«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

















Нұр-Сұлтан, 2019

Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар Ошибка!
Закладка не определена.
3. Күтілетін нәтижелер Ошибка! Закладка не определена.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
6. Модерация және балл қою 6
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Ошибка! Закладка не определена.
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Ошибка! Закладка не определена.
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 41

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып, шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары
ның деңгейі
Сипаттама Сұрақтар түрі
Тыңдалым Білу және - мәтін үзінділері бойынша болжам Ауызша

мен айтылым түсіну




Қолдану







Жоғары деңгей дағдылары жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;
- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
- тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажыратады;
- мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;
- мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды;
- коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлейді, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлейді. толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну




Қолдану






Жоғары деңгей дағдылары - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтайды;
- таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы таниды (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
- таза ғылыми стильдегі дәріс, интервью, мақала, баяндама, тезис, аннотация, рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
- әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс- қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
- мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтырады;
- белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады;
- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми- Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасайды,
дәйексөз келтіру жолдарын біледі.
Жазылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары - жоспар түрлерін құрайды (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар);
- таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, тезис, аннотация, рецензия жазу;
- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
- қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау);
- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу (образды-эстетикалық);
- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып);
- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-4 11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін). Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінің тақырыбын, идеясын, онда көтерілген мәселені, астарлы ойды баяндайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2- оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1-оқушыға мәтінінің тақырыбына, идеясына, онда көтерілген мәселеге, астарлы ойға, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын қояды және сыни тұрғыдан бағалайды. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста
болуы қажет. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша
уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі). 10
1-5 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, Көп таңдауы
бар, қысқа
және толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 300 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, тілдік құралдар арқылы оның стилін анықтайды, дәлелдер келтіреді. Екінші тапсырмада мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазады. Үшінші және төртінші тапсырмаларда мәтіннің синтаксистік құрылымына талдау жасайды. Бесінші тапсырмада мәтіндегі ғылыми стильге тән шартты белгілерді тауып, белгілейді. 15 10


көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік
ерекшелігін салыстыра талдау
1 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе)

11.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша оқушылар көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар орындайды. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер
2. Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, автор көзқарасын анықтаңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Тұғырлы Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Еліміздің бірінші президенті – Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткізген өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл – даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өкініштен өртенген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
Тәуелсіздігімізді алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін Тәуелсіздік күні – ұлы күн. Бұл үлкен еңбек пен халықтар достығының нәтижесі. (249 сөз)

2- мәтін
Тәуелсіздігін жариялаған аз ғана уақыт ішінде Қазақстанды дүниежүзінің жиырмадан астам мемлекеті мойындады. Қазақстанның мемлекеттілігін ең алғаш мойындаған бауырлас ел – Түркия болса, АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстанда өзінің елшілігін ашты.
1991 жылы тамызда еліміздің бірінші президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны түпкілікті жабылды. Сөйтіп ядролық қару-жарақты таратпау Қазақстанның сыртқы саясатындағы бейбітсүйгіш саясаттың басты бағыты болып қалды. Ал 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының

толық құқылы мүшесі болды. Сол жылы 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен алғаш рет сөз сөйлеп, бүкіл әлемге тәуелсіз елімізді жан-жақты таныстырды. Бұл біздің еліміздің бүкіл дүниежүзілік кеңістікте көзқарасын нығайтуына мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік елімізге сырттан қол сұғушылықтан қорғануға кепіл бола алады.
Бұған қоса, еліміздің Бірінші президенті 1992 жылы БҰҰ-ның кезекті алқалы жиынында Азия құрлығындағы мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтап қалу мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құруды ұсынды. Бұл ұйым 2002 жылы маусым айында осы кеңестің Алматыда өткен алғашқы саммитінде түпкілікті рәсімделді. Кеңестің құрылғаны жөніндегі арнайы құжатқа Азияның 16 мемлекетінің басшылары қол қойып, қуаттады.
Ал 1994 жылы желтоқсанда Венгрияның бас қаласы Будапештте ядролық қаруы бар елдер Қазақстанның ядролық қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына кепілдік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп Қазақстан ядролық қаруларды таратпау жөніндегі шартқа қосылды. Бұған қоса, көршілес Ресеймен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Өзбекстан және Түркіменстанмен мемлекеттік шекара анықталып, толық шегенделді. Бұған қоса, Ресеймен, Түркіменстанмен және Әзірбайжанмен Каспий теңізіндегі шекара да анықталып, белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстанның ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО тәрізді аймақтық құрылымдарға, сондай-ақ ДСҰ-ға мүшелікке енуі біздің еліміздің Еуразия кеңістігіндегі белсенді сыртқы саясатын айқындай түсті. Дүниежүзінің сарапшылары Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы көшбастаушы ғана емес, аймақтағы іргелі ел ретінде мойындауда. (259 сөз)

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, автор көзқарасын анықтаңыз. Оқырман ретінде пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Елімізде жастардың көбеюі, әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің кемел келешегі болып саналатын жастар, яғни біздер, халқымыздың өсіп-өркендеуі, қоғам үшін де маңызы зор құндылықтың бірі болып саналамыз. Алайда «біздің болашағымыз» деп мақтана жүретін жастарымыздың мінез-құлқы мен тәрбиесі, олардың киген киімі мен ұстанған үлгісіне сәйкес болмай жататыны – ащы да болса, шындық. Негізгі нысанаға, алдымен, мектеп оқушылары мен арнаулы орта оқу орындарында және кәсіптік мектептерде білім алып жатқан жастарды алатын болсақ, олардың қатарында ауылдан шыққан қаракөздермен бірге қаланың
«гламурный» ұл-қыздары да бар. Ауылдан келген ұяң баланың көрген өнегесі қалалықтарға қарағанда өзгешелеу болатыны да жасырын емес.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әртүрлi сән үлгiлерiне, әуендерге қызығушылықтан туған. Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Тағы да бір айта кететін мәселе, теледидардан толассыз берілетін кәріс, түрік сериалдары да бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндеріміздің санасын улап жатқаны рас. Кәріс

елінің атақты жас әртістерінің суреттерін қолдарына ұстап, жүректеріне басып жүрген қаракөз қыздарымыз қаншама? Кәріс жігіттеріне еліктеп, шаш өсіріп, оларды өздеріне үлгі қылып алған қара домалақ қазақтың қайран жігіттері-ай!
Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, өз жастарымызды танымайтындай халге жеттік. Қазақтың ұлттық мәдениетіне жат киім үлгілері, қыздарымыздың тобықтан келетін белдемшелерінің тізенің үстіне көтерілуі, омырауы ашық көйлектерді киюі, батыс мәдениетінің жастардың жүрегінің төрінен орын алуынан.
Шынын айтсақ, мысықтабандап келген субмәдениеттiң елімізде дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, саралайтын, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ.
Сондықтан, өзін қазақпын деп санайтын және сол сөзді мақтана қуанышпен айта алатын әрбір қазақ жастары – біз бұл келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек! (290 сөз)

2- мәтін
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес, сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі – «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді.
Жастар субмәдениеті – киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айырықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық.
Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады?» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай жатады.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Соңғы жылдары музыкалық субмәениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі.
Субмәдениет – бұл жастардың қоғамдағы әлеуметтік белсенділік алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге – бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Ендеше, келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн осындай бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. (394 сөз).

