«Қазақстан тарихы» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып

















Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Өркениеттің даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 8
«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
IІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16


I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Өркениеттің даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуы. Қолөнер мен кәсіптер. ХХ ғасырдағы Қазақстан
экономикасының дамуы
Оқу мақсаты 11.1.1.1 Қазақстан халқының тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуына және дамуына табиғи- географиялық факторлардың әсерін зерттеу
11.1.1.3 Картаны пайдаланып дәстүрлі шаруашылық қызмет түрлерін жіктеу
11.1.3.4 Этнографиялық материалдардың негізінде қазақтарда қолөнер мен кәсіптердің дамуын сипаттау
11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тіршілік жүйесінің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсерін зерттейді
• Дәстүрлі шаруашылық түрлерін картада көрсетеді
• Қолөнер мен кәсіптің дамуына сипаттама береді
• Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған факторларды анықтап, талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген суреттерге сүйене отырып, қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз ету факторларын анықтаңыз.

Географиялық факторлар:
1.
2. Тарихи факторлар:

1.
2.
2. Картада көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы, жартылай отырықшы шаруашылықтың дамыған аймақтарын белгілеңіз.

3. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен кәсібін сипаттаңыз.

Қолөнер мен кәсіп
түрлері Сипаттама
Ұсталық
Зергерлік
Тігінші

4. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды төмендегі кілт сөздерді қолдана отырып талдаңыз.
Кілт сөздер: салық, инфляция, бағалар деңгейі, халықтың тұтыну қабілеті мен бәсекелестігі, халықтың әл ауқаты, еңбек нарығы.

Экономикалық факторлар Әлеуметтік факторлар


Бағалау критерийлері Тапсыр ма № Дескрипторлар Балл
Білім алушы
Қазақстан халқының тіршілік жүйесінің
дамуына табиғи- географиялық
факторлардың әсерін зерттейді




1 қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 1-географиялық факторды
анықтайды;
1
қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 2-географиялық факторды
анықтайды;
1
қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз
етуге әсер еткен 1-тарихи факторды анықтайды;
1
қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 2-тарихи факторды
анықтайды;
1
Дәстүрлі шаруашылық түрлерін картада көрсетеді


2 көшпелі мал шаруашылығы дамыған
аймақты белгілейді; 1
жартылай көшпелі мал шаруашылығы
дамыған аймақты белгілейді; 1
отырықшы шаруашылық дамыған аймақты
белгілейді; 1
жартылай отырықшы шаруашылық дамыған аймақты белгілейді; 1
Қолөнер мен кәсіптің дамуына сипаттама
береді
3 Ұсталық кәсіпті сипаттайды; 1
Зергерлік кәсіпті сипаттайды; 1
Тігіншілік кәсіпті сипаттайды; 1
Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына бағытталған
факторларды анықтап, талдайды

4 Қазақстанның эномикалық дамуына
бағытталған факторларды анықтайды; 1
Қазақстанның әлеуметтік дамуына
бағытталған факторларды анықтайды.
1
Жалпы балл 13

«Өркениеттің даму ерекшеліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тіршілік жүйесінің
дамуына табиғи- географиялық
факторлардың әсерін зерттейді қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 1/2 географиялық/тарихи факторды анықтауда қиналады

қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 1/2 географиялық/тарихи факторды анықтауда қателіктер жібереді

қазақ халқының тіршілігін қамтамасыз етуге әсер еткен 1/2 географиялық/тарихи факторды анықтайды


Дәстүрлі шаруашылық түрлерін картада көрсетеді Картада көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы, жартылай отырықшы шаруашылықтың дамыған аймақтарын белгілеуде қиналады


Картада көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймағын , жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған аймағын және
отырықшы шаруашылық дамыған аймағы мен жартылай отырықшы шаруашылықтың дамыған аймағын белгілеуде қателіктер жібереді

Картада көшпелі мал шаруашылығы, жартылай көшпелі мал шаруашылығы және отырықшы, жартылай отырықшы шаруашылықтың дамыған аймақтарын белгілейді





Қолөнер мен кәсіптің дамуына сипаттама береді Ұсталық,
зергерлік, тігіншілік кәсіпті сипаттауда қиналады


