«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ тілі» пәнінен
(оқыту қазақ тілінде)
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)


















Нұр-Сұлтан қ., 2019

Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
6. Модерация және балл қою 5
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 30



































2

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып, шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды.











3

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларының деңгейі
Сипаттама Сұрақтар түрі
Тыңдалым мен айтылым Білу және түсіну


Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары - тақырыптық мәтіндерді түсінеді;
- сөйлесу ерекшеліктерін таниды;
- ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады;
- тілдік құралдарды пайдаланады;
- әңгімеге, диалогке қатысады;
- ақпаратты жинақтайды;
- монолог құрастырады, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді;
- сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;
- мәтін мазмұнына болжау жасайды;
- грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну




Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары - мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді;
- мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) анықтайды;
- мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді;
- зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі;
- оқу стратегияларын пайдаланады;
- әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды;
- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады;
- дәлелдер мен фактілерді ажыратады;
- ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары - ақпараттарды жинақтайды;
- әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады;
- ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады;
- ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді;
- проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады;
- әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;
- анықтамалық материалды пайдаланады;
- мәтіндерді түзетеді және редакциялайды;
- белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды;
- орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-2 11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына сүйеніп, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды тауып, ғаламдық мәселелермен салыстырып айтады. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-
жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі) 10
1-5 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады.
Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды, тілдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Мәтіннен терминдерді, тілдік оралымдарды, өзге стиль элементтерін
анықтайды. 15 10
1 11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына
білу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме не естелік жазады.
Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды 25 10



11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу ұтымды қолданып, ойын дұрыс жүйелеп жеткізуді ескереді, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады.
Барлығы 40 минут 30
































8

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін

Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Қазақстан – ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы. Елімізде сан түрлі ұлттардан құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп тұрып жатыр, яғни біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.
Біз бүгінде бүкіл әлем қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа Қазақ даласы арқылы, Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, маңғолдар ағылды. Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.
Алайда тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930 жылдардан бастап, тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан зор зиянын тигізді. Одан кейін нәубет шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың есігін керіп тұрды.
Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» дейді. Тарихқа жүгінсек кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зар замандарда торда қамалған торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, бел шешіп күрескен.

2- мәтін
Бүгін, міне, еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне де біраз жылдың жүзі болыпты.
Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз. Осы жиырма бес жыл ішінде есімі тарихта алтын әріппен жазылатын Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында күрделі істер тындырылды.
Олардың ең көрнектісі – шекарамызды белгілеп, төрт құбыламызды тегістеп, әрі тұрақтандырып алуымыз және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, әр елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілеріміз, қайта оралған тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз.
Бұл Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты, шекарасы мен тілі , теңгесі мен діні, басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел деген сөз.
Санамалап айта берсек, бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң жолымен шешетін құқықтық, зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген жерге, баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып, білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік, бүкіл дүниежүзі қазақтарының құрылтайын жасап, күллі әлемге татулық пен бірлікті паш еттік. 2017 жылы әлем халқының назарын «ЭКСПО-2017 көрмесі» арқылы өзімізге аудардық.

Олимпиада чемпиондарын дайындап, дүниежүзіне Әнұранымызды тыңдатып, көк байрағымызды көкте шарықтаттық. Тәуелсіздікті тірек етіп, елдің тыныштығы мен ынтымақ- бірлігін сақтап, білім мен біліктілігімізді арттырып, рухани жаңару барысында еліміздің тәуелсіздігін мәңгіге сақтай білдік. Қарағайдың қырық бұтағы болса, соның біреуі ғана түзу бітеді екен. Бірақ біздің ұрпақтарымыздың барлығы теректей жайқалып, түзу бітуі шарт, өйткені азат елге қорған болатын – жастар.

