СОЧ Казахский язык и литература 10 класс Суммативное оценивание ЕМН ОГН

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)


МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты................................3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар...........3
3. Күтілетін нәтижелер.................................................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі..........................................4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі....................................6
6. Модерация және балл қою.............................................6
I Т ОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ..........................7
II ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.........................17
III ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................25
IV ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.........................33
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт).
3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік мақсатты, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен бейтаныс сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дерек көздерінен ақпаратты іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер жиынтығы және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типте және стильде мәтіндер құрайды; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге жоспардың әртүрлі түрлерін құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін бағалай отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралы - троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырмалар сипаттамасы Сұрақта р түрі
Тыңдалым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары - мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды; - әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді; - драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдайды; - мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды; - көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді. Сәйкесте ндіруді және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады; - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды; - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды; - мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдар негізінде ортақ қорытындылар жасайды; - мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды. Оқылым негізінде қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және тілдік бағдар - публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, баспасөз парағы, тезис, интервью жазады; - қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе); Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
4
- шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады; - тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады; - ғылыми-көпшілік және көркем мәтіндердегі негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін құрастырады; - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады; - сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі; - сөз таптары, тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды дұрыс қолданады; - сын есімнің, сан есімнің, есімдіктердің, үстеудің жасалу жолдары мен сөйлемдегі қызметін біледі; - мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолданады; - шылаулардың сөйлемдегі қызметін біледі, мәтін құрауда орынды қолданады; - сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолданады; - құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын біледі.
Айтылым - ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды; - ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды; - сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді; - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады; - мәтіндегі абзацтардың, бөлімдердің орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды; - пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлейді; - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін, білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін, білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
I ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым - 10 минут Оқылым - 15 минут Жазылым - 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).
Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
7
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сырма Қамтыла тын мақсаттар *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырма лар түрлері *Орын дау уақыты, мин Балл
1 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну; 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясындағы 150-160 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар терминдердің мағынасын түсінуге, мәтіндегі ақпаратқа қатысты өз көзқарасын аргументтер арқылы дәлелдей алуына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Сәйкестенді ру сұрақтары Қысқа жауапты қажет ететін сұрақ 6 3
2 4 2

