СОР Казахский язык и литература 6 класс Суммативное оценивание

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
(екінші тіл)
6-сынып



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі
(екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ,
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі
ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды
өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау
бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.




Шартты белгілер

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына
қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды
(мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.


М А З М Ұ Н Ы


1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ..................4

«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................4

«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау .............................................................................................................7



2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ.................10

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........10

«Қазақстан қорықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................14



3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ.................17

«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .............................17

«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»

бөлімдері бойынша жиынтық бағалау..........................................................................20



4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ................23

«Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..............................23

«Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» бөлімдері бойынша

жиынтық бағалау............................................................................................................27


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Отан отбасынан басталады»

ыңдалым
Сөйлеу әрекетінің түрлері Т
Айтылым

ірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау
6.1.1.1.Т
қылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау
Оқу мақсаты ар
6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

• Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты,
мәселені болжайды

• Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі


инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.


Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар
отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – адам баласының өсіп-
өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы
қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Тірек сөздер:





Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-
бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан
Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың
құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.
Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-
шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Тірек сөздер:





Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені
тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше
ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Тірек сөздер:




Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да,
ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй,
әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.
Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті
атасын үнемі айтып отырған.
Тірек сөздер:





2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.


Тақырып: _______________________________



3. Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым
мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.




Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы

Мәтін бөліктері, тірек мәтін бөліктеріндегі ең маңызды 1
сөздер негізінде тақырыпты 1-2 тірек сөздерді анықтайды; 1
болжайды 1
1

тірек сөздердің негізінде мәтінге 1
тақырып қояды;

Диалогке қатысуда сөз тақырып төңірегінде диалогке 1
әдебі мен сөйлеу этикеті 3 қатысады;
формаларын қолданады д
иалог мазмұнында тірек сөздерді 1
қолданады.

Барлық балл 7



«Отан отбасынан басталады» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Мәтін бөліктері, тірек Мәтін бөліктеріндегі ең Мәтін бөліктеріндегі ең Мәтін бөліктеріндегі ең
сөздер негізінде маңызды тірек сөздерді маңызды тірек сөздерді маңызды тірек сөздерді дұрыс
тақырыпты болжайды анықтауда, тірек сөздердің анықтауда, тірек сөздердің анықтайды, тірек сөздердің
негізінде мәтінге тақырып негізінде мәтінге тақырып негізінде мәтінге тақырып
қоюда қиналады қоюда қателеседі қояды


Диалогқа қатысуда сөз Тақырып төңірегінде диалогке Тақырып төңірегінде диалогке Тақырып төңірегінде диалогке
әдебі мен сөйлеу этикеті қатысуда, диалог мазмұнында қатысуда, диалог мазмұнында қатысады, диалог мазмұнында
формаларын қолданады тірек сөздерді қолдануда тірек сөздерді қолдануда тірек сөздерді қолданады
қиналады қателіктер жібереді




Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры»
ылым
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқ
Жазылым

тіндердің тақырыбына, мазмұндық
Оқу мақсаты 6.3.4.1. Мә
құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай
отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу
6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін
Бағалау критерийі •
салыстырады
• Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян
жазады
• Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.

1-мәтін
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Дүкенде тұрып ұрысты.
Бәтеңке шықты айғайлап:
Айту керек дұрысты!
Сен екеуің кімсіңдер,
Мені айтындар мүлік деп,
Құр мақтанып жүрсіндер,
Жұрт та сырттан күліп көп.
...Білмейсіндер, өмірге
Кім пайдалы, кім мықты,
Кәне, екеуің жеңіл де,
Мойындаңдар шындықты.
...Таласты олар ұзақ түн,
...Кетті айтыс ұзап тым,
Бір бітімге келмеді...
Бақта оянды әнші құс,
Ай да қалғып барады.
Шымқай тартты күн шығыс,
Алтын арай тарады.
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Жатыр әлі айғайлап...

7
ЖОБА

Бірін-бірі мінеді,
Керкілдесті, керісті.
Жүгінетін біреуді,
Табалық деп, келісті.


2-мәтін
Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау – табиғаты әсем Қазақ
жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-
күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…
Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты – ауасы
таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп.
Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде
– орман, аңғарында – шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің,
асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау
аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін
де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.


