СОЧ Казахский язык и литература 6 класс Суммативное оценивание

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ тілі»
(екінші тіл)
пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы
6-сынып

Мазмұны

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты ................ Ошибка! Закладка не определена.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттарОшибка! Закладка не

определена.

3. Күтілетін нәтижелер ..................................................... Ошибка! Закладка не определена.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі................................................................................................. 4

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі........................... Ошибка! Закладка не определена.

6. Модерация және балл қою .......................................... Ошибка! Закладка не определена.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........ Ошибка!

Закладка не определена.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................... 14

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................... 21

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 28

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша кіріктірілген білім беру бағдарламасы,
оқыту орыс тілінде жүретін негізгі мектепке арналған оқу бағдарламасы (6-10 сыныптар)

3. Күтілетін нәтижелер

- Ауызша және жазбаша сөзді меңгерген, қойылған мақсаттарға сәйкес немесе
проблемаларды шешу үшін қажетті ақпаратты алу, іріктеу, өңдеу және беру үшін сөйлеу
әрекетінің тәсілдерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қолданады;
- оқу процесінде де күнделікті өмірде берілген контекске сәйкес үш тілде ауызша және
жазбаша түрде өз ойын, идеяларын шығармашылықпен жеткізеді;
- кез келген өмірлік жағдайда қарым-қатынасқа түсе білу үшін, өзінің қоршаған болмысқа
эмоционалдық-құндылықты көзқарасын білдіру үшін коммуникативтік дағдыларын
дамытады;
- қоршаған болмысты танып-білу, түрлі проблемаларды шешу кезінде өз ұстанымын негіздеу
құралы ретінде тілдің құндылығын жете түсінеді;
- әлемнің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі ретінде ұлттық және әлем әдебиетін бағалай
алады және оларды өзінің дамуы мен жетілуіне негіз деп біледі.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар Ойлау Тапсырмалар сипаттамасы Сұрақтар
тобы дағдылары түрі
ның деңгейі

Тыңдалым Білу және - мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды Таңдауды
түсіну ақпаратты түсінеді; және қысқа
- мәтіннен арнайы ақпаратты алады; ж
ауапты
- терминдерді, әлеуметтік-тұрмыстық,
қажет ететін
Қолдану әлеуметтік-мәдени мәтіннің негізгі
сұрақтар
бөліктерін түсінеді;
- фактілер мен пікірлерді ажыратады;
Жоғары деңгей - мәтіннің мазмұнын бағалайды;
дағдылары - әртүрлі стильдегі және жанрдағы
мәтіндердің негізгі проблемаларын
айқындайды;
- мәтінде айтылған деректер мен
құбылыстар, оқиғалар арасындағы
байланыстар мен қарым-қатынастарды
анықтайды;
-иллюстрациялар/негізгі
сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша
айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

4 ЖОБА

Оқылым - тақырыптар бойынша мәтіндердің Оқылым
мазмұнын түсінеді; негізінде
таңдауды,
- әртүрлі дереккөздерден қажетті
ысқа
ақпаратты алады; қ
ауапты,
- мәтінге сыни тұрғыдан баға береді; ж
толық
-мәтіннің мазмұнын талдайды және
ауапты
жинақтайды; ж
қажет ететін
- шығарманың тақырыбын, идеясын,
сұрақтар
проблемасын, автордың көзқарасын
салыстырады;
- оқу стратегияларын пайдаланады.

Жазылым - тілдік құралдарды пайдаланады; Жазбаша
және тілдік - әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі толық
бағдар мәтіндерді жазады; жауапты
- ақпараттар арқылы проблемалық қажет ететін
сипаттағы мәтіндер жазады; сұрақтар
- мәтін негізінде сызбалар, кестелер,
диаграммалар жасайды;
- белгілі бір тақырып бойынша жоспар
жасайды;
- әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің
мазмұнын салыстырады талдайды және
бағалайды;
- орфографиялық және грамматикалық
нормаларды сақтайды.

Айтылым - талқылайды, өзінің пікірін білдіреді, Ауызша
- тақырыптар аясында диалогке қатысады; толық
- мақсатты аудиторияға арнап монолог жауапты
құрады; қажет ететін
- тақырып бойынша ақпаратты талдайды сұрақтар
және жинақтайды;
- айтылған ойды бағалайды;
- сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің
лексикалық және грамматикалық
құралдарын пайдаланады.

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін
болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе
карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды
оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

5 ЖОБА

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып
қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар
тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек
беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап
отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып,
қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде
бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою
кестесіне сәйкес тексеру қажет.

