«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 11-сынып (қоғамдық гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация

11-сынып

(қоғамдық гуманитарлық бағыт)



















Нұр-Сұлтан, 2020

Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 3
3. Күтілетін нәтиже 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5 6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5
7. Модерация және балл қою 6
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 31

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтиже
География
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1. география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи ғаламдық проблемалары және олардың жергілікті, аймақтық деңгейлердегі көрінісін; ұлттық мүдделер тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарын; дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
2. заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасынан тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
3. геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси- географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін қолданады;
4. сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік- экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы

мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын;
5. геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
6. модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп жатқан географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
7. геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми- техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының
деңгейі Сипаттамасы Ұсынылған тапсырма түрі
Білу және түсіну Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін және сапасының көрсеткіштерін жіктейді. Геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын және саяси карталардың ерекшеліктерін біледі, табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын, геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін, табиғатты қорғау шараларының жүйесін және
негізгі бағыттарын түсінеді. ҚЖ - қысқа
жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және географиялық деректердің түрлі көздерін, ГАЖ технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланысын, тақырыптық карталардың қосымша элементтерін анықтайды. Қоршаған орта сапасын тәжірибелік зерттеу арқылы, сапасын арттыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеуде АКТ географиялық ҚЖ - қысқа
жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - толық
жауапты қажет ететін тапсырмалар

ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және
ұсына алады.
Жоғары деңгей Дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы ҚЖ - қысқа
дағдылары бойынша жіктейді және ластанған қоршаған жауапты қажет
ортаның адам өміріне тигізетін әсеріне баға ететін тапсырмалар
береді. ТЖ - толық
Қазақстан аймақтарын шаруашылығының жауапты қажет
салалық және аумақтық құрылымы мен ететін тапсырмалар
экономикалық даму көрсеткіштері бойынша
салыстырып талдайды, экономикалық тұрғыда
дамыту жөнінде стратегиялардың жобаларын
ұсынады. Түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен
индекстердегі көрсеткіштері мен орнын, кез
келген дәрежедегі аумақтың географиялық және
геосаяси жағдайына баға береді.

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 15% 40% 45%
II 20% 40% 40%
III 27% 37% 36%
IV 14% 43% 43%
Барлығы 32% 40% 28%

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25

Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім/Бөлімше
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№ * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл* Бөлімге берілетін балл саны



Географиялық зерттеулер әдістері 11.1.1.1 Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық сараптама әдістерін
қолдану
Қолдану
1
1
ҚЖ
5
3 11
11.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес
эксперттік бағалау әдістерін қолдану; Қолдану 1 2 ТЖ 5 3
11.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес
модельдеу әдістерін қолдану; Қолдану 1 3 ҚЖ 4 2
11.1.1.4 Зерттеу тақырыбына сәйкес
аудандастыру әдістерін қолдану Қолдану 1 4 ТЖ 5 3
Картография және геоинформатика 11.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың қолданысымен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау,
сипаттау және талдау)


Қолдану


1


5


ҚЖ


5


3 6
11.2.2.1 Геоақпараттық әдістер мен ГАЖ технологияларының ерекшеліктерін,
басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіру;
Қолдану
1
6
ТЖ
4
3


Табиғатты пайдалану және геоэкология 11.3.1.1 Шаруашылық және тұтыну
салалары бойынша табиғатты пайдалануды реттеу механизмін талдау; Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 6 4 8
11.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкестігін
анықтау(жергілікті/аймақтық компоненттің негізінде); Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 6 4
Барлығы 8 8 40 25 25

8

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



1-сурет Қазақстан халқының ұлттық құрамы


(a) Диаграммадағы демографиялық сараптамадан қандай ақпарат алуға болады? (b)Бұл демографиялық сараптама қандай әдіспен жүргізіледі?
(c) Демографиялық сараптамалық ақпаратты қандай мақсатта қолданады?


[1]

[1]

[1]


2. Кестедегі ақпаратты қолданып, тапсырманы орындаңыз.


өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығын суару тұрғын-үй коммуналдық
мақсатта
- 1 т болатқа – 200-250 т су;
- 1 т целлюлозаға – 1300 т су;
- 1 т мұнай алуға – 18-23 т су;
- 1 т шойынға – 103000 т су;
- 1 т бокситке – 12000 т су;
- 1 т алтын кеніне – 1000 т су. - 1 т қара бидайға – 750 м3 су;
- 1 т жүгеріге – 3000 м3 су;
- 1 т мақтаға – 5000 м3 су;
- 1 т шиеге – 3000 м3 су;
- 1 т күрішке - 10000 м3 су;
- 1 т жүзімге – 5900 м3 су;
- 1 т картопқа – 2000 м3 су; (1 м3 су = 1 тонна) - Мәскеуде – 700 литр;
- Лондонда – 170 литр;
- Нью-Йоркте – 400 литр;
- Парижде – 160 литр;
- Алматыда – 450 литр;
- Эфиопия – 10 литр;
- Чад – 8-12 литр;
1 су көздерін пайдалану бойынша мәлімет

Шаруашылық салаларының суды пайдалану мөлшеріне қарап, қай саланың ластау деңгейі жоғары екенін бағалаңыз.