Салыстыру аспектілері

1-мәтін 2-мәтін

Стилі

Жанры

Мәтін түрі


2. Мәтіндерге ат қойыңыз.

1-мәтін 2-мәтін





3. Жанрлық ерекшелігін сақтап, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. Реттік сан
есімдерді қолданыңыз.


Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы

Мәтіндердің стильдік, мәтіндердің стилін анықтайды; 1
жанрлық ерекшелігін, түрін 1-2
әтіндердің жанрын 1
салыстырады м
ықтайды;
ан
мәтіндердің түрін анықтайды; 1

мәтіндерге сай тақырып қояды. 1

Күнделік, мінездеме, жанрлық ерекшелігіне сай 1
түсініктеме, өмірбаян 3 өмірбаян жазады; 1
жазады. өм
ірбаян мазмұнында кем 1
Реттік, жинақтық сан
дегенде 2-3 реттік сан есімді
есімдерді қолданады қ
олданады.

Барлық балл 7





8
ЖОБА

«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика



Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Мәтіндердің стильдік, Мәтіндердің стилін, жанрын, Мәтіндердің стилін, жанрын, Мәтіндердің стилін, жанрын,
жанрлық ерекшелігін, түрін анықтауда, мәтіндерге түрін анықтауда, мәтіндерге түрін анықтайды, мәтіндерге
түрін салыстырады мазмұнға сай ат қоюда мазмұнға сай ат қоюда мазмұнға сай ат қояды
қиналады қателеседі



Күнделік, мінездеме, Өмірбаянның жанрлық Өмірбаянның жанрлық Жанрлық ерекшелігі толық
түсініктеме, өмірбаян ерекшелігін сақтап жазуда, ерекшелігін сақтап жазуда, сақталған өмірбаян жазады,
жазады. реттік сан есімдерді реттік сан есімдерді қолдануда реттік сан есімдерді қолданады
Реттік, жинақтық сан қ
олдануда қиналады қателеседі
есімдерді қолданады




2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы»

ыңдалым
Сөйлеу әрекетінің түрлері Т
Айтылым

ұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
6.1.3.1 Т
аңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Оқу мақсаты ж
6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі
бойынша әңгіме құрастыру


Бағалау критерийі •
Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің
мағынасын ашады
• Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме
құрастырады


олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі


инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма

1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен
сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен).

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары
салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел,
берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт
болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы
болашағына көз тігеді», – деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен
көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін
сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар,
әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық
дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған.
Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып
түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы
туындысы – Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан – Сара»
операсымен салтанатты түрде ашты.


(а) Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше ...............................
көркем.

(b) «Астана Опера» өзінің ....................... қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады.

(с) «Біржан – Сара» операсы салтанатты түрде театрдың .............................. ашты.


10
ЖОБА

2. Мәтіннен ең маңызды 5 тірек сөзді жазыңыз.








3. Суреттердің, тірек сөздердің көмегімен Астанадағы Қала күні мерекесінің тойлануы
туралы досыңызға әңгімелеңіз.




ұлт аспаптар оркестері ұлттық өнер









мерекелік концерт өнер тарландары









мерекелік отшашу ұлттық қолөнер көрмесі





Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы


Тақырыпқа қатысты сөздер көп нүктенің орнына сөйлем 1
мен тірек сөздердің 1 мазмұнына сай қажетті сөзді 1
мағынасын ашады орналастырады; 1


Тірек сөздерді қолданып, 2 мәтін мазмұнындағы ең маңызды 5 1
сюжетті суреттерге әңгіме тірек сөзді анықтайды;
құрастырады 3 т
ақырыпқа сай ауызша әңгіме 1
қ
ұрастырады; 1

әңгіме мазмұнында суреттер мен 1
тірек сөздерді қолданады.