6 ЖОБА

1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30

Тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -
тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап Қамтылатын *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсыр*ОрыБалл
сырма мақсаттар малар ндау
түрлері уақыт
ы, мин
1 6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің Тапсырма жеке орындалады. Көп 2 1
бастапқы бөлігін тыңдау арқылы Оқушылар тақырыпқа таңдауы
2 тақырыпты және көтерілетін қатысты тыңдалым мәтінін 2 бар 2 1
мәселені болжау рет тыңдайды. сұ
рақтар
Мәтінді тыңдау барысында
6.5.2.1 - тыңдалған мәтіннің
3 Қысқа 2 1
мазмұнды түсінуге
негізгі мазмұнын түсіну, негізгі
жауапты
4 2 1
бағытталған бірінші, екінші
және қосымша ақпараттарды
қажет
әне үшінші тапсырмаларда
анықтау ж
ететін
рыс 1 жауапты белгілейді. сұ
6.1.3.1 - тұрмыстық-әлеуметтік дұ
рақтар
Төртінші тапсырмада мәтінді
тақырыптарға байланысты жаңа
5 Толық 2 1
тыңдау барысында берілген
сөздер мен тірек сөздердің
жауапты
параттардың «шын», қ
мағынасын түсіну ақ
ажет
«жалған» екенін табады. е
6.3.5.1 - қосымша ақпарат
тетін
Мұғалім оқушының мәтін
көздерінен тақырыпқа
сұрақтар
мазмұнын түсінгенін
байланысты мәліметтерді мәтін
алайды. Мәтіннің
мазмұнымен салыстыру, қарама-бағ
змұнына негізделген
қайшы ақпараттарды анықтау ма
апсырмада бос орындарға
6.3.4.1 - мәтіндердің т
қажетті сөздерді тауып қояды,
тақырыбына, мазмұндық
берілген сұраққа мәтін
құрылымына сүйене отырып,
азмұнына қарай жауап
түрлерін салыстыру м
жазады.
6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі және
жанама ақпаратты анықтау,
өмірдегі кейбір жағдаяттармен
байланыстыру
6.3.6.1 - тақырып бойынша
үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген
мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру

7 ЖОБА

6 6.5.1.2 - лексикалық мағынасы Тапсырма жеке орындалады. Қысқа 2 1
жағынан заттың сипатын, Оқушылар тақырыпқа жауапты
көлемін, салмағын, аумағын қатысты 130-150 сөзден қажет
білдіретін сын есімдерді ажырата тұратын мәтінді оқиды. ететін
7 білу, жазба, ауызша жұмыстарда Бірінші тапсырмада берілген сұрақтар 2 1
қолдану тұжырымдардан екі «шын»
ақпаратты анықтайды.
6.4.3.1 - жазба жұмыстарында
8 Көп 2 1
теңеу, эпитет сөздерін қолданып
Екінші тапсырмада берілген
таңдауы
9 2 1
жазу с
өздердің мәтіннен антоним,

6.5.1.3 - реттік сан есімдер мен
синонимін табады.Үшінші бар
сұрақтар
жинақтық сан есімдерді жазба,
тапсырмада берілген тұжырым
10 Толық 2 1
ауызша жұмыстарда орынды
сөйлемдерді рет-ретімен
ауапты
қолдану о
рналастырады. Төртінші
ж
ажет
6.2.2.1 -тақырып бойынша
тапсырмада оқушы берілген қ
ететін
диалогті бастау, жалғастыру,
сөйлемге қажетті сөзді қойып,
сұрақтар
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен т
олықтырады. Бесінші ашық
сөйлеу этикеті формаларын білу с
ұраққа мәтіннің мазмұнын
6.2.3.1 - ауызша мәтіндер
басшылыққа алып жауап
құрауда хабарлы сөйлемдердің
береді.
интонациялық ерекшелігін
Мұғалім оқушының мәтін
ескеріп айту м
азмұнын түсінгенін, сөздік
6.2.5.1 – коммуникативтік
қорын орынды пайдалана
жағдаят бойынша диалогке
алуын, өмірдегі жағдаяттарға
қатысушылар өзара түсінісіп,
өз көзқарасын білдіре алуын
ойларын толықтырып отыру бағ
алайды.

11 Тапсырма жеке орындалады. Жазбаша 20 10
Оқушылар берілген екі толық
тапсырманың бірін таңдап, жауапты
жазба жұмысын орындайды. қажет
Мұғалім оқушының жазба ететін
жұмысында стильді сақтауын, сұрақтар
қосымшаларды дұрыс
жалғауын, сөйлем соңындағы
тыныс белгілерді, реттік сан
есімдер мен жинақтық сан
есімдерді орынды қолдануын
бағалайды.
12 Тапсырма жұпта орындалады. Ауызша Айтыл10
Екі оқушыға бөлімдерге толық ым
қатысты ортақ тақырып жауапты сабақт
беріледі (тақырып жазылған қажет ан тыс
қағаздарды оқушы өзі ететін тексер
таңдайды). Жұптағы сұрақтар іледі,
оқушылар берілген тақырып әр
бойынша 4 минут диалогке білім
түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 алуш
сөйлем айту керек). ыға 2
минут
Мұғалім оқушының берілген
беріле
тақырыпты түсініп, соған
ді.
қатысты жұбына сұрақтар
қоюын, сұрақтарға лайық
жауап беруін бағалайды. Екі
оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес.
Барлығы: 40 30
минут балл