Оқылым

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

Субмәдениет – қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.
Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub – төменгі», неміс тілінің «kultur – мәдениет» деген ұғымнан шыққан. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз.
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың, әсіресе, жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.
Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар пайда болды.
Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың қысқаша тарихына тоқталсақ:
ХХ ғасырдың 30 жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ – байкерлер болды. Олар – мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері»,
«Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рахаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болды.
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика. Готика мәдениеті ХХ ғасырдың 70 жылдары панктермен қатар пайда болды. Олар панктерге өте ұқсас, тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, христиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп, ал бет- әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да «эмошылар» белең алған. Эмо
«эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар эмошылар қайғылы өлең оқығанды ұнатады.
Яппилер – белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады.

1. Мәтін қандай стильде жазылған? Дәлелдеңіз.


[2]

2. Мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазыңыз.


[2]

3. Мәтінде айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі қолданылған? Мысал келтіріңіз


[2]

4. Мәтінде етістіктер қай шақта қолданылған? Мысалдар келтіріңіз.


[2]

5. Мәтінде ғылыми стильге тән қандай шартты белгі кездеседі? Дәлел келтіріңіз


[2]

Жазылым

Берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Орфографиялық норманы сақтаңыз.
[10]

1) 2030 жылдағы Қазақстанның дамуын көз алдыңызға елестетіп, еліміздегі түрлі инновациялық өзгерістерді ұлттық құндылықтармен байланыстырып, «Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті» тақырыбында шығарма жазыңыз.

2) Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ең айтулы жетістіктерін баяндап, естелік жазыңыз.

3) Қазіргі заман жастарының бойындағы қасиеттерді талдап, «Адамына қарай заманы жоқ әлде заманына қарай адамы ма?» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз.

4) «Мен жастарға сенемін...» тақырыбында Мағжан ізімен өлең түрінде шығармашылықпен өз ойыңызды жазыңыз.

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл Грамматика мен лексиканы
дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру
қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен,
түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала
дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі
кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.

Оқылым
№ Дескриптор Балл
1 Тілдік ерекшелігіне назар аудара отырып, мәтін стилін анықтайды; 2
2 Мәтіннен тақырыпқа қатысты терминдер мен ұғымдарды теріп жазады; 2
3 Сөйлем түрін тауып, мысал келтіреді; 2
4 Етістіктің шақтарын ажыратып, мысал келтіреді; 2
5 Мәтінде ғылыми стильге тән қандай шартты белгіні тауып, белгілейді; 2
Барлығы 10

Жазылым

Балл Сипаттама
9-10 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
• Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
• Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.
• Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
• Құрылымы сәйкес және сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.
• Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
• Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
• Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
• Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
• Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
• Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
• Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
• Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
• Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
• Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
• Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның
жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
• Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин
Балл
1-2 11.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, факті мен көзқарасты ажырата білу

11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін). Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінің ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра баяндайды және мәтінде кездескен фактілік ақпарат пен автор көзқарасын білдіретін тұстардан мысал келтіріп, себебін дәлелдейді (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы жұбының айтқан жауабына келісу немесе келіспеу позициясын білдіріп, кері байланыс береді.
Сонан соң жұптар рөлдерімен ауысады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі). 10
1 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Бірге есептегенде көлемі 150-200 сөзге жуық екі мәтін беріледі. Жанры, көзделген аудиториясы, мақсаты, мазмұны, стилі, тіліне салыстырмалы талдау жасай отырып, екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы анықтайды. 15 10
1 11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
11.3.2.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша
интервью, мақала жазады. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
18

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

3. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]

1- мәтін
Бүгінде әлемнің барлық елдері үшін зияткерлік миграция мәселесі өте өзекті. Жаһандық үдерістің субъектісі ретінде Қазақстан да аталған түйткілден тыс қала алмайды. Елімізде қазіргі таңда білімді жастардың шетелге бет бұру үдерісі күн санап артуда.
Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мен қазіргі кезеңдегі елімізден кеткен білімді мамандардың мамандық ерекшеліктеріне сапалық және сандық тұрғыда салыстырмалы талдау жасау, сонымен бірге мектеп бітірген түлектердің, яғни жас зияткерлердің шетелге кету себептерін анықтау, отандық зияткерлік орталықтарын құру мен жетілдіру ісін жолға қою аса маңызды.
Қазіргі жаһандану кезеңі жоғары көші-қон белсенділігімен сипатталады. Бұл үдеріске зерттеушілер баса назар аударуда. Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында көптеген ғылыми жұмыс халықаралық көші-қонға арналса, қазіргі заманда зияткерлік миграция факторлары мен тетіктерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
«Зияткерлік миграция» (ағылш. brain drain) – мамандардың, ғалымдар мен білікті жұмысшылардың өз елінен саяси, экономикалық, діни немесе басқа да себептер бойынша жаппай шығу үдерісін, яғни эмиграциялық үдерісті сипаттайды. Әрине, бұл ретте мамандарының бір бөлігі сыртқа кеткен елдерге айтарлықтай экономикалық, мәдени, ал кейде саяси залал келтірілсе, керісінше, иммигранттарды қабылдайтын мемлекеттер үлкен және арзан зиякерлік капиталға ие болады. Ал ақылды жастарын, мамандарын жоғалтқан ел зиян шекпей қоймайды.
Еліміз үшін білімді мамандарымыздың, ақылды жастарымыздың шетелге білім алуға кетіп, оралмай қалу қаупі үлкен алаңдатушылық тудыруда. Сондықтан бірінші кезекте зияткерлік миграцияның үлкен ағыны – жоғары білімді дайын мамандардың сыртқа кетуі мәселесін және жоғары білім алу мақсатында шетелге арман қуып кеткен жастардың елге қайта оралмау жағдайын талдау қажет..
Енді шетелге елімізден зияткерлік миграцияға негіз болып отырған себептер қандай деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Қазіргі таңда ең негізгі себептердің бірі, білімді мамандардың, әсіресе жас зияткерлердің өз деңгейінде бағаланбауы, қоғамды жайлаған коррупция көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуларына кедергі болып отыр. Олар зияткерлік еңбекке жоғары ақы төленетін жерлерден жақсы табыс табу мүмкіндігін іздеуге мәжбүр болады. (275 сөз)

2- мәтін
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы зияткерлік миграция Кеңес өкіметінің құлауымен Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына оралуымен сипатталады десек, бүгінгі еліміздің ең білімді, ақылды жастарының шетелге кетуінің мазмұны біршама өзгеше. 2000 жылдардан кейін зияткерлік миграция ағыны ұлттық сипатқа