Барлық балл 7





































12
ЖОБА

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Тақырыпқа қатысты Көп нүктенің орнына сөйлем Көп нүктенің орнына сөйлем Көп нүктенің орнына сөйлем
сөздер мен тірек мазмұнына сай қажетті сөзді мазмұнына сай қажетті сөзді мазмұнына сай қажетті сөзді
сөздердің мағынасын орналастыруда қиналады орналастыруда қателеседі орналастырады
ашады


Тірек сөздерді Мәтін мазмұнындағы ең Мәтін мазмұнындағы ең Мәтін мазмұнындағы ең
қолданып, сюжетті маңызды тірек сөздерді маңызды тірек сөздерді маңызды тірек сөздерді
суреттерге әңгіме анықтауда, тақырыпқа сай анықтауда, тақырыпқа сай анықтайды.
құрастырады ауызша әңгіме құрастыруда, ауызша әңгіме құрастыруда, Тақырыпқа сай ауызша әңгіме
әңгіме мазмұнында суреттер әңгіме мазмұнында суреттер құрастырады. Әңгіме
мен тірек сөздерді қолдануда мен тірек сөздерді қолдануда мазмұнында суреттер мен тірек
қиналады қателеседі сөздерді қолданады













13
ЖОБА

Бөлім «Қазақстан қорықтары»

Оқылым
Сөйлеу әрекетінің
азылым
түрлері Ж

әтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау,
6.3.1.1. М
ірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру
Оқу мақсаты өм
6.4.2.1. Эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты
жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу
6.5.1.5. Етістіктің шақтарының (нақ осы шақ, ауыспалы осы
шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ) қызметін білу,
ауызша және жазба жұмыстарда қолдану


Бағалау критерийі •
Негізгі және жанама ақпараттарды өмірдегі
жағдаяттармен байланыстырады

• Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады
• Эссе мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен
шақты қолданады

оғары деңгей дағдылары
Ойлау дағдыларының Ж
деңгейі


инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Төмендегі тапсырманы орындаңыз.


Қазақстан қорықтары
«Қорық» сөзі – өте көне ұғым. Ол Киев Русінің тұсында аң аулауға қатаң тыйым
салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. Қорық – үкіметтің қорғауында болатын
табиғи кешен, жер не су кеңістігі. Ол - сирек кездесетін тіршілік иелерін сол қалпында
сақтауға арналған, ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті – қорғауға
алынған ағзалардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру. Қорық аумағын
шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық - қорғалатын аумақ қана емес,
сонымен қатар, табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме. Мұнда саны
сиреп бара жатқан жануарлар мен азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру
мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары
белгіленеді.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-
орын алады. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан
табиғаты үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау қоғамы
өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

1. Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтаңыз.



Негізгі ақпараттар



1.


2.




14
ЖОБА

2. Мәтіннен жанама ақпараттарды анықтаңыз.



Жанама ақпараттар



1.


2.



3. «Қызыл кітап – тірі жан тимесін деп, Хайуанатқа берілген қызыл мандат», - деген
Қадыр Мырза Әлі сөзін қалай түсінесіз? Ойыңызды айтып, шағын эссе жазыңыз. Эссе
мазмұнында ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданыңыз.


Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы


Негізгі және жанама мәтіндегі 2 негізгі ақпаратты 1
ақпараттарды өмірдегі 1 анықтайды; 1
жағдаяттармен

байланыстырады м
әтіндегі 2 жанама ақпаратты 1
ан
ықтайды; 1

Тақырыпқа сай құрылымы эссе құрылымын сақтап жазады;
сақталған эссе жазады 2 кіріспе 1
н
егізгі 1
қорытынды 1

эссе мазмұнында тақырыпты 1
ашады;

Эссе мазмұнында 3 эссе мазмұнында осы шақ пен 1
ауыспалы осы шақ пен жедел өткен шақты қолданады.
жедел өткен шақты
қолданады


Барлық балл 9



















15
ЖОБА

«Қазақстан қорықтары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Негізгі және жанама Мәтіндегі 2 негізгі, 2 жанама Мәтіндегі 2 негізгі, 2 жанама Мәтіндегі 2 негізгі, 2 жанама
ақпараттарды өмірдегі ақпаратты анықтауда ақпаратты анықтауда қателеседі ақпаратты анықтайды
жағдаяттармен қиналады
байланыстырады


Тақырыпқа сай Тақырыпты ашуда, Тақырыпты ашуда, құрылымын Эссе мазмұны тақырыпқа сай,
құрылымы сақталған құрылымын сақтауда сақтауда қателеседі құрылымын сақтап жазады
эссе жазады қиналады


Эссе мазмұнында Эссе мазмұнында осы шақ пен Эссе мазмұнында осы шақ пен Эссе мазмұнында осы шақ пен
ауыспалы жедел өткен шақты жедел өткен шақты қолдануда жедел өткен шақты
осы шақ пен жедел қолдануда қиналады қателеседі қолданады
өткен шақты
қолданады