8 ЖОБА

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары

Тыңдалым
Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған
кереметтердің бірі. Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала
тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын,
адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан
басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол
болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-
ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын
азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек.
Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын
сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда.
Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені
қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп
өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да
туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
A) Отан, отбасы, бала, тәрбие,
B) Отан, бала, мақал-мәтелдер
C) Отан, ұлттық дәстүр, ұя
D) Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби [1]

2. «Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.
A) Барлық адамдар отбасынан шыққан.
B) Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.
C) Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.
D) Отанның келешегі отбасында қаланады. [1]

3. Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А) Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ

В) Отбасындағы бала тәрбиесін гаджеттер ауыстыруда

C) Әл-Фараби барлығы сыйластықтан басталады деген

[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
/сыйластықтан, тәрбиеден, салттан, әкеден, отбасынан/

Отан ____________________________________ басталады. [1]

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Отбасының бала тәрбиесіне қатысы қандай?
_______________________________________________________________ [1]

9 ЖОБА

Оқылым
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл –
қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде
қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол
ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол
ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі –
бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани
маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт,
ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып
барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза
ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ
тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ
көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым Шын Жалған

А Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.

В Қалада халық көп, көшелері у да шу.

С Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Бүгіннен (антоним) - ______________________________________ [1]

Қолы ашық (синоним) - ______________________________________ [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.

Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.

«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».

[1]
5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Ауыл адамдары қандай?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]

10 ЖОБА

Жазылым

Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен
қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және
барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.

2. Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің
де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың
бір мүшесін сипаттап жазыңыз.

3. Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер
еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз
ойыңызды жазыңыз. [10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8
сөйлем). Диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар
1. Сіз үшін отбасының маңызы қандай?
2. Отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?
3. Сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? Неліктен?
4. Қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
5. Өзіңіз тұратын мекеннің қандай артықшылығы бар?
6. Қазақстанда қандай таулар бар? Олар туралы не білесіз?
7. Тауға саяхат жасаған дұрыс па? Сіз ұнатасыз ба?

11 ЖОБА

Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 А 1 5

2 Д 1

3 В 1

4 отбасынан 1

5 Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, 1
адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейді

Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 А 1 5

2 Бүгіннен - ежелден (антоним) 1

3 Жомарт - қолы ашық (синоним) 1

4 Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы. 1
«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік»
Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.

5 Қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, 1
мейірімді

Жазылым

Балл Мазмұны мен тіл сапасы

9-10 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық
сәйкес келеді. Ойын жүйелі жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы
жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді.
Ойын жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

5-6 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға
тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер

12 ЖОБА

жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы
шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.
Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар
өте көп кездеседі.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер
көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10 Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға,
тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық
нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды
түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы
жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

5-6 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

1-2 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар
кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз
қайталаулар өте көп.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі
кездеседі.

13 ЖОБА

2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30
Тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -
тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап Қамтылатын *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырма *ОрындБалл
сырмақсаттар түрлері ау
ма уақыты,
мин
1 6.1.5.1 - тірек сөздер, Тапсырма жеке орындалады. Көп 2 1
жетекші сұрақтар, мәтін Оқушылар тақырыпқа қатысты таңдауы
2 2 1
тақырыбы арқылы негізгі 110-130 сөзден тұратын бар
ойды анықтау тыңдалым мәтінін 2 рет
сұрақтар
3 ыңдайды. Қ
6.1.3.1 - тұрмыстық - т
ысқа 2 1
Мәтінді тыңдау барысында
әлеуметтік тақырыптарға
жауапты
4 2 1
мазмұнды түсінуге бағытталған
байланысты жаңа сөздер мен
қажет
бірінші, екінші және үшінші
тірек сөздердің мағынасын
ететін
апсырмаларда дұрыс 1
түсіну т
сұрақтар
5 жауапты белгілейді. Т
6.1.6.1 – тыңдалым
олық 2 1
Төртінші тапсырмада мәтінді
материалдарының мазмұны
жауапты
тыңдау барысында берілген
негізінде шынайы өмірмен
қажет
параттардың «шын», е
байланыстырып жауап беру ақ
тетін
«жалған» екенін табады.
6.3.6.1 - тақырып бойынша
сұрақтар
Мұғалім оқушының мәтін
үйренген сөздерін қолдана
мазмұнын түсінгенін
отырып, мәтінде көтерілген
бағалайды.
мәселені шынайы өмірмен
әтіннің мазмұнына
байланыстыру М
негізделген тапсырмада бос
6.3.3.1 - орта көлемді
орындарға қажетті сөздерді
шығармаларды түсіну,
тауып қояды, берілген сұраққа
тақырыбы мен негізгі ойды
әтін мазмұнына қарай жауап
анықтау м
жазады.
6.3.1.1 - мәтіндегі негізгі
және жанама ақпаратты
анықтау, өмірдегі кейбір
жағдаяттармен
байланыстыру
6.3.4.1 - мәтіндердің
тақырыбына, мазмұндық
құрылымына сүйене
отырып, түрлерін салыстыру

