«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Физика» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)















Hұр-Сұлтан, 2020

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 4
7. Модерация және балл қою 5
1- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
3- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
4- ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

3. Күтілетін нәтижелер
Білім алушы:
 қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;
 табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;
 әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық-ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну Білу:
бастапқы физикалық ұғымдарды;
сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
физикалық құбылыстарды;
Түсіну:
шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;
физикалық құбылыстардың маңыздылығын. Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Қолдану Қолдану:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; Деңгейді тексеру үшін Қысқа
жауапты (ҚЖ)
қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады.

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) Талдау:
эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.
Жинақтау:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.
Бағалау:
жасалған эксперименттің нәтижелерін. Деңгейді тексеру үшін Қысқа
жауапты (ҚЖ)
қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ)
қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.


5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 25 % 38 % 37 %
II 40 % 30 % 30 %
III 80 % 20 % 0 %
IV 50 % 33 % 17 %
Барлығы 50 % 30 % 20 %

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25 балл

Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма* Тапсырма түрі* Орындау
уақыты, мин*
Балл* Бөлім
бойынша балл

Механикалық тербелістер 11.4.1.1 - экперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті
(х(t), v(t), a(t)) зерттеу
Жоғары деңгей дағдылары
1
6
ТЖ
6
3
3


Электромагниттік тербелістер 11.4.2.1 - еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттау Білу және түсіну

2
1
ҚЖ
1
2

5
11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді
сәйкестендіру
Қолдану
4
ҚЖ
6
3







Айнымалы ток 11.4.3.1 - генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу
принципін зерттеу
Жоғары деңгей дағдылары






5
7
ТЖ
8
4






17
11.4.3.2 - физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күші максималды
және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Қолдану

5

ҚЖ

6

3
11.4.3.3 - резонанс шартын
түсіндіру және оның қолданылуына мысал келтіру; Білу және түсіну
2
КТБ
3
3
11.4.3.4 - Резонанстық жиілікті
есептеу Қолдану 3 КТБ 2 3
11.4.3.6 - трансформатор орамасындағы орам санын
эксперимент арқылы анықтау Жоғары деңгей дағдылары
8
ТЖ
8
4
Барлығы: 8 40 25
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

7

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. а) Еріксіз электромагниттік тербеліс дегеніміз не?
[1]


ә) Тербелмелі контур … тұрады.
A. конденсатор мен резистордан
B. конденсатор мен шамнан
C. конденсатор мен индуктивті катушкадан
D. конденсатор мен вольтметрден






[1]



2. А. Тербелмелі контурда резонанс қандай жағдайда пайда болады?
A. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң жиiлiгi меншікті жиiлiкке тең болғанда
B. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң амплитудасы меншікті жиiлiкке тең болғанда
C. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудiң фазасы меншікті жиiлiкке тең болғанда
D. сыртқы мәжбiрлеушi кернеудің периоды меншікті жиілікке тең болғанда

В. Резонанс құбылысы радиобайланыста қолданылады. Осы процесті сипаттап беріңіз.

3. Катушканың индуктивтілігін 4 есе азайтса, жүйенің меншікті жиілігі қалай өзгереді?






[1]

[2]


[3]
4. Төмендегі кестеде тербелмелі контурдағы процесс кезеңдері және электромагниттік тербеліс пен механикалық тербеліс арасындағы ұқсастық көрсетілген. Әр кезеңдегі энергияны есептеу формуласын жазыңыз

[3]

5. Тербелмелі контурдағы ток күшінің уақытқа тәуелділік графигін пайдаланып, анықтаңыз:

A. Санақ басынан бастап 6 мкс уақыт өткенге дейін катушка энергиясы неше рет максималды мәнге ие болды?
B. Санақ басынан бастап 6 мкс уақыт өткенге дейін конденсатор энергиясы неше рет максималды мәнге ие болды?
C. Ток күшінің уақытқа тәуелділік теңдеуін жазыңыз.
[3]
6. P және Q тербелмелі жүйе тербелісінің x орын ауыстыруының t уақытқа тәуелділік графигі берілген. Екі тербелмелі жүйенің де массасы бірдей.

