СОР Казахский язык и литература 7 класс Суммативное оценивание

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)
7-сынып



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және ӛткізуге кӛмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды ӛткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бӛлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, ӛңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.......................4
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу –
үлкен ӛнер» бӛлімдері бойынша жиынтық бағалау.............................................................................5
«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық ӛзгерістер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ............8 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .....................12
«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ...13
«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» тақырыптары бойынша жиынтық
бағалау....................................................................................................................................................17 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .....................20
«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ....................21
«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Тӛрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз
мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» бӛлімдері бойынша жиынтық бағалау ................25 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .....................29
«Жастықтың оты қайдасың?» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау...................................................30
«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бӛлімдері бойынша
жиынтық бағалау...................................................................................................................................33
3

========3========

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4

========4========

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш
тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың ӛзектілігін анықтау
А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтін мазмұнын түсінеді
 Негізгі ақпаратты анықтайды
 Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді
тиімді қолданады
 Мәтіндегі оқиғаны дамытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 10-15 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үш тіл – заман талабы
22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. Әр халық ӛз тілінде сӛйлеуге,
оқуға құқығы бар. Әр азамат ӛзінің ана тілін біліп, сүюге, құрметтеуге міндетті. Сонымен
қатар, әр адам ӛзге де тілді үйреніп, оларға да құрметпен қарап, ӛз кәдесіне жаратып
жатса, «Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп ата-бабаларымыз айтпақшы, нұр
үстіне нұр болады. Сол себепті де біз бүгінгі шараны ана тілімізге және орыс тілі мен
ағылшын тіліне арнаймыз.
Біздің еліміз – кӛп ұлтты мемлекет. Елімізде жүздеген ұлт ӛкілдері достық пен
бейбітшілікте ӛмір сүруде. Бабалар аманаты - дәстүріміз бен туған тіліміздің аясы
кеңейіп, әлемдік ӛркениетпен ұштастығын тауып жатыр. Соның бір кепілі - ел болып
атап ӛтіп жатқан - тілдер мерекесі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. «Әр елдегі қазақ әр елдің тілін
мықтап игерсе, ол - білім. Ол шетел тілінде сӛйлесе - тіпті жақсы. Бірақ ана тілін
тұншықтырып, кӛміп тастаса - ол кешірілмес күнә» деген Н. Ә. Назарбаевтың сӛзін
басшылыққа ала отырып, мектепте оқытылатын тілдерден жарыс ӛткіземіз.
Жер шарында 900-ге жуық ұлт ӛмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл
бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сӛйлейді. Ӛзінің тілін ана тілім деп атайтын
бірден бір халық - қазақ. Ӛйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті,
киелі нәрсені Анаға теңеген. Сӛз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер
жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70-орында.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Ӛнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы

========5========

2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
B. Біздің еліміз – кӛп ұлтты мемлекет.
C. Біздің планетамызда 5651 тіл бар.
D. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
№ 1
ақпараттар Әрбір адам ӛз ана тілін сүюі, құрметтеуі тиіс.
Жер шарында 800-ге жуық ұлт ӛмір сүреді.
дұрыс
бұрыс
2
5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, жұбыңызбен тіл туралы сөйлесіңіз.
Жұбыңызға сұрақтар қойыңыз, жауап беріңіз.
 Ӛнер алды – қызыл тіл.
 Кӛп сӛз - күміс, аз сӛз - алтын.
 Ойнап сӛйлесең де, ойлап сӛйле.
6. Төмендегі сөйлемдерден терминдер мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашыңыз. Олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
 Қазақстанда үштілділік білім беру жолдары жүзеге асырылуда.
 Лексика – сӛз мағынасын зерттейтін сала.
 Ұлыбританияда тұратын 10 жасар Соня – полиглот қыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор Білім алушы
мәтіннің не туралы екенін анықтайды; мәтіннің негізгі идеясын табады; мәтіннің түрін ажыратады. мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтайды.
мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады;
тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді;
сӛйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады;
термин және неологизмдермен сӛйлемдер құрастырады.
Балл
Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді. Негізгі ақпаратты анықтайды.
1-4
1 1 1 1
Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады.
Мәтіндегі оқиғаны дамытады.
1
5-6
1
1
1
Барлығы
8
6