14 ЖОБА

6 6.5.1.4 - өздік, болымсыздық, Тапсырма жеке орындалады. Қысқа 2 1
белгісіздік, жалпылау Оқушылар тақырыпқа қатысты жауапты
7 2 1
есімдіктерін жазба, ауызша 130-150 сөзден тұратын мәтінді қажет
жұмыстарда орынды оқиды. Бірінші тапсырмада ететін
қолдану берілген тұжырымдардан екі
сұрақтар
8 «шын» ақпаратты анықтайды. Кө
6.4.5.1 - жазба
п 2 1
жұмыстарында сөйлем
Екінші тапсырмада берілген
таңдауы
9 2 1
соңында қойылатын тыныс
сөздердің мәтіннен антоним,
бар
белгілерді орынды қолдану с
инонимін табады. Үшінші сұ
рақтар
6.5.1.5 - етістіктің
тапсырмада берілген тұжырым
10 Толық 2 1
шақтарының (нақ осы шақ)
сөйлемдерді рет-ретімен
жауапты
қызметін білу, ауызша және
орналастырады. Төртінші
қажет
жазба жұмыстарда қолдану т
апсырмада оқушы берілген
ететін
6.4.2.1 - эссе тақырыбының
сөйлемге қажетті сөзді қойып,
сұрақтар
желісінен шықпай, әрбір
толықтырады. Бесінші ашық
абзацты жүйелі
сұраққа мәтіннің мазмұнын
құрастырып, қажетті
басшылыққа алып жауап
мазмұнын ашып жазу бер
еді.
6.2.2.1 - тақырып бойынша
Мұғалім оқушының мәтін
диалогті бастау,
мазмұнын түсінгенін, сөздік
жалғастыру, аяқтаудың
қорын орынды пайдалана
ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу
алуын, өмірдегі жағдаяттарға
этикеті формаларын білу ө
з көзқарасын білдіре алуын
6.2.5.1 - коммуникативтік
бағалайды.
жағдаят бойынша диалогке
11 Тапсырма жеке орындалады. Жазбаша 20 10
қатысушылар өзара
Оқушылар берілген екі толық
түсінісіп, ойларын
апсырманың бірін таңдап, жауапты
толықтырып отыру т
жазба жұмысын орындайды. қажет
6.2.3.1 - ауызша мәтіндер
Мұғалім оқушының жазба ететін
құрауда лепті сөйлемдердің
жұмысында стильді сақтауын, сұрақтар
интонациялық ерекшелігін
осымшаларды дұрыс
ескеріп айту қ
жалғауын, сөйлем соңындағы
6.2.1.1 - тура және ауыспалы
тыныс белгілерді, өздік,
мағынадағы сөздерді
болымсыздық, белгісіздік,
қолдану, ойын әсерлі,
алпылау есімдіктерін орынды
мазмұнды жеткізу ж
қолдануын бағалайды.
12 Тапсырма жұпта орындалады. Ауызша Айты 10
Екі оқушыға бөлімдерге толық лым
қатысты ортақ тақырып жауапты сабақ
беріледі (тақырып жазылған қажет тан тыс
қағаздарды оқушы өзі ететін уақытта
таңдайды). Жұптағы оқушылар сұрақтар бағалан
берілген тақырып бойынша 4 ады, әр
минут диалогке түседі (әр білім
оқушы диалогтe 6-8 сөйлем алушы
айту керек). ға
2 минут
Мұғалім оқушының берілген
беріледі
тақырыпты түсініп, соған
қатысты жұбына сұрақтар
қоюын, сұрақтарға лайық жауап
беруін бағалайды. Екі
оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес.
Барлығы: 40 30
минут балл

15 ЖОБА

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары

Тыңдалым

Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін
қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу
үшін Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келді. Ол елімізді аралап, желдің соғу
бағытына зерттеу жұмысын жүргізген.
Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар
бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші
бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының
маңайында болады. Осы жобаны жүзеге асыруға Вашингтондағы Әлемдік қоршаған ортаны
қорғау тәуелсіз ұйымы екі миллион доллар қаржы бөлген.
Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды
облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да
орны ерекше. Бейресми ақпаратта көрсетілгендей, жыл сайын мал шаруашылығы саласында
құрғақ күйінде 22,1 млн. тонна қалдық болады екен. Сонымен бірге, 17,7 млн. өсімдік
қалдығын жарату мүмкіндігі бар.
Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын
су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын
пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр
станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Ауыл, зерттеу, топырақ
В) Отан, бала, қала
С) Станциялар, зерттеу, қаржы
Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту
В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу
С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу
Д) Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу [1]

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А Қазақстанға БҰҰ өкілі Гордон Джонсон арнайы келмеген

В Жетісу өлкесінде бұрын бес шағын су электр станциясы
пайдалануға берілген

C Бізде су қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама
бар

[1]

16 ЖОБА

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/жетіспейтін, тәрбиеден, салттан, көп, арзан/

Су көзі __________________ аймақтар жел қуатын пайдалану керек. [1]

5. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз.
Жел станциялары қай жерлерде кездеседі?
_______________________________________________________________ [1]

Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында
Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және
залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша
репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын
М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы
музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера»
театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі.
Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен
театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан
орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен
техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250
орынға есептелген.

