«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 11-сынып (жаратылыстану математикалық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
11-сынып

(жаратылыстану математикалық бағыт)
















Нұр-Сұлтан, 2020

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 6
7. Модерация және балл қою 6
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 25
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 32


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат

«Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

3. Күтілетін нәтижелер

Біледі:
географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық- географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін.

Түсінеді:
дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін;
«табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын.

Қолданады:
географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды

Талдайды:
географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін.

Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды.

Бағалайды:
географиялық дереккөздерінің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістерінің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми- техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кезкелген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларын ың деңгейі
Сипаттамасы Ұсынылған
тапсырма түрі
Қолдану Зерттеу тақырыбына сәйкес модельдеу, аудандастыру әдістерін қолданады; тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдаланады; қашықтықтан зерделеу әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіреді; қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктейді; дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктейді; Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды анықтайды; дүниежүзін аймақтарға аудандастыру қажеттілігін аргументтер келтіріп түсіндіреді; Қазақстан Республикасының физикалық-
географиялық, тарихи-географиялық, саяси- ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуын анықтайды; жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін индекстер мен рейтингтердегі Қазақстан орнының динамикасын зерттейді; Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық
проблемаларды анықтайды.
Жоғары Геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер ҚЖ - Қысқа
деңгей технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар жауапты
дағдылары мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіреді; қажет ететін
шаруашылық және тұтыну салалары бойынша тапсырмалар
табиғатты пайдалануды реттеу механизмін талдайды; ТЖ - Толық
табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен жауапты
бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтайды; жеке қажет ететін
тұлғаның табиғатты пайдаланудағы рөлін анықтап, тапсырмалар
«экологиялық ізін» есептейді; ластанған қоршаған
ортаның адам өміріне тигізетін әсеріне баға береді;
қоршаған орта сапасын практикалық зерттеу арқылы
анықтайды; қоршаған орта сапасын арттыру жөнінде
ұсыныстар әзірлейді; қоршаған ортаның бұзылған
аумақтарын қалпына келтіру жөнінде жобаларды
ұсынады; Қазақстан аймақтарын шаруашылығының
салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық
даму көрсеткіштері бойынша салыстырып талдайды;
Қазақстан Республикасының аймақтарында қосымша
құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіру жөнінде
бизнес-идеяларды ұсынады; Қазақстан өнімдерінің
танымалдығын арттыру жөнінде шығармашылық
идеяларды ұсынады; қазіргі заманның геосаяси
үдерістерін түсіндіреді; Қазақстанның геосаяси
жағдайына кешенді баға береді; Қазақстанның геосаяси
қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
Қазақстанның дүниежүзі елдері мен дүниежүзілік және
аймақтық ұйымдармен байланыстарын күшейту
жөнінде ұсыныстар әзірлейді; ғаламдану жағдайында
тарихи-мәдени аймақтардың өзгеруін зерттеу арқылы
болжайды; Қазақстанның жиынтық көрсеткіштер
бойынша есептелінетін рейтингтерде орналасқан
орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік,
экономикалық және саяси факторларды анықтайды;
көрсеткіштердің жиынтығы бойынша анықталған
рейтингтер мен индекстерде есептердің қолданысымен
Қазақстанның орнын жоғарлату жөнінде идеяларды
ұсынады; ғаламдық, оның ішінде Қазақстан аумағында
байқалатын проблемалардың алдын алудың немесе
шешудің өзіндік жобасын ұсынады.

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 50% 50%
І 42% 58%
ІІІ 12,5% 87,5%
IV 50% 50%
Барлығы 38% 62%

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30

Тапсырманың түрлері
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім/Бөлімше
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл* Бөлімге/Оқу мақсаттары на берілетін балл саны
Жалпы географиялық әдістер 11.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес
модельдеу әдістерін қолдану Қолдану 1 1 ТЖ 3 3
7
11.1.1.4 Зерттеу тақырыбына сәйкес
аудандастыру әдістерін қолдану Қолдану 1 2 ТЖ 5 4






Картография және
геоинформатика 11.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық
ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың қолданысымен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық көрсеткіштерін
анықтау, сипаттау және талдау)


Қолдану


1


5


ТЖ


4


4






10
11.2.2.1 Қашықтықтан зерделеу
әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіру Қолдану 1 3 ҚЖ 3 2
11.2.2.2 Геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын
түсіндіру

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

5

4
Табиғатты пайдалану және
геоэкология 11.3.1.1 Шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты
пайдалануды реттеу механизмін талдау;
Жоғары деңгей дағдылары
1
6
ТЖ
4
4
13


11.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің заңнамалық тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтау (жергілікті/аймақтық
компоненттің негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары

1

7

ТЖ

5

4
11.3.1.4 Жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы рөлін анықтап,
«экологиялық ізін» есептеу; Жоғары деңгей дағдылары
1
8
ТЖ
6
5
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
Ядролық аймақ – экономиканың басты салаларының шоғырлануы. Дүниежүзілік масштабта Фридман моделі бойынша оларға: Батыс Европа мен АҚШ-тың шығыс жағалауы жатады.
Жартылай периферия – үдемелі (дамушы) аймақ – ірі экономикалық орталықтардың арасында орналасқан. Ядролық аймақтармен көршілес орналасуы жартылай перифириялық елдерді ынталандырып, табиғат ресурстардың қарқынды түрде өндірілуіне мамандалған.
Периферия – депрессивті аймақ – елде ауылшаруашылықтың дамуы, индустриялық кешендердің ескеруі, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, жұмыссыздық, қылмыс санының өсуімен анықталады

(a) Мәтіндегі ақпаратты қолданып,У. Валлерстайн бойынша елдердің экономикалық даму деңгейлерінің моделін сызыңыз.