3 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын ғылыми-көпшілік мәтінді оқиды. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, факті мен көзқарасты анықтау, мәтін идеясымен байланысын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 5 4
4 2 2
5 2 1
6 3 1
7 3 3
8
8 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу; 10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; 10.5.1.1 тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) және көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану; 10.5.1.2. сын есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, мақала жазады. Мұғалім оқушының публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алуын; мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алуын; мәтін құрауда тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу), көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды, сын есімдерді орынды қолдануын бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 15 10
9 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету; 10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінге сүйене отырып, диалог (әр оқушы диалогта 8-10 сөйлем айтуы керек) құрайды; сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Айтылым сабақтан тыс тексеріле ді, әр білім алушыға 2 минут беріледі. 5
Барлығы 30
9
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Еңбек нарығы - ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі - нарықта мемлекет, корпорациялар, кәсіби одақтар секілді маңызды институттардың болуы.
Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығында әрбір азамат еңбек етуге, яғни жұмыс істеуге құқылы, бірақ кейбір азаматтарымыз жұмыс таба алмай, жеке шаруашылықтарда жалданып жұмыс істейді. Енді жұмыссыз болудың себептерін қарастырайық:
- құрылымдық жұмыссыздық - бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілігі, білімі жоқ болғандықтан, жұмыс таба алмай жүрген адамдар;
- циклдік жұмыссыздық - өндіріс, кәсіпорын, фирмалар қысқарып, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуы
- уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) - егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
- маусымдық жұмыссыздық - егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобы.
1. Терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).
Терминдер Мағынасы Сәйкестендіру бағаны
1. Еңбек нарығы А. Мамандыққа оқымаған адамдар тобы
2. Құрылымдық жұмыссыздық В. Еңбекақысы жоғары жұмыс орнына ауысу кезіндегі жұмыссыз адамдар
3. Циклдік жұмыссыздық С. Белгілі бір жыл мезгілдерінде ғана жұмыс істейтін адамдар
4.Уақытша жұмыссыздық Д. Кәсіби шеберлік пен біліктіліктің болуы
5. Маусымдық жұмыссыздық Е. Жұмыс орындарының жабылуына байланысты жұмыссыз қалған адамдар
6. Еңбек нарығының талабы Ж. Елдің экономикалық жағдайының көрсеткіші
[3]
2. Еңбек нарығындағы жұмыскерлерге қойылатын талаптар жұмыссыздықтың қай түріне жиі ықпал етеді? Ойыңызды мәтіндегі ақпараттармен дәлелдеп, 2 сөйлеммен беріңіз.
[2]
10
Оқылым
Еліміздің өндіріс салаларының барлығы, тіпті, біздің өміріміздің өзі химия өнеркәсібіне тәуелді. Қазіргі кезде өндірістік үдеріс, өндірістік өнімдердің көпшілігі химиясыз өмірге келмейтіндігі белгілі. Химия өнімдеріне деген сұраныс тек өндіріс саласында ғана емес, күнделікті тұрмыста да қажеттілік тауып, үлкен сұранысқа ие болып, күннен-күнге қанатын кеңге жайып келеді.
Әлемдік жаһандану жағдайында, ғылыми-техникалық прогресстің дамуында химияның алатын рөлі зор. Химияны дамыту арқылы әлемде табиғи шикізат қорларын үнемдеуге қол жетті. Мәселен, адамзат химиялық өнімдерді пайдалану арқылы қаншама ағашты үнемдеп, тамырына балта шабудан аман алып қалғанынан ғана оның пайдасының бір жағын көруге болады. Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр. Химиялық үдерістер өндіріс тиімділігіне өз әсерін тигізіп, оны одан әрі арттыра түсуде. Химия өнеркәсібі әлемдік өнеркәсіп өнімнің 20 мыңнан аса түрін шығарады. Бұл өнімдер машина жасауда, жеңіл өнеркәсіптерде, медицинада, электрондық өндірісте кеңінен қолданылуда. Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға қандай мүмкіндіктер бар?
Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып табылады. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің елімізде бар. 70 элементтің қоры зерттелген. Ал өндіріске 60-тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар және 493 кен орны белгілі. Пайдалы қазбалар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай, көмір, мыс, никель мен фосфат шикізатын өндіру бойынша екінші, алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, олар негізінен еліміздің батыс бөлігінде орналасқан. Мұнай өңдеу негізінде елімізде мұнай химия саласы қарқынды дамуда. Жыл сайын мұнда 32 миллион тонна мұнай өндіріледі. Бұл республикамызды әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына қосатыны көңіл қуантады.
Табиғаты бай, табиғи шикізаты мол қазақ даласында химия өнеркәсібі елімізде ежелден қалыптаса бастады. Қола дәуірінде Қазақстан даласын мекендеген тайпалар әлемдегі алғашқы қола өндірушілердің бірі болды.
3. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтап, кестеге түсіріңіз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Қосымша ақпарат
[3]
4. Мәтіннен 1 факті мен автор көзқарасы берілген 1 сөйлемді анықтаңыз.
Факт___________________________________________________________________________________________
Көзқарас_______________________________________________________________________________________
[2]
5. Мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
11
[1]
6. Мәтін құрылымына қатысты сұраққа жауап беріңіз.
Мәтіннің құрылымдық бөліктері толық сақталған ба?
а) Мәтіннің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері бар, толық сақталған.
б) Мәтінің құрылымдық бөлімдері толық емес, қорытынды бөлімі жоқ.
[1]
7. Мәтіннің жанрын анықтап, жанрлық ерекшелігін дәлелдейтін 2 аспектіні анықтаңыз.
Мәтіннің жанры
Жанрлық ерекшелігін дәлелдейтін аспектілер 1. 2.
[3]
Жазылым
8. «Қазақ киносының қазіргі келбеті» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Мақалада тәуелдік және көптік жалғаулары мен сын есімдерді қолданыңыз.
[10]
Айтылым
Жағдаят: Сіз «Грантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды» деген мақаладан үзінді оқыдыңыз.
Тапсырма: Мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді 8-10 сөйлеммен білдіріңіз (сыныптасыңмен диалогке түсуге болады). Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз, интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
Г рантқа тапсырған түлектердің 80 пайызы сүйікті мамандығын таңдай алмайды
Ата-ана үшін де, түлекке де маңыздысы - тегін грантқа түсу. Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ.
Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады. Көңілі қалаған мамандыққа қолы жетпеген адамның болашақта жұмыс істеуге құлқы төмен болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.______________________________________________
[5]
12
Тыңдалым
Балл қою кестесі

Сұрақ Жауап Балл Жалпы балл

1 1-Ж 2-А 3-Е 4-В 5-С 6-Д (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл) 1 1 1 5
2 Құрылымдық жұмыссыздық Ықтимал жауаптар: бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілігі, білімі жоқ болғандықтан / білім, біліктілігі жоқ (білім алушының басқа да жауаптары ескеріледі) 1 1
13
Оқылым
Жалпы балл
Сұрақ Жауап Балл