Ұсталық,
зергерлік, тігіншілік кәсіпті сипаттауда қателіктер жібереді


Ұсталық,
зергерлік, тігіншілік кәсіпті сипаттайды



Көшпелі және отырықшы халықтың мәдени өзара әсерін анықтайды Қазақстанның эномикалық/әлеуметтік
дамуына бағытталған
факторларды анықтауда қиналады

Қазақстанның эномикалық/әлеуметтік дамуына бағытталған факторларды анықтауда қателіктер жібереді


Қазақстанның эномикалық/әлеуметтік дамуына бағытталған факторларды анықтайды






7

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр- XXғасырдың басы).
Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.
Оқу мақсаты Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу
Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу жүргізеді
• «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма
1. Деректерді пайдаланып XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруін зерттеңіз.
1-дерек
Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды. Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897 жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі 33%-дан асып түспеген еді; орыс қоныстанушылардың жер аударылуы жағынан, бірінші кезекте Торғай облысы орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028 адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін байқауға болады
(Прошлое Казахстана в источниках и материалах: (Сборник I. (V в. до н. э.-XVIII в. н. э.)) / Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.А. – А.: Казакстан, 1997. - 383 с. с. 292).2- 2-дерек
1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен дүнген ұлттары қоныс аударылды. Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген) (История Казахстана: народы и культуры: Учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 600 с. с. 221).
3-дерек
ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында





Кезеңдері Қоныстандыру себептері Салдары
Орыс
қоныстанушыларының бастапқы кезеңі
Ұйғыр және дүнгендерді
қоныстандыру

2. Дерекке сүйене отырып, ХХ ғасырдың басындағы саясаттың қазақтардың этникалық құрамына әсерін талдаңыз.
Дерек
1897-1920 жж. санақтар аралығында Түркістан Республикасының халқы 13,3%-ға кеміді. Ерекше қатары ойсыраған қазақтар болды: 34,1%-ы қырылды. Мұны сол жылдардағы статистикалық мәліметтер былай деп дәлелдейді: Алматы уезінің халқы 1897-1920 жж. 5,4%- ға өскенде, уездегі қазақтар 1917-1920 жж. 32216 адамға (20,1%-ға) кеміді. Сол жылдары қазақтар Лепсі уезінде 42,1%-нан, Талдықорған уезінде 26,2%-нан, Әулиеата уезінде 43,8%- нан, Шымкент уезінде 55,0%-нан, Қазалы уезі 40,1%- нан және т.б. айрылды. Осы жылдары, ерекше қалаларда, қоныс аударушы орыс, украин, татарлардың саны мен үлесі өсті. Өзбектер, қырғыздар, ұйғырлардың саны мен үлесі кеміп, дүнгендер шығынға онша ұшырай қойған жоқ, саны да үлесі де бір мөлшерде өзгеріссіз қалды. Сонда 1917-1918 жж. ашаршылық жылдарында Түркістан Республикасындағы қазақ үштен бірінен айрылды. Осы жылдардағы аштықтан еңсесін көтермеген халық 1921 ж. ашаршылық қамытын қайта киді.

Дереккөзі: https://e-history.kz/kz/contents/view/596
a) 1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему себебі неде?
1.
2.
b) Автохтонды халықтың азаюының қандай зардаптары болады?
1.
2. 3.Ұғымдардың мағынасын түсіндіріңіз.
«Депортация» ......................................................................................................................................

«Арнайы қоныс аударылғандар» .........................................................................................................
..................................................................................................................................................................
«Полиэтникалық қоғам» .......................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
«Интернационализм» ...........................................................................................................................
...................................................................................................................................................................



Бағалау критерийлері Тапсыр ма№ Дескрипторлар Балл
Білім алушы
Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу
жүргізеді


1 Орыс қоныстанушыларының
бастапқы кезеңінің себебін жазады; 1
Ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру
себебін жазады; 1
Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын
дәлелдейді;
1



2 1897-1920 жылдары қазақ халқының
санының кему 1-себебін талдайды; 1
1897-1920 жылдары қазақ халқының
санының кему 2-себебін талдайды; 1
Автохтонды халықтың азаюының
зардабына 1-аргумент келтіреді; 1
Автохтонды халықтың азаюының
зардабына 2-аргумент келтіреді; 1
«Депортация», «арнайы қонысаударылған дар»,
«полиэтникалық қоғам»,
«ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді



3 «арнайы қонысаударылғандар» ұғымын
түсіндіреді; 1
«полиэтникалық қоғам» ұғымын
түсіндіреді; 1
«депортация» ұғымын түсіндіреді; 1
«интернационализм» ұғымын түсіндіреді.