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз

17 ғасырдың соңы, 18 ғасырдың басынан бастап Ресейдiң және Батыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң ғалымдары Қазақстан аумағы мен халқын, оның тарихын, мәдениетiн, тұрмысы мен салтын зерттей бастады. Осы өлкенi алғашқы зерттеушiлердiң бiрi орыс картографы С.У.Ремезов болды, ол «Сiбiр халықтары және олардың шекаралары туралы сипаттама» деген еңбек жазып қалдырды. 18 ғасырдың алғашқы ширегiнде Қазақстанда И.Д.Бухгольцтың, С.Лихаревтың, И.Унковскийдiң және басқа ғалымдардың экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Олар Ертiс өзенiнің алабын Зайсан көліне дейiн, Тарбағатай тауының және Жетiсу Алатауының сiлемдерiн зерттедi. А.Бекович-Черкасскийдiң ғылыми экспедициясы Арал теңізін және Каспий теңізінiң аумағын картаға түсiрдi, сондай-ақ, қазақ халқы туралы кейбiр этнограф мәлiметтер жинады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейiн (1731), оны ғылыми тұрғыда зерттеу iсi неғұрлым кең түрде және жедел қарқынмен қолға алынды. 1725 жылы құрылған Ресей ғылым академиясы Қазақстан өлкесiн географиялық, геологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеу үшiн 1733 жылдың өзiнде-ақ экспедиция ұйымдастырды. 1733 жылдан 1771 жылға дейiн Баты Қазақстанға академияның көптеген экспедициясы келiп қайтты, бұл экспедицияларды С.П. Крашенинников (1711-1755), И.Г.Гмелин (1709-1755), И.И.Лепехин, П.С.Паллас, И.П.Фальк, П.И.Рычковтар басқарды. Орынбор тұрақты экспедициясы құрылды, оған И.ККирилов, П.И. Рычков, В.Н.Татищев (1686-1750) сияқты белгiлi орыс ғалымдары жетекшiлiк жасады.

1. Мәтін қай стильде жазылған?
A. ауызекі сөйлеу стилінде
B. көркем әдебиет стилінде
C. ғылыми стильде
D. ресми іс қағаздар стилінде
[1]




















10

2. Мәтіннің стилін қандай тілдік ерекшеліктер арқылы дәлелдейсіз?


[2]
3. Мәтіннің құрылымы қандай? Талдап жазыңыз.


[2]

4. Мәтін қалай рәсімделген? Дәлелдеңіз.


[2]
5. Мәтіннің жанрын анықтаңыз және мәтіннен дәлел келтіре отырып, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.


[3]

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме не естелік жазыңыз. Жазылымыңызда көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданыңыз. Жазу барысында орфографиялық нормаға сай жазу мен тыныс белгілерін орынды қолдануды ескеріңіз.
[10]

1) Елімнің өткені ...
2) Бүгінгі жетістігім елім үшін

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

№ Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға өте аз қатысады.

Оқылым

№ Жауап Балл
1 С 1
2 Картограф, этнограф, сілем т.б. 2
3 Мәтін құрылымын көрсетеді; Бөлімдерге талдайды; 2
4 Мәтіннің рәсімделуін көрсетеді;
Дәлелдер келтіреді; 2
5 Мәтіннің жанрын анықтайды;
1-2 дәлел келтіреді. 3
Барлығы 10



12

Жазылым

№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған.
Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған.
Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.
Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, сюжетті жазу қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық
қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,
пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.










































14

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-2 11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым- қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатынасын анықтап, сұрақтар құрастырады, өз пікірімен баға береді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қатысын анықтауы, сұрақтар құрастыра алуы, өзіндік баға
беруі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі) 10
1-5 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды, жанрлық ерекшеліктерін, тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігіне салыстыра талдау жасайды. 15 10
1 11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп
жазудың (конспектілеудің) әртүрлі Жазбаша толық жауапты қажет
ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын
жазба жұмысын орындайды. 25 10


жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу Жазылым барысында тақырыпқа сай сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдануы, тақырыпты аша білуі бағаланады.
Барлығы 40 минут 30































16

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

2. Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге байланысты автордың негізгі ойын, мәтін арқылы оқырманға не айтқысы келгенін анықтап, сұрақтар құрастырыңыз, өз пікіріңізбен баға беріңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Heгe десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық білім қажет. Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда мынаны байқауға болады: Солтүстік Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. гектарға, ал жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.гектар жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. гектар жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасалды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп зардап шеккен жапондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. гектар жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсаздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде.