3 Негізгі ақпарат Қазақстан химия өнеркәсібін дамыту үшін қажетті шикізатқа бай республика болып табылады. 3 (әр жауапқа 1 балдан) 10
Қосымша ақпарат Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы біздің елімізде бар.
Қосымша ақпарат Өндіріске 60-тан астам элемент тартылған.
Білім алушының басқа да баламалы жауаптары ескеріледі
4 Факті үшін сандық нақты мәліметтері бар сөйлемдер ықтимал жауаптар бола алады. Мысалы: Минерал шикізатының 1225 түрі / 493 кен орны және т.б. Көзқарас: Әрине, өндіріс қалдықтары мәселелері әлемді толғандырып, әлі де соңына дейін шешілмеген күйі қалып отыр. 2
5 Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудағы мүмкіндігінің зор екендігін жеткізу 1
6 Б 1
7 Мәтін жанры - ғылыми мақала. Жанрлық ерекшелігін танытатын аспектілер: 1. Риторикалық сұраулы сөйлем: Ал елімізде химия өнеркәсібін дамытуға қандай мүмкіндіктер бар? 2. Автордың қолдауын, пікіріне дәлел келтіру үшін қолданылған қыстырма сөздер: әрине, мәселен; 3. Тұрақты тіркестер: қанатын кеңге жайып келеді, тамырына балта шабу, көңіл қуантады; 4. Публицистикалық стиль жанрына сай ауыспалы осы шақтағы етістіктердің қолданылуы; 5. Автор ойын дәлелдейтін фактілік деректер (сандық, сапалық деректер). 1 2 (мақала жанрына сай кез келген 2 аспектіні анықтаған жағдайда)
14
Жазылым
Балл Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл) Тілі (5 балл)
5 Өте жақсы Жауап толық, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Жазба жұмысының құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады. Өте жақсы Жазба жұмысында тәуелдік және көптік жалғауларын сөздерде орынды қолданған. Сын есімдерді сөйлем мазмұнына қарай сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
4 Жақсы Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, өз пікірін келтіріп, қорытынды жасай алады Жақсы Тәуелдік және көптік жалғауларын көбіне сәйкес, орынды қолданады. Сын есімдерді сөйлемдерде қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді
3 Қанағаттанарлық Жазбада бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес. Қарапайым идеяларды жазғанымен, олар ашылмайды. Жазба жұмысында белгілі бір толыққанды жүйелі ой логикалық жағынан дамытылмаған Қанағаттанарлық Тәуелдік және көптік жалғауларын дұрыс жалғап қолданады, сын есімдерді сөйлемдерге қатыстырады, бірақ стильдік қолданысында қателіктер жібереді. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ қандай да бір ақпаратты түсінуге болады.
2 Төмен Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы сақталмайды, идеялар дамытылмайды. Төмен Сөздік қоры шектеулі, жеке сөздер мен сөз тіркестері, ішінара жай сөйлемдер жазылған. Қайталаулар көп, сөздік қоры мен сын есімдердің қолданысы жеткіліксіз. Тәуелдік және көптік жалғауларын жалғауда қателер жібереді. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
1 Өте төмен Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз. Өте төмен Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және орфографиялық қателіктер жіберген. Бұл мазмұнды түсінуге қиындық келтіреді.
0 Жауап жоқ Жауап жоқ
15
Айтылым
Жауап Балл
мақаладағы мәселе төңірегінде пікірін білдіреді (жұбына сұрақ қояды); 1
пікір білдіруде (сұраққа жауап беруде) дәлелдер келтіреді, толық сөйлемдермен жауап береді; 1
диалог мазмұнында сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады; 1
тыңдаушыға әсер ететін лексикалық құрылымдарды қолданады; 1
сөйлеу кезінде қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады. 1
Барлығы 5
16
ІІ ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым - 12 минут Оқылым - 13 минут Жазылым - 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі). Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап
сырма
Қамтыла тын мақсаттар
*Тапсырмаларға
сипаттама
*Тапсырма лар түрлері
*Орын
дау
уақыты,
мин
Балл
1
10.1.2.1 мәтінді
тыңдай отырып,
негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру;
10.1.4.1 поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;
10.1.5.1 мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін
аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау.
Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар 160-170 сөзден артық емес тыңдалым мәтінін (поэзиялық
шығарманы) 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындауға; мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді, астарлы ойды
