебін түсіндіріңіз.
«...Бұ заман, бұ қоғамның өгей баласы екен Едіге, енді аялдайтын несі қалды?! Бұған кер заман сыртын берген екен, бұл неге сол кер заманға сыртын бермеске?! Едігемен ұстасқан, Едігемен тістескен заман!!! Кер заман!!! Мен жеңілдім! Сен жеңдің! Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. Қош!!! Едігесіз қалғанына бұл қоғам, бұ заман қуанбаса, қуармайтын тәрізді. Жалғызға қашанда жабыла кетуге бейім, ылғи да жалғызды жайпап тастауға бейім, қатыгез де әділетсіз дүние кәзірде тұлан тұтып тұр, бұны тезірек қыр асыра тұрып қарасын батырғысы келетіндей...»





3. «Адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды».
Үзіндіде автор қандай ғаламдық мәселені қозғаған? «Едіге – тағдыр тәлкегіне қарамастан рух тәуелсіздігіне қарсы күрескен жанкешті адам» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100-120 сөз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы мәселені
ғаламдық деңгейде талдап, көтерілген мәселе бойынша креативті жұмыс жазады



1-3 шығармада көтерілген мәселені
анықтайды; 1
шығармадан 2 мысал келтіреді; 2
үзіндідегі астарлы ойды анықтайды; 1
себебін түсіндіреді; 1
үзіндідегі ғаламдық мәселені анықтайды; 1
Едіге бейнесіне талдау жасауда тарихи
оқиғалармен байланыстырады; 1
өз пікірін білдіруде креативтілік
танытады. 1
Барлығы 8

«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
С. Елубай «Жалған дүние» романы

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы мәселені ғаламдық деңгейде
талдап, көтерілген
мәселе бойынша креативті жұмыс жазады Шығармада көтерілген мәселені анықтауда, шығармадан мысал келтіруде қиналады Шығармада көтерілген мәселені анықтауда, шығармадан мысал келтіруде қателер жібереді. Шығармада көтерілген мәселені анықтайды, шығармадан мысал келтіреді.
Үзіндідегі астарлы ойды анықтап, себебін түсіндіруде қиналады. Үзіндідегі астарлы ойды анықтап, себебін түсіндіруде қателер жібереді. Үзіндідегі астарлы ойды анықтайды, себебін түсіндіреді.
Үзіндідегі ғаламдық мәселені анықтауда, Едіге бейнесіне талдау жасауда тарихи оқиғалармен байланыстырып, өз пікірін білдіруде креативтілік танытуда қиналады. Үзіндідегі ғаламдық мәселені анықтауда, Едіге бейнесіне талдау жасауда тарихи оқиғалармен байланыстырып, өз пікірін білдіруде креативтілік танытуда қателіктер жібереді. Үзіндідегі ғаламдық мәселені анықтайды, Едіге бейнесіне талдау жасауда тарихи оқиғалармен байланыстырады, өз пікірін білдіруде креативтілік танытады.









15

3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы


Оқу мақсаты 11.1.3.1
11.2.1.1

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету
әдеби шығарманың композициясын, жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы кейіпкерлердің дара және жинақтық ерекшеліктерін анықтайды
• Кейіпкерлер жүйесі арқылы өмір шындығын анықтайды
• Шығарманың уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап, жанрлық ерекшеліктерін айқындайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. «Абай жолы» романындағы Абай мен Құнанбайдың әрқайсысына тән бойындағы мінез- құлықты салыстырып, оларға ортақ сипаттарды көрсетіңіз.
2. М.Әуезов Құнанбай мен Абай образдары арқылы сол кездегі қандай қоғамдық шындықты көрсеткісі келді?
Құнанбай образы Іс-әрекеті (шығармадан мысал) Қоғамдық өмір шындығы


Абай образы Іс-әрекеті (шығармадан мысал) Қоғамдық өмір шындығы


3. Роман бөлімдері бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдай отырып, жанрлық ерекшеліктерін айқындаңыз.

Бөлімдер Оқиға орын алатын уақыт Оқиға орын алатын кеңістік
«Қайтқанда»
«Қат-қабатта»,
«Шытырманда»
«Бел-белесте»
«Өрде»,
«Қияда»
Жанрлық
ерекшеліктері (кем дегенде 3)

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы
кейіпкерлердің даралық және жинақтық ерекшеліктерін
анықтайды

1 Құнанбайдың дара
қасиеттерін көрсетеді; 2-3 дәлел келтіреді; және жинақтық 1

1
Абайдың даралық
қасиеттерін көрсетеді; 2-3 дәлел келтіреді; және жинақтық 1

1
Кейіпкерлер жүйесі
арқылы өмір шындығын анықтайды

2 шығармадан Құнанбай образы арқылы
берілген өмір шындығына мысал келтіреді; 1
шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді; 1
Сол кездегі кезеңмен байланыстырады; 1
Шығарманың уақыт пен
кеңістік тұрғысынан
талдап, жанрлық ерекшеліктерін
айқындайды


3 Бөлімдердегі оқиға
көрсетеді; өткен уақытты 1
Бөлімдердегі оқиға
көрсетеді; өткен кеңістікті 1
Роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке
қатысты ауқымын көрсетеді. 2
Жанрлық ерекшеліктерін көрсетеді. 1
Барлығы 12




.