A. Екі тербелмелі жүйе тербелісінің арасындағы фазаларының айырымын анықтаңыз
фаза айырымы = рад [1]

B. Q тербелмелі жүйесінің максималды үдеуін табыңыз

максималды үдеу = м•с-2 [2]

7. Суретте айнымалы ток генераторы көрсетілген.


(а) генератордың атаулары жазылмаған бөліктерін анықтаңыз.

(b) генератордың жұмыс істеуі қандай құбылысқа негізделген? (с) генератордың жұмыс істеу принципін сипаттаңыз.
8. Трансформатордың орам санын анықтауға арналған экспериментті сипаттаңыз. (а) қажетті құрал-жабдықтарды атаңыз.


[1]

[1]

[2]


[1]



(b) жұмыстың орындау тәртібін жазыңыз.


[3]
Жалпы балл: 25

1- тоқсан бойынша балл қою кестесі

№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 a) Ерiксiз электромагниттiк тербелiстер деп сыртқы электр қозғаушы күшiнiң периодты өзгеруiнiң салдарынан болатын тiзбектегi ток күшi мен
кернеудiң периодты түрде өзгеруiн айтады 1
ә) С 1
2 a) А 1
ә) Сигналды қабылдағанда катушкада айнымалы ЭҚК пайда болады
Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор антенна арқылы қабылданған әртүрлі жиіліктегі тербелістер арасынан меншікті жиілікке тең тербелісті бөліп
алады 1

1
3

? = √ 1 формуласын қолданды
?? 1
? пен ? арасындағы тәуелділікті анықтады 1
?2 = 2?1 жауабын жазды 1
4 2 2
1-кезең: ? = ? және ? = ??
э 2? п 2 1
Әр кезеңде бір түрі жазылса да 1 балл қойылады
2 2
2-кезең: ? = ?? және ? = ??
м 2 к 2 1
2 2
3-кезең: ? = ? және ? = ??
э 2? п 2 1
5 а) 3 1
ә) 4 1
б) ? = 0.005 sin ? ?
2 1
6 а) ? (рад) немесе 600
3 1
ә) ?0 = −?2?0
0.82 (м•с-2) 1
1
7 1
Электромагниттік индукция 1
Магнит өрісінде айналып тұрған өткізгіштерден тұратын орам қарапайым генератор бола алады. Магнит өрісі статордағы тұрақты магниттер арасында орналастырылғаны орамдарға айнымалы ток беріледі. Орамды айнымалы ток беріп айналдырғанда тұрақты магнит өрісін кесіп өтеді. Оның салдарынан орамда ЭҚК индукцияланады. Орам ұштары онымен бірге айналатын сақиналармен қосылған. Егер сақиналарға қозғалмайтын щеткалар орнатып, оларды электр
қабылдағышымен қоссақ, онда орам, сақина, щетка, 1
1

энергия қабылдағышынан тұратын тұйықталған тізбектен ЭҚК әсерінен ток жүреді.
8 (a) орам сандары белгілі шарғы, өзекше, екі вольтметр, 1
өткізгіш сымдар ;
(b) орам сандары белгісіз трансформаторды орам саны белгілі шарғыға өткізгіш сымдар арқылы қосамыз, орам сандары белгісіз трансформаторға бір вольтметрді жалғаймыз, ал екінші вольтметр орам
саны белгілі шарғыға қосылады, ?1 = ?1 теңдеуі
?2 ?2
арқылы белгісіз орам санын анықтаймыз 1
1
1
Жалпы балл: 25

2 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25 балл

Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл
Электромагнит тік толқындар 11.5.1.1 - электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіру және олардың қасиеттерін сипаттау
Білу және түсіну



4 1 КТЖ 1
2



11
2 КТЖ 1
11.5.1.3-радиоқабылдағыштың
жұмыс істеу принципін түсіндіру
Білу және түсіну
4
ҚЖ
5
3
11.5.1.5 - байланыс құралдарын жүйелеу және оларды
жетілдірудің жолдарын ұсыну Жоғары деңгей дағдылары
8
ТЖ
8
6
Толқындық оптика 11.6.1.1 – жарық толқындарының интерференциясы және дифракциясы пайда болуын
шарттарын сипаттау