[3]

2. 1-кестедегі деректерге қараңыз.
1-кестенің деректерін, Қазақстанның әкімшілік контурлық картасына, Қазақстан облыстары бойынша (таңдау бойынша) шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) дамыту көрсеткіштері негізінде аумақты аудандастырыңыз.


Облыстың, қаланың атауы ШОК белсенді субъекті- лерінің саны, мың бірлік ШОК
жұмыспен қамтылғандар саны, мың
адам ШОКС
өнімін шығару, млрд. теңге Өңірлер бойынша әйелдер
басқаратын ШОК субъектілерінің үлесі, %
Алматы 119,0 249,2 868 49,6
Ақмола 44,9 128,6 503 49,3
Ақтөбе 50,8 130,7 662 47,3
Атырау 44,2 123,2 942 46,4
Шығыс Қазақстан 99,6 231,8 652 48,9
Жамбыл 56,9 116,5 376 42,7
Батыс Қазақстан 40,4 105,7 1232 47,6
Қарағанды 85,0 227,8 737 49,5
Қостанай 53,2 418,9 567 50,5
Қызылорда 38,3 80,2 245 47,1
Маңғыстау 46,6 108,4 706 46,2
Павлодар 43,9 128,1 497 47,2
Солтүстік Қазақстан 28,8 100,8 385 46,5
Түркістан 173,8 323,3 901 35,9
Нұр-Сұлтан қаласы 100,3 302,9 3128 46,4
Алматы қаласы 160,8 568,8 4459 47,3
Барлығы 1186,5 30749 16860 45,9
1-кесте. Қазақстан аймақтарындағы ШОК дамуының көрсеткіштері.

* Орындалған жұмысты кескін картада картограмма әдісімен ұсыну қажет.

[6]
3. 1- суреттегі қашықтықтан зондтау әдісіне мұқият қараңыз.



1-сурет. Қашықтықтан зондтау әдісі.

(a) 1-сурет бойынша қашықтықтан зондтау әдісінің 2 мүмкіндігін сипаттаңыз.[2]
4. Ақпартаттық ресурстарды қолданып, тапсырманы орындаңыз.


Геоақпараттық жүйелер мүмкіндіктері зерттеу аймағының визуализалды бейнесін жасауға көмектеседі. Зерттеу нысаны орналасқан аймақ алдымен тұтастай бенеленсе, GPS бағдарламаcының мүмкіндіктерін қолдана отырып аймақтағы жеке нысандарды анықтауға болады. Сонымен қатар ауданның қоршаған ортасы мен экологиясына мониторинг жасауға және ауданды кешенді бақылауға мүмкіндік береді.























Шымбұлақ курорттық аймағына Google Maps және GPS Navigation бағдарламаларының мүмкіндіктерін ескере отырып, мониторинг қалай жүргізу керектігін сипаттаңыз.

Бақылау түрі Сіздің талдауыңыз
Ауданды бақылау
Аудандардағы нысандарды
бақылау
Аудан экологиясына
мониторинг жүргізу
Ауданды кешенді
бақылау
[4]

5. Нұр-Сұлтан қаласының 2 ГИС – электронды картасына мұқият қарап, тапсырманы орындаңыз.


Картаны қолданып, Ақордадан Ханшатыр ойын-сауық кешеніне бару жолдарына талдау жасаңыз.
(a) 2 ГИС – электронды қала картасына өзіңізге қажетті нысандарды енгізу жолын сипаттаңыз
[1]
(b) cіз үшін ең аз уақыт жол түрін анықтаңыз
[1]
(c) 2 ГИС бағдарламасының мүмкіндіктері мен Қазақстандағы болашағына баға беріңіз[1]
6. Жылу электр станциясынан (ЖЭС) энергия алу механизімінің ерекшелігіне талдау
жасаңыз.

(a)ЖЭС сызбасындағы «1», «4» сандарымен белгіленген тізбектің жұмыс жасау
ерекшелігін түсіндіріңіз.
«1»
«4»
[2]
(b)Болашақтағы ЖЭС жұмысының минералды ресурстарға тигізетін шығынды
азайтатын 2 жолын ұсыныңыз.
[2]
7. «Киото хаттамасын» сипаттаңыз.
(a) «Киото хаттамасының» пайда болу себебін түсіндіріңіз.
[1]
(b) «Киото хаттамасының» ғаламдық мәселелерді шешудегі артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
[2]
(c) «Киото хаттамасының» Қазақстан үшін беретін мүмкіндіктерін анықтаңыз.[1]
8. Тапсырманы орындаңыз.
(a) «Экологиялық із» тұжырымдамасын түсіндіріңіз.
[1]
(b) Қоршаған ортаға деген адамзатттың экологиялық ізі әсерін калькулятор арқылы есептеу кезінде адамдардың «тамақтануы», «тұрмыс және энергия», «мобильділік» сияқты көрсеткіштері арқылы анықталады.
[1]

Адамдардың экологиялық ізді азайту жолдарын ұсыныңыз.