1
Жалпы балл 11

«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық
құрамының өзгеру
кезеңдеріне зерттеу жүргізеді Орыс қоныстанушыларының
бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдеуде қиналады Орыс қоныстанушыларының
бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдеуде қателіктер жібереді

Орыс қоныстанушыларының
бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдейді, талдайды



1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему 1/2 себебін талдауда және
автохтонды халықтың азаюының зардабына 1/2 аргумент келтіруде қиналады


1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему 1/2 себебін талдауда және
автохтонды халықтың азаюының зардабына 1/2 аргумент келтіруде қателіктер жібереді


1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему себебін талдайды және автохтонды халықтың азаюының зардабына аргумент келтіреді




«Депортация», «арнайы қонысаударылған дар»,
«полиэтникалық қоғам»,
«ұлттық саясат»,
«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді «Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам»,
«интернационализм» ұғымдарын түсіндіруге қиналады





«Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам»,
«интернационализм» ұғымдарын түсіндіруде қателіктер жібереді






«Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,
«полиэтникалық қоғам»,
«интернационализм» ұғымдарын түсіндіреді






11

IІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы
Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
«Зарзаман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізі
Оқу мақсаты Ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау
Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау
11.3.1.4 Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы «Зар-заман» өкілдерінің идеяларын түсіндіру
11.3.3.1 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси бағыттағы ойларын анықтайды
• Қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалайды
• «Зар-заман» өкілдерінің идеяларын түсіндіреді
• «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін ашады
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Ежелгі және ортағасырлық тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын кестеге толтырыңыз.
Ғұламалар Қоғам туралы ойы
Ахмет Яссауи
Әл -Фараби
Жүсіп Баласағұн
Ғалымдардың еңбектеріндегі ортақ идея

2. Қазақ хандығы кезіндегі тарихи тұлғалардың қоғамға сіңірген еңбегін бағалаңыз. Дереккөз


Қазақ билері Басты мақсаттары не болды? Өздері өмір сүрген уақытта қоғам
дамуында қандай өзгерістерге қол жеткізе алды? Осы тұлғалардың қазіргі кезеңге дейін маңызын
жоғалтпаған ойлары бар ма?
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

3. Деректерге сүйене отырып, «Зар-заман» өкілдерін толғандырғын мәселелерді анықтаңыз

Қaрa шығын aлымы Бaй, кeдeйгe бірдeй бoп, Шaңырaққa caлығы.
Eл ұйтқыcы шaйқaлып, Дәулeт cудaй aққaны Coртaң жeргe қaқ тұрып Cуы ішугe кeлмeйтін, Caрaң бaйғa бaқ тұрып Қoлынaн қaйыр бeрмeйтін Қoртиғaндaр бeк бoлды
Eлді тeріc ceрмeйтін.

Дулат Бaбaтaйұлы Eділді кeліп aлғaны - Eтeккe қoлды caлғaны.
Жaйықты кeліп aлғaны - Жaғaғa қoлды caлғaны. Oйылды тaртып aлғaны - Oйындaғыcы бoлғaны…-

Мұрат Мөңкeұлы Арқадан дәурен кеткен соң, Қуғындап орыс жеткен соң, Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа.
Орыс – бүркіт, біз – түлкі, Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң, Отырып билер алқынды.....
Бұхарға жетер күн болса,
Тыныштар ма едің ұйқыңды?

Шортанбай

Біріншіден,............................................................................................................................................
................................................................................................................................................................
......
Екіншіден,.............................................................................................................................................
................................................................................................................................................................
4. «Мәңгілік Ел» идеясының негізін тарихи кезеңдермен байланыстырып түсіндіріңіз.