(a) Өте жоғары деңгейдегі ластаушы шаруашылық түрін жазыңыз. (b)Төмен деңгейдегі ластаушы шаруашылық түрін жазыңыз.
(c) Өз бағлауыңыздың себебін түсіндіріңіз.


[1]

[1]

[1]


3. Кілт сөздерді сәйкестіндіре отырып, жанартау сызбасын сызыңыз

[2]
4. 2-суретті қолдана отырып, Қазақстан аумағын физикалық-географиялық ерекшелігіне байланысты аудандастырыңыз

2-сурет. Қазақстанның физикалық картасы

(a) 1 және 5 санымен көрсетілген физикалық аудандарды анықтаңыз.
[1]
(b) Биіктік белдеулілік аумақтары көрсетілген физ-географиялық аудандарды анықтаңыз.
[1]
(c) Орманды дала табиғат зонасы тән табиғат зонасын анықтаңыз.
[1]

5. 3-суретке мұқият қараңыз.

3-сурет. Қазақстандағы шілде айының орташа температурасы

(a) Шілдедегі температураның аймақтар бойынша таралуын сипаттаңыз.
[2]
(b) Картадағы сандық мәліметтерді пайдаланып, шілде айының ең төменгі және ең жоғары температура амплитудасын анықтаңыз.
[1]

6. Төменде 2-ГИС бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының картасы берілген.



(a) Картаның басты ерекшелігін анықтаңыз.

(b) Картаны қандай мақсатта пайдаланатындығын атаңыз.

(c) ГАЖ технологиялары қандай салаларда жиі қолданатындығын жазыңыз.


[1]

[1]

[1]

8. 4-суретке қараңыз. 9.


Елдердің табиғи ресурстарды пайдалану көрсеткіштері, %
(a) Баламалы отын көзін көп қолданатын елді анықтаңыз.
[1]
(b) Энергия өндіру үшін Германияда пайдалы қазбаларды Египеттен аз тұтыну себебін түсіндіріңіз.
[1]
(c) Энергия өндіру үшін Египетте пайдалы қазбаларды Германиядан көп тұтыну себебін түсіндіріңіз.
[1]

(d) Энергия өндіруде пайдалы қазбаларды тұтыну салдарын түсіндіріңіз.
[1]

10. Төмендегі ақпаратты оқыңыз.


(a) Жергілікті аймақтағы су ресурстарын пайдалану түрлері қандай заңнамалық тәртіптермен бекітілгенін екі мысалмен анықтаңыз.
[2]
(b) Дүниежүзінде орман қорын пайдалануды реттеу мақсатындағы кем дегенде екі іс – шараны атаңыз.
[2]

Балл қою кестесі


№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 a) Қазақстан халқының ұлттық құрамы. Ұлттардың 1
пайыздық үлесі.
b) сараптама халықтың құрамын халық санағы 1
сауалнама арқылы жүргізілген/
ағымдағы санақ бойынша жүргізілген/ 1
шеңберлік диагарамма түрінде ұсынылған.
c) Нысан / оқиға бойынша анықтама
2 а) өнеркәсіп орындары
b) тұрғын-үй коммуналдық
с) Себебі өнеркәсіп орындарынан төгілетін қышқылдар мен сілтілер, улы заттар мөлшерін анықтау қиынға 1
1

1 Қосымша мысалдар қабылданады
соғады. Ластанған суды қолдану қауіпті. /
Тұрғын-үй коммуналдық суларды қайта өңдеп, қайта
тұтыну мүмкіндігі бар.
3 Жанартау сұлбасын дұрыс сызса; 1
Кілт сөздерді жанартау сызбасында дұрыс
орналастырса 1
Үлгі:


4 а) Шығыс Еуропа, Сарыарқа 1
b) 9/8/7/6 Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Алтай, Сауыр-
Тарбағатай 1
с) Солтүстік Қазақ жазығы
1
5 а) Шілдедегі температураның екі аймақ бойынша таралуын дұрыс сипаттаса:
Қызылорда 26 градус/ Оңтүстік Қазақстан Астана 20 градус/ Солтүстік Қазақстан
b) Шілде айының ең төменгі Өскемен 16 градус және ең жоғары Шымкент 28 градус температура амплитудасы 8 градус

1
1
1 Барлық облыс қабылданады
6 а) Картаның басты ерекшелігі cпутник арқылы барлық нысандарды көруге болады/ .
b) Картаны туристер немесе қалаға алғаш келген тұрғындар, көлік тасымалы және т.б
c) ГАЖ технологиялары авиация, транспорт, туризм және зерттеулерде. 1

