«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) қорытынды аттестаттау спецификациясы 9-сынып

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) қорытынды аттестаттау спецификациясы 9-сынып



МАЗМҰНЫ

1 Бағалау мақсаты………………………………………………………………. 3
1.1 Оқу бағдарламасымен байланысы………………………………………… 3
1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы…………………………… 3
2 Емтихан жұмысының сипаттамасы...................................................….. 4
2.1 Бағалау міндеттері..........……………………………………………………. 4
2.2 Балдардың үлестірілуі............................................................................. 4
2.3 Емтиханды өткізу тілі....................………………………………………… 5
3 Емтиханды өткізу үдерісін басқару……………………………………….. 5
4 Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою процесі…………... 5
5 Бағалар сипаттамасы..………………………………………………………. 5
6 Тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары……………………. 6



3

1 Бағалау мақсаты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша (оқыту қазақ тілінде емес) оқу
бағдарламасының көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейі Негізгі орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМББС) сәйкес
анықталады.

1.1 Оқу бағдарламасымен байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша
негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні
бойынша (оқыту қазақ тілінде емес) үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім
алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен
анықталады.

1.2 Критериалды бағалау жүйесімен байланысы
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды
қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады.



4

2 Емтихан жұмысының сипаттамасы
Оқылым 2 сағат
Емтихан жұмысы жалпы көлемі 300-350 сөзден тұратын бір мәтінге негізделген міндетті
үш тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма мәтін тақырыбы бойынша арнайы лексиканы түсінуге негізделеді.
Мәтінде кездесетін 5 сөздің лексикалық мағынасына балама сөздер ұсынылады. Білім
алушы ұсынылған сөздерге мағыналас сөздерді мәтіннен тауып жазуы қажет. Берілген
сұрақтар білім алушылардың тілді қолдана алуы мен контексте жекелеген лексиканың
мағынасын түсіну дағдыларын көрсетуін бағалайды.

2-тапсырма перифраз тәсілі арқылы орындалады.
Мәтінде кездесетін сөйлемдердің түпнұсқалық мағынасын сақтай отырып, құрылымын
перифраз тәсілі арқылы өзгертіп, қайта жазу жұмысы ұсынылады. Ол үшін сөйлемдердің
басы (сөз, сөз тіркесімен) ғана беріледі. Бұл жұмыс білім алушының мәтін мазмұнын
тұтастай түсінуі мен грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын бағалайды.

3-тапсырма қысқа және толық жауапты қажет ететін ашық сұрақтардан тұрады.
Білім алушылар мәтін бойынша қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 ашық сұраққа
жауап береді. Берілген тапсырманың сұрақтары білім алушылардың мәтін бойынша нақты
сұраққа жауап беру мен тілді қолдана алуын және өз ойы мен көзқарасын жеткізе білуін,
қорытынды жасай алуын, сондай-ақ грамматикалық құрылымды дұрыс қолдану дағдысын
бағалайды.
Максималды балл 30 балл

2.1 Бағалау міндеттері

1-БМ
Коммуникативтік құзырлық
Білім алушы:
• білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі
тұтас мәтіндердің мазмұнын түсінуі;
• сөздердің айқын және астарлы мағынасын, мәнін түсінуі;
• өзектілігін анықтай отырып, дереккөздерден қажетті
ақпаратты алуы;
• белгіленген оқу стратегияларын пайдалануы тиіс.
2-БМ
Тілдік құзырлық
Білім алушы:
• орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтауы
тиіс.


5

2.2 Балдардың үлестірілуі
Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.

Тапсырма Бағалау міндеттері Балл
1 1-БМ Коммуникативтік құзырлық 5
2
1-БМ Коммуникативтік құзырлық
2-БМ Тілдік құзырлық
10
5
3
1-БМ Коммуникативтік құзырлық
2-БМ Тілдік құзырлық
5
5
Барлығы 30

2.3 Емтиханды өткізу тілі
Емтихан қазақ тілінде өтеді.