1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым Шын Жалған

А «Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера
театры болып табылады

В Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде
ашылды

С «Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол
жағалауында орналасқан

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

жапты (антоним) - _____________________________________ [1]

биік (синоним) - ____________________________________ [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Опера және балет театры - әлемнің аса сәулетті театрларының бірі

Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты

Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады

[1]

17 ЖОБА

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.

1. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды.
Сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? Жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді
күнделік етіп жазыңыз.

2. Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген
мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз
ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.

3. Қазақстан қорықтары
Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба? Өз
ойыңызды аргументтермен дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.
[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз. (6-8
сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар
1. Еліміздегі бір қорық туралы айтып беріңіз.
2. «Қызыл кітап» не үшін қажет?
3. Астана «мәдениетті қала» деген пікірмен келісесіз бе?
4. Елордадағы бір өнер ордасы туралы айтып беріңіз.
5. Біздің халық қуат көзін дұрыс үнемдеп жатыр ма?
6. Қуат көзін үнемдеудің пайдасы бар ма? Неліктен?

18 ЖОБА

Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 С 1 5

2 А 1

3 В 1

4 жетіспейтін 1

5 Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 1
және Қарағанды облысында

Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 В 1 5

2 Биік-асқақ (синоним) 1

3 Жапты –ашты (антоним) 1

4 Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен 1
салтанатты түрде ашты
Опера және балет театры әлемнің аса сәулетті
театрларының бірі
Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры
болып табылады

5 «Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының 1
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен
ашылды

Жазылым

Балл Мазмұны мен тіл сапасы

9-10 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық
сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды
қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді.
Ойын жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

5-6 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға

19 ЖОБА

тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер
жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы
шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.
Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар
өте көп кездеседі.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер
көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Бал Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10 Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға,
тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық
нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды
түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы
жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасындақателер жібереді.

5-6 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

1-2 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар
кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан , сөз
қайталаулар өте көп.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі
кездеседі.

20 ЖОБА

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30
Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -
тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*ТаҚамтылатын мақсаттар *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсыр*ОрындБалл
псма ау
ыруақыты,
лар
ма түрлері мин
1 6.1.6.1 – тыңдалым Тапсырма жеке орындалады. Көп 2 1
материалдарының мазмұны Оқушылар тақырыпқа қатысты таңдауы
негізінде шынайы өмірмен 110-130 сөзден тұратын бар
байланыстырып жауап беру тыңдалым мәтінін 2 рет
2 сұрақтар 2 1
3 тыңдайды. Қ
6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің
ысқа 2 1
Мәтінді тыңдау барысында
бастапқы бөлігін тыңдау арқылы
жауапты
4 2 1
мазмұнды түсінуге бағытталған
тақырыпты және көтерілетін
қажет
рінші, екінші және үшінші
мәселені болжау бі
ететін
тапсырмаларда дұрыс 1
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші
сұрақтар
5 жауапты белгілейді. Т
сұрақтар, мәтін тақырыбы
олық 2 1
өртінші тапсырмада мәтінді
арқылы негізгі ойды анықтау Т
жауапты
ыңдау барысында берілген
6.1.3.1 -тұрмыстық-әлеуметтік т
қажет
ақпараттардың «шын», е
тақырыптарға байланысты жаңа
тетін
«жалған» екенін табады.
сөздер мен тірек сөздердің
сұрақтар
ғалім оқушының мәтін
мағынасын түсінy Мұ
мазмұнын түсінгенін
6.3.1.1 Мәтіндегі негізгі және
бағалайды.
жанама ақпаратты анықтау,
Мәтіннің мазмұнына
өмірдегі кейбір жағдаяттармен
егізделген тапсырмада бос
байланыстыру н
рындарға қажетті сөздерді
6.3.4.1 - мәтіндердің о
тауып қояды, берілген сұраққа
тақырыбына, мазмұндық
мәтін мазмұнына қарай жауап
құрылымына сүйене отырып,
азады.
түрлерін салыстыру ж
6.3.3.1 - орта көлемді
шығармаларды түсіну, тақырыбы
мен негізгі ойды анықтау
6.3.6.1 - тақырып бойынша
үйренген сөздерін қолдана
отырып, мәтінде көтерілген
мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру

21 ЖОБА

6 6.3.1.1 - мәтіндердің стильдік Тапсырма жеке орындалады. Қысқа 2 1
ерекшелігін сақтай отырып, Оқушылар тақырыпқа қатысты жауапты
7 2 1
мінездеме жазу 130-150 сөзден тұратын мәтінді қажет
оқиды. Бірінші тапсырмада ететін
6.3.5.1 - жазба жұмыстарында
берілген тұжырымдардан екі
сөзге қосымша жалғауда үндестік
сұрақтар
8 «шын» ақпаратты анықтайды. Кө
заңын ескеріп, орфографиялық
п 2 1
нормаға сай дұрыс жазу Е
кінші тапсырмада берілген
таңдауы
9 2 1
6.5.1.5 - етістіктің шақтарының
сөздердің мәтіннен антоним,
бар
(жедел өткен шақ) қызметін білу,
синонимін табады. Үшінші сұ
рақтар
ауызша және жазба жұмыстарда
Тапсырмада берілген тұжырым
10 Толық 2 1
қолдану сө
йлемдерді рет-ретімен
жауапты
6.4.3.1 - жазба жұмыстарында
орналастырады. Төртінші
қажет
теңеу, эпитет сөздерін қолданып
тапсырмада оқушы берілген
ететін
жазу сө
йлемге қажетті сөзді қойып,
сұрақтар
6.4.5.1 - жазба жұмыстарында
толықтырады. Бесінші ашық
сөзге қосымша жалғауда үндестік
сұраққа мәтіннің мазмұнын
заңын ескеріп, орфографиялық
басшылыққа алып жауап
нормаға сай дұрыс жазу бер
еді.
6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік
Мұғалім оқушының мәтін
ерекшелігін сақтай отырып,
мазмұнын түсінгенін, сөздік
күнделік жазу қ
орын орынды пайдалана
6.2.2.1 - тақырып бойынша
алуын, өмірдегі жағдаяттарға
диалогті бастау, жалғастыру,
өз көзқарасын білдіре алуын
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен бағ
алайды.
11 сөйлеу этикеті формаларын білу Т
апсырма жеке орындалады. Жазбаша 20 10
6.2.5.1 - коммуникативтік
Оқушылар берілген екі толық
жағдаят бойынша диалогке
тапсырманың бірін таңдап, жауапты
қатысушылар өзара түсінісіп,
жазба жұмысын орындайды. қажет
ойларын толықтырып отыру Мұ
ғалім оқушының жазба ететін
6.2.1.1 - тура және ауыспалы
жұмысында стильді сақтауын, сұрақтар
мағынадағы сөздерді қолдану, қ
осымшаларды дұрыс
ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу ж
алғауын, сөйлем соңындағы
6.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда
тыныс белгілерді, етістіктің
бұйрықты сөйлемдердің
шақтарының (жедел өткен
интонациялық ерекшелігін
шақ) қызметін орынды
ескеріп айту қ
олдануын бағалайды.
12 Тапсырма жұпта орындалады. Ауызша Айтыл10
Екі оқушыға бөлімдерге толық ым
қатысты ортақ тақырып жауапты сабақта
беріледі (тақырып жазылған қажет н тыс
қағаздарды оқушы өзі ететін уақытта
таңдайды). Жұптағы оқушылар сұрақтар бағалан
берілген тақырып бойынша ады, әр
білім
4 минут диалогке түседі (әр
алушығ
оқушы диалогтe 6-8 сөйлем
2
айту керек). а
минут
Мұғалім оқушының берілген
беріледі
тақырыпты түсініп, соған
.
қатысты жұбына сұрақтар
қоюын, сұрақтарға лайық жауап
беруін бағалайды. Екі
оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес.
Барлығы: 40 30
минут балл

22 ЖОБА

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары

Тыңдалым
Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы
57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы
Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып,
7 млн-нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты
техника дамиды екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген
сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады. Бұл
ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі. Сонымен бірге,
ортаға жылдам бейімделу және сабыр, жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік,
тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар
қажет болады. Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты
сапалы білім.
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық түрлері бойынша
кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне
қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің
еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны
13 пайыздан аспайды.

1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) ЖОО, мамандық, болашақ
В) Жұмысбастылық, еңбек, білім
С) Адамдар, білім, студент
Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.
А) Мамандық түрлері туралы
В) ЖОО туралы статистика
С) Студенттерді оқыту
Д) Болашақ мамандықтар туралы [1]

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 100-ден астам
мамандық түрлері бойынша кадрлар даярлайды.

В Болашақта 180 жаңа мамандық дүниеге келеді

C Жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, білімін үнемі арттыру
сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады.