1

1 Қосымша мысалдар қабылданады

7 а) Германия. 1
b) дамыған ел/ жасыл экономиканы қолдаушы ел/ 1
с) баламалы энергияны өндіруге арналған құрал-
жабдықтардың / қаражаттың жетіспеуі/ мұнай 1
ресурсының мол қоры/
d) ауаның ластануы/ ғаламдық жылыну/ парниктік 1
әсерлер/ ресурс жетіспеушілігі/
8 а) -ҚР барлық су қорлары мемлекеттің меншігі. 1 Қосымша
- Су қоймалар белгілі бір мерзімге жалға берілуі мысалдар
мұмкін. қабылданады
- Жер асты сулары, өзендер, көлдерді өнеркәсіп 1
орындары, ауыл шаруашылық нысандары санитарлық
нормалардан асырып, ластаушы болса заң бойынша
жауапқа тартылады.
- ҚР Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман
пайдалануды құқықтық реттеу.
b) - Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ 1
(Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр.
- Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты 1
органдары мен мамандандырылған мекемелері жұмыс
жасауда
- Гринпис – халықаралық ұйымы
Жалпы балл 25

2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25

Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім/Бөлі мше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырм а саны* Тапсырма
№ * Тапсырма түрі* Орындал у
уақыты, мин* Балл
* Бөлімге берілеті н балл
саны








Табиғатты пайдалану және геоэкология 11.3.2.1 Қоршаған ортаның антропогендік
өзгерістерін жіктеу Қолдану 1 1 ҚЖ 6 4








25
11.3.2.2 Қоршаған орта сапасының
көрсеткіштерін жіктеу; Қолдану 1 2 ҚЖ 4 2
11.3.2.3 Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне тигізетін әсеріне баға беру(жергілікті / аймақтық компонентті қосымша қамту негізінде); Жоғары деңгей дағдылары
2

3-4
ҚЖ
10 7
11.3.2.4 Дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу; Жоғары деңгей дағдылары
2
5-6
ТЖ
10
7
11.3.2.5 Қоршаған орта сапасын тәжірибелік зерттеу арқылы анықтау
(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде); Жоғары деңгей дағдылары
1
8
ТЖ
6
3
11.3.2.6 Қоршаған орта сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) Жоғары деңгей дағдылары
1
7
ҚЖ
4
2
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер






16

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Мәтінді оқыңыз.
Топырақтың табиғи және антропогенді ластануы болады. Табиғи ластану биосферадағы табиғи процестердің нәтижесінде – топыраққа атмосферадан, литосферадан, гидросферадан әр түрлі химиялық заттардың түсуі арқылы, мысалы, тау жыныстарының желмен ұшуы немесе жаңбыр мен қар сулары арқылы жүреді. Табиғи экожүйе мен адам денсаулығына ең үлкен зиянды топырақтың антропогенді ластануы әкеледі. Негізгі ластаушылар қатарына пецтицидтер, тыңайтқыштар, ауыр металдар, канцерогендер әсерлері құрамында хлор, фтор,форсфор сияқты элементтері бар тағы басқа өндірітік заттар жатады. Адам организміне түсетін зиянды заттардың 70% - ы тамақ өнімдеріндегі пецтицидтер мен тыңайтқыштардың нәтижесінде болады.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.


(a) Топырақты негізгі ластаушы көздерін анықтаңыз.

(b) Адам денсаулығына топырақ ластануының әсер түсіндіріңіз.

(c) Автокөліктерден шығатын қалдықтардың топыраққа әсерін түсіндіріңіз.


[2]

[1]

[1]


2. Қоршаған табиғи ортаны бақылау кезінде мониторинг жүргізу арқылы сапасы анықталады. Қоршаған ортаның мониторинг жүргізілетін элементтерін сәйкестендіріңіз.

1 қоршаған ортаның жеке
компоненттері мониторингі A жануарлар дүниесі
2 биологиялық мониторинг B топырақ, су, ауа,
өсімдіктер
[2]

3. Қоршаған ортаның ластануы физикалық (электромагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы) химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары) және биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) деп қарастырылады.

Кестедегі ластану түрлерінің адам өміріне әсерін түсіндіріңіз.
физикалық химиялық биологиялық

[3]

4. Арал маңы экологиялық мәселелерін тұрғындарының өмірі мен шаруашылығына әсерін бағалаңыз.

1-сурет. Арал теңізінің тартылуы

(a) Арал теңізінің тартылуынан пайда болған мәселелерді анықтап, қоршаған ортасының өзгерісіне әсер етуші факторларды талдаңыз.
[2]
(b) Арал теңізінің экологиялық мәселесінің жергілікті халықтың көш-қон үрдісіне әсерін анықтаңыз.


(c) Арал маңындағы тұрғындарының денсаулығы үшін қандай қауіп бар екендігін сипаттаңыз.

[1]


[1]


5. «Numbeo» агенттігі әлемдегі ең ірі қалалар мен елдердегі қоршаған ортаның ластану деңгейіне қатысты статистикалық ақпаратты (елдің ластану индексі) жариялады. Сарапшылар әр елдің өз аймағын және бүкіл ғаламшардың қаншалықты ластап жатқанын бағалады. Алғашқы көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне және елге келген адамдардың пікірлері негізінде есептелген.
Екіншісі көптеген экологиялық ұйымдардың деректерін қамтитын кешенді схема бойынша есептелген индекс. «Қоршаған ортаның ластануы» бойынша ауаның, судың және топырақтың ластануын қамтиды.