Көрсеткіштер Cіздің ұсынысыңыз
тамақтану [1]
тұрмыс және
энергия [1]
мобильділік [1]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 У. Валлерстайн бойынша ядро, жартылай периферия және перифериялық аймақтардың орналау моделін сызады.
Орталық шеңбер-ядро;
Екінші шеңбер-жартылай преиферия; Сыртқы шеңбер- преиферия.
Үлгі:


1
1
1
2 Таңдалған облысты:
- ШОК белсенді субъектілерінің саны бойынша; 1
- ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны бойынша; 1
- ШОК субъектілерінің өнім шығаруы бойынша; 1
- әйелдер басқаратын ШОК субъектілерінің үлесі 1
бойынша аудандастырады.
- картограмма әдісін қолдану; 1
- шартты белгілердің болуы; 1
3 - Қашықтықтан зондтау әдісі үшін бірінші жарық немесе энергия көзінің болуы;
- Арнайы бақылау құралына тіркелуі(спутник датчиктері) ақпаратты қабылдау, өңдеу; 1

1 Радиацияның атмосфераға қайта бағытталуы; Жиналған
ақпаратты қолдану
4 Ауданды бақылау- Google Maps және GPS Navigation 1 Келтірілген
бағдарламалары арқылы Шымбұлақ курорттық аймақты мысалдардың
іздегенде бірінші табылатын картографиялық ақпарат, біреуін жазса және
орналасқан жері: Қазақстан, Алматы маңындағы Іле оқушының басқа
Алатауы шатқалында орналасқан тау-шаңғылық курорты. да дұрыс
Аудандардағы нысандарды бақылау: жауаптары
Ағаштар, аспалы жолдар, көлік жолы, әлеуметтік қабылданады
нысандардың болуы.
Аудан экологиясына мониторинг жүргізу: 1
орман алқаптарының жыл сайын өзгеріп отыруы;
Ауданды кешенді бақылау:
Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен,
туристтер мен спортшыларының сүйікті орнына
айналған.ау шаңғы трассаларының бойына қар 1
зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат
арқандары жаңартылған. 1
5 а) А пунктіне Ақ Орданы енгізу, B пунктіне Хан Шатыр ойын-сауық кешенін енгізу керек
b) жеңіл көлікпен қысқа уақытта жету мүмкіндігі бар
с) қажетті нысанға жету жолын анықтайды, іздеген нысанның жақын маңдағысын анықтайды, қажет 1

1

1 Басқа да жауаптар қабылданады

нысандардың жұмыс кестесін анықтайды. Болашақта Қазақстандағы барлық қалалар қамтылады және кез –
келген нысандар енгізілетін болады.
6 а) «1» Отын: кейбір электр станциялары көмірмен жұмыс істейді, ал басқалары мұнай, табиғи газ немесе метан газы ыдырайтын қоқыс шығарады. - Пеш : отынды энергия алу үшін алып пештерде жағады - Қазандық : Қазандықта пештегі жылу суық суға толы құбырлар арқылы ағылады. Жылу суды қайнатып, буға айналдырады.
«4» Трансформаторлар мен электр желілері: Электр энергиясы өзінің тағайындалған пунктіне жеткізетін және жеткеннен кейін, үйді пайдалану үшін трансформатор электр қуатын төменгі кернеу қауіпсізіне айналдырады. 1




1
b) АЭС, балама энергия (жел, күн, су) 2



7 а) Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу, қоршаған ортаға парниктік әсерлерді азайту;
b) халықаралық деңгейде қоршаған орта мәселелерін шешу; ұйымға мүше елдердің өзіне артқан жауапкершілікті орындамауы;
с) Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. 1


2

1

Кез келген дұрыс жауап
қабылданады.







8 а) Табиғи ресурстарды адамзаттың тұтыну деңгейі; қайта
қалпына келтіру мүмкіндігі; 1
Басқа да дұрыс жауаптар
қабылданады
b) Тамақтану:
• Ет пен шұжықтан мүмкіндігінше жиі қолданбау; өсімдік тағамдарын тұтыну; 1
Тұрмыс және энергия:
• Коммуналдық тұрмыстық тұтыну заттарын үнемдеп пайдалану;
• Қонақ бөлмесі мен балалар бөлмесі, барлық басқа бөлмелерде (соның ішінде ас үй және жатын бөлме) үшін 20 градус температурадан төмен болуы.Сіз жылу шығынын үнемдейсіз және қоршаған ортаны қорғайсыз.
Мобильділік
• Әуе сапарларынан қажетті және шұғыл жағдайда қолдану;
1





1
Жалпы балл 30

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30

Тапсырманың түрлері
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

2–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім/Бөлімше

Тексерілетін мақсат
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма түрі*
Орындалу уақыты, мин*

Балл*
Бөлімге берілетін балл саны
Табиғатты пайдалану және
геоэкология 11.3.2.1 Қоршаған ортаның
антропогендік өзгерістерін жіктеу Қолдану 1 1 ҚЖ 2 3









30
11.3.2.2 Қоршаған орта сапасының
көрсеткіштерін жіктеу Қолдану 1 2 ҚЖ 5 4
11.3.2.3 Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне тигізетін әсеріне баға беру (жергілікті/аймақтық компонентті
қосымша қамту негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары

1

3

ҚЖ

7

4
11.3.2.4 Дүниежүзі елдерін қоршаған
ортаның сапасы бойынша жіктеу Қолдану 2 4 ҚЖ 4 4
5 ТЖ 4 4
11.3.2.5 Қоршаған орта сапасын практикалық зерттеу арқылы анықтау (жергілікті / аймақтық
компоненттің негізінде);
Жоғары деңгей дағдылары
1
7
ТЖ
7
4
11.3.2.6 Қоршаған орта сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (жергілікті / аймақтық компоненттің
негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары
1
6
ТЖ
4
3
11.3.2.7 Қоршаған ортаның бұзылған аумақтарын қалпына келтіру жөнінде жобаларды ұсыну (жергілікті / аймақтық компоненттің
негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары

1

8

ТЖ

7

4
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


18

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2 -тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. 1-суреттегі қоршаған ортаның ластану түрлерін анықтаңыз.


a b c

d e f
1-сурет Қоршаған ортаның ластану түрлері

(a) химиялық ластану
(b) қоқыспен ластану
(c) биологиялық ластану
[3]

2. 2-суретте Атмосфераның ластану деңгейі картасына мұқият қараңыз

2-сурет Атмосфераның ластану деңгейі 2-суретті қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

№ Ластану деңгейі Аймақ/ ел Ластану себебі
1 Жоғары аймақ
2 Төмен аймақ
[4]

Мәтінді қолдана отырып, тапсырманы орындаңыз.



3. (a) апаттың болу себебін
анықтаңыз [1]
(b) апаттың халықаралық ортақ мәселе болуның себебін түсіндіріңіз
[1]
(a) апаттың салдарына кем дегенде бір мысал келтіріңіз
[1]
(b) бір шешу жолын ұсыныңыз.
[1]

4. 3-суреттегі картаға мұқият қараңыз.

3-сурет Елдер бойынша өндірістің және экономиканың қоршаған ортаны ластау деңгейінің картасы

3- суретті қолдана отырып, негізгі төрт ластау категориясын көрсететін кесте құрыңыз. (әр категорияға 1 елден мысал келтіріңіз)

Өте төмен Төмен Орташа Жоғары/ өте жоғары

[4]

5. 4-суреттегі графикте елдер бойынша жан басына шаққанда ЖІӨ көрсетілген.
Тұжырым: «ЖІӨ жоғары елдердің қоршаған ортаға тастайтын қалдық заттарының көлемі жоғары болады».


4-сурет Елдер бойынша жан басына шаққанда ЖІӨ көрсеткіші

(a) Келесі елдерді: кестеге жазып, ақпараттармен сәйкестендіріңіз. Тәжікстан, АҚШ,
Эфиопия
ЖІӨ (АҚШ
доллары) Қоршаған ортаға тасталатын қалдықтар көлемі (тонна)
1000 төмен 5000-10 000 20 000-30 000
1-2000
9-10000
18000-30000
[3]
(b) Тұжырым: «ЖІӨ жоғары еледрдің қоршаған ортаға тастайтын қалдық заттарының көлемі жоғары болады». Төмендегі жауаптың бірін белгілеңіз. (v)

Ия, дұрыс Жоқ, дұрыс емес
[1]

6. 5-сурет бойынша тапсырманы орындаңыз.

5-сурет Өзен суын тазалау жолдары

Қоршаған ортаны жақсарту мақсатында өзен суын тазалаудың 2 жолын сипаттаңыз 1)

2)

Қазақстанда қолданылатын су тазарту әдісіне сипаттама беріңіз.



[1]

[1]



[1]

7. 6-суреттегі экологиялық қағидаттарға байланысты өндірісті орналасу заңдылықтарды қолдана отырып, тапсырманы орындаңыз.


6-сурет Экологиялық қағидаттарға байланысты өндірісті орналасу заңдылықтары

(a) 6-сурет негізінде өзіңіз тұратын аумақты экологиялық қағидатқа байланысты орналасуын сипаттаңыз.
[2]
(b) Өзіңіз тұратын аймақтағы өндірістен бөлінетін қалдық заттардың қоршаған ортаға әсеріне екі мысал келтіріңіз.
[2]

8. Қазақстанда жасалып жатқан қоршаған ортаны қорғауға арналған жобаларды ұсыныңыз.

Технологиялық Архитектуралық- жобалау Экономикалық Құқықтық

[4]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 химиялық ластану: a,b 1
қоқыспен ластану: d,e 1
биологиялық ластану: c,f 1
2 Жоғары аймақ: Қытай, РФ, Европа , Азия, т.с.с 1 Кез-келген дұрыс
Төмен аймақ: Монғолия, Аустралия, Оңт. Америка, т.с.с. 1 жауап
Жоғары аймақ себебін жазса (халық санының көп болуы, 1 қабылданады.
өнеркәсіп орындарының саны) 1
Төмен аймақ себебін жазса (кеш игерілуі, халық саны аз,
т.б.)
3 а) Украинадағы АЭС болған жарылыс;
b) апат болған аймақтың континент орталығында орналасуы;
с) экологиялық инфрақұрылымның құлдырауы;
d) залалсыздандыруға жаңа технологияны қолдану. 1
1