========6========

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары
Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді.
Мәтіннің не туралы екенін Мәтіннің не туралы екенін анықтау Мәтіннің не туралы екенін анықтауда, негізгі идеясын табуда мен негізгі идеясын табуда анықтайды, негізгі идеясын
қиналады.
Негізгі ақпаратты анықтайды.
қателеседі.
табады.
Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін Мәтіннің түрін ажырату мен мәтін Мәтіннің түрін ажыратады, мәтін бойынша дұрыс не бұрыс бойынша дұрыс не бұрыс бойынша дұрыс/бұрыс ақпараттарды анықтауда ақпараттарды анықтауда қателеседі.
қиналады.
Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог
ақпараттарды анықтайды.
Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді тиімді қолданады.
Мақал-мәтелдерді қолданып,
диалог құрастыруда, термин және құрастыруда, неологизмдермен сӛйлемдер
құрауда қиналады.
Мәтіндегі оқиғаны дамытады.
термин және неологизмдермен сӛйлемдер құрауда қателеседі.
Тақырып бойынша сұрақтар қойып,
Мақал-мәтелдерді қолданып, диалог құрастырады. Термин және неологизмдермен сӛйлемдер құрайды.
Тақырып бойынша сұрақтар
қойып, жауап беруде және
сӛйлемдерден термин мен
неологизмдерді тауып, мағынасын неологизмдерді тауып, мағынасын
ашуда қиналады.

жауап беруде және сӛйлемдерден термин мен
ашуда қателіктер жібереді.
Тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.
Сӛйлемдерден термин мен неологизмдерді тауып, мағынасын ашады.
7

========7========

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты О5. Қосымша ақпарат кӛздерінен алынған мәліметтерді
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,
презентация түрінде ұсыну
ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы
шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда
қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қосымша ақпарат кӛздерінен алынған мәліметтерді
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде
ұсынады
 Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды,
презентация жасайды
 Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды
жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Төмендегі ермек істер (хобби) мен олардың пайдалы жақтарын сызба арқылы сәйкестендіріңіз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Кӛпшілік бос уақытын қалай ӛткізуді білмей, кейде «менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Ӛзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз», - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы ӛткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
 Қолӛнер. Кӛңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде
ӛзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана
жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолӛнермен айналысуға болады.
 Гүл ӛсіру. Жер үйде тұратын кӛп адамдар бос уақытын бау-бақшада ӛткізеді. Ал
кӛп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл
ыдыстарына қалаған үй ӛсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.
 Коллекция жинау. Ӛзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби
кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ
ойыншықтар, т.б.
 Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай
иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім кӛрсетіңіз.
 Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға
тіркеліп, блог жүргізіңіз. Ӛзіңіздің басыңыздан ӛткен қызықты оқиғаларды,
ойларыңызды жазып, ӛзгелердің пікірін оқыңыз. Әр түрлі форумдарда ӛзгелермен
ӛз ойыңызбен бӛлісіңіз.

Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып,
8

========8========

жаттығулар жасаңыз.
Тоқыма тоқу
Таза ауамен демаласың
Спортпен айналысу2-тапсырма.
Кӛңіл күйің кӛтеріледі
Блог жүргізу
қолӛнер
Қызықты нәрселер жинайсың
Гүл ӛсіру қолӛнер
Денің сау болады
2-тапсырма
«Бос уақытымды қалай өткіздім?» сұрағына шартты белгілермен жауап беріңіз, кестені толтырыңыз.
Не істеуді жоспарладыңыз?
Не істедіңіз?
Қанша ісіңіз ертеңге
қалды?