анықтауға, негізгі идеяларды түсіндіруге бағытталған тапсырмаларды орындайды.___________
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
2
2
2
2
2
3
2
2
4
2
3
17
5 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын мәтін оқиды. Оқушылар негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын айқындайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 12 5
6 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз парағын жазу; 10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу; 10.4.6.1 сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу; 10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; 10.5.1.4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану; 10.5.1.5 мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдану. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген тақырыпта, жазба жұмысын (баспасөз парағы) орындайды. Мұғалім оқушының публицистикалық стильдің жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды, көркемдегіш құралдарды орынды қолдана алуын; сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білуін; мәтін құрауда сан есімдерді, есімдіктерді, есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдануын бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 15 10
18
7 10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру; 10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу; 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету. Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бірдей графиктік мәтіндер (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ұсынылады. Оқушылар ондағы ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып талдап, бір-біріне 3 сұрақтан қойып, сұрақтарға толық жауап береді. Оқушылар сұрақ қоюда және жауапта графиктік мәтіндердегі ақпараттарға сүйену керек. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес (Тоқсандағы әр тарауға графиктік мәтіндер дайындалады). Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Айтылым сабақтан тыс тексеріле ді, әр білім алушыға 3-4 минут беріледі. 5
Барлығы 30
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Аралым
Әуелеп ұшқан әнім де менің елші екен,
Таласып қалмай, анасын егіз емсе тең.
Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен.
Аралым арман толса екен,
Аққулар қайта қонса екен.
Ұл-қыздарыңның санасы Теңіздей терең болса екен!
Аралым қайта келсе екен,
Қазаққа ғана енші екен.
Арал жығылдың, тілеуін тәңір бере гөр!
Ерке толқыным, еркелеп маған келе гөр!
Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен,
Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер!
19
1. Әр шумақтан мәтіндегі негізгі идеяны айқындайтын 1 ақпаратты тауып жазыңыз.
1 Л2 Г3.
[3]
2. Мәтінде жалпыадамзатқа ортақ қандай мәселе көтеріледі? 2 сөйлеммен пікіріңізді жазыңыз.
[2]
3. «Сырдария мен Әмудария қосылып,
Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен» деген тіркестің астарлы мағынасы қандай?
2 сөйлеммен түсіндіріңіз.
[2]
4. Мәтіннің мазмұнын қысқаша 3 сөйлеммен жазыңыз.
Оқылым
Мұхитта да пластик қоқысты мекен етушілер бар
Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді.
Бірақ пластик қоқыстар - кейбір организмдердің мекені. Ғалымдар пластик үйінділерінде көптеген микробтар өсіп-дамитынын анықтап, оларды шартты түрде «пластисфера» деп атайды.
Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Қоқыстардың басым бөлігі мұхиттағы ең үлкен осы иірімге жиналып қалады.
Трейси Минсер, Вудс-Хол мұхиттану институтының микробиологі:
- Пластик заттардағы микробтар кездейсоқ жиналмаған сияқты, ол жерге әдейі ұйысқан тіршілік иелері деген болжам жасадық. Олар әр нәрсеге жабыса бермейді. Микробтар пластикке белгілі бір себепке байланысты шоғырланады.
Ғалымдар «Пластик заттарды жейтін балықтар ондағы улы заттарды сіңіре ме, жоқ па? Пластиктер қалай жойылады? Кішкентай бөлшектерге ыдырап кете ме?» деген сауалдар қояды.
Алдын ала зерттеу бойынша, микробиологтер пластикпен әрекеттесетін мыңға жуық микробты анықтаған. Енді ғалымдар микробтердің геномын зерттеп, «олардың расымен зияны бар ма, жоқ па?» деген сауалға жауап іздемек.
5. Кестені толтырыңыз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ.
негізгі ақпарат қосымша ақпарат факт көзқарас идея