[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/алмастырады, алады, оқытады, даярлайды/
Сарапшылардың айтуынша болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт
төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын __________________. [1]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Ең алдымен қандай қасиеттерге көңіл бөлінеді?
_______________________________________________________________ [1]

23 ЖОБА

Оқылым

Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы
нда дүниеге келген
- қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы,
2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы
Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан
шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы
Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек. Жеңіс оңайлықпен
келмейді. Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс. Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл,
тәжірибе де аса қажет.
Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді. Қазір Данияр үйленген. Отбасы,
балалары бар. Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды. Бүгінгі таңда боксшы
отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр. Ал туған ағасы шетелде тұрады.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым Шын Жалған

А Бас кейіпкердің туған ағасы бар

В 2010 жылы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанады

С Отбасылы. Қазіргі кезде еліміздің бас қаласында тұрып жатыр

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

қиындықпен (антоним) - _________________________________________ [1]

көп сөйлемейтін (синоним) - ______________________________________ [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды

Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу керек

Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді

[1]
5. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Боксшы болу үшін қандай қасиеттер қажет?

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

24 ЖОБА

1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада
чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек
көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.

2. Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі.
Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп
ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз. [10]

Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8
сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз. [10]

Ұсынылатын тақырыптар
1. Қазіргі кезде климаттың өзгеруіне адамдардың әсері бар ма?
2. Спортшы болғыңыз келеді ме? Неліктен?
3. Қандай олимпиада жеңімпаздарын білесіз?
4. Ұлы Жібек жолының өткен жерлерін айтып беріңіз.
5. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлес қоса алды ма?
6. Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?

Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 А 1 5

2 Д 1

3 С 1

4 алмастырады 1

5 Ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ерекше 1
басымдық беріледі.

Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 В 1 5

2 көп сөйлемейтін (синоним) - тұйық 1

3 қиындықпен (антоним) - оңайлықпен 1

4 Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді 1
Боксшы болу үшін көп еңбектеніп, тер төгіп жаттығу
керек
Ата-анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды

5 1
Боксшы үшін тек күш емес, айла мен тәсіл, тәжірибе де
аса қажет.

Жазылым

Балл Мазмұны мен тіл сапасы

9-10 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес
келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары,
стильдік қолданысы өте дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын
жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

5-6 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға

26 ЖОБА

тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер
жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы
шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба
жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте
көп кездеседі.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп
болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10 Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға,
тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.
Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық
нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды
түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы
жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасындақателер жібереді.

5-6 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық
минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық
нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

3-4 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.

1-2 Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап
беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар
кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан , сөз
қайталаулар өте көп.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі
кездеседі.

27 ЖОБА

4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент -
тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*ТапҚамтылатын *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырма *Орындау Балл
сырмақсаттар лар түрлері уақыты,
ма мин
1 6.1.5.1 - тірек сөздер, Тапсырма жеке орындалады. Көп таңдауы 2 1
жетекші сұрақтар, Оқушылар тақырыпқа қатысты бар сұрақтар
мәтін тақырыбы 110-130 сөзден тұратын
2 2 1
арқылы негізгі ойды тыңдалым мәтінін 2 рет

3 анықтау тыңдайды. Қ
ысқа 2 1
6.1.1.1 - тірек сөздер, Мәтінді тыңдау барысында
жауапты
мәтіннің бастапқы мазмұнды түсінуге бағытталған
қажет ететін
4 2 1
бөлігін тыңдау арқылы бірінші, екінші және үшінші
сұрақтар
тақырыпты және тапсырмаларда дұрыс
5 Т
лық 2 1
көтерілетін мәселені
1 жауапты белгілейді. о
жауапты
болжау Т
өртінші тапсырмада мәтінді
қажет ететін
6.1.3.1 - тұрмыстық - т
ыңдау барысында берілген
рақтар
әлеуметтік
ақпараттардың «шын», сұ
тақырыптарға
«жалған» екенін табады.
байланысты жаңа
Мұғалім оқушының мәтін
сөздер мен тірек
мазмұнын түсінгенін
сөздердің мағынасын
бағалайды.
түсіну
6.3.3.1 - орта көлемді
шығармаларды түсіну,
тақырыбы мен негізгі
ойды анықтау
6.3.4.1 -Мәтіндердің
тақырыбына,
мазмұндық
құрылымына сүйене
отырып, түрлерін
салыстыру
6 Тапсырма жеке орындалады. Қысқа 2 1