Қолдану


3 3 КТЖ 1

3


6

6
ҚЖ
4
11.6.1.2 – дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау
үшін қолдану Жоғары деңгей дағдылары
9
ТЖ
5
3
Геометриялық оптика 11.6.2.1 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік
жолмен анықтау; Жоғары деңгей дағдылары



3
10
ТЖ
6
3



8
11.6.2.2 - жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты
технологияның артықшылығын түсіндіру
Білу және түсіну
5
ҚЖ
4
2
11.6.2.3 - телескоп, микроскоп және лупадағы сәуленің жолын
салу және түсіндіру
Қолдану
7
ҚЖ
5
3
Барлығы: 10 40 25
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. Максвелл теориясына сәйкес электромагниттік толқын көзі болып табылатыны
A. тек электронның түзу бойымен бірқалыпты қозғалысы кезінде
B. тек зарядтың гармониялық тербелісі кезінде
C. тек зарядтың бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалысы кезінде
D. зарядтың кез келген бір қалыпты емес қозғалысы кезінде

2. Электрмагниттік толқындарды пайдаланудағы дұрыс сәйкестікті таңдаңыз.


1. Радиотолқындар a. Объектілерді анықтау
2. Радиолокациялық толқындар b. Медицина
3. Инфрақызыл толқындар c. Дезинфекция
4. Ультракүлгін сәулелер d. Ракты емдеу
5. Рентген сәулелері e. Байланыс
6. Гамма сәулелер f. Фото, физиотерапия

A. 1a, 2b, 3c, 4f, 5d, 6e
B. 1b, 2d, 3f, 4a, 5c, 6e
C. 1c, 2a, 3d, 4f, 5e, 6b
D. 1e, 2a, 3f, 4c, 5b, 6d






[1]














[1]

3. Экранға екі саңылаудан жарық түскенде интерференциялық көрініс бақыланады. Экранға екі шамнан жарық түскенде интерференциялық көрініс бақыланбайды. Неліктен?
A. Шамдар әр түрлі амплитудаларда жарық шығарады.
B. Шамдар когерентті емес жарық шығарады.
C. Екі шамның жарығының жиіліктері бірдей.
D. Екі шамның жарығы өте жарық.


4. Телеқабылдағыштар жер серіктен сигнал қабылдайды.
A. Жер серіктен электромагниттік сәулеленудің қай түрін қабылдайды?

[1]


[1]

B. Модуляцияланған сигналды биік ғимараттарда немесе мұнараларда орналасқан үлкен антенналар арқылы жібереді. Көп жағдайда сигнал жіберуші мен оны қабылдаушының арасына бірнеше ретрансляторлар қолданылады.
(i) Неліктен антенналар биік ғимараттар мен мұнараларға орналастырылады?


(ii) Неліктен ретранслятор қажет?
[2]

5. Суретте оптикалық талшық арқылы оның R ұшына дейін өтетін PQR жарық сәулесі көрсетілген.
A. Неліктен PQ сәулесі оптикалық талшықтан Q нүктесінде шығып кетпейтінін түсіндіріңіз
[1]
B. Телефон байланысында қолданылатын оптикалық талшықтың мыс өткізгішпен салыстырғандағы бір артықшылығын жазыңыз.

[1]
6. S1 және S2 толқын көздері толқын ұзындығы 5,0 см болатын микротолқындарды шығарады.


A. Екі толқынның жол айырымын анықтаңыз?
B. О нүктесінде қандай интерференция байқалады?
[2]

7. Суретте микроскоптың ішкі құрлысы мен АВ денесі берілген.