20
[5]
Жазылым
6. Сіз отбасыңызбен Наурыз мейрамын тамашалауға бардыңыз. Мерекеде ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм таттыңыз. Наурыз мерекесінен алған әсеріңіз туралы «Наурыз - бірлік пен татулықтың, ізгіліктің мерекесі» тақырыбында қысқаша баспасөз парағын жазыңыз. Сөйлемдерде көркемдегіш құралдарды, сан есімдерді, есімдіктерді қолданыңыз. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуына назар аударыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз.
[10]
Айтылым
7. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып, жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрақтарына графиктік мәтіндердегі ақпараттарды негізге ала отырып жауап беріңіз.
21
Қала күні 50%
Женіс күні 77%
Бірлік күні 65%
Тәуелсіздік күні42%
Конститлня күні 32%
Үлыстың үлы күні 89%
Қазакстан халкы кан
мерекелерді думанлатып 0% 20% 40%60%80%100% тойлайды?
і«< аи»
мір *
[5]
22
Тыңдалым
Балл қою кестесі
Жалпы балл
Сұрақ Жауап Балл

1 1. Сырдария мен Әмудария қосылып, Қарт Аралыма сәлемін беріп келсе екен. 2. Аралым арман толса екен. 3. Ақ желкен келіп, айдынға қайта шықса екен Қайран да қайран, қайраңдап қалған кемелер! (Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары ескеріледі) 1 1 1 10
2 Арал теңізінің экологиялық апатқа ұшырауы. Теңіз суының тартылып, көлемінің азаюы 2
3 Сырдария мен Амудария өзендері Аралға құйса деген ой жатыр 2
4 Ықтимал жауап: Сырдария мен Амударияның суы Аралға құйылса, теңіз суы қалпына келер еді. Аралдың арнасы қайта толса, жоғалған аққулар мекеніне оралар еді. Бұрынғыдай Аралға қайтадан кемелер шығар еді. (Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары ескеріледі) 3
Оқылым
Әр бағандағы дұрыс жауап үшін 1 балл қойылады.
негізгі ақпарат қосымша факт көзқарас идея
ақпарат
Көрінген жерге тасталған қоқыс әлемдік мұхитты үлкен қоқыс қоймасына айналдыруда. Ең әуелі қоқыс үйіндісін жұтқан немесе соған шырмалып қалған балықтар мен теңіз жәндіктері зиян шегеді. Пластик құты немесе пакет АҚШ-тың шығыс жағалауынан Атлант мұхитының ортасындағы Саргасс теңізіне алты аптада жетеді. Бірақ пластик қоқыстар -кейбір организмдердің мекені. Қоқысты тастамау керек. Оның зиянын білу маңызды.
Ескерту: оқушы мәтіндегі кез келген негізгі, қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты қолдана алады.
23
Жазылым
Сұрақ Жауап Балл
1 публицистикалық стильде жазады; 1
2 жанрға тән тілдік құралдарды орынды қолданады; 1
3 тақырыпқа қатысты көркемдегіш сөздерді қолданады; 1
4 сан есімдердің мағыналық түрлерін қолданады; 1
5 есімдіктердің түрлерін қолданады; 1
6 есімше формалы етістіктерді сөйлемдерге қатыстырады; 1
7 тақырыпты ашады; 1
8 мәтін құрылымын сақтайды; 1
9 орфографиялық нормаға сай жазады; 1
10 сөйлемнің соңында және ортасында қойылатын тыныс белгілерді орынды. қолданады 1
Барлығы: 10
Айтылым
Сұрақ Жауап Балл
1 графиктік мәтін түрі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) бойынша үш сұрақ қояды; 3
2 сұрақ мазмұны үш мәтінді де қамтиды; 1
3 этикет мәнді сөздерді қолданып, сөйлеу әдебін сақтайды. 1
Барлығы: 5
24
III ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
III тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым - 10 минут Оқылым - 10 минут Жазылым - 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).
Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
25
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сырма Қамтыла тын мақсаттар *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырма лар түрлері *Орын дау уақыты, мин Балл
1 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну; 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 150 сөзден артық емес тыңдалым мәтінін (прозалық шығарманы) 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындауға; мәтін үзінділері бойынша болжам жасауға, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыруға, сөздердің мағынасын анықтауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар 2 2
2 2 2
3 2 2
4 2 1
5 2 3