емес, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми ізденушілік мәселелерге байланысты өзгере бастады.
Еліміздің жоғары білімді азаматтарының басқа елдерге қоныс аударулары зияткерлік миграцияны күшейтіп, қоғамымызға кері ықпалын тигізуде. Атап айтсақ, 2000 жылы техникалық мамандар – 13998, педагогтар – 5460, экономистер – 3906, медицина – 2868, сәулет саласы мамандары 2195 цифрлық көрсеткішті көрсетті. Бұдан біз осы кезеңде елімізден кеткен зияткер мамандар ағынының ішінде техникалық мамандардың көрсеткіші жоғары екені аңғарамыз. Ал 2006 жылы біршама статистика көрсеткіші төмендеп, кеткендер саны кеміді. (техникалық мамандар – 290, педагогтер – 623, экономистер – 74, медицина – 499, сәулет саласы мамандары – 252). Демек, елдегі экономикалық тұрақтылық мамандардың жаппай көшуін тоқтатты. 2009 және 2010 жылдардағы әлемдік дағдарыс еліміздегі зияткерлік миграцияға да әсер етпей қоймады. Яғни көшу үдерісі біршама тұрақтанды. 2017 жылы, яғни соңғы жылдары экономистердің шетелге ағыны басқа мамандарға қарағанда күшейді. Олар – 2805-ті құраса, педагогтар – 1633, техникалық мамандар – 5293, медицина – 578, сәулет саласы мамандары – 453. Байқап отырғанымыздай, экономика саласының мамандарына ыңғайлы жұмыс саласы кеңірек: сауда, қызмет көрсету, бизнес, т.б
Қазақстандағы зияткерлік көші-қон үдерісі қазіргі кезде әртүрлі факторлардың: әлеуметтік-экономикалық, саяси, этностық, экологиялық және басқа да әсерлерге қатысты орын алатыны белгілі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап көші-қон үдерісін реттеу қазіргі күнге дейін мемлекеттік саясаттың ең өзекті бағыттарының біріне жатқызылғанымен, әлі шешімін таба алмай келеді.
Техникалық сала мамандары арасынан 2000 жылы 13 998 адам кетсе, қазіргі таңда бұл саладан сыртқа кеткендер 5293 адамды құрап отыр. Демек әлі де зияткерлік миграция үдерісінде техника саласы мамандарының ағыны күшті.
Еліміздің болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей ықпал ететін – бүгінгі жастардың ақыл-ойы. Жалпы зияткер мамандарды жоғалту еліміз үшін үлкен шығын десек, елімізді нық ұстап тұратын жастарымыздың шетелге оқуға кетіп, қайта оралмау қауіпі де алаңдатпай қоймайды. (300 cөз)

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін ақпаратын ғаламдық мәселелермен байланыстыра өз ойыңызды айтыңыз. Мәтеннен фактілік ақпарат пен автор көзқарасы көрінетін тұстардан кем дегенде 1 мысалдан келтіріңіз және дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Жұбыңыздың жауабына келісу не келіспеу пікіріңізді бідіріп, диалогке қатысыңыз.
[10]

1- мәтін
Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар
Теріден жасалған құлаққап. 15 жастағы американдық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Өмірінің соңына дейін ол құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа заттарды шығарумен айналысты.
Мэн штатында 1977 жылдан бастап, өнертапқыштың құрметіне орай Честер Гринвуд (21 желтоқсан) күнін атап өтіп келеді.
Қалың қарда жүруге арналған көлік. Осындай көлікті ойлап табушы ретінде канадалық Жозеф-Арман Бомбардьеның аты аталады. Ол 15 жасында 1922 жылы ескі «Форданың» бөліктерімен бір аптаның ішінде қалың қарда жүруге арналған көлік жасап шығарды. Құрылғы шамамен бір мили жерді жүріп өткен. Арманның ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Арманның өзі қолдан отын салып отырды.

Кейін де өнертапқыш бірнеше техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлік «Ski-Doo» атын алып, бірнеше даналары шығарыла бастады. Қазір бұл көлік қарда жүретіндердің ішінде ең танымалы болып саналады.
Жемісті мұз. Таяқшадағы балмұздақ – жемісті мұзды ең алғаш 11 жасар американдық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Бір жылдан соң, ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі, жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде бұл балмұздақ басқа адаммен бөлісіп жеуге болатындай, екі таяқшамен шығарылды.
Брайль қаріпі. Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельфті- нүкте жазуын 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы жарыққа шықты. (270 сөз)

2- мәтін
XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ең әйгілі тұлғалардың бірі – Альберт Эйнштейн. Көзі тірісінде көптеген жетістіктерге жеткен ғалым Нобель сыйлығын алып қана қоймай, ғылымның ғалам жайлы түсінігін түбегейлі өзгертіп кетті. Оның 300-ге жуық ғылыми жұмысы мен 150-ге жуық кітабы, сан алуан мақалалары білімнің әр саласын қамтыған. 1879 жылы Германияда дүниеге келіп, 1955 жылы 76 жасында АҚШ-та қайтыс болған Альберт Эйнштейн туралы замандастары түрлі аңыз-әпсана қалдырған. Оның қайсысы рас, қайсысы өтірік екені де белгісіз.
Эйнштейннің ғылымға деген қызығушылығы 5 жасында туған. Бірде ол ауырып қалып, әкесі оны жұбату үшін қолына компас берген екен. Бала Альберт құралдың құрылымына қатты қызығып, содан бастап түрлі зерттеулерге ден қойған деседі.
Эйнштейннің музыкаға деген махаббаты ерекше болған. Ол бала кезінде скрипкада ойнауды үйреніп, өмір бойы сол аспапты өзімен алып жүрген.
XX ғасырдың ортасында Израиль мемлекеті құрылған шақта еврей ұлтынан шыққан Эйнтштейнге ел президенті болу туралы ұсыныс түскен. Тәжірибенің жоқтығы мен өзінің саясаткер емес, ғалым екенін айтқан ол бұл ұсыныстан бас тартқан.
Өзінің атағын пайдаланып, ғалым бір кездері әр қолтаңбасы үшін 1 доллар ақы алып отырған. Түскен қаржының бәрін ол қайырымдылыққа жұмсаған.
Альберт Эйнштейн бала кезінде математиканы нашар оқыған деген қате пікір бар. Шын мәнінде ол 15 жасының өзінде дифференциалды және интегралды есептеу жүйелерін жақсы меңгеріп үлгерген.
Бірде трамвайда отырып қатты ойланып кеткен ғалым жол ақысын дұрыс төлемеген екен. Кондуктор қыз ескерту жасағаннан кейін ғана Эйнштейн қатесін байқап, ақшаны толық беріпті. Оны танымаған қыз күлімдеген күйі: «Түк етпейді, ата. Тек математиканы үйреніп алсаңыз көмегі тиер еді» деген екен.
Физик ешқашан шұлық кимегені белгілі. Тіпті, үлкен шаралардың өзіне де ол шұлықсыз келетін. Бірақ ол өзінің бұл әрекетін ешқашан түсіндірген емес.
Ғалым өлер алдында неміс тілінде бірнеше сөз айтқан. Алайда оған қараушы медбике неміс тілін білмегендіктен, оның не айтқанын түсінбеген және есінде сақтай алмаған. (285 сөз)

Оқылым
Тапсырма
Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
[10]