№ Елдер Территориясының ластануы %
1 Моңғолия 92.86
Ауғанстан 92.28
Мьянма 92.27
Бангладеш 90.09
Нигерия 87.88
Әлемдегі ластану деңгейі бойынша елдердің рейтингі 2018 жыл.

Тұжырым: «Аймақ территориясы үлкен болған сайын, ластаны деңгейі төмен болады».

(a) Кестедегі ақпаратты қолданып территориясының ластануы ең жоғары және ең төмен елдерді анықтаңыз.


(b) Кестедегі бір елдің территориясының ластануының себептерін талдаңыз.

(c) Тұжырымды дәлелдеңіз.

[1]

[1]

[1]

6. 2-cуретте берілген картаға мұқият қараңыз.















2-сурет. Дүниежүзі елдерінің ауаның (токсинді) ластану индексі картасы (d)Картадағы ауаның токсинді ластану индексін пайдаланып елдердің ластану деңгейі
бойынша сипаттаңыз.

Елдер Токсинді ластану индексі Токсинді ластану деңгейі
Сауд Арабиясы
Қытай
Бразилия
Аустралия
[2]
(e) Токсинді ластану индексі жоғары елдердегі басты ластаушы факторларды талдаңыз.
[2]
7. Суреттерге мұқият қараңыз.

3-сурет. Қоршаған ортаның ластануы.

(f) Суреттерде көрсетілген қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша жасалатын жұмыстарды ұсыныңыз
[2]

8. Геоэкологиялық зерттеулер әдістері далалық, тәжірибелік, сипаттамалар және салыстырулар мен модельдеу (үлгілеу) арқылы жүргізуге болады. Соның нәтижесінде геологиялық (жер бедері және топырағы), әлеуметтік (халық, тұрғындарға әсері), биогеографиялық (өсімдіктер мен жануарлар) сараптама жасалады.

Суреттегі аймақтағы қоршаған ортаның сапасын талдаңыз.



(a) Геологиялық (жер бедері және топырағы) (b)Әлеуметтік (халық, тұрғындарға әсері)
(c) Биогеографиялық (өсімдіктер мен жануарлар)


[1]

[1]

[1]

Балл қою кестесі


№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 а)Тыңайтқыштар/ ауыр металдар/ канцерогендер әсерлері 1
құрамында хлор/ фтор/ форсфор 1
b) Адам организміне түсетін зиянды заттардың 70% - ы
тамақ өнімдеріндегі пецтицидтер мен тыңайтқыштардың 1
нәтижесінде болады.
с) қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да
кездеседі, сондықтан автокөліктер қорғасынмен
ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның 1
мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер
бойындағы топырақ құрамында көп болады.
2 1-В 1
2-А 1
3 Физикалық ластану. Электромагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы кез келген тірі ағзаға, әсіресе адамдарға теріс әсер береді, шаршатады, ақыл-ойдың белсенділігін, еңбек өнімділігін төмендетеді. Радиациядан болатын мутагендік әсер (генетикалық өзгерістер) ластанудың бұл түрінен болатын ең қауіпті салдар. Мутация тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп биосферадағы тұрақты өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Химиялық ластану қоршаған ортаға күкірт, ауыр металдардың, әсіресе сынаптың, жанып бітпеген жанармай қалдықтары бар күлдің ұшқыны, азот оксидтері, фторлы қосылыстардың қоршаған ортаға түсуі қоршаған ортаның химиялық құрамының өзгеруі және тыныс аурулары пайда болуы мүмкін.
Биологиялық ластануға қоршаған ортада биогендік заттардың таралуы, оларға фермалар мен шаруа қожалықтарындағы жануарлардың қалдықтары, азық- түліктің белгілі бір түрін өндіретін (ет комбинаттары, сүт, сыра зауыттары), антибиотик өндіретін кәсіпорындар қалдықтары жатады. Микробтық ластану адам денсаулығына едәуір әсер етеді. 1







1



1
Мысалдар қабылданады
4 a) Арал теңізінің тартылуынан тұздардың көбеюі, шөлденудің артуы, топырақтың сорлануы 1 балл температураның көтерілуі пайда болған өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы мен миграциясы 1 балл
b) Арал маңы тұрғындардың көпшілігі экологиялық таза аймақтарға көшуі / халық санының азюы
Көл суы тартылуынан балық шаруашылығы жойылды. Сырдария мен Амудария өзендерінің суы азайып көлге жетпеу себебінен егін шаруашылығы азайды.
c) Арал маңындағы тұрғындарының денсаулығы денсаулығы күрт төмендеген. Бұл өңірде туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс аурулары
көбейген. 1
1