6 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, эссе, тезис, интервью, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтінді оқиды. Оқушылар мәтіннің құрылымы, рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшелігін салыстырады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 10 5
7 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
26
эссе); 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу; 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе); 10.5.1.6 үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану; 10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану. жазба жұмысын (аргументативті эссе, шағын мақала) орындайды. Мұғалім сонымен қатар оқушының мәтін құрауда үстеуді, шылауларды орынды қолдануын бағалайды.
8 9 10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас-монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу; 10.2.3.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану. Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген жағдаят бойынша 4-5 минуттық монолог құрастырады. Сөйлеу кезіндегі интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Айтылым сабақтан тыс тексеріле ді, әр білім алушыға 4-5 минут беріледі. 5
Барлығы 30
27
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз.
«Әке, қалай бай адамға айналуға болады?». Әкем газеттен басын алып: «Балам, неге оны сұрадың?» - деді. «Мектептегі балалардың барлығы Майк екеуімізбен араласқысы келмейді, «сендер кедейсіңдер!» дегенді қайталай береді»...
1. Әкесі не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)?
[2]
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
«Ал, балам, егер бай болғың келсе, ақша табудың жолын үйрен!». «Ал мен қалай ақша табамын?» - деп сұрағанымда әкем: «Өз басыңмен ойлан», - деді де қоя салды.
Әдетте менің әкем: «Бірдеңені қаласаң, сол үшін жұмыс істе» дегенді қайталайтын. Ақыры мен Майкке әріптес болуды ұсындым, ол келісім берді, менің алғашқы бизнес әріптесіме айналды. Бай сыныптастарымызды еске түсіретінбіз...
2. Автор әріптесі Майкпен бай сыныптастарын қалай еске алуы мүмкін (2 сөйлем)?
[2]
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
... жүрегіміз ауырса да, оның бір пайдасы болатын, яғни жаңа ой, жаңа мотивация беретін. Алғашқы бизнес жоспарымыз құрдымға кеткен кезде, менің әкем күлімдеп: «Бай болғыларың келсе, Майктың әкесінен сұраңдар», - деді. Бірақ Майктың әкесі кейін ең бай адамға айналды.
Майктың әкесі бізге ақшаны қалай табудың жолын үйретемін деп уәде берді. «Тек маған жұмыс істейсіңдер, сонда ғана үйрете аламын. Мен көп сөйлеп, көп оқытпаймын, мен тәжірибеде көрсетемін», - деді. Басында еш нәрсені түсінбедік, бізді қанап, қинап жұмыс істетіп жатыр, өтірікші деумен болдым...
3. Майктың әкесі ақша табуды үйрете алды деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем).
[2]
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)?
[1]
5. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
1) бизнес әріптес-___________________________________________________________________________________
2) ақша табу-________________________________________________________________________________________
3) бизнес жоспар-____________________________________________________________________________________
[3]
28
Оқылым
Бейресми дерек көздерінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 43 млрд. тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар жинақталса, оның тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Елімізде қоқыс көп бола тұра, қоқыс өңдейтін зауыттар өндіріске жарамды шикізат таппай отыр дегенге сену қиын, бірақ бұл - шындық. Елімізде қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетінің жолға қойылмауы экологиялық әрі экономикалық ахуалға кері ықпалын тигізіп отыр. Әзірге республикамыздың түкпір-түкпірінде қоқыс полигондарын салып, қалдықтарды тау етіп үйгеннен әрі аса алмай отырмыз. Жердің өлшеулі екенін, ал кейбір қалдықтардың шіріндіге айналуы үшін жүздеген жылдар кететінін ескермейтініміз өкінішті-ақ...
Әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан? Мысалы, Швецияда қоқыс қалдықтары электр қуаты ретінде пайдаланылса, әлемнің ең таза елінің бірі саналатын Сингапурда қоқыстардың 90 пайызы қайта өңделеді. Дамыған елдердің бірқатарында қоқыс қалдықтарын қайта іске жарату экономика дамуының қозғаушы күшіне айналып, қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мысалы, Германияда күл-қоқыстың 30 пайызы, Жапонияда 30 пайызы, АҚШ-та 27 пайызы, ал Швейцарияда 25 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады. Әсіресе, Үндістанның 14 миллион тұрғыны бар Мумбай қаласында шығарылған қоқысты пайдаға асыруға жергілікті тұрғындар аянбай атсалысып, тұрақты кәсіп еткен. Ал біздің елде қалдықты сұрыптап, жаңа өнімдер алу әлі күнге дейін табыс көзіне айналмай отыр.
6. Мәтіннің стилі мен жанрын, жанрға тән тілдік ерекшеліктерді анықтап, мәтіннің құрылымын талдаңыз.
Талдау аспектілері Жауап
Мәтіннің стилі
Мәтіннің жанры
Жанрға тән тілдік ерекшеліктер 1.
2.
Мәтіннің құрылымы
[5]
29
Жазылым
7. Тақырыптардың бірін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз. Тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын ескеріңіз.
Қай тақырыпта жазатыныңызды көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (V) қойыңыз.
1 2 3 4
[10]
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда
«Қазақстан әлемдік нарықта қай салада көшбасшылық таныта алады?» деген тақырыпта газет бетіне шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне
«Билік басындағы әйел - бүкіл әлемге қатерлі» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар
Жергілікті газет бетіне өзіңіз тұратын жердегі қалдықтар мәселесі туралы шағын мақала жазыңыз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек
«Қоғамдағы көмекке мұқтаж адамдарға мемлекеттен гөрі халық көп қолдау көрсетеді» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды аргументативті эссе түрінде беріңіз. Жазба жұмысында үстеу мен шылауларды қолданыңыз.
Айтылым
8. Берілген тақырыптың бірін таңдап, 4-5 минуттық монолог дайындаңыз. Монолог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
• Табиғат - біздің анамыз, біз - табиғатқа панамыз!
• Гендерлік мәселе Қазақстанда бар ма?
• Адам құқығы - басты құндылық
• Қазақстанның әлемдік нарықтағы орны
[10]
30
Тыңдалым
Балл қою кестесі
Жалпы балл
Сұрақ Жауап Балл