А мәтіні
Элон Маск Марсты игеру үшін термоядролық қаруды пайдалануды ұсынды
Америкалық миллиардерді бізге «Темір адам» фильмінен белгілі Тони Старкқа теңейді. Элонның SpaceX компаниясы бір зымыранды бірнеше рет қолдануды ұсынса, Tesla концерні электромобиль құрылымын дамытуда еңбек етіп келеді. Ал SolarCity болашақта Жерді Күн энергиясымен қамтамасыз етпек.
Америкалық кәсіпкер өзінің кезекті сұхбатында Марсты игерудің екі түрлі жолы бар екенін мәлімдеді. Біріншісі көп жылдық еңбек пен қаржыны талап етсе, екіншісі отарлауды жылдам жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
«Біз Марсты Жердің аналогына айналдыра аламыз», - дейді Маск.
Марс ғаламшары Күннен Жерге қарағанда біршама алыста орналасқан. Сондықтан Марс бедерінің орташа температурасы –40°С болып, мұздықтармен қапталған. Оның айтуынша, Марстың қалыпты атмосферасын қайта қалпына келтіру үшін жаһандық жылыну үдерісін қолдан жасау керек, яғни мұз болып жатқан көмірқышқыл газын еріту қажет. Көмірқышқыл газы Марс атмосферасы қабатын қалыңдата түспек. Ол үшін адам баласы қызыл ғаламшарға жылытатын генераторларды орнатуға міндетті. Бұл – көп қаржыны талап ететін қажырлы еңбек.
Элон Маск бұл мәселенің оңай шешімі термоядролық бомба болатынын ашып айтты. Егер бүгінгі таңдағы аса қауіпті қару Марсқа тасталса, мұз кейпіндегі көмірқышқыл газы еріп, атмосфера құрылымы өзгереді.
Айта кетсек, Элон Маск осыған дейін де ғылыми негізі бар болжамдарды айтқан болатын.

Ә мәтіні
Электр тоғын әуеде ойнатқан ғалым
Никола Тесла – мың жылда бір өмірге келетін ғажайып таланттылардың бірі десек қателеспейміз.
1856 жылы Австрия империясына қарасты Смилян қаласында өмірге келген Никола Тесла бала кезінен-ақ ерекше қабілетке ие болатын. Мектепті бітіргеннен кейін әкесінің қарсылығына қарамай Австриядағы жоғары оқу орнына оқуға түседі. Студент кезінен-ақ түрлі өнертапқыштығымен жұрт назарына бірден ілігеді. 28 жасында-ақ түрлі марапаттарға ие болады. Өз армандарын орындау мақсатында 30-ға толмай жатып Нью-Йоркқа келеді. Бірақ көп өтпей бейтаныс қаладағы алаяқтарға алданып, бар жиған-тергенінен айрылып қалады. Дымсыз қалған Тесла көшеде бұзылып қалған электр техникаларын жөндеп ақша таба бастайды. Осылай күн көре жүріп ол ғылыми ізденістерін де тоқтатпайды. Кейін тәжрибелі маман ретінде «Вестингауз электрик» компаниясына жұмысқа кіреді.
1893 жылы Чикагода болған бүкіләлемдік көрмеде ерекше оқиға орын алады. Никола Тесла денесінен 2 миллион вольтты тоқты өткізіп, қолына электр шамдарын алып жағады. Мұның сырын сұраған адамдарға: «Әңгіме электр энергиясы қуатының қаншалығында емес, оған қалай жалғануда», – деуден арыға аспайды. Осы жылы толқынды радиоұзатқышты ойлап табады. Бұл дегеніміз жердің бір бұрышынан екінші бір бұрышына электрді сымсыз- ақ жеткізу еді.
Ол Колорада да талай тәжрибелер өткізді. Жасанды күн күркірі, найзағай шақыру жолдарын ойлап табады. Өзі құрдырған арнайы мұнарадан біршама қашықтықтықтағы 200- ге тарта электр лампасын сымсыз-ақ жағып жиналғандарды таң-тамашаға батырады. (190 сөз)

А мәтіні Ә мәтіні
Мәтіндердің стилі

Мәтіндердің тақырыбы

Автор көзқарасы

Мақсатты аудиториясы

Құрылымы

Тілдік ерекшеліктері


Жазылым
Берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмыстарын орындаңыз.
[10]

1) «Парасат» журналына «Қазақстанда көші-қон мәселесіне қатысты оралмандар мен келімсектер қандай қиындықтарға кездеседі?» деген тақырыпта 150-180 сөзден тұратын мақала жазыңыз.

2) Мектепте қалыптасқан игі дәстүр бойынша «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында
«Болашақ» бағдарламасының түлегімен мектеп оқушылары арасында кездесу болып өтті. Кездесуде сөз болған «болашақтықтардың» білім алуы, тыныс-тіршілігі туралы мектеп ғаламтор форумында жарық көретін сұхбат жазыңыз.

3) Мектеп газеті келесі айдың басылымын әлемді өзгерткен өнертабыстар тақырыбына арнайды. «Өнертабыс – өрлеу кепілі» деген тақырыпта жаңа технологиялардың қоғамға тигізетін әсері туралы ақпараттық мақала жазыңыз.

4) Сізге «Зерде» журналының тілшісі ретінде қазақстандық атақты өнертабыс иесінен сұхбат алу тапсырылды. Жанрлық ерекшелігін сақтап, сұхбат жазыңыз.

Бал қою кестесі

Тыңдалым және айтылым

Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда- санда мардымсыз қателерді
жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет
етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала
дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын
қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.

Оқылым
Балдар Сипаттамасы
9-10 Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын өте жақсы түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл
қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. Көркем тіл құралдарын орынды және сенімді қолданады.
7-8 Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл
айырмашылықтарын жақсы түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. Көркем тіл құралдарын орынды қолданады.
5-6 Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын жеткілікті түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. Көркем тіл құралдарын жеткілікті қолданады.
3-4 Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл
айырмашылықтарын орташа түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. Көркем тіл құралдарын жеткіліксіз және

орынсыз қолданады.
1-2 Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын аз түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою
кестесіндегідей етіп көрсетеді. Көркем тіл құралдары өте аз және орынсыз қолданады.
0 • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл
айырмашылықтарын мүлдем түсінбейтінін нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді
• Көркем тіл құралдарын жұтаң және орынсыз қолданады.

Жазылым
Балл Сипаттама
9-10 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
• Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
• Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.
• Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
• Құрылымы сәйкес және сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.
• Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
• Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
• Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
• Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
• Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
• Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
• Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
• Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
• Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
• Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
• Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)

мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
• Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы
әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.

3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-2 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым- қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау Ауызша толық жауапты
қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін). Оқушылар мәтінді тыңдап немесе оқып болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінде көтерілген мәселені, автор көзқарасын талдап және оған пікірін білдіреді (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1- оқушыға көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын қояды. Бағалауда коммуникативтік жағдаятқа сай сұрақ қоя білу, кері байланыс бере алу дағдысы ескеріледі. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста болуы
қажет. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша
уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі). 10
1-2 11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу
11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Қысқа және толық
жауапты
қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 300 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, тақырыбын анықтайды, негізгі идеясын табады, автор позициясын анықтап, оған мәтіннен дәлелдер келтіреді, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, мәтіннің түйінін жазады. Екінші тапсырмада мәтіннің иедялық ойын негізе ала отырып, қажетті ақпараттарды өңдеп, Жер-Ананың атынан монолог жазады. 15 10


1 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды Жазбаша Оқушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін 25 10
қолданып, көтерілген мәселе бойынша толық таңдап, жазба жұмысын орындайды.
өз ойын дәлелдеп эссе жазу жауапты Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды
(аргументативті эссе); қажет ететін орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша
11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу сұрақтар өз ойын дәлелдеп эссе жазады (аргументативті
(мәтін құрылымы, абзац, мәтін эссе). Оқушының жазылым барысында
бөліктері, тақырып) жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы,
тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген
жанрды талапқа сай жазуы, мәтін нормаларын
сақтап жазуы (мәтін құрылымы, абзац, мәтін
бөліктері, тақырып) бағаланады.
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

5. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика. Шешендік сөздер
6. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау. Шешендік сөздер
7. Табиғат және экология. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымы бірегей халықаралық ұйым болып табылады. Оның негізін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, елдер арасындағы достық қатынастарды дамыту мен әлеуметтік прогреске көмек көрсетуге, өмір сүру мен адам құқығы саласындағы істің жағдайын жақсартуға арналған бағытты жақтаушы болып табылатын 51 елдің өкілдері қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының күшіне енуінің бір жылдығы — 1945 жылғы 24 қазан күні аталып өтсе, 1948 жылдан бастап бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымы күні ретінде тойланады. Дәстүр бойынша ол әлемде Ұйымның жетістіктері мен мақсаттарына арналған мәжілістер, пікірталастар мен көрмелер ұйымдастырумен атап өтіледі.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Бірінші президент Н.Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос-Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып, дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді.
БҰҰ Елдік командасы Үкіметке, азаматтық қоғамға және жекеменшік секторға келесі мақстаттарға жетуге септігін тигізуде:
• экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдіру арқылы салауатты халқы бар, жасыл экономикасы, өркендеген бизнесі мен құқықтары баршаға кепілдік беретін болашақ елге жетуді;
• барлық азаматтардың, әсіресе, әлеуметтік әлсіз және қауіпті топтардың құқықтары саулығын қорғау және ілгерілету арқылы инклюзивті қоғамды құруда;
• баршаға тең құқықтарды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында барлық деңгейлерде мүдделі тараптардың әлеуетін дамытуда;
• көптарапты және өңірлік ынтымақтастықты, әсіресе, гуманитарлық көмек және даму мақсатындағы көмек көрсетуді дәріптеу.

2- мәтін

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардағы еліміздегі жағдайдың қандай болғаны белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін өз алдына түтін түтетіп, дербес шаңырақ құрған бұрынғы кеңестік республикалардың өз мәселелері өздеріне жеткілікті болды. Бұрынғы экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ тұсында шикізаттық база болып келген, индустриясы орталыққа бағынған Қазақстан бәрін де тың жерден қайтадан басынан бастауға тиіс болды. Кейбір сәуегейлер Қазақстанның өз алдына өмір сүруіне күмәнмен қарады. Осындай жағдайда Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында нарықтық экономиканың негіздері қаланып, «әуелі экономика, содан кейін саясат» ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының демократиялық векторы орнықты, БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста әртүрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас мемлекеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны баршамызға мәлім. Қазақстан сол кездің өзінде әлемдегі төртінші ядролық сынақтан бас тартып, Семейдегі ядролық сынақ аймағын жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып, өзінің бейбітшіл саясатымен, ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра білді.
ЕҚЫҰ-ға мүше болған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы осы құрылыммен оның барлық қызметінің саласы бойынша өзара қарым-қатынастарын жоғары деңгейге жеткізу бағытында жұмыс істеп келеді. БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тәрізді Ұйым институттарымен тығыз байланыста болып, нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.(246 сөз)

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Қазақ даласындағы әлемдік жауһар жәдігерлер: олардың келешегі қандай?
Ұшқан қыранның қанаты талатын, жортқан тұлпардың тұяғы тозатын қазақтың ұлан- ғайыр кең даласында ықылым замандардан бүгінге дейін жеткен көптеген тарихи һәм мәдени мұралар бар. Заманның желіне мүжіліп, адамның қолынан жапа шегіп жатқан бұл асыл құндылықтарды мемлекет қамқорлығына алып, күтіп-сақтамаса, жөндеп-жаңғыртпаса, тоз- тоз болып, тозып кетуі де мүмкін. Сондықтан бабадан қалған осынау жауһар жәдігерлерді ел билігі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне енгізуге мүдделі. Осы жолда қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер комитеті жан-жақты жауап берген болатын.
Комитеттің мәліметінше, ЮНЕСКО-ның бұл тізімінде Қазақстанның үш мұрасы ғана болған. Олар — Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Тамғалы» петроглифтері және Қазақстанның орталығындағы дала мен көлдер — Сарыарқаның табиғи ескерткіштері. Соңғысының құрамына Қорғалжын мен Наурызым қорықтары кіреді. Олардың жалпы ауданы 450 мың гектарды құрайды екен.
2007 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бірқатар мұраларды тізімге енгізуге шешім қабылдаған болатын. Ол тізімге Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің әрқайсысы өз территориясында орналасқан,

ежелгі сауда жолының дамуына өзіндік үлесін қосқан тарихи ескерткіштерді ұсынулары тиіс болды. Осылайша Қазақстан Қытаймен және Қырғызстанмен бірлесе отырып (кейіннен Өзбекстан да қосылды), тарихи-мәдени нысандарды іріктеуге кірісті. Терең зерттеулер мен зерделеулерден кейін Қазақстандық тарап аталған тізімге 31 тарихи һәм мәдени мұраны ұсынған болатын. Биыл ЮНЕСКО сол ұсынылған нысандардың сегізін Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізді. Олардың қатарында Алматы облысындағы Қойлық, Қарамерген, Талғар; Жамбыл облысындағы Ақтөбе, Құлан, Қостөбе, Өрнек, Ақыртас қалашықтары бар. Сонымен қатар, Қатонқарағай ұлттық табиғи қорығы мен «Ақжайық» биосфералық аймағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттары жүйесіне енгізілді. (250 сөз)

2- мәтін
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылды.
Қорық-мұражай өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты — Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Яғни қорық ретінде қызметін жүзеге асырады: мемлекеттік акт алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі 557,1935 га. Құрамында 207 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішінде 1-уі халықаралық, 16-сы республикалық, 14-і жергілікті маңызға ие. Қалған ескерткіштердің статусын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды. Әлемдік маңызға ие болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай мамандарының зерттеулері нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңда 184-і анықталды.
Қорық-мұражайының қорында 25000 дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған. Олардың арасындағы жазба, археологиялық этнография және нумизматикалық топтарға жататын жәдігерлердің талапқа сай сақталуы үшін соңғы үлгідегі арнайы құрылғылар сатып алынды. Қор бөліміндегі еңбек ететін реставраторлар – Ресейден арнайы біліктілікті арттыру курстарын оқып келген мамандар.
Екінші бағыты – қорық-мұражай ретінде, ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру және оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Қорық-мұражай аумағындағы жұмыс істейтін «Түркістан тарихы», «Қылует» жер асты музейі, «Жұма мешіті» және Яссауи кесенесі музейлерінің экспозиция алаңдарында жылына түрлі тақырыптағы 50-ге жуық көрме ұйымдастырады. Республика бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастырылып, еліміздің барлық облыстары және Оңтүстік өнірінің аудандары түгел қамтылып келеді. Қала мектептерімен де тығыз қарым- қатынастар орнатылып, тақырыптық дәрістер жүргізу мен мектептерде көрме ұйымдастыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі барлық республикалық, облыстық мұражайлармен әріптестік орнатқан және солардың арасында келушілері ең көп мұражай болып табылады. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері де талапқа сай жүйелі жолға қойылған. Осындай атқарылған іс-шаралар нәтижесінде қорық- мұражай ағымдағы жылда халықаралық ICOM одағының «Жыл мұражайы» дипломына ие болды. (292 сөз)