2- мәтін
Экологиялық факторлар
Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. гектар жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. гектар сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі суармалы жерлердің тозуына әкеп соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас

қаланың қатарына жатады. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. тонна қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған
2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды. Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ахуалды жақсартудың шараларын белгілеген аса маңызды кұжат. Бұл құжатты мемлекет деңгейінде, соның ішінде Білім және ғылым министрлігі іске асыруға міндетті. Бірақ әлі де сөзбұйдаға салып, қабылданған көп кұжаттың бірі ретінде қаралып келеді.
Табиғат – біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологиялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондықтан экологиялық күрес – өмір үшін күрестің негізі болып табылады.

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

А мәтіні
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі-түсті металлургия, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан, магний өндірісі, қара металлургия, сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық антропогендік өзгерістер бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде алдыңғылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі – өнеркәсіп орындары мен ведомставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастақтықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады. Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі – ғылыми техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшіру бағыты дұрыс деп есептеледі. Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның кестесі бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында тұр.

Ә мәтіні
Мұнай-газ өнеркәсібі және қоршаған орта
Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге кешіреді. Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын энергетикасы жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру

18

қажет. Фактілер Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында темір көп. Ал Ембі мұнайы керісінше жеңіл, майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш май ретінде қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының құрамында парафин көп. Ол бөлме температурасында қатады. Сондықтан оны тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр орнатылған. Оны күкірттісутектен және күкірттен айырады. Қарашығанақ пен Жаңажолдағы табиғи газдан күкіртті сутекті алғанда конденсаттан бағалы химиялық шикізат алынады.

1. Мәтіндердің тақырыптарын анықтаңыз.


[1]

2. Мәтіндерде авторлар қандай көзқарасты ұстанған?


[2]

3. Мәтіндердің мақсатты аудиторияларын табыңыз.


[2]

4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін анықтап, талдаңыз.


[2]

5. Мәтіндердің тілдік ерекшеліктеріне салыстыра талдау жасаңыз. Мәтіндегі рөлін анықтаңыз.


[3]

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын жазба жұмысын орындаңыз. Ол үшін оқылым мәтініндегі экологиялық мәселелерге қатысты ақпараттарды анықтап, астын сызыңыз және анықтаған ақпараттарды қолданыңыз.
[10]

1) «Мұнай өнімдерінің табиғатқа әсері» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
2) «Табиғат тазалығы – ұлт денсаулығының кепілі» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.













19

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ Балл Грамматика мен лексиканы
дұрыс қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап беру
қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз
қателерді жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы
қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін
қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.

Оқылым
№ Жауап Балл
1 экология 1
2 Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды, дәлелдейді; 2
3 Мәтіннің мақсатты аудиториясын көрсетеді, дәлелдейді; 2
4 /Мәтіндердің жанрлық ерекшелеліктерін көрсетеді, дәлелдейді; 2
5 Мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады; Мысал келтіреді;
Мәтіндегі қолданысан талдау жасайды. 3
Барлығы 10

Жазылым
№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары
орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
2 7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді
түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді


20

береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді
қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау
құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан
шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу
түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен
етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның
жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-
қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты
болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер
(сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,
шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы,
орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем
қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және
құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс
қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің
ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.







































21

3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.










































22

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-2 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау

11.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді тыңдайды. Оқушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды, көтерілген мәселеге сыни тұрғыдан баға береді. Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
Тыңдаушы жұбының мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу
әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі) 10
1-4 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау

11.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру Қысқа және толық
жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және Графиктік мәтіндердегі мәліметтер мен үдерістерді талдайды, мәліметтерді толықтырады. 15 10
1 11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз Жазбаша
толық Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың
бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын 25 10


ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

11.4.4.1 мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып) жауапты қажет ететін сұрақтар аргументативті эссе жұмысын орындайды.
Жазылым жұмысында абзац, мәтін бөліктерінің арасындағы логикалық байланыстарды ескеріп, жүйелі жазады.
Барлығы 40 минут 30


