1 Ықтимал жауап: «Балам, бай болғың келсе немесе кедей болғың келмесе, ақша табудың жолын үйрен!» -деп жауап берді. (Осыған ұқсас немесе басқа да білім алушының болжамы қабылданады) 2 10
2 Ықтимал жауап: Жүректері ауырып, көңілдері түседі, дегенмен ынталандыруға септігін тигізеді. (Осыған ұқсас басқа да құрылымдағы жауаптар қабылданады) 2
3 Ықтимал жауап: «Иә, үйрете алды деп ойлаймын, себебі тәжірибе арқылы көрсетті» / «Жоқ, үйрете алмады деп ойлаймын, себебі ештеңе түсіндірмеді» (Осыған ұқсас басқа да құрылымдағы жауаптар қабылданады) 2
4 Мәтінде көптеген адамдардың ақша табудың, оны көбейтудің көзін таппайтыны туралы әлеуметтік мәселе қозғалады. 1
5 Ықтимал жауаптар: 1) бизнес әріптес - белгілі бір кәсіпті бірлесіп жасайтын адам; 2) ақша табу - еңбек етіп табыс, қаражат табу; 3) бизнес жоспар - кәсіпті жүзеге асыру жолдары, әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. (басқа жауаптар ескеріледі) 1 1 1
Оқылым
Әр жауап 1 балмен бағаланады.
Талдау аспектілері Жауап
Мәтіннің стилі публицистикалық стиль
Мәтіннің жанры мақала
Жанрға тән тілдік ерекшеліктер Төмендегі ерекшеліктердің екеуін көрсетуіне болады: 1. Риторикалық сұрақ бар: әлемдік тәжірибеде қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу қалай қалыптасқан? 2. Мысалдар, қыстырма сөздер бар. 3. Жалқы есімдер, сандық фактілер, пікір, оны дәлелдеу бар. 4. Ауыспалы мағынадағы сөздер бар.
Мәтіннің құрылымы мәтін тек негізгі бөлімнен тұрады
31
Жазылым
Сұрақ Жауап Балл
1 жанрлық ерекшеліктерін сақтайды; 1
2 тақырыпқа қатысты тілдік құралдарды орынды қолданады; 1
3 тақырыпты ашады; 1
4 мәтін құрылымын сақтайды; 1
5 көзқарасын дәлелдеуде аргументтер мен фактілік деректерді қолданады;
6 үстеулерді қолданады; 1
7 шылауларды қолданады; 1
8 орфографиялық нормаға сай жазады; 1
9 сөйлемнің соңында және ортасында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады. 1
Барлығы: 10
Айтылым
Сұрақ Жауап Балл
1 берілген тақырыпты ашады; 1
2 сенімді және еркін сөйлейді; 1
3 жанрлық/типтік ерекшеліктерді (монолог) сақтайды; 2
4 интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады. 1
Барлығы: 5
32
IV ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Тыңдалым - 12 минут Оқылым - 13 минут Жазылым - 15 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі).
Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
33
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сырма Қамтыла тын мақсаттар *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырма лар түрлері *Орын дау уақыты, мин Балл
1 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну; 10.1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу; 10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар екі түрлі көзқарасты қамтитын 150 сөзден артық емес тыңдалым мәтінін 2 реттен тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оқушылар шығармада көтерілген мәселені айқындауға; екі түрлі көзқарасты салыстыруға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелдеуге; мәтін үзіндісі негізінде болжам жасауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Толықтыруды қажет ететін тапсырма Жазбаша жауапты қажет ететін сұрақтар 3 3
2 4 3
3 2 2
4 3 2

5 10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден артық емес ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтінді оқиды. Оқушылар мәтіннің жанрына, құрылымына, тілдік құралдарына, мақсатты аудиториясына талдау жасайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 7 3
6 3 1
7 3 1
34
8 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе); 10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу 10.5.2.2 құрмалас сөйлемдердің (аралас) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану. Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының қажетті клишерлер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануын; көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдей алуын, құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануын бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 15 10
9 10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру. Тапсырма жеке орындалады. Оқушы графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстырып, ауызша мәтін құрастырып, ортақ идеяны түсіндіреді. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Айтылым сабақтан тыс тексеріле ді, әр білім алушыға 4-5 минут беріледі. 5
Барлығы 30
35
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Тілші: Біз Қазақстан сандық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында қала тұрғындарынан сұхбат алған болатынбыз.
Тілші: Сәлеметсіз бе, біздің қазақстандықтардың сандық сауаттылығына қандай баға берер едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім - Ерасыл. Менің ойымша, қазақстандықтардың басым бөлігі - сандық сауатты азаматтар. Оған дәлелім де бар. Жақында ғана теледидардан осыған қатысты жаңалық естідім. Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда интернет желісімен халықтың 72%-ы қамтылған екен, ал халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайтын көрінеді. Қазақстандағы электронды сауданың дамыған түрлеріне әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобильді байланыс қызметтерінің төлемі, коммуналды төлемдерді төлеу, теміржол билеттерінің электронды сатылымын жатқызуға болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы - электронды сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар кезекті көп көрмейтін боламыз.
Тілші: Сіздіңше, біздің еліміздің тұрғындары сандық тұрғыдан сауатты ма?
Сұхбат беруші: Менің атым - Айша. Меніңше, сандық сауаттылығы бар азамат -сандық коммерцияны пайдалана алатын, оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер алу қабілетіне ие, интернет картасын пайдалана білетін, интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орната алатын адам. Ал біздің қоғам қандай? Өткенде жалақымды алайын деп банкке кірсем, банкомат алдында есікке дейін кезек тұр, көптеген азаматтарымыз ақшаны қалай шешу керектігін білмей, банк қызметкерлеріне өтініш етуде. Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?
1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
[3]
Сөздер: электронды/банкоматтан/банк цызметкерлерінен/ көпшілігі/
1) Менің ойымша, қазақстандықтардың __________________________________ - сандық
азамат.
2) Тұтынушыларға арналған бағдарламалар сауданың дамуына
мүмкіндік береді.
3) Халық _____________________ ақша шеше алмағандықтан, .........................
көмек сұрайды.
2. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен беріңіз.
Сұхбат берушілер пікірі [1]
1 -сұхбат беруші
2-сұхбат беруші
Ұқсастығы [1] Айырмашылығы [1]