АВ денесін микроскоп арқылы қарағандағы ұлғайған кескінін сәулелер жүрісін салу арқылы алыңыз.
[3]

8. Полярлық орбитада жер серіктері жердің полюстерін айналады. Геостационарлық жерсеріктер экваторлық орбиталарда болады. Екеуі де байланыс арналарының бөлігі ретінде қолданылады.
A. Геостационарлық спутникпен салыстырғанда полярлық орбиталық спутникті пайдаланудың бір артықшылығы мен бір кемшілігі.
артықшылығы: ………………………………………………………………
кемшілігі: ………………………………………………………………........
[2]
B. Гигагерц (ГГц) диапазонындағы жиіліктің спутниктік байланыста қолданылуының екі себебін көрсетіңіз.
1. ………………………………………………………………………….……
2. ……………………………………………………………….…………........
[2]
C. Белгілі бір спутниктік байланыс жүйесінде жерден спутникке (жоғары байланыс) берілетін сигналдың жиілігі 6 ГГц құрайды. Жерден спутниктен кері қайтарылатын сигналдың жиілігі (төмен сілтеме) 4 ГГц құрайды. Неліктен екі сигнал әртүрлі жиілікте берілетінін түсіндіріңіз.
[2]
9. Лазер толқын ұзындығы 632 нм-ге тең когерентті жарықты шығарады. Ол суретте көрсетігендей дифракциялық тордан өткен соң, экранда интерференциялық көрініс алынады.

Дифракциялық тордан экранға дейінгі қашықтық 165 см-ге тең. Р нүктесінде ең жарық максимум орналасқан, оған ең жақын екі максимум Х және Y нүктелерінде алынды. Х пен Y-тің арасы 76 см. Дифракциялық тордың бір метріндегі штрихтар санын анықтаңыз
[3]

10. Көк түсті жарық тіктөртбұрышты шыны блоктың ішіне кіші жақтарының бірінде орналасқан Х нүктесінде кіреді. Жарық шыны арқылы өтіп, блоктың үлкен жағына түседі. Суретте ауадағы түскен сәуле және шыныдағы сынған сәуле көрсетілген.


(а) Тек қана сызғышты пайдалана отырып, шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз.
[3]
Жалпы балл: 25

2- тоқсан бойынша балл қою кестесі

№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 С 1
2 D 1
3 В 1
4 а) микротолқындар
ә) (і) сигналдар ғимараттар мен денелерде жұтылады
(іі) сигналдарды күшейтіп қайтадан жібереді 1
1
1
5 а) толық ішкі шағылу құбылысы
ә) ақпараттың сапасы жоғары / көбірек ақпарат тасымалдайды 1
1
6 а) 50 см-40 см=10 см
ә) максималды интерференция / жол айырмасы екі толқынға тең 1
1
7
1
1
1
8 A. артықшылығы: бақылау аумағы үлкен 1
кемшілігі: үздіксіз ақпарат алып отыру үшін 1
бірнеше серікті бақылау керек
B.ионосферадан аз шағылады / мақсатты 2 кез келген 2 дұрыс
ақпаратты жеткізу қабілеті жоғары жауап қабылданады
C.кедергі бар / сигнал жұтылады / төменгі жиілікті 2 кез келген 2 дұрыс
сигнал таратылады жауап қабылданады
9 ??? = 38 немесе ? = 130
165
? sin ? = ??; ? = 2.82 ∙ 10−6 1
? = = 3.6 ∙ 105
? 1
1
1
10 A. Х нүктесінен түсу және сыну сәулелерінде 1
бірдей қашықтықтарды өлшеп алып, осы 1
нүктелерден перпендикуляр оське проекция
түсіреміз, пайда болған үшбұрыштарды 1
пайдалана отырып, сыну көрсеткішін табамыз
(? = ????)
????
Жалпы балл: 25

3 - ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25 балл

Тапсырма түрлері:
КТЖ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

3- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл
Атомдық және кванттық физика 11.7.1.2 - спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын
сипаттау
Білу және түсіну




5
3
ҚЖ
5
4




17
11.7.1.3 - электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен
әрекеттесуіне қарай ажырату
Білу және түсіну 1 КТЖ 1
3
2 ҚЖ 3
11.7.1.4 - фотоэффектінің
табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру
Қолдану
5
ТЖ
5
4
11.7.1.6 - компьютерлік және магниттік-резонанстық
томографияны салыстыру
Білу және түсіну
4
ҚЖ
4
2
Атом ядросының физикасы 11. 7.2.2 - графикалық тәсіл
арқылы жартылай ыдырау периодын анықтау
Қолдану