1
1
4 Өте төмен: Моңғолия, Мьянма, Чад 1 Әр категорияға
Төмен: Аустралия, Бразилия, Ресей 1 келтірілген
Орташа: Чили, Индонезия, ОАР 1 мысалдар 4 балл.
Жоғары/өте жоғары: АҚШ, Үндістан, ҚХР 1
5 Тәжікстан 1 Кестеге график
Эфиопия 1 ақпараттарын
АҚШ 1 дұрыс толтыру
Тұжырым: ия, дұрыс 1 керек
6 Биологиялық әдіс - ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі биохимиялық процесстің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар - жер суару кесімдері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады.
Химиялық - ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі - әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақсартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.
Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса - олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал, химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі тәжірибеге енген жоқ. 1




1





1 Кез-келген дұрыс жауап
қабылданады.
7 а. 1-сызбадағы ақпараттық дұрыс қолдана алса; 1
Әр аймақтың орналасу ерекшелігіне байланысты
экологиялық қағидатқа сай орналасуын сипаттаса. 1
Дендросаябақ, саябақ жақын/ алыс орналасуы
Өндріс орындары/ зауыт фабрика жақын/ алыс орналасқан
Санитарлық қорғаныс аймағына жақын/ алыс орналасу
b. Жергілікті аймақтағы өндірістен бөлінетін қалдық 1

заттар бойынша мысал келтірсе.
Шымкент қорғасын зауыты, Павлодар мұнай өңдеу зауыты, Шығыстағы металл өңдеу зауыттары, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Теміртау металлургия комбинаттары, Ақтөбе хром өндіру, цемен зауыттары және т.б мысалдар бойынша жаза алса.
Атмосфера құрамында көмірқышқыл газы көбейеді,
адамдарың тыныс алуын қиындатады, топырақтың беткі қабаты уланады, өсімдіктер азаяды. 1
8 Технологиялық : жел диірмендері, күн батареялары; 1 Басқа да жауаптар қабылданады
Архитектуралық-жобалау: ақылды үй, ақылды көше; 1
Экономикалық: жаяу жүргіншілермен басқарылатын 1
бағдаршам, айналма жолдар;
Құқықтық: Жер кодексі, су кодексі. 1
Жалпы балл 30

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30

Тапсырманың түрлері
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

3–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім/Бөлімше
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№ *
Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл* Бөлімге берілетін балл саны





Геоэкономика негіздері 11.4.1.1 Қазақстан аймақтарын шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымы мен экономикалық даму көрсеткіштері
бойынша салыстырып талдау
Жоғары деңгей дағдылары
1
1
ТЖ
5
4
14
11.4.1.5 Қазақстан Республикасының аймақтарында қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіру жөнінде бизнес-идеяларды ұсыну (өз аймағы негізінде)
Жоғары деңгей дағдылары
1
3
ТЖ
8
6
11.4.1.7 Қазақстан өнімдерінің танымалдығын арттыру жөнінде
шығармашылық идеяларды ұсыну Жоғары деңгей дағдылары
1
2
ТЖ
5
4






Геосаясат негіздері 11.5.1.1 қазіргі заманның
үдерістерін түсіндіру геосаяси Жоғары деңгей
дағдылары 1 4 ТЖ 6 4 16
11.5.1.2 Қазақстанның
жағдайына кешенді баға беру геосаяси Жоғары деңгей
дағдылары 1 5 ТЖ 4 3
11.5.1.3 Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін
факторларды анықтау
Қолдану
1
6
ТЖ
4
3
11.5.1.4 Қазақстанның
қауіпсіздігін күшейту ұсыныстарды әзірлеу геосаяси жөнінде Жоғары деңгей дағдылары
1
7
ТЖ
4
3
11.5.1.5 Қазақстанның дүниежүзі елдері мен дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен байланыстарын күшейту
жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Жоғары деңгей дағдылары
1
8
ТЖ
4
3
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

26

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік экономикалық аудандардың салыстырмалы сипаттамасын төмендегі жоспар бойынша салыстырыңыз.
(a) Өсімдік өсіру салаларының мамандануы:
[2]
(b) Өнеркәсіп:[2]
2. 1- суреттегі «Рахат» кондитерлік фабрикасына сипаттама беріңіз.

1-сурет «Рахат» кондитерлік фабрикасының логотипі

(c) Суреттегі көрсетілген компанияның шаруашылық саласын анықтаңыз
[1]
(d) Компания өнімдерінің танымалдылық деңгейін мысалдар келтіре отырып, cипаттаңыз
[2]
(e) Компания өнімдерінің халықаралық нарықта танымал ету жолдарын ұсыныңыз[1]
3. 2- суреттегі картаға қараңыз. Елімізде қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіру және экономиканы дамыту мақсатында арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) құрылған.

2-cурет Арнайы экономикалық аймақтар картасы

(a) Картадан өнеркәсіптік-өндірістік арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) анықтаңыз.
[1]
(b) «Оңтүстік» АЭА тың аумағында қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіруде атқарылып жатқан қызмет түрлерінің екеуіне мысал келтіріңіз.
[2]
(c) «Оңтүстік» АЭА тың аумағында қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндіру үшін жоба ұсыныңыз.
- мамандануы
- қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндірудегі тиімділігіне баға беріңіз.
[3]

4. 3-cуретке мұқият қараңыз.
3-сурет
(a) 3-cуретте көрсетілген ұйымды анықтаңыз.
[1]
(b) Аталған ұйымның қазіргі таңдағы геосаяси оқиғаларды реттеудегі рөліне баға беріңіз (3 мысал келтіріңіз)
[3]


5. Қазақстанның геосаяси жағдайына талдау жасаңыз.
(a) Құрлықішілік орналасуының екі мүмкіндігіне мысал келтіріңіз

(b) Каспий теңізі жағалауында орналасуының мүмкіндігіне бір мысал келтіріңіз



[2]

[1]


6. Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер етуші ішкі экономикалық факторларға талдап мысал келтіріңіз.