«Ғасырлық туынды» бөлімі М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы кейіпкерлердің
даралық және жинақтық ерекшеліктерін
анықтайды Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-
3 дәлел келтіруде, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде қиналады. Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетіп, 2-3 дәлел келтіруде қате жібереді. Құнанбайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетеді, 2-3 дәлел келтіреді, Абайдың даралық және жинақтық қасиеттерін көрсетеді, 2-3 дәлел келтіреді.
Кейіпкерлер жүйесі арқылы өмір шындығын анықтайды Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, сол кездегі өмірмен байланыстыруда қиналады. Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіруде, сол кездегі өмірмен байланыстыруда қате жібереді. Шығармадан Құнанбай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді, Шығармадан Абай образы арқылы берілген өмір шындығына мысал келтіреді, Сол кездегі өмірмен байланыстырады.
Шығарманың уақыт пен кеңістік
тұрғысынан талдап, жанрлық ерекшеліктерін
айқындайды Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетуде қиналады. Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетуде қате жібереді. Бөлімдердегі оқиға өткен уақытты, бөлімдердегі оқиға өткен кеңістікті, роман-эпопеяның уақыт пен кеңістікке қатысты ауқымын көрсетеді.



18

«Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы»

Оқу мақсаты 11.3.2.1 көркем шығарманың жаңашылдығын ғаламдық тақырыптармен байланыстыра отырып, сыни
тұрғыдан баға беру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың жаңашылдығын анықтайды
• Ғаламдық мәселелермен байланыстырып баға береді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. «Абай кезіндегі қазақ даласында, күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа леп бар. Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым», – деген автордың пікіріне сүйеніп, Құнанбай мен Абайдың ұстанымдарындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.

Талдау Құнанбай Абай Ұстанымы
Қоғам үшін маңыздылығы Өз көзқарасыңыз

2. «Абай жолы» романында көрініс тапқан жер дауы мәселесі қазіргі кезде халықаралық саясатта қалай шешімін табуда?





3. Шығармадағы және қазіргі замандағы «Жер – ұлттың ортақ қазынасы» пікіріне сыни көзқарасыңызды білдіріңіз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың
жаңашылдығын анықтайды

Ғаламдық мәселелермен байланыстырып баға береді

1 Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін
маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді; 3
Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін
маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді; 3

2-3 Шығармадағы жер дауының қазіргі
кездегі көрінісін талдайды; 1
Ұсынылған пікірге өз көзқарасын
білдіреді. 1
Барлығы 8

«Ғасырлық туынды» бөлімі М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың
жаңашылдығын анықтайды

Ғаламдық мәселелермен
байланыстырып баға береді Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіруде қиналады. Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіруде қателер жібереді. Құнанбайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді, Абайдың ұстанымы мен қоғам үшін маңыздылығы көрсетіп, өз көзқарасын білдіреді.
Шығармадағы жер дауының қазіргі кездегі көрінісін талдауда, ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіруде қиналады. Шығармадағы жер дауының қазіргі кездегі көрінісін талдауда, ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіруде қателер жібереді. Шығармадағы жер дауының қазіргі кездегі көрінісін талдайды. Ұсынылған пікірге өз көзқарасын білдіреді.












21

4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі, Таласбек Әсемқұлов «Бекторының қазынасы»

Оқу мақсаты 11.1.4.1


11.2.5.1 көркем шығармалардан алған үзінділе ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелерме байланыстырып, шығармашылық жұмыс қолдану
қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ ба әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықта анықтау, талдау жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үзіндіні ғаламдық мәселелермен байланыстырады
• Үзінділерді шығармашылық жұмыста қолданады
• Шығарманың мен әлем әдебиетіндегі шығармаме ортақ бағытын, әдеби ағымын, жалпыадамзатт құндылықтарды анықтайды
• Шығармалардағы жалпыадамзаттық құндылықта көрінісіне талдау жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі көтерілген мәселені ашыңыз. Мәселені ғаламдық деңгейдегі өзектілігіне дәлел келтіріңіз.





2. Туған елсіз ешқашан көгермейсің, Кім қашанғы бұғауға көнер дейсің. Қазақ болып туғаның рас болса,
Алматыға бір келмей және өлмейсің, - деген жолдарды өз ойыңызбен өлең түрінд жалғастырыңыз.





3. Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» шығармасын О.Уайлдың «Дориа Грейдің портреті» шыңғармасымен салыстыра талдаңыз.
Талдау бағыттары Таласбек Әсемқұловтың
«Бекторының қазынасы» О.Уайлдың «Дориан Грейдің портреті»
Әдеби ағымы
Әдеби бағыты
Жанры
Авторлар үні мен ойы
Жалпыадамзаттық құндылықтары

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор Балл
Білім алушы
Үзіндіні ғаламдық
мәселелермен
байланыстырады

1 өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетеді; 1
кілт сөздер арқылы дәлелдейді; 1
мәселені әлемдегі өзге
байланыстырады;
1-2 мысал келтіреді; елдермен 1

1
Үзінділерді
шығармашылық жұмыста қолданады

2 шығармашылық жұмысын
идеясымен байланыстырады; үзінді 1
қара өлең ұйқасын ұстанады; 1
өз ойын анық береді; 1
креативтілік танытады; 1
Шығарманың мен әлем
әдебиетіндегі бір
шығармамен ортақ бағытын, әдеби ағымын, жалпыадамзаттық
құндылықтарды анықтайды



3 шығармалардың әдеби ағымын анықтап,
дәлелдейді; 2
шығармалардың әдеби бағытын анықтап,
дәлелдейді; 2
шығармалардың жанрын
дәлелдейді; анықтап, 2
авторының үні мен ойын шығармалардан
мысал арқылы көрсетеді; 2
шығармалардың жалпыадамзаттық
құндылықтары жайлы пікірін білдіреді. 1
Барлығы 17

«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі, Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы»

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Үзіндіні ғаламдық мәселелермен
байланыстырады Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдеуде, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіруде қиналады. Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдеуде, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіруде қателер жібереді. Өлеңдегі көтерілген мәселені көрсетіп, кілт сөздер арқылы дәлелдейді, мәселені әлемдегі өзге елдермен байланыстырып, 1-2 мысал келтіреді.
Үзінділерді шығармашылық
жұмыста қолданады Шығармашылық жұмыс үзіндіні идеясымен байланыстыруда, қара өлең ұйқасын қолдануда, өз ойын анық беруде, креативтілік танытуда қиналады. Шығармашылық жұмыс үзіндіні идеясымен байланыстыруда, қара өлең ұйқасын қолдануда, өз ойын анық беруде, креативтілік танытуда қателер жібереді. Шығармашылық жұмыс үзіндіні идеясымен байланыстырады, қара өлең ұйқасын қолданады; өз ойын анық береді; креативтілік танытады.


Шығарманың мен әлем әдебиетіндегі бір
шығармамен ортақ
бағытын, әдеби ағымын,
жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтайды Шығармалардың әдеби ағымын,
әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдеуде, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылы көрсетуде, шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіруде қиналады. Шығармалардың әдеби ағымын,
әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдеуде, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылы көрсетуде, шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіруде қателер жібереді. Шығармалардың әдеби ағымын,
әдеби бағытын, жанрын анықтап, дәлелдейді, авторының үні мен ойын шығармалардан мысал арқылы көрсетеді, шығармалардың жалпыадамзаттық құндылықтары жайлы пікірін білдіреді.



24

«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Оқу мақсаты 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем
әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, әдеби сын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. «Шал мен теңіз» повесін қазақ өнеріндегі мазмұндас шығармамен салыстырыңыз.

Эрнест Хемингуэйдың «Шал мен теңіз» повесі Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі
Ұқсастығы
1.
2.
3.
4.
Айырмашылығы
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.

2. Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі сарыны негізінде түсірілген. Повесть пен фильмнің өнер сүйер қауымға әсері тұрғысынан «Екі
жанрдың ойды берудегі ұтымдылығы неде?» деген сұраққа әдеби сын жазыңыз.



Бағалау критерийі №
тапсырма Дескриптор Балл
Шығарманы әлем
әдебиеті үлгілерімен салыстырып, әдеби сын жазады 1 Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі
мен Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмінің ұқсастықтарын көрсетеді; 4
Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі
мен Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмінің айырмашылықтарын көрсетеді; 4
2 екі жанрдың ерекшеліктерін көрсетеді; 2
өз тұжырымдарын аргументтермен
дәлелдейді; 2
ойын жүйелі жеткізеді. 1
Барлығы 13

«Әдебиеттегі сын- сарын» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығарманы әлем Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз» Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз» Э. Хемингуэйдың «Шал мен теңіз»
әдебиеті үлгілерімен повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал» повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал» повесі мен Е.Тұрсыновтың «Шал»
салыстырып, әдеби сын фильмінің ұқсастықтарын және фильмінің ұқсастықтарын және фильмінің ұқсастықтарын және
жазады айырмашылықтарын көрсетуде айырмашылықтарын көрсетуде айырмашылықтарын көрсетеді.
қиналады. қателер жібереді.


Екі жанрдың ерекшеліктерін Екі жанрдың ерекшеліктерін ашуда, Екі жанрдың ерекшеліктерін
ашуда, өз тұжырымдарын өз тұжырымдарын аргументтермен ашады, өз тұжырымдарын
аргументтермен дәлелдеп, ойын дәлелдеп, ойын жүйелі беруде аргументтермен дәлелдеп, ойын
жүйелі беруде қиналады. қателер жібереді. жүйелі береді.
 
Верх