1

1

5 а) Ең жоғары көрсеткіш Моңғолия, Ауғаныстан, Нигер Ең төменгі көрсеткіш Бангладеш, Мьянма
b) Халық санының көп болуы, шамадан тыс ресурстарды қолдану/ Елдердің экономикалық жағдайының төмен болуы, ауыл шаруашылығына негізделуі / Шөлді, шөлейтті табиғат зонасы / Халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуы /Өндіру өнеркәсібінің көп болуы
с) жоқ/ дұрыс емес/ тұжырым қате/ Себебі Моңғолия территориясы үлкен болғанымен ластану деңгейі де жоғары. 1 Мысалдар қабылданады
1


1
6 a) Сауд Арабиясы 121-135 жоғары Қытай 106-120 жорғары
Бразилия 1-15 төмен
Аустралия 61-75 орташа 1

1 Деңгейін жазса (жоғары, орташа , төмен) 1балл Индексін сандық ақпартпен көрсетсе 1
балл
b)Токсинді ластану индексі жоғары елдердегі басты ластаушы факторларды анықтағаны үшін 1балл Өндіріс орындарының көп болуы
Отын-энергетика (мұнай-газ, көмір) саласының дамуы және т.б. мысал келтіргені үшін 1 балл
1 Мысалдар қабылданады
1
7 Қоршаған ортаның сапасын жақсарту бойынша Зауыттардан шығатын газдардың мөлшері мен сапасын қадағалау
Жергілікті аймаққа тигізетін әсерін мониторингілеу Сүзгілер арқылы улы газдардың ауаға тарауын азайты Айыппұлдар соммасын көбейту
Өндіріс орны айналаға ағаштарды отырғызу Қоқыс қалдықтарын жинап, өңдеу
Демалыс орындарын салу 1


1 Мысалдар қабылданады
8 a)Геологиялық, жер бедері шаруашылық дамытуға және топырағы құнарсыз. Шаруашылық дамытуға жарамсыз, тасты құмды зиянды металдармен ластанған b)Әлеуметтік, халық қоныстануына жарамсыз, тұрғындарға денсаулығына қауіпті, шаруашылық дамыта алмайды
c)Биогеографиялық, өсімдіктер дүниесі жойылған, ауаның құрамында газдардың мөлшері жоғары. Мекендеген жануарлар басқа аймаққа көшкен немесе жойылған.
Сапасы жағынан нашар жарамсыз жер. 1


1


1 Мысалдар қабылданады
Жалпы балл 25

3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 25

Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін

3–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім/Бөлімше
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№ * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл* Бөлімге берілетін балл саны










4.1
Геоэкономика негіздері 11.4.1.1 Қазақстан аймақтарын шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму
көрсеткіштері бойынша салыстырып талдау;

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

2

3

17
11.4.1.2 Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуын теңестіру жөнінде
идеяларды ұсыну;
Жоғары деңгей дағдылары
1
2
ТЖ
3
4
11.4.1.3 Қазақстан аймақтарының экономикалық даму әлеуетін анықтау (өз
аймағы негізінде);
Қолдану
1
3
ҚЖ
3
3
11.4.1.4 Талдау негізінде Қазақстан аймақтарының экономикалық даму кедергілерін жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу (өз аймағы
мысалында);

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

4

3
11.4.1.5 Қазақстан аймақтарын экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде стратегиялардың
жобаларын ұсыну(өз аймағы негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

5

4

5.1 Геосаясат негіздері 11.5.1.1 Қазіргі заманның
геосаяси үдерістерін түсіндіру; Жоғары деңгей
дағдылары 1 6 ТЖ 2 2 8
11.5.1.2 Қазақстанның геосаяси
жағдайына кешенді баға беру; Жоғары деңгей
дағдылары 1 7 ТЖ 4 4


11.5.1.3 Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін
факторларды анықтау; Білу және түсіну 1 8 ҚЖ 2 2
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1.1-суретке мұқият қараңыз.

1-сурет. Қазақстан Республикасында өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, 2018 жыл

(a) Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялар көлемі аймақтар бойынша әртүрлі болуын талдаңыз.
[1]
(b) Таңдау бойынша екі облыстың өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар көлемін салыстырып, түсіндіріңіз.
[2]

2. Мәтіндегі ақпаратты оқыңыз.
Қазақстан территориясының үлкен болуы, табиғи ресурстық потенциалы әр аймақтың экономикалық даму деңгейіне әсер етеді. Аймақтардағы жан басына шаққандағы ақшалай табыс, жалақы мөлшері, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және т.б бағалары да әртүрлі.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады, ал Жамбыл облысында шамамен 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.

(a) Республика аймақтарындағы экономикалық даму көрсеткіштерін теңестіру мақсатында мемлекетте жасалып жатқан жұмыстарды талдаңыз.
[2]
(b) Әр аймақтағы жұмыс орындары, орташа жалақы мөлшерін теңестіру бойынша өз ұсынысыңызды жазыңыз.
[2]

3. Берілген ақпараттты оқыңыз.
Атырау облысында шикі мұнай өндірісі көлемі жоғары, Қостанай облысында темір қорытпалары, жеңіл автомобильдер, болаттан жасалған бұйымдар өндірісі мен бидай өсіру, Шығыс Қазақстан облысында мыс кендері және қойыртпалары, бұғы шаруашылығы мен туризм, Түркістан облысында бау-бақша өнімдері және туризм жақсы дамыған.