[3]
3. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
36
[2]
4. «Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?» деген сауал арқылы Айша не айтқысы келді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
й
Оқылым
Денсаулық - адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Алайда ол мәңгілікке берілмейді. Оны сақтау үшін ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз денсаулықты ұзақ сақтау қиын.
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтерді, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60%-ы өмір тіршілігіне, 20%-ы - тұқым қуалаушылыққа, 20%-ы -сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?
Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.
Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.
5. Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

[3]
6. Мәтінде қандай сөйлем автордың көзқарасын білдіреді?
[1]
37
7. Автор идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
[1]
Жазылым
8. Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (^) қойыңыз.
1 2
1) «Дені сау ұрпақ - қоғамның қуатты күші» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
2) «Қазақстандағы сандық сауаттылықты қалай көтеруге болады?» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
[10]
Айтылым
9. Графиктік мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып, ауызша мәтін құраңыз, ортақ идеясын түсіндіріңіз.
[5]
Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы
38
ДҰРЫС ТАМАҚТАМУ ЖвНІНДЕГР Н£
39
Тыңдалым
Балл қою кестесі
Жалпы балл
Сұрақ Жауап Балл

1 1) Менің ойымша, қазақстандықтаодың көпшілігі -сандық азамат. 2) Тұтынушыларға арналған бағдаоламалао электронды сауданың дамуына мүмкіндік береді. 3) Халық банкоматтан ақша шеше алмағандықтан, банк қызметкерлерінен көмек сұрайды. 3 10
2 Сұхбат берушілер пікірі 3
Ерасылдың пікірінше, қазақстандықтар сандық тұрғыдан сауатты. Айшаның пікірінше, қазақстандықтар сандық тұрғыдан сауаты төмен.
Екі сұхбат беруші бір сұрақ төңірегінде ой бөлісуде. Бірі сандық дерек келтірсе, екіншісі анықтама беріп, өмірден мысал келтіреді.
3 Ықтимал жауап: «Мен Айшаның пікіріне келісемін, себебі өмірден нақты дәлел келтіреді / Мен Айшаның пікіріне келіспеймін, себебі сандық сауаттылық пайызы өте жоғары» «Мен Ерасылдың пікіріне келісемін, халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайды / Мен Ерасылдың пікіріне келіспеймін, себебі банкте кезекке тұру әлі де бар» (Білім алушының басқа да жауаптары ескеріледі) 2
4 Ықтимал жауап: Айшаның айтқысы келгені қоғам сандық сауаттылыққа, білімді жетілдіруге талпынуы керек. Сандық сауатты халық заман талаптарына тез бейімделеді (осыған ұқсас жауаптар қабылданады). 2
40
Оқылым
Жалпы балл
Сұрақ Жауап Балл

5 3 5
Негізгі ақпарат Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде
Қосымша ақпарат 1. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет.
2. Әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.
Ескерту: оқушы мәтіндегі басқа да ақпараттарды негізгі және қосымша ақпарат деп қарастыруы мүмкін.
6 Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. 1
7 Жастардың денсаулығына зиян келтіретін фактілер арқылы денсаулықты бағалай білуге шақырады. 1
Жазылым
Сұрақ Жауап Балл
1 жанрлық ерекшеліктерін сақтайды; 1
2 тақырыпқа сай лексикалық минимумды қолданады; 1
3 ұсынылған клишелерді қолданады; 1
4 көркемдегіш құралдарды қолданады; 1
5 ойын құрмалас сөйлемдермен жеткізеді; 1
6 аргументтер мен фактілік деректер келтіреді; 1
7 тақырыпты ашады; 1
8 мәтін құрылымын сақтайды; 1
9 орфографиялық нормаға сай жазады; 1
10 пунтуациялық нормаға сай жазады. 1
Барлығы: 10
Айтылым
Сұрақ Жауап Балл
1 графиктік мәтіндерге ортақ ой айтады; 1
2 әр мәтіндегі ақпараттың ерекшелігін айтады; 1
3 негізгі идеясын түсіндіреді; 1
4 ойын логикалық бірізділікпен жеткізеді; 1
5 орфоэпиялық нормаға сай сөйлейді. 1
Барлығы: 5
41
 
Верх