24

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

3. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция. Шешендік сөздер
4. Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің көздеген мақсатты аудиториясы кімдер? Автор мақсатты аудитория үшін қандай терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, қолданады? Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріп, баға беріңіз және сөйлеудегі интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын
2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Біз қалай десек те, бүгінде дарындылар дамыған елдерде өз білімін жалғастыруды жөн көреді. Дегенмен олардың саны елде қалып, отандық жоғарғы оқу ордаларында білім алып жүрген студенттерден көп емес. Бірақ ақылдылар үшін ашық таластың қазір нағыз қызған шағы десек те болады. Тегін оқу, жақсы шәкіртақы беріп қызықтыра алатын Еуропа еліне аңсары ауатын жастардың елден кетуіне де осы білімдегі жағдайлар да себеп. Мәселен, бүгінде аспан асты еліне құжат тапсырып, тілдік білімін дәлелдеген қазақ жастарының қарасы қалың. Себептің тағы бірі – елде жастарға арналған шынайы бағдарламалардың жоқтығы. Бұл әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаевтың пікірі.
«Миграция Қазақстан экономикасына орасан зор кері әсерін тигізіп жатқанын айта кету керек. Көп жағдайда білікті мамандардың орны бос қалады. Сәйкесінше, адами капитал сапасы төмендеуде. Бұл – Қазақстан сияқты дамушы мемлекет үшін жағымсыз дүние. Осы факторлар білім сапасының төмендеуіне, әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау саласының төмендеуіне әкеледі. Миграция әсерінен Қазақстанның экономикалық зардаптары туралы зерттеулер өкінішке қарай жоқ. Сондықтан мемлекет талантты, білімді жастарды қолдауға мән беруі қажет. «Жас кадрлар сыртқа кетпеуі үшін мемлекет не істей алады?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Жас мамандарға бағытталған бағдарламалар, нақты іс-әрекеттер қажет-ақ».

2- мәтін
Сайып келгенде, сарапшылар мен жастардың көзқарасы бір арнаға тоғысып тұр. Жастарды мұнда ұстап тұрудың бірінші жолы – еңбекақы, жайлы жұмыс. Оған баспананың жоқтығын қосыңыз. Жемқорлық факторы да аяқтан тартады. Бұған елдегі білім жүйесінің сәт сайын реформалануы да жастарды қыр асыруға жол ашып жатыр. Мұхит асып, жыраққа кеткен қазақ жастарының елге оралу не оралмауын әрбір түлек өзі шешеді. Алайда ел ішінде білім алып, биікке көтерілген дарындылардың өзге елдің түтінін түзу етіп, жат жердің табысын еселеуі қазақ интелегенциясын алаңдатады. Жаһанның жуан елдеріндегі жағдайға еті үйреніп қалған жастардың ішінде де Отанына оралып, адал қызмет атқарып жүргендері қаншама. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің бірнеше жыл бұрын жүргізген статистикасына көз салсақ, жастардың 23,7 пайызы Ресейге немесе жақын шетелдерге, әсіресе ТМД елдеріне кетуге ұмтылады екен. Ал алыс шетелге шығып, сонда тұруға ықылас танытқандар қатары 13,8 пайызға жетіп жығылған.
Түйін. Жалақысы жоғары, мәртебесі биік маман иесі болуға әркімнің таласы бар. Шартараптың мойындалған білім жүйесіне мойынсұнатын қазақ жастарының білім жолында ізденіп жүргендері көңіл қуантады. Бірақ қазақ қоғамын алаңдататыны – қазақ жастарының шетелдің азаматтығын алып, сонда тұрақтап қалуы. Мықты мамандар өзімізге керек, ал

оларды ұстап тұрудың тетігін табу адами капитал сапасына мән беретін кезеңнің жеткендігін ұғындырып тұр.