4
8
ТЖ
5
3



10
11. 7.2.3- ядролық ыдырау және синтез процестерін түсіндіру Білу және түсіну 9 ҚЖ 5 3
11. 7.2.4 - α, β және γ сәулелердің иондалу және өтімділік
қабілеттерін түсіндіру;
Білу және түсіну
6
ҚЖ
4
2
11. 7.2.6 - ядролық
реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттау;
Білу және түсіну
7
ҚЖ
4
2
Нанотехнолог ия және наномаериалда
р 11.8.1.1- наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын,
қолдануын түсіндіру
Білу және түсіну
1
10
ҚЖ
4
2
2
Барлығы: 10 40 25
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
20

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. Адам денесіне келіп түскен инфрақызыл сәуленің қандай әсері болады?
A. терінің қызаруын туғызады
B. теріні қыздырады
C. теріге келген сәулені толық шағылдырады
D. жұмсақ тері арқылы өтіп кетеді






[1]



2. Төмендегі электромагниттік толқындарды жиіліктің өсу ретімен орналастырыңыз.
ультракүлгін рентген сәулелері инфрақызыл микротолқын радиотолқын гамма сәулесі







[2]


3. Ақ жарық салқын газ арқылы өткенде оның спектрінде қара жолақтар пайда болады.

A. не себепті спектрде белгілі бір толқын ұзындықтарында қара жолақтар пайда болатынын түсіндіріңіз
[3]

B. газ атомдарындағы электронның энергетикалық деңгейлері туралы нені білдіреді?

[1]

4. Компьютерлік томография мен МРТ-ның ұқсастығы мен МРТ-ның артықшылығын көрсетіңіз.
Ұқсастығы ............................................................................................................................
Артықшылығы ......................................................................................................................
[2]

5. А. Суретте қандай фотоэлемент кескінделген?

В. Қандай да бір зат үшін толқын ұзындығы 450 нм-ден артқан кезде фотоэффект құбылысы орындалмайды. Осы заттың фотоэлектрондарының шығу жұмысын анықтаңыз (МэВ-пен).
[3]

6. Оқушы радиоактивті көзден шыққан сәулеленудің өтімділік қабілетін зерттеді.

Кестеде оның нәтижелері берілген.

Қоршаған ортадағы табиғи радиациялық фон минутына 25 импульс
Тек радиациялық көздің импульстар саны минутына 630 импульс
Радиациялық көздің және қағаз жұтушының импульстар саны минутына 630 импульс

Радиоактивті көз қандай сәулелерді шығарады?
[2]

7. Ядролық реактор дегеніміз не? Оның негізгі бөліктерін атаңыз
[2]

8. Радиоизотоптық өрт хабарлағыштарда америций-241 қолданылады. Ыдырау кезінде америций-241 альфа-бөлшектерін бөліп шығарады.


A. Альфа-сәулеленудің бір зиянды әсерін көрсетіңіз.

B. Суретті қолданып, америций-241-дің жартылай ыдырау периодын анықтаңыз және қалай анықтағаныңызды графикте көрсетіңіз


[1]



9. А. Ядролық ыдырау және синтез процесі кезінде жаңа ядролар пайда болады. Қай теңдеу ыдырауға, қай теңдеу синтезге сәйкес келеді?
(i) 236? → 232?ℎ + 4??
92 90 2
(ii) 2Н + 2Н → 3?? + 1?

1 1 2 0

[1]

В. осы реакцияларды қай жерде байқауға болады? Мысал келтіріңіз.
[2]
10. Нанотүтікшелер ұзындықтарына байланысты мыңнан миллионға дейінгі көміртегі атомдарынан тұрады. Өздерінің құрылымдарына байланысты олар мыс сияқты электр тоғын толықтай өткізетін және кремний сияқты жартылай өткізетін де бола алады. Нанотүтікшелердің қолданылуына 2 мысал келтіріңіз.