Түркі дәуірі
Қазақ хандығы уақыты
Ресей империясы құрамында
Кеңес дәуірі уақытында
Тәуелсіз Қазақстан

Бағалау критерийлері Тапсыр ма№ Дескрипторлар Балл
Білім алушы
Тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси
бағыттағы ойларын анықтайды


1 Ахмет Яссауидің қоғам туралы ойын
жазады; 1
Әл –Фарабидің қоғам туралы ойын
жазады; 1
Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойын
жазады; 1
Ғалымдардың еңбектеріндегі ортақ идеяны
жазады; 1
Қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалайды


2 Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің
басты мақсаттарын анықтайды; 1
Өздері өмір сүрген уақытта қоғам
дамуында қандай өзгерістерге қол жеткізгенін талдайды;
1
Осы тұлғалардың қазіргі кезеңге дейін маңызын жоғалтпаған ойларын бағалайды; 1

«Зар-заман» өкілдерінің идеяларын түсіндіреді
3 «Зар-заман» өкілдерінің идеяларына
бірінші аргумент келтіреді; 1
«Зар-заман» өкілдерінің идеяларына екінші
аргумент келтіреді; 1
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негіздерін ашады






4 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Түркі дәуірімен
байланыстырады;
1
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Қазақ хандығымен
байланыстырады;
1
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Ресей империясы
құрамындағы Қазақстанмен байланыстырады;
1
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Кеңес дәуірімен
байланыстырады;
1
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Тәуелсіз Қазақстанмен
байланыстырады.
1
Жалпы балл 14

«Қоғамдық-саяси ойдың дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси
бағыттағы ойларын анықтайды Ахмет Яссауидің/ Әл –Фарабидің/ Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойын жазуда қиналады

Ахмет Яссауидің/ Әл –Фарабидің/ Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойын жазуда қателіктер жібереді

Ахмет Яссауидің/ Әл –Фарабидің/ Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойын жазады

Қоғамдық-саяси
ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалайды Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басты мақсаттарын анықтауда және олар өмір сүрген уақытта қоғам дамуында қандай өзгерістерге қол жеткізгенін талдауда, тұлғалардың қазіргі кезеңге дейін маңызын жоғалтпаған ойларын бағалауда қиналады

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басты мақсаттарын анықтауда және олар өмір сүрген уақытта қоғам дамуында қандай өзгерістерге қол жеткізгенін талдауда, тұлғалардың қазіргі кезеңге дейін маңызын жоғалтпаған ойларын бағалауда қателіктер жібереді


Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің басты мақсаттарын анықтауда және соларөмір сүрген уақытта қоғам дамуында қандай өзгерістерге қол жеткізгенін талдауда,осы тұлғалардың қазіргі кезеңге дейін маңызын жоғалтпаған ойларын бағалайды


«Зар-заман»
өкілдерінің идеяларын түсіндіреді «Зар-заман» өкілдерінің идеяларына 1/2 аргумент келтіруде қиналады

«Зар-заман» өкілдерінің идеяларына 1/2 аргумент келтіруде қателіктер жібереді
«Зар-заман» өкілдерінің идеяларына аргумент келтіреді


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
идеясының тарихи негіздерін ашады «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Түркі дәуірімен, Қазақ хандығымен, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанмен, Кеңес дәуірімен, Тәуелсіз Қазақстанмен байланыстыруда қиналады

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Түркі дәуірімен, Қазақ хандығымен, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанмен, Кеңес дәуірімен, Тәуелсіз Қазақстанмен байланыстыруда қателіктер жібереді



«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихи негізін Түркі дәуірімен, Қазақ хандығымен, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанмен, Кеңес дәуірімен, Тәуелсіз Қазақстанмен байланыстырады



15

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы
Кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтары
Оқу мақсаты 11.4.1.2 Ғылымның дамуына Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың қосқан үлесін зерттеу
11.4.2.5 Кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтау үшін «сауатсыздықты жою», «қызыл отау»,
«мұғалімдер институты», «мектептегі білім беру», «кәсіби білім беру» ұғымдарын пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстанның ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін зерттейді
• «Сауатсыздықты жою», «қызыл отау», «мұғалімдер институты», «мектептегі білім беру», «кәсіби білім беру» ұғымдарын пайдаланып, кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтайды
• Кеңестік білім беру жүйесінің ерекшелігін талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма
1. Төменде берілген ғұламалардың әр саладағы ғылымға қосқан үлесін зерттеңіз
Әл-Фарабидің философия саласының дамуына қосқан үлесі зор. Себебі ...