Мәтіндегі мәліметтерді талдай отырып, өз аймағыңда қандай салаларды дамытуға болатынын анықтап, үш себебіне мысал келтіріңз.


[3]
4. Тапсырманы орындаңыз.
(a) Жергілікті аймақта экономиканың дамуына кедергі болатын мәселелерді анықтаңыз.


[1]
(b) Кездесетін мәселелерді шешудің екі жолын ұсыныңыз.


[2]

5. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы. Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және, ең алдымен, шағын және орта бизнестің дамуы мен деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестіктің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың осы секторының мүмкіндіктері өте зор.
Жергілікті аймақтың экономикасын дамыту бойынша зерттеңіз. Дамытуға болатын шаруашылық саласын, шағын және орта бизнесті төмендегі жоспар бойынша ұсыныңыз.

(a) Табиғи ресурстық потенциалы


[1]
(b) Білікті жұмыс күші, халық саны


[1]
(c) Өндірістік базаның болуы


[1]
(d) Мемлекет тарапынан қолдау


[1]

6. Берілген ақпаратты оқыңыз.
Қазіргі заманғы геосаясат халықаралық қарым-қатынастарға негізделуде, тек бір мемлекет емес, барлық көршілес елдермен және халықаралық серіктестікті дамыту үшін алыс жақын шетелдермен қарым-қатынасты жақсартуға баса назар аударады. Геосаяси үдерістерде мемлекеттер терроризм, ядролық қарудан жарыс, жаһандық жылыну, діни қарсылық, киберқылмыс сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге жұмыс жасайды.
Әлемдегі халықаралық мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстандағы іс – шаралар мен бағдарламаларға мысал келтіріп, талдаңыз.
[2]

7. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайына баға беріңіз.
Саяси Экономикалық
1
2 1
2
[4]

8. Қазақстан геосаяси қауіпсіздікті және ынтымақтастықты сақтауда қандай демаркация және делимитация шараларын жасады.
[2]

Балл қою кестесі


№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 a) табиғи ресурстардың таралу/ жанатын пайдалы қазбалар/ климат ерекшеліктері/ жұмыс күші мен халық
саны / тұтынушылар. 1
b) Кез келген екі аймақты салыстырыу. Мысалы Павлодар мен Қызылорда облыстарының көрсеткіштері оң және теріс. Себебі металлургия саласының дамуы, өндіріс орындарының көп болуы және жұмыс жасап тұруы. Инфрақұрылым. 1

1 Кез келген облыс салыстыру мен мысалдары
қабылданады
2 а) Аймақтарындағы экономикалық даму көрсеткіштерін 1
теңестіру мақсатында мемлекетте халық санын Бір
тұрақтандыру, еңбек күші «Серпін бағдарламасы» бағдарламаны
«Бизнестің жол картасы» шағын және орта бизнесті 1 толық ашып
дамыту. Жеке кәсіпкерлерді оқыту мен марапаттаулар, жазса 2 балл
ынталандыру іс-шаралары. беріледі
b) Жаңа жұмыс орындарын ашу;
Нарықтағы сұранысқа байланысты салаларды дамыту; 1 Мысалдар
Жергілікті халықты қаржылай сауаттылықты арттыруға қабылданады
оқыту;
ауыр жұмыс орындарындағы жұмысшылардың 1
жалақысын көтеру;
инвесторлар тарту
3 a) оқушылар мәліметтерді талдай отырып, өз аймағыңда дамытуға болатынын саланы анықтап, түсіндіреді.
Ол жергілікті ерекшеліктерге байланысты жасалады. Туризм салалары (жаңажай, тау шаңғысы, сауықтыру орны) бойынша нысандар.
Егін шаруашлығы (бау бақша, астық және т.б) Жеңіл өнеркәсіп (киім тігу, кілем, жиһаз цехтары) 3 Жергілікті аймақты толық жазып, түсіндірсе 3 балл
4 a) Әр аймақта экономиканың дамуына кедергі болатын мәселелер әртүрлі болуы мүмкін.
Инфрақұрылымның нашар дамуы (жол, таза ауыз су, байланыс және т.б)Еңбек күшінің жетіспеуі немесе халық саны аз, сұраныс жоқ. Климаттың қолайсыз болуы. Ресурстардың аз болуы Бюракратия (қағаздар мен құжаттардың көп болуы)
b) Инфрақұрылымды дамыту/Халық санын арттыруға ықпал жасау/Әр аймақтың мәселесін шешуге бағытталған жауаптар қабылданады. 1