Сыртқы факторлар Ішкі факторлар
Қарқынды Өндірілетін Тұрақты Көлеңкелі Жемқорлық
экономикалық ресурстарға ресурс өндіру экономикамен пен күрес
даму халықаралыұ және күрес
келісілімдегі экспорттау
баға қоюы



[3]

7. Тапсырманы орындаңыз.

Қазақстанның солтүстік аймағында халық саны біршама аз қоныстанған. Соңғы уақытта халық Қазақстанның басқа аумақтарынан көшіп, өзге ұлт өкілдері байырғы Отандарына қайта оралуда.
Тұжырым: «Шекаралық аймақтарда халық санының азаюы геосаяси тұрақтылықты сақтауға кері әсер етеді».
(a) Тұжырымды дәлелдеңіз.


(b) Геосаяси тұрақтылықты шешуде атқарылып жатқан іс-шараларды сипаттаңыз.

(c) Геосаяси қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ұсынысыңызды жазыңыз.

[1]

[1]

[1]

8. Қазақстан әлемдік және аймақтық деңгейде қарым-қатынас орнатқан ұйымдардың мақсатын анықтаңыз.
(a) Дүние жүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
[1]
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)
[1]
(b) Аталған ұйымдардың қайсысы Қазақстанға саяси бағытта әсер ететіндігіне талдау жасаңыз
[1]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығына маманданған, 1
жетекші саласы –ауылшаруашылығы/ техникалық дақылдар Кез келген
өсіруге маманданған: мақта өсірудің басты орталығы дұрыс жауап
Солтүстік Қазақстан – астық өсіруге маманданған; 1 қабылданады
Егістік-80%; Дәнді-дақылдар өсіру (бидай) 1
Солтүстік Қазақстан: тау-кен өнеркәсібі (темір, асбест, боксит,
энергетикалық көмір; 1
Оңтүстік Қазақстан: түсті металлургия (Қаратау), полиметалл
( Жетісу Алатауы), Шымкент қорғасын зауыты.
2 а) Тамақ өнеркәсібі 1 Кез келген
дұрыс жауап қабылданады
b) - «Рахат» АҚ «WorldFood Kazakhstan 2014» халықаралық көрмесі аясында өткен тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындардың «Үздік өнім WorldFood Kazakhstan 2014»;
- Мәскеу қаласында өткен 25- інші халықаралық
«Продэкспо-2018» азық-түлік көрмесінде «Үздік өнім- 2018» т.с.с. 1


1
с) жарнамалау; 1
3 а) «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі», «Павлодар», «Сарыарқа»,
«Астана – жаңа қала», «Химиялық парк Таразы»; 1

Кез келген
дұрыс жауап қабылданады
b)1)Мақта – мата жіптерін және тоқыманың барлық түрін
дайындау/тоқыма өндірісі; Әрлеу – бояу өндірісі/ Дайын тоқыма бұйымдар өндіру; 1
1
с) Мамандануы: жеңіл өнеркәсіп/ тамақ өнеркәсібі
қосымша құны жоғары өнімдер мен қызметтерді өндірудегі тиімділігі:
-арзан еңбек күші,
-шикізат көзінің болуы,
-мамандандырылған шағын кәсіп орындарды ашу мүмкіндігі; 1


1
1
4 а) БҰҰ 1
b) 1 Кез-келген
- халықаралық қауіпсіздік мәселесі (ЕО, ОБСЕ сияқты ұйымдар БҰҰ-ның негізгі құжаттары негізінде жұмыс дұрыс жауап қабылданады
жасауда) ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік мәселесін
шешуде жұмыс жүргізеді;
- азық түлік мәселесі бар барлық елдерге гуманитарлық көмек
беруі; 1
- халықаралық шиеленістерді реттеуге белсене ат салысады,
мысалы, Ауғанстан, Бурунди, Ирак елдеріндегі келісім
1
операциялары;
5 Құрлықішілік орналасуының мүмкіндіктері:
- Еуропа мен Азия аймақтарындағы транспорттық дәліз қызметін атқаруы;
- Ресей және Қытай секілді ірі сауда серіктестерінің болуы; т.с.с. 1 Кез келген
дұрыс жауап қабылданады.
1