16 ЖОБА

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Болашақ мамандықтары»

Тыңдалым
Сөйлеу әрекетінің
тылым
түрлері Ай

ыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы
Оқу мақсаты 6. 1.6.1 Т
өмірмен байланыстырып жауап беру
6.2.2.1. Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу


Бағалау критерийі •
Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады
• Тақырыпқа қатысты диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын қолданады

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар

ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да
ала келді. Адам баласы естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының
түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын
қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен
шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай
мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
 бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін
маман;
 логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
 промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен
шұғылданатын өкіл;
 супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды
айқындайтын маман;
 веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
 копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
 коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
 интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
 девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге
асырумен шұғылданатын маман;
 сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;
 джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды
сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
 рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен
шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,
девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те


17 ЖОБА

солай. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен
бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы,
Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы
бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған
қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда
болған, тың кәсіптер.

1. Мамандықтар мен олардың қызметіне қысқаша түсініктеме беріңіз.

Мамандықтар Қызметі


бренд-менеджер

промоутер

супервайзер

интервьюер

сомелье

веб-мастер

копирайтер

девелопер

рецепшеонист


2. Қазіргі замандағы сұранысқа ие мамандықтар қандай? Оның себебін қалай түсіндіресіз?

3. Жұбыңызбен «Болашақ мамандықтары: кім боламын?» тақырыбында диалог
құрастырыңыз. Диалогте сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.


Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы

Мәтін мазмұнын мәтін мазмұны бойынша әр 1
өмірмен байланыстырып 1 мамандықтың атқаратын қызметін 1
айтады бір сөйлеммен айтады; 1
с
ұранысы жоғары мамандықтар 1
2 туралы ақпарат береді;

мамандықтардың сұранысқа ие болу 1
себептерін ашып көрсетеді;

Тақырыпқа қатысты тақырып төңірегінде жұбымен 1
диалог құрауда сөз әдебі 3 диалогке қатысады;
мен сөйлеу этикеті
диалогте сөз әдебі мен сөйлеу 1
формаларын қолданады э
тикеті формаларын қолданады.

Барлық балл 7














18 ЖОБА



«Болашақ мамандықтары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________


қу жетістігі деңгейі
Бағалау О
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Мәтін мазмұнын өмірмен Мәтін мазмұны бойынша әр Мәтін мазмұны бойынша әр Мәтін мазмұны бойынша әр
байланыстырып айтады мамандықтың атқаратын мамандықтың атқаратын мамандықтың атқаратын
қ
ызметін, сұранысы жоғары қызметін, сұранысы жоғары қызметін, сұранысы жоғары
мамандықтар мен олардың мамандықтар мен олардың мамандықтар мен олардың
сұранысқа ие болу себептерін сұранысқа ие болу себептерін сұранысқа ие болу себептерін
айтуда қиналады түсіндіруде қателеседі түсіндіреді



Тақырыпқа қатысты Тақырып төңірегінде жұбымен Тақырып төңірегінде жұбымен Тақырып төңірегінде жұбымен
диалог құрауда сөз әдебі диалогке қатысуда, диалогте диалогке қатысуда, диалогте диалогке еркін қатысады.
мен сөйлеу этикеті сөз әдебі мен сөйлеу этикеті сөз әдебі мен сөйлеу этикеті Диалогте сөз әдебі мен сөйлеу

формаларын қолданады формаларын қолдануда формаларын қолдануда этикеті формаларын қолданады
қиналады қателіктер жібереді













19 ЖОБА

Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»

Оқылым
Сөйлеу әрекетінің
азылым
түрлері Ж

рта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі
6.3.3.1. О
йды анықтау
Оқу мақсаты о
6.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша
постер, сызба-кестелер жасау


Бағалау критерийі •
Мәтін мазмұнына сай тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды

• Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, постер, сызба-
кесте жасайды

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі

инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген
керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек
Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті.
Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-
ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай,
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас
орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн
секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы»
дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар
саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді
мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы
дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне
қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең
көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып,

.
сауда қарым-қатынасын орнататын

1. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды
анықтаңыз.