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Әрбір мемлекет пайда болғалы бері мынадай 3 факторға баса назар аударып келеді. Олар: мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір- бірімен тығыз байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы – заңды құбылыс, ал экологиялық апатты тоқтату немесе бағытын өзгерту – өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам ағзасы үйренгелі бері бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар ағзаға кері әсерін тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзаның күрделі патологиялық өзгерістеріне алып келеді. Осындай жағдайлар пайда болғалы бері ғалымдар көптеген тәжірибелер жасаған. Мысалы, екі бақаны алып, бірінші бақаны ыстық су құйылған стаканға салады. Сонда әлгі ыстық суға салынған бақа бар пәрменімен стаканнан секіріп шығып, аман қалады. Ал екінші бақаны суық су құйылған стаканға салып, стаканды біртіндеп қыздырады. Температураның біртіндеп көтерілуіне бойы үйренген бақа, ең соңында ыстық суға пісіп өледі. Осы тәжірибеден нені аңғаруға болады? Қазіргі кезде адамзаттың тағдыры екінші бақаның тағдырына ұқсап келеді. Қоршаған орта, айналамыз біртіндеп ластанғалы бері оған бойымыз үйреніп, қоршаған ортадағы қатты қалдықтарға, ластанған суларға, ауаға мән бермейміз. Ал осы ластанулар біздің өмірімізге қаншалық қауіп әкелетіні айтпаса да түсінікті.
Ауа зат алмасуды арттырады, қан айналымын жақсартады, ағзаның қорғаныс күшін нығайтады, ауруларға қарсылықты күшейтеді. Алайда техника қарыштап дамығалы бері таза ауаға қауіп төніп тұр. Тек адам денсаулығына емес, барлық тіршілікке қауіпті. Қоршаған орта улы қалдықпен, химиялық заттармен ластанғалы бері көптеген ауруларды туғызып, адам өлімін көбейтіп, тіпті климат өзгеріп ауа райына да тікелей әсер етуде. Түрлі шаң, тозаң ауаға көтеріліп, біз дем алатын ауаны ластайды. Әсіресе, зауыт, фабрикалары бар қалалардағы ауада зиянды заттар көп болатыны мәлім. Түрлі көліктерден бөлініп шығатын шаң, тозаңдар, қоқыстар да ауаға тарайды. Адамдар да ойсыздықтың салдарынан ауаға зиян келтіріп отыр. Деректерге сүйенсек, елімізде 3,5 миллион тонна ауаны ластайтын қалдық бөлінеді екен. Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Сырттан қарағанда олардың үстін түтінді тұман басып жатқанын көреміз. (288 сөз)

2- мәтін
Қай қаланың шынайы келбетін көргіңіз келсе, ең бірінші, қала маңындағы күл-қоқысқа мән бергеніңіз жөн. Бүгінгі басты қатер – жаһандық мәселенің біріне айналған күл-қоқыс машақаты. Өнеркәсіп дамыған әр кезеңде әрі адамзат кемел өмірге талпынған сайын экологиялық ахуал төмендей бермек. Әлемдік статистикаға сүйенсек, зауыт қалдықтарымен бүлінген, қоқыс қалдықтарына толған әлемдегі ең лас өзеннің бірі – Цитарум. Индонезияның Джакарта қаласында орналасқан бұл өзенге 9 миллион тұрғынның қоқысы тасталады. Экологиялық ахуалы төмен бұл өзенді халық ауызсу орнына пайдалануға мәжбүр екен. Өз дертіне, табиғат дертіне жол беріп отырған адамдардың әрекетіне не дерсің? Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланса, Сингапур оның тоқсан пайызын өндіреді, Германия, Жапония, АҚШ сынды алып мемлекеттер миллиондаған пайда табуда. Ал біздегі жағдай қалай?
Алысқа бармай-ақ қаладағы жағдайдың қазіргі мүшкілі адам көргісіз. Әр жерде жатқан полиэтиленді пакеттер, қалбырлар мен бөтелке шөлмектері, атап айтқанда тұрмыстық

заттардың түр-түрін кездестіре аласыз. Қала тұрғындарының ұқыпсыздығы мен немқұрайлығы қаланың ластануына зиянын тигізіп жатыр. Біреулер көшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшікке жетер-жетпестен қолындағысын лақтырып кетеді. Адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті жайттарды біле тұра білместік таныту – түбі жақсылыққа әкелмесі анық. Жоқтан бар жасауға әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. Еліміздің әр өңірінде бір-бір қоқыс өндіретін зауыт салынса, табиғаттың тынысы ашылып қана қоймай, жұмыссыз жүрген адамдардың екі қолына бір күрек табылар еді.
Тазалығы табалдырығынан басталған қаланың көрікті келбеті халықтың мәдениетімен тығыз байланысты. Ал мәдениет бар жерде қалаға деген жаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. Адамдар тазалыққа ортақ жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді! Қай уақытта да ғұмыр кешіп жүрген ортамызды таза ұстау, Жер-Анаға қиянат жасамау адамзаттың қолында. Ендеше, қаламызды күл-қоқыстан таза ұстайық, ағайын! (254 сөз)

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]

Жыл сайын әлемдегі әрбір қала тұрғыны 250-300 келі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) «өндіреді» екен. Жаһандану үрдісі белең алғалы бері бүгінгі шақта одан ауыл тұрғындары да кенде қалып жатқан жоқ. Енді осы цифрды жұмыр жерді мекендейтін 7 миллиард адамға көбейтіп көріңіз. Оған өндірістік, техногендік қоқысты қосып байқаңызшы. Жер бетінде жиналған ҚТҚ мен қоқыс көлемін ойлаудың өзі қорқынышты. Қайран жер қалай шыдас беріп тұр десеңізші!
Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығару бойынша өңірлерге орын беретін болсақ:
Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды иеленгелі тұр, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліскелі тұр.
ҚТҚ мен қоқыс «өндіруден» Қазақстан дүние жүзіндегі ең дамыған елдерден қалыс қалып тұрған жоқ. Қазір қазақ даласында 22 миллиард тонна қалдықтар мен қоқыс жиналыпты. Оның 16 миллиард тоннасы техногендік-минералдық қалдықтар болса, 6 миллиард тоннасы адам ағзасына аса қауіпті химиялық қалдықтар екен.
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Қазақстандағы ҚТҚ мен күл- қоқыстың 97 пайызы далаға төгіледі. Тек 3 пайызы ғана өртеледі. Ал Германияда ҚТҚ мен күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделеді. (247 сөз)

1. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.
Мәтіннің негізгі идеясы
Автор позициясы
Мәтіндегі автор позициясын дәлелдеу
мақсатында қолданылған негізгі және детальді ақпараттар
Мәселеге менің көзқарасым
Түйінді ой

2. Жергілікті газетке мәтіндегі мәліметтерді өңдеп, өз пікіріңізбен толықтырып, Жер-Ананың атынан монолог жазыңыз (9-12 сөйлем).



Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген 3 тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз.
[10]

1) Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады?

2) Келер ұрпаққа ұлттық тарихи жәдігерлерімізді қалай насихаттаймыз?