Каспий теңізі жағалауында орналасуы
- Шекара бекіту, қорғау мәселесі/ тауар алмасу, сату мүмкіндігі 1
6 Тұрақты ресурс өндіру және экспорттау – өндірілетін ресурстың көлемінің ұзақ мерзімді жоспарлануы, экспортта
келісім шарттардың болуы; 1 Кез келген
дұрыс жауап қабылданады.
Көлеңкелі экономикамен күрес- икемді салық жүйесін жасау/ шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан
қолдау көрсету т.б. 1
Жемқорлықпен күрес-заң жүйесі 1
7 а) Тұжырым дұрыс. Себебі, шекаралық аймақтардағы халық
санының азаюы-шекаралық аймақтарды бақылап отыруға, көршілік қарым-қатынас жасауға үлкен әсер етеді. 1 Кез келген
дұрыс жауап қабылданады.
b) Серпін бағдарламасы 1
с) ішкі экономикалық тұрақтылықты сақтау 1
8 А ) ДСҰ – халықаралық сауда ережелерін либерализм 1
принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық
ұйым
ШЫҰ- мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, 1
татулық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған
халықаралық/аймақтық ұйым
b) Қазақстанға саяси бағытта әсер етуші-ШЫҰ; 1
ШЫҰ құрамында Қазақстанның ортақ шекарасы бар елдер
кіргендіктен олармен достық қарым-қатынаста болып, саяси
мәселелрді бірге шешуге әсер етеді.
Жалпы балл 30

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30

Тапсырманың түрлері
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

4–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім/Бөлімше
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№ * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл* Бөлімге/ берілетін балл саны
11.6.1.1 Дүниежүзін аймақтарға
аудандастыру қажеттілігін
Қолдану
1
3
ТЖ
5
3 20
аргументтер келтіріп түсіндіру
11.6.1.2 Ғаламдану жағдайында
тарихи-мәдени аймақтардың өзгеруін зерттеу арқылы болжау Жоғары деңгей дағдылары
1
2
ТЖ
5
4
11.6.1.3 Қазақстан
Республикасының физикалық-
географиялық, тарихи-
географиялық, саяси- Қолдану 1 1 ҚЖ 3 3
географиялық және геосаяси
аймақтарында орналасуын
анықтау;
11.6.2.1 Жиынтық көрсеткіштер
Елтану бойынша есептелінетін индекстер
мен рейтингтердегі Қазақстан
орнының динамикасын зерттеу Қолдану 1 4 ҚЖ 5 5
(таңдау бойынша бір рейтингтің
мысалында)
11.6.2.2 Қазақстанның жиынтық
көрсеткіштер бойынша
есептелінетін рейтингтерде
орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік,
экономикалық және саяси Жоғары деңгей дағдылары
1
5
ҚЖ
5
3
факторларды анықтау (таңдау
бойынша бір рейтингтің
мысалында)
11.6.2.3 Көрсеткіштердің Жоғары деңгей 1 6 ҚЖ 5 2


жиынтығы бойынша анықталған рейтингтер мен индекстерде есептердің қолданысымен Қазақстанның орнын жоғарлату жөнінде идеяларды ұсыну (таңдау бойынша бір рейтингтің
мысалында) дағдылары


Адамзаттың ғаламдық проблемалары 11.7.1.2 Қазақстанның аумағында көрініс тапқан ғаламдық
проблемаларды анықтау
Қолдану 1 7 КО 6 5
10
11.7.1.3 Ғаламдық, оның ішінде Қазақстан аумағында байқалатын проблемалардың алдын алудың немесе шешудің өзіндік жобасын
ұсыну
Жоғары деңгей дағдылары 1 8 РО 6 5
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. Қазақстанның геосаяси жағдайына байланысты тапсырмаларды орындаңыз.
(a) Геосаяси жағдайдың экономикаға әсерін анықтау

(b) Геосаяси жағдайдың халқына әсерін анықтау

(c) Геосаяси жағдайдың ұлттық қауіпсіздікке әсерін анықтау



[1]

[1]

[1]


2. Тапсырманы орындаңыз.

ТМД –тарихи географилық аймағы

(a) Тарихи географиялық аймақ территориясының өзгеру себептерін анықтаңыз.
[2]
(b) Тарихи географиялық аймақ қандай мемлекеттер болмауы мүмкін болжам жасаңыз. (нақты мысалдар негізінде)
[2]

3. Кестедегі ақпартты қолданып, тапсырманы орындаңыз.

тарихи- географиялық аймақтар
Ел
Астанасы Қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар

Орта Азия Қырғызстан Бішкек ТМД, ШЫҰ
Тәжікстан Душанбе ТМД, ШЫҰ
Түркменстан Ашхабад ТМД
Өзбекстан Ташкент ТМД, ШЫҰ
Қазақстан Нұр-Сұлтан ТМД, ШЫҰ

(a) Орта Азия тарихи-географилық аймақтар (ТГА) мен халықаралық ұйымдарға топтастырылудың басты 2 ерекшеліктерін анықтаңыз
[2]
(b) Орта Азия ТГА қа мүше елдердің ТМД және ШЫҰ сияқты ұйымдарға мүше болу себебін түсіндіріңіз.
[1]

4. Тапсырманы орындаңыз.
Халықаралық бәсекеге қабілеттілікті анықтау институты (IMD, Лозанна, Швейцария) 2018 жылы төрт критерий бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингісін ұсынды. Олар: үкімет жұмысының тиімділігі, экономикалық шаруашылық, тиімді бизнес, инфрақұрылым. Жалпы осы көрсеткіштер бойынша қатысқан 63 елдің ішінде ҚР 38 орынға тұрақтады.
Инфрақұрылым көрсеткіші бойынша ҚР-ның бәсекеге қабілеттілік көрсеткішіне талдау жасаңыз.