1
1 Жергілікті аймақты мысалмен жазып, түсіндірсе қабылданады
5 a) Табиғи ресурстық потенциалы/Агроклиматтық ресурстары/ Пайдалы қазбалар, су ресурстары, биологиялық, орман ресурстары, географиялық орнының қолайлы болуы (тол торабы, көршілес қала, облыстардың жақын орналасуы)
b) Білікті мамандардың болуы немесе жұмыс күші жеткілікті немесе жетіспеуі/ Халық саны бойынша 1



1 Жергілікті аймақ негізінде мысалдар қабылданады

сұраныс пен тұтыну мөлшері.
c) Өндірістік базаның болуы (Кеңес кезеңінде салынған) немесе цехтар, фабрикаларды пайдалану.
d) Мемлекет тарапынан қолдау. Субсидиялар алу мүмкіндігі. Орта және кіші бизнесті жергілікті қолдау. Инвесторлар
1


1
6 Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан мемлекет. Сирия еліндегі шиеленіске байланысты
Астана қаласында мемлекет басшыларын жинаған. Әлемдік діндер сеьзін ұйымдастырушы.
Еуразиялық Одақ,
ШЫҰ және т.б ұйымдардың белсенді мүшесі. 1


1 Мысалдар қабылданады
7 Саяси:
Екі үлкен мемлекеттің ортасында орналасуы саяси мәселелерді даусыз шешуі.
Шекара мәселесін шешуі Ыстық нүктелерге жақын
1
1 Мысалдар қабылданады
Экономикалық
Еуропа мен Азияны байланыстырушы жол торабы. Құрлық жолдары дамыған.
Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ. Теңіз жолымен сауда қарым қатынасы нашар дамыған. Басты сауда серіктестері Ресей мен Қытай.
1


1
8 Шекараны демаркациялау - арнайы шекара белгілерін жергілікті жерде белгілеу арқылы мемлекеттік шекараны бекіту арқылы геосаяси тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау.
Шекараны делимитациялау (лимиті Delimitatio
«белгілеу») - келіссөздер арқылы көрші мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы жағдайы мен бағытын анықтау.
Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерімен нақты келісімге отырып, шекараны заңды түрде жанжалсыз бейбіт шарттар негізінде бөліп алды. 1


1
Жалпы балл 25

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны -25

Тапсырманың түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

4–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім/ Бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№ * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны














Елтану 11.6.1.1 Қазақстан Республикасының физикалық- географиялық, тарихи-
географиялық, саяси- географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуын
анықтау Білу түсіну

1

1

ҚЖ

2

1













18
11.6.1.2 Ғаламдану жағдайында Қазақстанның географиялық аймақтар картасындағы орнының өзгеруін зерттеу
арқылы болжау Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ТЖ

3

4
11.6.2.1 Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін индекстер мен рейтингтердегі Қазақстан орнының динамикасын зерттеу (таңдау
бойынша бір рейтингтің мысалында)
Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

6

4
11.6.2.2 Қазақстанның жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін рейтингтерде орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша бір рейтингтің
мысалында)


Жоғары деңгей дағдылары


1


6


ҚЖ


5


3
11.6.2.3 Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша анықталған рейтингтер мен индекстерде
есептердің қолданысымен
Жоғары деңгей дағдылары
1
7
ТЖ
6
4

Қазақстанның орнын жоғарлату жөнінде идеяларды ұсыну (таңдау бойынша бір рейтингтің
мысалында)
11.6.2.4 Қолданбалы
елтанушылық ақпараттың маңыздылығын, субъектілері мен тұтынушыларын анықтау
Қолдану 1 2 ҚЖ 5 2

Адамзаттың ғаламдық проблемалары 11.7.1.1 Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде
әлемдік тәжірибені зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 7 4

7
11.7.1.2 Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық проблемаларды
анықтау
Қолдану 1 8 ҚЖ 6 3
Барлығы 8 8 40 25 25
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. Қазақстан орналасқан тарихи географиялық аймақта орналасқанын жазыңыз

2. Елтанушылық ақпараттарды қандай маман иелері және қай салаларда пайдаланады.


[1]

[2]


3. Қазақстан дүниежүзінің картасында Орта Азияда орналасқан. Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты басқа қандай аймақтарға жатқызуға болады.


(a) Географиялық орналасу ерекшелігі

(b) Тарихи ерекшеліктері

(c) Әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі

(d) Шаруашылық ерекшелігі


[1]

[1]

[1]

[1]


4. Ғаламдық проблемаларды шешу жөнінде әлем елдері мен ұйымдардың бірлесіп жасап жатқан жұмыстарын, тәжірибесін талдаңыз.


(a) Ормандарды жойылудан сақтау

(b) Озон тесігі мен ауаның ластануын азайту

(c) Азық-түлік дағдарысы мен аштық мәселесін шешу


[1]

[1]

[2]


5. Дүниежүзі елдерінің сауаттылық картасы 2017 жыл. Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша дүниежүзі елдер арасында 31 орында.


(a) Қазақстанның сауаттылық деңгейінің көрсеткішін талдаңыз.

(b) Қазақстанның 2030 жылы сауаттылық деңгейін екі болжам жасаңыз.