Ақпараттар Дұрыс Бұрыс



Көне Түркістан қаласы
қазір туризм аймағы.

Жібек жолы - Батыс пен
Шығыстың арасын
жалғаған сауда жолы.

Отырар базарларында
тауарларды сатуға, айырбас


20 ЖОБА

жасауға болады.

2. Мәтінге ат қойып, идеясын анықтаңыз.

Мәтіннің тақырыбы (сөз тіркесі) Мәтіннің идеясы (1сөйлем)





3. «Қазақстандағы жер байлығы» тақырыбында мәліметтер жинақтап, постер жасаңыз.




Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы


Мәтін мазмұнына сай 1 мәтін мазмұнына сай келетін 1
тақырып қояды, негізгі 2 тұжырымды анықтайды; 1
ойды анықтайды 2 м
әтін тақырыбын анықтайды; 1

н
егізгі ойды анықтайды; 1

Тақырып бойынша 3 берілген тақырып бойынша 1
мәліметтерді жинақтап, мазмұнды постер жасайды; 1
постер, сызба-кесте
мазмұнында өткен ақпараттарды 1
жасайды қо
лданады.

Барлық балл 7





«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Мәтін мазмұнына сай Мәтін мазмұнына сай келетін Мәтін мазмұнына сай келетін Мәтін мазмұнына сай келетін
тақырып қояды, негізгі 2 тұжырымды, тақырыбын, 2 тұжырымды, тақырыбын, 2 тұжырымды, тақырыбын,
ойды анықтайды негізгі ойды анықтауда негізгі ойды анықтауда негізгі ойды анықтайды
қиналады қателеседі


Тақырып бойынша Тақырып бойынша постер Тақырып бойынша постер Тақырып бойынша мазмұнды
мәліметтерді жинақтап, жасауда, өткен ақпараттарды жасауда, өткен ақпараттарды постер жасайды, ақпараттарды
постер, сызба-кесте қолдануда қиналады қолдануда қателеседі қолданады
жасайды




4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»

Тыңдалым
Сөйлеу әрекетінің
тылым
түрлері Ай

ірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы
6.1.5.1. Т
егізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты н
6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі
бойынша әңгіме құрастыру


Бағалау критерийі •
Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы
арқылы анықтайды

• Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

олдану
Ойлау дағдыларының Қ
деңгейі


инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Абай «Жаз»


Жаздыгүн шілде болғанда, Қыз-келіншек үй тігер,
Көгорай шалғын, бәйшешек Бұрала басып былқылдап,
Ұзарып өсіп толғанда, Ақ білегін сыбанып,
Күркіреп жатқан өзенге Әзілдесіп сыңқылдап.
Көшіп ауыл қонғанда. Сабадан қымыз құйдырып,
Шұрқырап жатқан жылқының Ортасына қойдырып
Шалғыннан жоны қылтылдап, Жасы үлкендер бір бөлек
Ат, айғырлар, биелер Әзілдесіп сылқылдап.
Бүйірі шығып, ыңқылдап, Көлеңке қылып басына,
Суда тұрып шыбындап, Кілем төсеп астына,
Құйрығымен шылпылдап, Салтанатты байлардың
Арасында құлын-тай Самаурыны бұрқылдап.
Айнала шауып бұлтылдап, Мылтық атқан, құс салған.
Жоғары-төмен үйрек, қаз Жас бозбала бір бөлек
Ұшып тұрса сымпылдап. Су жағалап қутыңдап.




1. Мәтіннен жаз мезгілінің сипатын білдіретін 3 тірек сөзді жылқының аяқтарына жазыңыз.
Өлеңдегі негізгі ойды жылқының денесіне жазыңыз.




2. Сұрақтарға өлең мазмұны бойынша жауап беріңіз.


Сұрақ Жауап

Үлкендер немен айналысады?

Қыз-келіншектер үйді қандай көңіл күймен
тігеді?

Бозбалалар жазда немен айналысады?