[2]
Жалпы балл: 25

3- тоқсан бойынша балл қою кестесі

№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 Радиотолқын 1 Егер үш жауап
Микротолқын дұрыс болса 1
Инфрақызыл 1
Ультракүлгін
Рентген сәулелері
Гамма сәулелері
3 А. ыстық күйінде кез келген дене жарық шығарады ыстық газдар нақты толқын ұзындығына сәйкес
сызықтық спектр шығарады салқын газдар сол спектрді жұтады 1
1
1
В. электрон төменгі орбитадан жоғарғы орбитаға
өтетіндігін 1
4 Ұқсастығы: диагоноз қояды / диагностика жасайды 1 Кез келген дұрыс
Артықшылығы: рентген және гамма сәулелерін 1 жауап
қолданбайды / дәлдігі жоғары қабылданады
5 А. вакуумдық В. ? = ℎ��
шығу ????
?шығу = 829 МэВ 1
1
2
Мәні мен өлшем бірлігі
6 Бета – бөлшек және 1
Гамма сәулесі 1
7 Ядролық реактор – атом ядросы бөлінуінің басқарылатын тізбекті реакциясын жүзеге асыратын құрылғы
Оның негізгі бөліктеріне: ядролық отын (мысалы, уран не плутоний) баяулатқыш, шағылдырғыш, суытқыш), бақылау және өлшеу приборлары жатады. 1


1

Кез келген екеуін атаса 1 балл қойылады
8 А. клеткаларды зақымдайды / мутацияға ұшыратады / ДНК-ны зақымдайды
В. 420-440 жыл
графикте нақты белгілеп көрсеткен 1

1
1 Кез келген дұрыс жауап қабылданады
9 Ыдырау 1
Синтез
Ядролық реактор, атом бомбасы, 1
Жұлдыздардағы термоядролық реакция, сутек 1
бомбасы
10 биологиялық жүйелерде / композиттерде көміртекті нанотүтікшелер / фуллерендер жасалады 1
1 Кез келген дұрыс жауап
қабылданады
Жалпы балл: 25

4 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25 балл

Тапсырма түрлері:
КТЖ – көп таңдауы бар тапсырмала
ҚЖ – қысқажауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толықжауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма
* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Космология 11.9.1.2 - Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолдану; Білу және түсін







6 1 КТЖ 1

4







25
2 КТЖ 1
Қолдану 3 ҚЖ 3
11.9.1.4 - ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын
«жаңа тәсілдерді» әдісін пайдалануды сипаттау Қолдану
4
ҚЖ
10
6
11.9.1.7 - Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу; Жоғары деңгей дағдылары
6
ТЖ
11
7
11.9.1.8 - микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен
Жарылыс теориясын түсіндіру Білу және түсіну
5
ҚЖ
14
8
Барлығы: 6 40 25
Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер











26

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Герцшпрунг-Рассел диаграммасының басты тізбегінде жұлдыздардың қай типі көрсетілген?
A. өмірінің соңындағы жұлдыздар
B. негізінен көміртегін жағатын жұлдыздар
C. негізінен сутегін жағатын жұлдыздар
D. массасы ең үлкен жұлдыздар
[1]

2. Біздің Күн G класының жұлдызы болып табылады. Бетінің температурасы ең жоғары болатын жұлдыздар қандай спектрлік класқа жатады?
A. F класына
B. K класына
C. M класына
D. O класына
[1]

3. Суретте Герцшпрунг-Расселл диаграммасының кескіні көрсетілген. «Ақ ергежейлілер» диаграмманың қай бөлігінде көрсетілген? Күннің орналасқан орнын анықтаңыз және Күн деп жазып қойыңыз

[2]

4. А. Жұлдыздар эволюциясын сипаттауда ақ ергежейлілер деген нені білдіреді
[1]

В. Парсек терминіне анықтама беріңіз.
[2]

С. Антарес – қызыл алып және ол түнгі аспандағы ең жарық жұлдыздардың бірі. Оның параллаксты 0,0059 бұрыштық секундқа тең.