3 Емтиханды өткізу үдерісін басқару
Емтихан «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары
үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары, сонымен қатар
Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес өткізіледі.

4 Емтихан жұмысы үшін балдар мен бағаларды қою үдерісі
Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін ұсынылған балл қою сызбасы негізінде
аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
Білім алушылардың қойылған балдары балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес
бағаға ауыстырылады.

Емтихан жұмысының
балдары
Балдардың проценттік
құрамы, %
Баға
0-11 0-39 2 (қанағаттанарлықсыз)
12-19 40-64 3 (қанағаттанарлық)
20-25 65-84 4 (жақсы)
26-30 85-100 5 (өте жақсы)

6


5 Бағалар сипаттамасы
Бағалар сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір
стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибеде ұсынылған баға
білім алушылар жұмысының бағалау міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігіне
байланысты.
Баға Сипаттама
5 Білім алушылар өздерінің жетік деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің жалпы мазмұны мен
контекстегі жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің мағынасын толық
түсінеді;
• мәтіннің негізгі ойына қатысты қажетті ақпаратты пайдаланып, жеке
көзқарасын нақты, айқын білдіреді;
• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды кеңінен
қолданып, тілді меңгергенін нақты, орынды көрсетеді.
4 Білім алушылар жеткілікті деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді,
бірақ контекстегі кейбір жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің
мағынасын шатастырады;
• мәтіннің негізгі ойына, ақпараттарға қатысты жеке көзқарасын білдіруде
сенімсіздік танытады;
• нақты тақырыпқа сай лексикалық және тілдік құрылымдарды қолданып,
тілді қолдануда аздаған қателер жібереді.
3 Білім алушылар қанағаттанарлық деңгейдегі қабілеттерін көрсетеді:
• түрлі дереккөздерден алынған мәтіндердің кейбір бөліктерін түсінеді,
бірақ контекстегі көптеген жекелеген сөздер немесе сөз тіркестерінің
мағынасын анықтауда қиналады;
• мәтіннің негізгі ойына қатысты ақпаратты ажырата алмайды, орынсыз
қолданады;
• сөздік қоры шектеулі, лексикалық және тілдік құрылымдарды қолдануда
ұсақ және ірі қателері жиі кездеседі.
2 Білім алушы базалық білімін қанағаттанарлықсыз деңгейде көрсетеді.

6 Тапсырмалар мен балл қою кестесінің мысалдары
Әр сұрақ немесе тапсырманың тұсына тік жақшада [ ] оған ұсынылатын балл
көрсетіледі.
Басшылыққа алу үшін коммуникативтік құзырлықты тексеруге арналған нақты балл
қою кестесі және тілдік құзырлықты тексеруге арналған жалпы балл қою кестесі ұсынылады.
Нақты балл қою кестесінде әр сұрақ немесе тапсырмаға берілетін балл саны көрсетіледі. Ал
7

жалпы балл қою кестесінде 1-ден 5-ке дейінгі балл сандарының өлшемдеріне сипаттама
берілген.