3) Адамдар қоршаған ортаның ластануын, оның адам денсаулығына тиізетін әсерін әлі толық сезінбей жүр. Осы пікір туралы ойыңыз қандай?

Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым
Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда- санда мардымсыз қателерді
жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет
етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала
дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта
алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі
кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.

Оқылым
№ Дескриптор Балл
1 мәтіннің идеясын көрсетеді; 1
автор позияциясын анықтайды; 1
автор позициясын дәлелдейтін негізгі және детальді ақпараттарды
іріктейді; 2
мәселеге өз көзқарасын білдіреді; 1
қорытынды ойын жазады; 1
2 рөлге сай жазады; 1
мәтіндегі мәліметтер мен пікірлерді өңдейді; 1
өз көзқарасын білдіреді; 1
монолог талаптарына сай жазады. 1
Барлығы 10

Жазылым

Балл Сипаттама
9-10 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
• Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
• Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.
• Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
• Құрылымы сәйкес және сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.
• Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
• Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
• Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
• Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
• Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
• Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
• Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
• Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
• Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
• Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
• Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,
пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
• Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (4-тоқсан)

*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-2 11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

11.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 250-300 сөзден аспайтын бір тақырыпқа жазылған мәтіндер беріледі (Тоқсанда өткен әр тақырып бойынша екі мәтін ұсынылу керек (барлығы – 4 мәтін).
Оқушылар мәтінді тыңдап немесе оқып болғаннан соң, бірі екінші оқушыға өз мәтінінің тақырыбын, идеясын, онда көтерілген мәселені, астарлы ойды баяндайды және мәтіндегі тілдік оралымдар арқылы оқырманға ықпалын талдайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта 2-оқушы тыңдайды. 2-оқушы 1- оқушыға мәтінінің тақырыбына, идеясына, онда көтерілген мәселеге, астарлы ойға, мәтіннің оқырманға ықпалына қатысты бір сұрақ қояды. Бағалауда оқушылардың коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеуі ескеріледі. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге мұғаліммен де бірге байланыста болуы қажет.
Оқушыларға ұсынылған мәтіндер дәріс, интервью, пікірталас, эпикалық,
лирикалық, драмалық шығармалардың бірі болғаны абзал. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша
уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі). 10
1-3 11.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін
оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі Қысқа және
толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа
қатысты әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі үрдістерді анықтайды.
Бірінші тапсырмада оқушылар екі мәтіндегі мәліметтерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады.
Екінші тапсырма бойынша мәтіндегі негізгі үрдістерді анықтап, талдау жасайды. 15 10


үрдістерді анықтау Үшінші тапсырмада жоғары оқу орнын бітіріп жатқан жастарды «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен таныстырады. Мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, сөйлейтін сөзінің мәтінін
жазады
1 11.3.4.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу
(дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (аргументативті эссе).
Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы, абзац пен бөліктерге бөлуі, мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білуі бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

8. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер
9. Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор көзқарасын талдаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Соңғы уақыттарда ғаламтор мүмкіндігінің көптігіне қарамастан, жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі, әлі де болса, сиқырлы қобдишадағы кинолардан бас тарта алар емес. Оған дәлел мемлекетімізде жыл санап кинотеатрлар санының артуы. Әлемде Халықаралық кино күнін 28 желтоқсанда атап өтеді, себебі дәл осы күні, 1895 жылы ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер киноны ойлап тапқан. Жалпы «кино» сөзі гректің kіneo – «жылжытамын»,
«жылжимын» деген сөзінен шыққан. Кино – өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі.
Әлемдік киноның даму жолын үлкен 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезеңі – тұңғыш киноның шыққан жылы. Әрине, кино пайда болысымен түрлі түсті, дыбысты болып шыққан жоқ. Ол көптеген асулардан өтіп, дәл қазіргі қалпына келді. Оның дүниеге келуімен,
«театрлар жабылады» дегендер де болды. Алғаш кино «жанды фотография» түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынмен, бейнелі ыммен толықтырды.
Кино өнері дамуының екінші кезеңі ХХ ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз, яғни «мылқау» киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің «Потемкин» бронды кемесі», «Қазан», В.И. Пудовкиннің «Ана», «Санкт- Петербургтің ақыры», А.П. Довженконың «Арсенал», т.б. фильмдері дүниежүзілік кино өнерінің дамуына ықпал етті
Кино өнері дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 30-40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды (төртінші кезең). Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге кино өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ- та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу сапасы артып, кең экранды фильмдерде стереодыбыс қолданылды. Балаларға арналған мультипликациялық фильмдер шығарыла бастады. (282 сөз)

2- мәтін
100 жылдық тарихы бар кино Қазақстанға кешігіп келді. Қазан төңкерісінен кейін пайда болған қазақ киносының алғашқы туындысы «Амангелді» деп аталды. «Ленфильм» студиясында түсірілген көркем фильм ұлт батыры Амангелді Иманов туралы болатын. Оның режиссері Марк Левин болса, Амангелдіні сомдаған әртіс Елубай Өмірзақов еді. Міне, осылай алғаш қазақ киносы өмірге келді.
Алайда Тәуелсіздік алғаннан кейін киноның жағдайы мүлде өзгерді. Бұрын идеология құралы саналатын өнер түрінің Қазақстанда дамуы баяулап, сапасы да төмендеді. Тек соңғы жылдарда ғана бұл салаға қайта көңіл бөліне бастады. Өмірге көптеген жаңа туындылар келді. Мәселен, ондай ерекше киноға Сергей Дворцовтың «Қызғалдағы» (Тюльпан) жатады. Бұл фильм Канны қаласында (Франция) өткен Халықаралық кинофестивальде «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын. «Қызғалдақ» фильмі Қазақстанның ауылдары мен шалғайдағы аймақтарында тұратын шопандардың тауқыметті өмірі жайлы сыр шертеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы тағы бір жаңалық – әуесқой режиссерлердің пайда болуы. 2008 жылы қазақ киносына мүлдем қатысы жоқ, беймәлім режиссер Еркін Рақышевтың «Жаралы сезім» туындысы көрерменге жол тартты. Алғаш экранға шығысымен үлкен сынға іліккен туынды қарапайым халық арасында жақсы бағаланды. Алайда мамандар бұл фильмді режиссердің атына кір келтіру деп те санады. Бірақ қаншама сынға, теріс пікірге ілінген туынды қазақ киносына жаңа леп алып келді.
Қазақ киносы дегенде алдымен «Қыз Жібек» пен «Біздің сүйікті дәрігер» сынды классикалық дүниелер елестейтіні сөзсіз. Алайда қазіргі уақытта отандастарымыз соңғы шыққан туындыларға да жоғары баға беруде. «Қызыл қоян жайлы әңгіме», «Жоюшы»,
«Менің балалық шағымның аспаны», «Ғашық жүрек» сынды фильмдер шетелдік картиналарға қарағанда халыққа кеңінен танылды. Көпшілік бұл фильмдерді жылы қабылдады.
Бүгінгі таңда көптеген көрермен «қазақ киносы нашар, түсірілуі де шетелдік туындылармен салыстыруға келмейді» деп ренжиді. Әрине, бұл орынды болар. Алайда «көш жүре түзеледі» деген халық емеспіз бе? Уақыт өте біз де «Голливуд» түсірген киноны түсірерміз. Ал әзірге осыған да шүкір. Қазақ киносы – қазақ тарихы, өшпес із қалдырар мәдени мұра, ертеңгі күнге бүгіннен естелік. (290 сөз)