28 ЖОБА

7 6.4.3.1 - жазба Оқушылар тақырыпқа қатысты жауапты 2 1
жұмыстарын-да теңеу, 130-150 сөзден тұратын мәтінді қажет ететін
эпитет сөздерін оқиды. Бірінші тапсырмада сұрақтар
қолданып жазу берілген тұжырымдардан екі
өп таңдауы 2 1
8 шын» ақпаратты анықтайды. К
6.4.1.1 - мәтіндердің «
бар сұрақтар
стильдік ерекшелігін
Екінші тапсырмада берілген
9 2 1
сөздердің мәтіннен антоним,
сақтай отырып,
инонимін табады. Үшінші
өмірбаян жазу с
10 Толық 2 1
апсырмада берілген тұжырым
6.5.1.7 - себеп-Т
жауапты
сөйлемдерді рет-ретімен
салдарлық қатынасты
қажет ететін
орналастырады. Төртінші
білдіретін
сұрақтар
тапсырмада оқушы берілген
жалғаулықтардың
сөйлемге қажетті сөзді қойып,
қызметін білу, ауызша
толықтырады. Бесінші ашық
және жазба
сұраққа мәтіннің мазмұнын
жұмыстарда орынды
ылыққа алып жауап
қолдану басш
береді.
6.4.2.1 - эссе
Мұғалім оқушының мәтін
тақырыбының
мазмұнын түсінгенін, сөздік
желісінен шықпай,
қорын орынды пайдалана
әрбір абзацты жүйелі
алуын, өмірдегі жағдаяттарға
құрастырып, қажетті
з көзқарасын білдіре алуын
мазмұнын ашып жазу ө
бағалайды.
6.2.1.1 - тура және
ауыспалы мағынадағы
апсырма жеке орындалады. Жазбаша 20 10
11 сөздерді қолдану, Т
Оқушылар берілген екі толық
ойын әсерлі, мазмұнды
апсырманың бірін таңдап, жауапты
жеткізу т
жазба жұмысын орындайды. қажет ететін
Мұғалім оқушының жазба сұрақтар
жұмысында стильді сақтауын,
қосымшаларды дұрыс
жалғауын, сөйлем соңындағы
тыныс белгілерді, себеп-
салдарлық қатынасты білдіретін
жалғаулықтардың қызметін
орынды қолдануын бағалайды.
12 Тапсырма жұпта орындалады. Ауызша Айтылым 10
Екі оқушыға бөлімдерге толық сабақтан
қатысты ортақ тақырып жауапты тыс
беріледі (тақырып жазылған қажет ететін уақытта
қағаздарды оқушы өзі сұрақтар алынады,
таңдайды). Жұптағы оқушылар әр білім
берілген тақырып бойынша 4 алушыға 2
минут диалогке түседі (әр минут
оқушы диалогтe 6-8 сөйлем беріледі.
айту керек).
Мұғалім оқушының берілген
тақырыпты түсініп, соған
қатысты жұбына сұрақтар
қоюын, сұрақтарға лайық жауап
беруін бағалайды. Екі
оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес.
Барлығы: 40 минут 30
балл

29 ЖОБА

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары

Тыңдалым
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.

1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.
А) Қар, үсік, аяз, боран
В) Ақ киім, тамақ, үй
С) Адамдар, білім, еңбек
Д) Зерттеу, адамдар, күш [1]

2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
А) Көктем мезгілі
В) Жаз мезгілі
С) Жыл мезгілі
Д) Күз мезгілі
[1]
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

А Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді

В Қыс мезгілін суреттейді

C Күз мезгілін суреттейді

[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.
/алмастырады, алады, оқытады, шайқалды /
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй__________________.
[1]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Автор аязды қалай суреттейді?

30 ЖОБА

_______________________________________________________________ [1]

Оқылым

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс
кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың
ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен
инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт
қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде
денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала
ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте
пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған
қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып
жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан
антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара
шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді
жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз.
Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым Шын Жалған

А Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз

В Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс

С Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек
салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
зиянды (антоним) - _______________________________________ [1]

жиналған (синоним) - _______________________________________ [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).

Мәтіндегі ақпараттар Реті

Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана
сатып алыңыз

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін
сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы

Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды
тексертіп алыңыз

[1]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн?

31 ЖОБА

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[1]

Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында
қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Қазақ ұлттық қолөнері
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда.
Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.

2. Саяхат және туризм
Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына
саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз?
Қандай қызықты оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.

3. Абайды оқы, таңырқа!
Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың
өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.
[10]

Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8
сөйлем). Диалог құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің
интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]
Ұсынылатын тақырыптар
1. Абайдың қандай өлеңдерін білесіз? Өлең туралы айтып беріңіз.
2. Адамға саяхат пайдалы ма? Неліктен?
3. Қазақ ұлттық қолөнерін дамыту үшін не қажет?
4. Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?
5. Қазақстанда туризмді дамытуға қандай қолайлы жерлер бар?

Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 А 1 5

2 С 1

3 В 1

4 шайқалды 1

5 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 1
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ Жауап Балл Жалпы
балл

1 В 1 5

2 зиянды (антоним) - пайдалы 1

3 жиналған (синоним) - шоғырланған 1

4 Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды 1
тексеріп алыңыз
Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау
керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы
Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден
сатып алыңыз

5 Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ішіңіз 1

Жазылым

Балл Мазмұны мен тіл сапасы

9-10 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес
келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары,
стильдік қолданысы өте дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

7-8 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын
жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

33 ЖОБА

5-6 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға
тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер
жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3-4 Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы
шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп
болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1-2 Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба
жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте
көп кездеседі.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп
болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.

Айтылым

Балл Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы

9-10 Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға
жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы
мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.
Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

Верх