1-тапсырма

Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Жер күні
Жер күні – халықаралық деңгейде аталып өтетін қоршаған ортаны қорғау
шараларының бірі. Жер күні – жер планетасының дүниедегі ерекше орнын атап өтуге
арналған. Жердің биологиялық әр алуандылығы туралы білу және оны қорғау –
адамзаттың міндеті. Бұл шараның мақсаты әлемдегі барлық адамдарды өсімдіктер мен
аңдарды қорғауға және өзіміз өмір сүретін жерді таза ұстауға ынталандыру және ол туралы
адамдардың білуіне ықпал ету. Көптеген елдерде жер күнін 22 сәуірде, ал кейбір елдерде
бір ай бұрын, яғни жер мен күн теңескен күні 21 наурызда атап өтеді.
Бұл шара қалай пайда болды? Жер күнін атап өтуді ұсынған АҚШ сенаторы Гэйлорд
Нелсон. Оның бастауымен ең бірінші Жер Күні 1970 жылы 22 сәуірде Америкада аталып
өтті.
Адамзат жер қойнауындағы табиғи көздерді жауапсыз қолдану арқылы судың,
жердің және ауаның ластануына себепші болады. Мысалы, ластанудың әсерінен ауаның
озон қабатында пайда болған тесік. Зерттеушілер ауа ластанған сайын озон қабаты
жұқарып, тесіктер көбейе түседі деп санайды. Бұл ультракүлгін сәулелер қоршаған орта
үшін қауіпті.
Тағы бір мысал, әлем мұхиттарына төгілген қоқыстан үйілген пластик аралдардың
пайда болуы. Ұзындығы мен ені бірнеше шақырым бұл аралдар мұхиттағы тіршілікке
орасан зиян келтіріп жатқаны сөзсіз.
Жер Күні планетамыздың қамын ойлайтын жалғыз күн емес, Жер Күні бүкіл
адамзаттың күнделікті өмір сүру салтын өзгерту қажеттілігін еске салатын күн.
Мысалы, егер күніне миллиондаған адамдар мектепке немесе жұмысқа жаяу немесе
велосипедпен барса, машиналар, автобустар және ұшақтар шығаратын газ мөлшерін
азайтуға үлесін тигізер еді. Жер мен ауаның тазалығында ағаштардың орны бөлек екені
белгілі. Ағаштар оттегін шығарып, ауаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймайды,
олар сондай-ақ жауын-шашын, күн сәулесі және желдің ауа райына әсерін азайтып,
климатты реттеп отырады. Олай болса адамзат өзі аямай қолданып отырған ағаштардың
орнын толтыруға да жауапты.
Жерді таза сақтаудың тиімді әдістерінің бірі – қайта қолдануға болатын
материалдарды қайта өңдеу. Оны іске асыру мүлдем қиын емес. Ескі заттарға жаңа өмір
беру, ескі заттардан мүлдем басқа зат жасап шығару арқылы қаншама жер байлығын
үнемдеуге болар еді. (300 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

Айрықша – ___________________________________________________________ [1]
8


Алғашқы – ____________________________________________________________ [1]

Пайдалану – __________________________________________________________ [1]

Үлкен – ______________________________________________________________ [1]

Халық – ______________________________________________________________ [1]

Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма

Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен
бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
Мысалы:
Жердің биологиялық әр алуандылығы туралы білу – адамзаттың міндеті.
Адамзат ________________________________
Жауабы:
Адамзат жердің биологиялық әр алуандығы туралы білуі тиіс.

1. Жер күні – халықаралық деңгейде аталып өтетін қоршаған ортаны қорғау шараларының
бірі.
Қоршаған ортаны_________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

2. Жердің биологиялық әр алуандылығы туралы білу және оны қорғау – адамзаттың
міндеті.
Адамзаттың міндеті_______________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

3. Жер күнін атап өтуді ұсынған АҚШ сенаторы Гэйлорд Нелсон.
АҚШ сенаторы___________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

4. Адамзат жер қойнауындағы табиғи көздерді жауапсыз қолдану арқылы судың, жердің
және ауаның ластануына себепші болады.
Судың, жердің____________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

5. Зерттеушілер ауа ластанған сайын озон қабаты жұқарып, тесіктер көбейе түседі деп
санайды.
Ауа ластанған сайын______________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]
9


6. Ұзындығы мен ені бірнеше шақырым бұл аралдар мұхиттағы тіршілікке орасан зиян
келтіріп жатқаны сөзсіз.
Мұхиттағы тіршілікке______________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]
7. Жер Күні бүкіл адамзаттың күнделікті өмір сүру салтын өзгерту қажеттілігін еске
салатын күн.
Бүкіл адамзаттың_________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

8. Жер мен ауаның тазалығында ағаштардың орны бөлек екені белгілі.
Ағаштардың_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

9. Адамзат өзі аямай қолданып отырған ағаштардың орнын толтыруға да жауапты.
Аямай қолданып отырған___________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

10. Ескі заттарға жаңа өмір беру, ескі заттардан мүлдем басқа зат жасап шығару арқылы
қаншама жер байлығын үнемдеуге болар еді.
Жер байлығын___________________________________________________________
_____________________________________________________________________ [1]

Барлығы: [10+5=15 балл]

3-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.