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені, қоғамдық-саяси, ғылыми тұрғыдан автор көзқарасын талдаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Әлемде 75 млн. жас жұмыссыз жүр. Ал олар қандай жолды таңдайды? Елімізде жұмыссыздықпен күрес қызу жүргізілгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Қазіргі уақытта жұмыссыздық дерті тек қазақ қоғамын ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отыр.
Ресми деректер бойынша еліміздегі жұмыссыз жастардың деңгейі 5,6 пайызды көрсетіп отыр. Бұл мәселе әлемнің көптеген елдерін мазалап отырғаны да шындық. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазір дүниежүзінде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы, яғни 75 млн. жас – жұмыссыз. Олардың 6 млн-ы жұмыс табудан біржолата күдер үзген. Халықаралық еңбек ұйымы солай дейді. «Араб көктемінің»

аласапыранынан кейін Солтүстік Африкадағы жастардың 27,9 пайызы жұмыссыз қалған. Ұйымның дерегі бойынша, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Шығыс Азияда да жастар арасындағы жұмыссыздық ересек адамдармен салыстырғанда 2,8 есеге жоғары.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарында ең әуелі жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы аталатыны анық. Бұл бүгінгі қоғамда айқын көрініс тауып отыр. Оны ешкім жасыра алмайды. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастардан тек осындай жауап алуға болады. Жоғары оқу орнын аяқтап, қолына дипломын алған көптеген жас маманның жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерді ешқандай жұмыс беруші құшақ жая қарсы алмайтындығы да ақиқат. Ал кейбір мамандар жоғары білімді жастардың жұмыссыздығын олардың мамандықты дұрыс таңдамауымен байланыстырады. Яғни сұранысқа ие мамандықтардан гөрі бүгінгі күннің «сәнге айналған» мамандықтарын таңдауға тырысады. Бұл бүгінгі жастар арасындағы жұмыссыздыққа кері ықпалын тигізетін бірден-бір себеп. Ауыл шаруашылығы, техникалық салаларда, медицинада мамандар тапшылығының сезіліп жүргеніне біраз уақыт болған. Алайда бұл олқылықтың орнын толтыратын жас мамандар әлі күнге дейін табылмай тұр. Түлектердің басым бөлігі мұндай салаларды таңдаудан бас тартып жүргенін өкінішпен айтуға тиіспіз. (282 сөз)

2- мәтін
Мемлекет жастарды жұмыспен қамтып, қоғамды мазалаған мәселенің шешімін табудың оңтайлы жолын сан мәрте қарастырып көрді. Бірақ оның нәтижесі көңіл қуантпай тұр. Жастарды жұмыспен қамтудың бір жолы – «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы. Жасыратыны жоқ, мемлекет іске қосқан мемлекеттік бағдарламаның аясында еліміздің барлық облыстары мен аудан орталықтарында жұмыспен қамту орталықтары ашылып, жастарға бос жұмыс орындарын ұсына бастады. Алайда аталмыш бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқан жас мамандардың жалақысы – 30-40 мың теңгенің көлемінде бекітілген. Осындай жалақыға жұмыс істеуге құлықты жастар табыла қояр ма екен?
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ұсынған қызметтен бас тартқан жас маманды да кінәлай алмайсыз. Бүгінгі нарық заманында мұндай мөлшердегі жалақының ешнәрсеге жетпейтіні анық. «Жастар тәжірибесіне» қатысатын жас мамандардың еңбекақысы республикалық бюджеттен төленеді. Аталмыш бағдарлама бойынша 6 ай қызмет ететін жас мамандарға ай сайын 40 мың теңге көлемінде жалақы беріледі. Бұл бағдарлама жас мамандардың жұмыс тәжірибесіне қатысты мәселесін шешуге үлкен көмегін тигізетіні анық.
Жас мамандарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін бағдарламаның бірі – «Серпін – 2050». Аталмыш бағдарлама бойынша Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс және Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарына оқуға түсті. Қазір олар өздерінің мамандықтары бойынша жоғары білім алуда. Бағдарламаның мақсаты – бітірген түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.
«Дипломмен – ауылға». Бұл – жастарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді деп күткен үмітті бағдарламаның бірі. Үкімет 2009 жылы дәл осы бағдарламаны ұсынғанда, жастардың барлығы ауылға аттанып бара жатқандай көрінген. Алайда қалаға дипломсыз ағылған жастардың саны едәуір басым. Олардың қалаға үдере бас қоюына бір ғана себеп бар. Ол – жұмыссыздық. Бүгінгі таңда еліміздегі жұмыссыздардың 71 пайызын ауыл жастары құраса, сол жастардың 76 пайызында жоғары білім жоқ. Ал оларды жұмысқа орналастыру үшін әуелі белгілі бір мамандық бойынша оқыту керек. (265 cөз)

Оқылым
Тапсырма
Берілген диаграммалардағы ақпараттарды түсініп оқыңыз А-мәтіні














Ә мәтіні


1. Венн диаграммасы. Мәтіндердегі деректерді салыстырыңыз.Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
[2]



2. Мәтіндегі маңызды мәліметтер мен үрдістерді анықтап, мәселені шешу жолдарын ұсыныңыз

Ғ (факт/дерек) I (идея, негізгі ой) L (логикалық
сұрақтар) А (Жоспарлы іс-
әрекет)

[4]

3. Сіз халықты жұмыспен қамту жөніндегі қызметкерсіз. Сізге басшыңыз жоғары оқу орнын бітіріп жатқан жастарды «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен таныстыруды сұрады. Мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдай отырып, сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз
[4]



Жазылым
Берілген 2 тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз. Тыныс белгілердің дұрыс қойылыуына назар аударыңыз.
[10]

1) Бүгінгі таңда кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдер жоқтың қасы. Бұл көрерменнің талабынан туындап отыр ма әлде қазақ тіліндегі кинолардың түсірілім сапасының төмендігінен бе?

2) Қазіргі еңбек нарығында жастардың қызығушылығы кеңседе отыратын қызметтен гөрі халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына қарай артуда. Жастардың бұл таңдауына өз пікіріңізді білдіріңіз.




Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым
Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда- санда мардымсыз қателерді
жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет
етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала
дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз
саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта
алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі
кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.

Оқылым
№ Дескриптор Балл
1 мәтіндердегі деректерді салыстырады; 1
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; 1
2 мәтіннен нақты фактілерді іріктейді; 1
фактілердің негізінде мәтіннің идеясын көрсетеді; 1
туындаған сұрақтарды жазады; 1
мәселені шешу жолдарына жоспар құрады; 1
3 аудиторияны ескереді; 1
бағдарлама мазмұнымен таныстырады; 1
графиктік мәтіндердегі мәліметтерді қолданады; 1
ақпараттарға талдау жасайды. 1
Барлығы 10

Жазылым

Балл Сипаттама
9-10 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
• Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
• Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді.
• Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
• Құрылымы сәйкес және сақталған.
• Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық.
• Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
• Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 • Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
• Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
• Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
• Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 • Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
• Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
• Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
• Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
• Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
• Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
• Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
• Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның
жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
• Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.
 
Верх