3. Суреттер бойынша «Жаз мезгіліндегі жайлаудағы демалыс» тақырыбында әңгіме
құрастырыңыз.
Тірек сөздер: жайлауға көшу, киіз үй тігу, өзенге шомылу, аққулар, мол дастарқан, самаурын
қайнату, әңгіме-дүкен құру, қой бағу, атқа міну




Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы


Негізгі ойды тірек жаз мезгілінің сипатын 1
сөздер, жетекші 1 танытатын 3 тірек сөзді 1
сұрақтар, мәтін анықтайды; 1
тақырыбы арқылы

анықтайды ө
леңдегі негізгі ойды 1
1
сөйлеммен жеткізеді;

сұрақтарға өлең мазмұны 1
2 бойынша жауап береді; 1
1

Тірек сөздерді сурет пен тірек сөздердің 1
қолданып, сурет 3 көмегімен әңгіме құрстырады; 1
бойынша әңгіме
әңгіме құрылымын сақтайды.
құрастырады 1

Барлық балл 10


«Абайды оқы, таңырқа!» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________



Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Негізгі ойды тірек Өлең мазмұнында жаз мезгілін Өлең мазмұнында жаз мезгілін Өлең мазмұнында жаз мезгілін
сөздер, жетекші сипаттайтын тірек сөздерді сипаттайтын тірек сөздерді сипаттайтын тірек сөздерді
сұрақтар, мәтін анықтауда, өлеңдегі негізгі анықтауда, өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Өлеңдегі негізгі
тақырыбы арқылы ойды жеткізуде, сұрақтарға жеткізуде, сұрақтарға өлең ойды жеткізеді. Сұрақтарға
анықтайды өлең мазмұны бойынша жауап мазмұны бойынша жауап өлең мазмұны бойынша жауап
б
еруде қиналады беруде қателеседі береді


Тірек сөздерді Сурет пен тірек сөздердің Сурет пен тірек сөздердің Сурет пен тірек сөздердің
қолданып, сурет көмегімен құрылымы көмегімен құрылымы сақталған көмегімен құрылымы
бойынша әңгіме сақталған әңгіме құрастыруда әңгіме құрастыруда қателеседі сақталған әңгіме құрастырады
құрастырады қиналады




Бөлім «Қазақ ұлттық қолөнері»

ылым
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқ
Жазылым

ақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана
Оқу мақсаты 6.3.6.1 - т
отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен
байланыстыру
6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір
абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

оғары деңгей дағдылары
Ойлау дағдыларының Ж
деңгейі

Негізгі мәселені өмірмен байланыстыруда тақырыпқа
Бағалау критерийі •
қатысты сөздерді қолданады
• Тақырыпқа қатысты құрылымы сақталған эссе жазады

инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Тілші:
- Шиелілік қыз-келіншектер соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін қайта
жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған бағалы
бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер бұйымдары.
Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
- Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет, қамзол,
көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан жасалған
экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз Қызылордада туризм
саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-келіншектерді оқытып, үйретіп
алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге қою, сайттарға шығару, сату
жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке қатысып жатқан қыздардың белсенділігі
өте ұнады. Барлығының да қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп
кетеді. Қазақы дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды
кәсіп.

1. Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.

Сұрақтар

1.

2.


2. Мәтіндегі мәселені анықтаңыз.

____________________________________________________________

3. «Ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың тиімді жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе
жазыңыз.





27 ЖОБА

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Б
ілім алушы


Негізгі мәселені өмірмен мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ 1
байланыстыруда 1 құрастырады; 1
тақырыпқа қатысты
әтіндегі мәселені анықтап, бір 1
сөздерді қолданады
2 м
йлеммен береді;
сө

Тақырыпқа қатысты 3 эссе құрылымын сақтайды; 1
құрылымы сақталған
ссе мазмұнын тақырыпқа сай 1
эссе жазады э
жазады. 1

Барлық балл 6





«Қазақ ұлттық қолөнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________



Оқу жетістігі деңгейі

Бағалау
критерийі
Төмен Орта Жоғары


Негізгі мәселені өмірмен Мәтін мазмұнына сай 2 сұрақ Мәтін мазмұнына сай 2 сұрақ Мәтін мазмұнына сай 2 сұрақ
байланыстыруда құрастыруда, негізгі мәселені құрастыруда, негізгі мәселені құрастырады, негізгі мәселені
тақырыпқа қатысты анықтауда қиналады анықтауда қателеседі анықтап, бір сөйлеммен береді

сөздерді қолданады


Тақырыпқа қатысты Эссе құрылымын сақтауда Эссе құрылымын сақтауда Эссе құрылымын, тақырыбын
құрылымы сақталған қиналады қателеседі сақтайды
эссе жазады
 
Верх