1. Жер күнін атап өту шарасы қандай мақсатта ұйымдастырылды?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________
[1]
2. Адамдардың жер байлығына немқұрайлы қарауының салдарынан қандай мәселелер
пайда болып отыр? Кем дегенде 2 мәселені көрсетіңіз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________
[2]
3. Ағаштардың жер мен ауа тазалығына әсері қандай? 2 әсерін жазыңыз.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________
[2]
Барлығы: [5+5=10 балл]

10


Нақты балл қою кестесі

Тапсыр
ма
Сұрақ Жауабы Балл Қосымша
ақпарат
1
1 ерекше 1 Ұсынылған
сөздерге балама
сөздер дұрыс
жауапқа
қабылданбайды.
Сөздерде
жіберліген
орфографиялық
қателер үшін
балл саны
шегерілмейді
2 бірінші 1
3 қолдану 1
4 орасан 1
5 адамдар 1
2
1 Қоршаған ортаны қорғау/сақтау
шараларының бірі – Жер күні
халықаралық/дүниежүзілік деңгейде
аталып өтетін/тойланатын.
Қоршаған ортаны қорғау/сақтау үшін
халықаралық деңгейде атап
өтілетін/тойланатын шара – Жер күні.
1 Білім алушы
сөздердің орнын
ықтимал
жауаптардан
бөлек өзгерте
алады, бастысы
ой мен сөйлем
құрылымы
сақталуы қажет.
Жауаптардың
ұсынылған
жауаптарға жуық
болуын ескеру
қажет.



2 Адамзаттың міндеті – Жердің
биологиялық әр
алуандылығы/көптүрлілігі
туралы/жайлы/жөнінде білу және оны
қорғау/сақтау.
Адамзаттың міндеті Жердің көптүрлі
екендігі туралы біліп жүру және оны
сақтауға тырысу.
1
3 АҚШ сенаторы Гэйлорд Нелсон Жер
күнін атап өтуді/тойлау туралы
ұсынған/ұсыныс жасаған/ ой тастаған.
1
4 Судың, жердің және ауаның
ластануына/экологиялық тұрғыдан
нашарлауына себепші
болатын/туындатататын –
aдамзаттың/адамдардың/халықтың жер
қойнауындағы/жер астындағы табиғи
көздерді/байлықтарды/қазбаларды
жауапсыз/ысыраппен
қолдануы/пайдалануы/тұтынуы.
Суды, жерді ауаны ластайтын адамдар.
Олар жер асты байлықтарын қалай
1
11