Әл Бирунидің астрономия саласының дамуына қосқан үлесі зор. Себебі ...

Махмұд Қашқаридың тіл ғылымы саласының дамуына қосқан үлесі зор.
Себебі ...
Мұхамед Хайдар Дулатидың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі зор.
Себебі ...

2. Берілген ұғымдар арқылы кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтаңыз.

Кеңестік білім беру жүйесі Мақсаты және ерекшелігі
«Сауатсыздықты жою»
«Қызыл отау»
«Мұғалімдер институты»

3. Кеңестік білім беру жүйесінің «мектептегі білім беру», «кәсіби білім берудің» ерекшелігін талдаңыз

Мектептегі білім беру Кәсіби білім беру
Айырмашылығы

Ұқсастығы


Бағалау критерийлері Тапсырма
№ Дескрипторлар Балл
Білім алушы
Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін зерттейді




1 Әл-Фарабидің философия саласының
дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдейді;
1
Әл Бирунидің астрономия саласының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін
дәлелдейді;
1
Махмұд Қашқаридың тіл ғылымы
саласының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдейді;
1
Мұхамед Хайдар Дулатидың тарих
ғылымының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдейді;
1
«Сауатсыздықты жою»,
«қызыл отау»,
«мұғалімдер институты»,
«мектептегі білім беру»,
«кәсіби білім беру» ұғымдарын пайдаланып, кеңестік білім беру
жүйесінің даму ерекшеліктерін анықтайды



2 «Сауатсыздықты жою» мақсаты және
ерекшелігін анықтайды; 1
«Қызыл отау» мақсаты және ерекшелігін
анықтайды; 1
«Мұғалімдер институты» мақсаты және ерекелігін анықтайды;

1
Кеңестік білім беру
жүйесінің ерекшелігін талдайды.


3 Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі
білім беру мен кәсіби білім беруіндегі ұқсастығын табады;
1
Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі
айырмашылығын табады;
1
Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі
айырмашылығын табады;
1
Жалпы балл 10

«Білім мен ғылымның дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Қазақстан ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін зерттейді Әл-Фарабидің философия, Жүсіп Баласағұнның әдебиет, Әл Бирунидің астрономия, Махмұд Қашқаридың тіл ғылымы, Хайдар Дулатидың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдеуде қиналады


Әл-Фарабидің философия, Жүсіп Баласағұнның әдебиет, Әл Бирунидің астрономия, Махмұд Қашқаридың тіл ғылымы, Хайдар Дулатидың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдеуде қателіктер жібереді

Әл-Фарабидің философия, Жүсіп Баласағұнның әдебиет, Әл Бирунидің астрономия, Махмұд Қашқаридың тіл ғылымы, Хайдар Дулатидың тарих ғылымының дамуына қосқан үлесі зор болу себебін дәлелдейді

«Сауатсыздықты жою»,
«қызыл отау»,
«мұғалімдер институты»,
«мектептегі білім беру»,
«кәсіби білім беру» ұғымдарын пайдаланып, кеңестік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктерін
анықтайды «Сауатсыздықты жою»,
«Қызыл отау», «Мектептегі білім беру», «Кәсіби білім беру»
«Мұғалімдер институты» ерекшеліктерін анықтауда қиналады




«Сауатсыздықты жою»,
«Қызыл отау», «Мектептегі білім беру»,
«Кәсіби білім беру»
«Мұғалімдер институты» ерекшеліктерін анықтауда қателіктер жібереді




«Сауатсыздықты жою»,
«Қызыл отау», «Мектептегі білім беру»,
«Кәсіби білім беру»
«Мұғалімдер институты» ерекшеліктерін анықтайды





Кеңестік білім беру жүйесінің ерекшелігін талдайды. Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі ұқсастығын табуда,
кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі айырмашылығын табуда қиналады Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі ұқсастығын табуда, кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі және айырмашылығын табуда қателіктер жібереді


Кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі ұқсастығын табуда, кеңестік білім беру жүйесінің мектептегі білім беру мен кәсіби білім беруіндегі айырмашылығын табады
 
Верх