№ Рейтинг көрсеткіші
2018 2017 Динамика
Инфрақұрылым 42 43 ˄ 1
1 Негізгі инфрақұрылым 24 32 ˄ 8
2 Техно инфрақұрылым 49 43 ˅ 6
3 Ғылыми инфрақұрылым 47 49 ˄ 2
4 Денсаулық және қоршаған
орта 56 53 ˅ 3
5 Білім 29 35 ˄6


(a) Кестені сипаттаңыз.

(b) Инфрақұрылымның қай көрсеткіштері бойынша әлі де дамуды қажет ететіндігін анықтап, себебін жазыңыз


[1]


[2]


5. Тапсырманы орындаңыз.

Барлығы Туризм бойынша келушілер саны
2013 2014 2015 2016 2017 2019
6 841 085 6 332
734 6 430 158 6 509 390 7 701
196 10 559 122
2013-2019 жылдардағы ҚР келген туристтер саны
(a) акестені сипаттаңыз
[1]
(b) 2017 және 2019 жылдары туристтердің санының артуына әсер еткен оқиғаларды төмендегі факторлармен жазыңыз:


экономикалық – мәдени-


[1]

[1]

(c) 2018 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстанға 8,5 млн. Турист келіп, туризм рейтингісі әлем бойынша 38 орынға тұрақтап, ТМД еледірндегі Ресей (45 орын), Украина (49 орын) елдерді артта қалдырды.

Қазақстанның болашақтағы туризм рейтингісіне болжам жасаңыз. Нақты аргументтер келтіріңіз.
[2]

6. Қазақстандағы адам даму индексін (АДИ) 58 орыннан жоғарылатудың қажеттігін түсіндіріңіз және өз идеяңызды ұсыныңыз.
[2]

7. Қазақстандағы кездесетін ғаламдық мәселеге талдау жасаңыз.


(a) Қазақстанда кездесетін ғаламдық мәселелердің тізімін жасаңыз.

(b) Өзіңіз атаған ғаламдық мәселелерді топтастырыңыз.


[1]


Физикалық Әлеуметтік- экономикалық Саяси

[3]

8. Ғаламдық мәселелер - [франц.global- баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы.

(a) Ғаламдық мәселелердің бірі-экологиялық мәселе. Кескін картаға ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселесі бар 2 аймақты көрсетіңіз.




(b) Таңдауыңыз бойынша бір экологиялық аймақты алып, туындау себептерін түсіндіріңіз.

(c) Осы экологиялық мәселені шешуге 2 ұсыныс айтыңыз.

[2]


[2]

[1]

Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 а) Экономикаға әсері: 1 Басқа да
ҚХР , РФ сияқты алпауыт мемлекеттердің шекарасында дұрыс
орналасуы; 1 жауаптар
b) Халқына әсері: көп ұлтты болуы; халқының толерантты 1 қабылдана
болуы; ды.
c) Ұлттық қауіпсіздікке әсері; терроризм, экстремизм
2 а) Саяси 1
Әлеуметтік / экономикалық 1
b) Грузия, Украина 1
Нақты мысалдар негізінде болжам жасаса 1
3 а) ТГА ға тарихи ерекшелігі;
географиялық жағдайына байланысты;
b) Азия ТГА қа мүше елдердің ТМД және ШЫҰ сияқты
ұйымдарға мүше болу себебі бұрынғы КСРО құрамында болуы, Екіншіден Азия аймағында орналасуы. 1
1
1
4 2017 ж қарағанда 2018 жылғы 1 деңгейге артты Денсаулық және қоршаған орта/Техно инфроқұрылым
Мамандардың жетіспеуі/қаражаттың аз бөлінуі т.с.с. 1
1
1
5 Келген туристер саны жыл сайын өзгеріп отырған. 2013 пен 6 1
841 085 2014 жылдар келген турстер саны шамамен бірдей.
Туристер 2017 жылы 7 млн асып 2019 жылы 10 млн 1
жеткен. Ең көп келген жыл 2019, ең аз 2013 жыл.
Экономикалық: ЭКСПО 2017 , Универсиада Алматы; 1
Мәдени: әлемге әйгілі әншілердің концерті т.б.
Қазақстанның болашақтағы туризм рейтингісіне болжам жаса 2
Нақты аргументтер келтірсе: Ресейдің Кавказ аймақтары мен
Украинадағы саяси тұрақсыздықты атаса
6 Қажеттігі: елдің даму деңгейіне әсер етуші көрсеткіш 1
Идея: 12 жылдық білім, денсаулық сақтау саласы, орташа өмір
сүру жасаы; 1
7 а) Шикізат / Су көздерінің жетіспеуі / Халық санының аздығы / 1
Энергия қажеттілігі / Таза су тапшылығы / Терроризм және
экстремизм/ Жер мәселесі
b) Физикалық: Шикізат, Су көздерінің жетіспеуі 1
Экономикалық: Халық санының аздығы, Энергия қажеттілігі, 1
Таза су тапшылығы
Саяси: Терроризм және экстермизм, Жер мәселесі 1
8 а) Арал / 1 Басқа да
Семей 1 дұрыс
b) Адам әрекеті / жауап
шаруашылық тиімсіз әрекеттер т.б. 1 қабылдана
1 ды
с) қалпына келтіру жұмыстарын қадағалау / адамның
шаруашылық әрекеттерін бақылау / заңмен тыйым салу т.б. 2
Жалпы балл 30
 
Верх