болса, солай қолданып, табиғатқа залал
келтіреді.
5 Ауа/ауа қабаты/атмосфера
ластанған/кірлеген сайын озон қабаты
жұқарып, тесіктер/көп саңылаулар
көбейе түседі/пайда болады деп
санайды/есептейді/дейді
зерттеушілер/ғалымдар.
1
6 Мұхиттағы тіршілікке/тіршілік
иелеріне/жан-жануарларға ұзындығы
мен ені бірнеше шақырым/көлемі үлкен
бұл/осы аралдар орасан/көп/үлкен/
зиян/залал келтіріп жатқаны
сөзсіз/келтіріп жатыр/тигізіп
жатыр/тигізуде/келтіруде.
Мұхиттағы тіршілікке зиянын тигізіп
жатқан – ұзындығы мен ені бірнеше
шақырымға созылатын осындай
аралдар.
1
7 Бүкіл адамзаттың/адам
баласының/халықтың/адамдардың
күнделікті өмір сүру салтын/тәртібін
өзгерту қажеттілігін/керектігін еске
салатын/түсіретін күн – Жер Күні.
Бүкіл адамзат баласы Жер күні
өздерінің өмір сүру тәртіптерін өзгерту
керектігін естеріне түсіреді.
1
8 Aғаштардың Жер мен ауаның
тазалығында орны/рөлі бөлек/ерекше
екені белгілі/мәлім/барлығымыз білеміз.
Ағаштардың қоршаған ортаның
тазалығында алар орны ерекше
екендігін білеміз.
1
9 Aямай қолданып отырған ағаштардың
орнын толтыруға/ағаштарды қалпына
келтіру үшін aдамзаттың/адам
баласы/адамдар өзі
жауапты/жауапкершілік алу керек.
1
10 Жер байлығын ескі/жарамсыз
заттарға/нәрселер/дүниелер жаңа өмір
беру/қайта қалпына келтіру/жөндеу,
ескі заттардан/нәрселерден мүлдем
басқа зат жасап шығару/жаңа нәрсе
ойлап табу/жасау арқылы/негізінде
қаншама/көптеген үнемдеуге/ысырапқа
1
12

жол бермеуге болар еді.
Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі. 5
3
1 Әлемдегі барлық адамдарды өсімдіктер
мен аңдарды қорғауға, өзіміз өмір
сүретін жерді таза ұстауға
ынталандыру; қоршаған ортаны қорғау
туралы адамдардың білуіне ықпал ету.
1 Білім алушының
мәтін ақпаратын
қолданып өз
сөзімен жазған
жауаптары
қабылданады.
Бірақ жауаптар
ұсынылған
жауаптарға жуық
болуын ескеру
қажет.
2 1. Су, ауа ластанған сайын озон қабаты
жұқарып, тесіктер көбейе түседі.
2. Мұхитқа төгілетін қоқыстар, пластик
аралдардың тіршілікке зиянын
тигізеді.
1

1
3 1. Оттегі шығарып, ауаны тазартады.
2. Ауа райына әсер етіп, климатты
реттеп тұрады.
1

1
Тіл сапасы үшін қосымша бес балл беріледі. 5
Барлығы 30

Жалпы балл қою кестесі

Балл Тілдік құзырлық
5
Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік құрылымдарды шебер қолданған.
Жауабы жүйелі және нақты. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолданады
(етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас
сөйлемдерді қолдану). Елеусіз қателер кездеседі.
4
Лексикалық сөздік қорды және тілдік құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы
сауаттылығы жақсы. Грамматикалық және лексикалық элементтерді жақсы
білетіні көрінеді. Грамматикалық құрылымдарды көбіне дұрыс қолданады
(етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, құрмалас
сөйлемдерді қолдану). Жіберілген грамматикалық қателіктер мазмұнды түсінуге
кедергі келтірмейді.
3
Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі қанағаттанарлық. Жауаптары жуық.
Сауаттылық деңгейі жетіңкіремейді. Етістіктің түрлері, шақтары, жалғаулар,
сөздердің орын тәртібінде қателіктер кездеседі. Оқушының тілдік қолданысы
ой жүйесіздігіне әкеледі.
2
Сөздік қоры мен тілдік құрылымдарды білуі шектеулі. Қарапайым тілдік
құрылымдарды қолданғанымен, әрдайым дұрыс болмайды. Етістіктің түрлері,
шақтары, жалғаулар, сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдерді қателіктер үнемі
кездеседі. Кей тұстарда оқушының тілдік қолданысы оның ойын түсінуге кедергі
келтіреді.
13

1
Сөздік қор мен тілдік құрылымдарды білуі өте шектеулі.
Қателер өте көп және жиі қайталанады. Грамматикалық сауаттылығы өте нашар.
Тілдік құрылымдардың көбі аяқталмаған немесе қате қолданылған.
 
Верх