[2]

[2]


6. Қазақстан ЖІӨ көрсеткіштері

Қазақстанның 2002-2011 жылдар аралығындағы жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштерін анықтап, өсуіне әсер етуші факторларды талдаңыз.

Саяси Экономикалық Әлеуметтік


[3]

7. Елдердің салалар бойынша (дүниежүзі елдері арасындағы орны) рейтингтері

№ Елдер Экономика кәсіпкерлік және
инновации білім беру өмір ұзақтығы қауіпсіздік әлеуметтік капитал
1 Норвегия 2 4 6 4 2 1
2 Дания 19 1 16 16 8 2
3 Швеция 5 2 12 14 6 9
4 Австралия 10 8 2 17 19 3
5 Қазақстан 54 59 32 60 43 37

(a) Кестедегі ақпарттарды пайдаланып, Қазақстан қай саладан төменгі орында тұрғанын анықтаңыз.

(b) Қазақстанда басқа қандай салаларды дамыту қажеттілігін атаңыз.

(c) Төменгі реитингтегі саланы көтеру жобасын ұсыныңыз



[1]

[1]

[2]


8.
(a) Қазақстанда кездесетін бір ғаламдық проблема мәселесі байқалатын аймақты кескін картаға түсіріңіз

[1]
(b) Өзіңіз белгілеген аймақтар неліктен ғаламдық проблемалар тән аймақтарға жататыныдығын түсіндіріңіз
[2]

Балл қою кестесі


№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Орта Азия 1
2 Саясаттанушылар, Қаржыгерлер, экономист, турист

білім алу, медицина, туризм 1


1 Мысалдар қабылданады
3 a) географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты 1 ТМД елдеріне
Еуропаның шығысы мен Орталық Азияға. немесе
b) тарихи ерекшеліктері бойынша түркі тектес халықтар болашақта
Орта Азия, Кіші Азия аймақтарына 1 болжам Орта
c) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі бойынша Азия
Шығыс Еурапа елдеріне 1 аймағына
d) шаруашылық ерекшелігі бойынша Орта Азия, Орталық кірмейді
Азия 1 деген
пікірлерде
болуы
4 a) Ормандарды жойылудан сақтау
Гринпис, Жануарларды қорғау қоғамы ДЖ табиғатты қорғау ұйымы.
b) Озон тесігі мен ауаның ластануын азайту
Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден және т.б. энергия көздерін пайдалану арқылы алу. Жаңа центрифугалар, вакуумдық аппараттар, фильтрлер және басқа да қажетті жабдықтар қойылуы. Қалдықтарды өңдеу саласын дамыту
c) Азық-түлік дағдарысы мен аштық мәселесін шешу Дамыған мемлекеттердің дамушы мемлекеттерге түрлі формадағы көмектері. «77 Группасы» БҰҰ қарамағында іске асатын дамушы және артта қалған елдердің халықаралық ұйым.
World Food Programme (WFP)-жылына 4 мл тонна азық- түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді
16-18 қараша 2009 жылы Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Әлемдік Саммит Римде талқыланды 1 Мысалдар
қабылданады
1


1


1
5 а)Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша дүниежүзі 1 Мысалдар
елдер арасында 31 орында. 90 % жоғары сауаттылық; қабылданады
Қазақстанда білім саласына жақсы көңіл бөлінген. Кез 1
келген азамат тегін білім алуға құқы бар;
b) Қазақстанның 2030 жылы сауаттылық деңгейін 1
жоғары.
Тек оқып, жазу ғана емес білімділер мен кәсіпқой 1
мамандардың артуы
6 Саяси: Халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі,
бейбітшілік пен ынтымақтастықта болу, саяси тұрақтылық, көршілермен келісім. 1 Мысалдар қабылданады

Экономикалық: сыртқы сауда, экспорт және импорт, инвесторларды тарту, халықаралық байланыстар ДБ, ДСҰ,
Әлеуметтік: халықтың білім деңгейінің жоғарлауы, мемлекеттік бағдарламалар, 1


1
7 a) экономика, өмір сүру ұзақтығы 1 Мысалдар
b) Қазақстанда медицина және әлеуметтік капитал, қабылданады
халықтың қаржылық сауаттылығын, кәсіпкерлікті 1
арттыру.
c) Мемлекетте жасалып жатқан жұмыстарды талдаса Сонымен
«Бизнестің жол картасы», 1 қатар өз
«Саламатты Қазақстан» ұсыныстарын
12 жылдық білім беру және т.б 1 жазса 1балл
беріледі
8 a) Арал теңізі, 1 Мысалдар қабылданады
Семей полигоны аймағы, 1
Каспий теңізінің бөлігі.
Ядролық жарылыстар болған аймақтар
b) Ядролық зардаптар, радиация, Арал теңізіндегі тұзды 1
алаңдар.
Қоршаған ортағы, адам денсаулығы мен 1
биоалуантүрліліктің жойылуы,
шөлдену
Жалпы балл 25
 
Верх