3- мәтін
Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да солай өзгеріп тұрады. «Өнертабыс – қол жеткізбейтін және күрделі дүние» деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызықтырақ етеді; от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады.
Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Дизельдік қозғауышты неміс инженері Рудольф Дизель жасаған; пастеризациялау процесін француз химигі Луи Пастер; Фаренгейт шкаласын – Пруссия физигі Габриель Фаренгейт; қуаттың өлшем бірлігі вольтты – итальяндық өнертапқыш Алессандро Вольта; сэндвичтерді – Граф Сэндвич; джинсыны – Леви Штраус ойлап тапқан.
Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрынғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық.
Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына өздерінің үлестерін енгізуде.
Мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңыздылығы бар өнертабыстар да бар.

4- мәтін
Қазақстандық инновациялық литий-иондық күкірт аккумуляторларды әзірлеушілер экологиялық және ұзақ уақытқа жарамды батареяларды жасаған, олар сырттан әкелген баламаларға қарағанда неғұрлым арзан және жұмыста тұрақты.
Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз шығаруға дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрғақ бие сүтінен қымыз өндірудің бірнеше әдістері патенттелген.
Экспресс бесбармақты тез дайындалатын кеспеге бәсекелес ретінде Астана қаласының тұрғыны ойлап тапқан.
Таразда ғалымдар инновациялық конфеттерді ойлап шығарған, олар жай конфеттік массаға тарының талқанын қосуды ойлап тапқан. Қарағанды кондитер фабрикасы, тіпті, ұлттық дәмі бар конфеттің алғашқы партиясын дайындап оны «Таразские» деп атаған.
Жаңа өнертабыстардың жаңа шешім болуы міндетті емес. Кейбір кездерде құнды өнертабыстар бұрын жасалған өнертабыстардың жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Статистика бойынша барлық өнертабыстардың 95-98%-ы осылай жасалады. Тек 2-5%-ы
«алғашқы» деп аталатын өнертабыстар, яғни баламалары мен прототиптері жоқ өнертабыстар.
Деректерді сақтауға арналған сыртқы құрылғыларды жетілдіруді өнертабыстарды осындай жетілдірудің қазіргі заманғы мысалдары ретінде дискетаның компакт-дискіге (CD), одан соң флеш-картаға жетілдірілуін даму қадамдары ретінде айтуға болады.
Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар.


26

2015 жылғы Әлемдегі зияткерлік меншік жағдайы туралы ДЗМҰ баяндамасына сүйенсек, Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және Корея Республикасы сияқты дамыған елдердің үлесіне үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы барлық патенттік өтінімдердің төрттен үш немесе одан да көп бөлігі жатады. Аталған елдердің жоғары өнертапқыштық белсенділігі оларға жоғары технологиялар нарығында көшбасшылық орынды сақтап тұруға мүмкіндік береді.

Оқылым
Тапсырма

Мәтіндердегі ақпараттармен мұқият танысыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.





1. Графиктік мәтіндерде көтерілген негізгі ойды анықтаңыз.


[10]




[2]
2. Сызба арқылы берілген мәліметтердегі негізгі үрдістерді табыңыз.


[2]
3. Берілген мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып талдаңыз.


[4]
4. Мәтіндердегі ақпараттарды немен және қалай толықтырар едіңіз?


[2]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын эссе жұмысын орындаңыз. Эссе жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз және мәтін нормаларын сақтап жазуды ескеріңіз.
[10]

1) Зияткерлік миграция Қазақстан үшін пайдалы ма, әлде зиянды ма?
2) Өнертабыстар – қоғам дамуының кепілі.




27

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

№ Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді
жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті
жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет
етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете
алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін
қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз
қатысады.

Оқылым

№ Жауап Балл
1 Графиктік мәтіндердегі көтерілген негізгі ойды анықтайды,
дәлелдейді; 2
2 Сызба арқылы берілген мәліметтердегі негізгі 1-2 үрдістерді
табады; 2
3 Берілген мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып талдайды;
Ұқсатықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді; 4
4 Мәтіндердегі ақпараттарды толыққтырады;
Мәтін ақпаратын негізге алады. 2
Барлығы 10





28

Жазылым

№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі
әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер
түсінуді қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық
қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы)
мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік
оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау
11.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 180-220 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді тыңдайды.
Оқушылар айтылым барысында коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуді назарда ұстайды. Тыңдаушы жұбының мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік
алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады. Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі) 10
2-4 11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар 180-220 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады, мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық
ерекшеліктеріне талдау жасайды. 15 10
5 11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын эссе жазады.
Жазылым жұмысында тақырып бойынша өз ойын дәлелді жеткізіп, белгілі бір стильде жүйелі жаза алуы, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін орынды қолдана білуі
бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер

Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы кімдер? Автор олар үшін қандай тілдік құрылымдар мен терминдерді қолданады? Түртіп алып, талдау жасауда қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]

1- мәтін
Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себептен де туризмнің бір бағыты
– экотуризм деуге болады. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына қызыққан туристер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті мағлұматтарды ала алады. Ең маңызды көрікті, тарихи мекендердің бірі – Жамбыл облысында орналасқан Берқара мемлекеттік қорықшасынан орын тепкен Берқара тау шатқалы. Шатқалда 504 қорған бар, оның 4-еуі тарихшылардың айтуынша, сақ кезеңінен сақталып қалған. Осы Берқара жерінде Шыңғысхан тұрақтаған делінеді. Алматы облысының маңында Жамбыл Жабаевқа арналған мұражайлар бар. Ол жерде ақынның тұрған үйі, бақтар мен ұйымдастырушы бөлімшелері бар. Мұнда Ж.Жабаевтың мавзолейі де орналасқан. Мұражай қызметкерлерінің жанашырлықпен қызмет етуінің арқасында, үйді бәз баяғы қалпында сақтай алған, бұйымдардың көпшілігі ақынның өзіне тиесілі. Бұл мұражай Жамбылдың өмірін ғана бейнелеп қоймай, ақын өмір сүрген дәуірдің бет-пердесіндей. Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін тарихи ескерткіштерден өзге этнографиялық саябақтар жұмыс істейді. Солардың бірі – Астана қаласындағы «Қазақстан картасы – «Атамекен». «Атамекен» - ашық аспан астындағы ерекше мұражай. Картада 14 облыс және екі қала – Алматы мен Астана орналасқан. Туристердің назарына Қазақстанның табиғи-климаттық зоналары мен мемлекет ландшафттар, тарихи ескерткіштер мен қалалардың назар аударарлық орындарының макеттері қойылған. Этномемориалды комплекстің жалпы жер аумағы 1,7 гектар жерді алып жатыр.

2- мәтін
Туризм саласындағы бизнестің бұл түрі Қазақстанда қалай дамып жатқандығы жөнінде Орталық Азиядағы «Еуразия» қорының (ОАЕҚ) атқарушы директоры Ринат Темірбеков әңгімелейді.
- Қазақстанда туризмді, оның ішінде экотуризмді дамытудағы проблемалар қандай? Және бұл саланы көптеген шет елдерде сияқты мемлекеттің негізгі табыс көзіне айналатындай деңгейге көтеру мүмкін бе?
- Туризм, оның ішінде экотуризм – табысы бірқатар факторлардың жиынтығына тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Әдетте, кез-келген шетелдік сапар үшін туристік компаниядан сатып алынатын ең қарапайым туристік өнімнің ішіне визаны рәсімдеу және демалу орнына дейін жеткізіп салу қызметтері, қонақ үйде тұру, тамақтану, көңіл көтеру бағдарламалары мен түрлі қауіптерге қарсы сақтандырулар кіреді. Туристің алатын әсері сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қолжетімділікке, көрсетілетін әр қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты болады. Осы тұрғыдан біздің қазақстандық мүмкіндіктерге қарап көрейікші, онда тиісті талаптарға сай емес сапасыз жолдарды, интернеттің әлі де жоғары тарифтерін және көптеген осы сияқты кемшіліктерді көреміз. Сонымен қатар, қонақтарды күту үшін арнайы жабдықталған үйлердің қызметін құқықтық реттеу әлі де жолға қойылмаған. Оларға кейде ірі қонақ үйлерге арналған талаптар қойылып жатады. Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған

жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын түсінбей жатады. Бізге бір-бірімен әкімшілік тұрғыда байланысы жоқ салаларды жетілдіру қажет - визаны ресімдеуді жеңілдету және оның бағасы, темір және автокөлік жолдары, қонақ үй бизнесі (шетелдік әр туристің қалтасы көтере бермейтін «бес жұлдызды» қонақ үйлерді есепке алмағанда) және қызмет көрсетуші қызметшілерді сауатты дайындау.

Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Туризм кеш өркендеген сала болғанымен, оның қазіргі даму аяқ алысы өте тез. Өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм әлемдегі жаңадан гүлденген салаға айналды. 90 жылдарға жеткенде туризмнен кіретін кірістің халықаралық экспорт кірісіндегі үлесі 8 пайыздан асып, одан түскен табыс мұнай өнімдері мен автомобиль экспорты табысынан кейінгі маңызды кіріс қайнары болды.
Халықтың тұрмысы жақсарып, мәдениет өресі өскен сайын туризм де ішкі жақтан түрленіп, мазмұны жақтан байып барады. Атап айтқанда, бұрын сыртқы және ішкі туризм деп бөлінсе, қазір бұрынғыдай көркем жер, әдемі аумақтарды саяхаттаудай дәстүрлі туризм тәсілі таңсық болудан қалып, демалыс туризмі, ойын-сауық туризмі, жиналыс туризмі, жастар туризмі сияқты жиырмаға жуық түрлері пайда болды.
Сонымен қатар, туризмнің даму бағытында да мынадай тың беталыс байқалды. Біріншіден, экономиканың дамуына ілесе, адамдардың рухани мәдениетке деген қажеті артып, саяхаттау жұртшылықтың негізгі тұрмыс тәсіліне айналды. Екіншіден, жаңадан дамыған елдердің туристік орындары көбейіп, Азия елдеріне саяхаттап келетін туристер жыл сайын молайды. Үшіншіден, қатынас қолайлылығы артқан сайын сауда сипатындағы туризм жандана түсті.
Қазақстан 1993 жылы Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан салалы шаруашылықты шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып келеді.
Биылғы Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев жастар туризмін дамытуды айрықша ауызға алып, Қазақстанда туризмді дамытудың мәні мен маңызына тоқталды. Бірінші президенттің бұл сөзін отандастарымыз елімізде туризмді дамытудың жаңа беташары ретінде қабылдады десек артық емес.


1. Мәтіннің жанры қандай?
A. әңгіме
B. эссе
C. хат
D. баяндама тезисі






[1]



2. Мәтін неше бөліктен тұрады?
A. 1
B. 2
C. 3
D. 5






[1]


3. Мәтіннің құрылымына талдау жасаңыз (кіріспе, негізгі, қорытынды).


[3]

33

4. Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз, дәлелдеңіз.


[2]

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.


[3]

Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын келісу, келіспеу сінэссе жазыңыз. Жазылым жұмысында қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз .
[10]

1) Қазіргі уақытта еліміздің ішкі туризміне деген сұраныс артып келеді. Тіпті, кейбір демалыс аймақтарына ерекше қызығушылықпен қарайтындардың да саны өсуде, алайда өзіміздің керемет көрікті жерлеріміз бола тұра шет ел асатындары да қаншама. Ел ішінде «Қазақстанның демалыс орындарында қызметі (сервис) дамымаған» деген пікірлер де бар. Осыған байланысты өз көзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.
2) «Әркім өз елінде демалу керек» деген тақырыпта келісу, келіспеу көзқарасыңызды көрсетіп, эссе жазыңыз.


































34

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

№ Балл Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы Сұрақты түсіну мен толық жауап
беру қабілеті
1 9-10 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді
жібереді. Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
2 7-8 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті
жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
5-6 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет
етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
3-4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете
алмайды.
1-2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін
қателер жиі кездеседі. Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз
қатысады.

Оқылым
№ Жауап Балл
1 D 1
2 D 1
3 Мәтіннің құрылымына қатысты талдау жасайды; 3
4 Мәтіннің жанрын анықтайды; Ерекшелігін талдайды; 2
5 Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен жазады. 3
Барлығы 10





35

Жазылым

№ Балл Сипаттамасы
1 9-10 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі
әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді.
7-8 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді
қиындатпайды.
5-6 Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның
жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,
пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық
түсінуге қиындық келтіреді.
 
Верх