Антарестің бізден қашықтығын жарық жылымен анықтаңыз. 1 пк = 3,26 жж
[3]

5. Күн орналасқан галактикада жүз миллиардтан астам басқа жұлдыздар бар. Әлемнің көрінетін бөлігінде кем дегенде екі жүз миллиард басқа галактикалар бар.
A. Күн орналасқан галактиканың атауын жазыңыз.




[1]



B. Түнгі аспанды зерттеу үшін телескоп пайдаланғанда, жұлдыздар да, тұмандықтар да көрінеді.
(і) Тұмандықтардың сырт көрінісі жұлдыздардан қалай ерекшеленетінін көрсетіңіз.




[2]



(іі) Жиырмасыншы ғасырдың басында екі астроном Кёртис және Шепли арасында тұмандықтардың табиғаты туралы пікірталас болды. Осы екі астрономның көзқарастары қалай ерекшеленетінін сипаттаңыз.




[3]



C. Хаббл бақылаулары Кёртиспен Шеплидің пікірталасын қалай шешкенін түсіндіріңіз.

D. Үлкен жарылыс теориясының бір дәлелін атаңыз


[2]

[1]


6. А. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың арақашықтығына тәуелді екендігін көрсететін графикті координат осьтерінде көрсетіңіз.


[2]

В. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың арақашықтығына тәуелді графигінен Хаббл тұрақтысының мәнін қалай анықтауға болатынын көрсетіңіз.
[1]

С. Астроном Жерден 6,8 ∙ 1023 м қашықтықта орналасқан галактиканың алыстау жылдамдығын есептейді. Ол жылдамдық 1,5 ∙ 106 м/с.
Осы мәндерді пайдаланып Хаббл тұрақтысын анықтаңыз.
Хаббл тұрақтысы = с–1
[2]
D. Хаббл тұрақтысын қолданып, Әлемнің жасын есептеңіз
Әлемнің жасы = с
[2]

Жалпы балл: 25

4- тоқсан бойынша балл қою кестесі

№ Жауабы Балл Қосымша ақпарат
1 С 1
2 D 1
3 D – ақ ергежейлілер
С жолағынын бойында (ортадан төмен) Күн деген жазу 1
1
4 A. Ядро / «жұлдыз», жанып біткен қызыл алыптың өнімі
B. арақашықтық (өлшеу бірлігі)
затқа дейін 1 бұрыштық секунд шамасындағы жылдық параллакспен (бұрыштың жартысы) немесе
Жер орбитасының радиусы 1 бұрыштық секунд шамасындағы бұрышты топтайды/ жылдық параллакс 1 секундқа тең денеге дейінгі қашықтық
C. параллакс = 1/d) d = 0.0059-1
қашықтық = 0.0059-1  3.26 қашықтық = 550 жж 1 эквивалентті
фразалар
1 қабылданады
1


1
1
1
5 A. Құс жолы
B. (і) анық емесе / көмескі / шашыраңқы құбылыс (жұлдыздар – бұл айқын фокусталған жарық нүктелері)
(іі) Тұмандықтар галактикада немесе одан тыс (орналаса ма)
(Тұмандықтар) басқа галактикалар немесе газды бұлттар бола ма
(тек қана) бір галактика немесе (бір ғана емес) бар ма
C. Цефеида айнымалылардың арақашықтық мәндерін анықтады
Құс жолынан тым алыс орналасқан
D. Ғарыштық микротолқынды фондық сәулелену 1 1 баллға
1 бағаланады
Тұмандықтар бөлек
галактикалар болды,
1 Құс жолынан тыс
орналасқан
1 Тұмандықтар Құс
жолының бір бөлігі
1
1
1
1
6 A. оң еңістің түзу сызығы және координаталар басы арқылы өтеді
B. (сандық) градиентке тең / сәйкесінше сандардың бөлінуі
C. Хаббл тұрақтысы: H = v/d
Немесе
1.5 × 106/6.8 × 1023
2.2 × 10–18 (с–1)
D. t=1/H
4.5 × 1017 (с) 2
1
1

1
1
1
Жалпы балл: 25
 

Муслима Садиярова

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
0
Эридан -40 жұлдызы ақ ергежейлілерге жатады,себебі оның массасы Кун масасының 0.5 құрацды
 
Верх