3-тапсырма
Д.Дефоның «Робинзон Крузосы» бойынша мәліметтерді жинақтап, «Робинзонның 1 күні» тақырыбында презентация жасаңыз. Шырай түрлерін (салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) қолданыңыз.
Презентацияны бағалау критерийлері:
 Презентация тақырыбы ашылған;
 кӛлемі біркелкі безендірілген 2-3 слайд;
 жинақталған мәліметтер нақты,
 сӛйлемдер орфографиялық, стильдік қатесіз жазылған.
9

========9========

Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор Білім алушы
оқылған мәтін мазмұнын түсінеді;
Балл
Қосымша ақпарат кӛздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады.
1
1-2
ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіреді;
сұрақққа шартты белгілермен жауап береді.
«Робинзон Крузо» романынан мәліметтерді жинақтайды;
тақырып бойынша презентация дайындайды;
презентация талаптарын толық сақтайды;
салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады.
1
1
1
Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды. Презентация жасайды.
1
3
1
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.
1
Барлығы
7
10

========10========

«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Қосымша ақпарат кӛздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады.
Төмен
Оқылған мәтін мазмұнын түсінуде, ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіру мен
сұрақққа шартты белгілер арқылы жауап беруде қиналады.
Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды. Презентация жасайды.
«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қиналады.
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады.

Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Оқылған мәтін мазмұнын түсінуде, ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіру мен
сұрақққа шартты белгілер арқылы жауап беруде қателер жібереді.
Жоғары Оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, ақпараттарды сызба арқылы сәйкестендіреді, сұрақққа шартты белгілермен жауап береді.
«Робинзон Крузосы» романынан мәліметтерді жинақтау мен тақырып бойынша презентация дайындауда, презентация талаптарын сақтауда қателеседі.
«Робинзон Крузосы» романы-нан мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша презентация дайындайды, презентация талаптарын толық сақтайды.
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолдануда қателіктер жібереді.
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда тиімді қолданады.
11

========11========

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
12

========12========

«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты
Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстырады
 Автор берген мінездемені анықтайды
 Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз.
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы ӛсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен ӛткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет ӛнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. ЕртедеТараз қаласындағы сауда базарын кӛргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2-тапсырма
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз. «ПОПС» формуласы:
 Бірінші сӛйлем «Менің ойымша, ... »
 Екінші сӛйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
 Үшінші сӛйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
 Соңғы сӛйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »
13

========13========

3-тапсырма
Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз.
Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, тӛртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ кӛркіне қызыға кӛз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны кӛріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны ӛткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып ӛтеді. Күреспесең, ғұмырын қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...»
Болатын бала он тӛртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл-құлға, бұрымды қыз-күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бӛген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде ӛз тірлігімен айналыса береді.
4-тапсырма
Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.
Кейіпкердің
аты
Кейіпкердің жасы, түрі, сыртқы келбеті
Кейіпкердің мінезі, қылығы, ішкі жан-дүниесі
Кейіпкердің іс-әрекеті
14

========14========

Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің тақырыбын анықтайды; ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстырады;
пікір білдіреді, салыстырады (ПОПС формуласын қолданады).
шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табады;
кейіпкердің сыртқы келбетін суреттейді;
кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан-дүниесін анықтайды;
кейіпкердің қарым-қатынасын, іс- әрекетін сипаттайды.
Балл
Ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен
салыстырады.
1-2
1 1
1
1
Автор берген мінездемені анықтайды. Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды.
3-4
1
1
1
Барлығы
7
15

========15========

«Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстырады.
Мәтіннің тақырыбын анықтау мен Мәтіннің тақырыбын анықтауда, ӛз
пікірін ӛзгелердің пікірімен
салыстыру мен пікір білдіруде
қателіктер жібереді.
ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстыруда, пікір білдіруде қиналады.
Автор берген мінездемені анықтайды.
Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табуда қиналады.
Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табуда қателеседі.
Мінездемедегі тілдік құралдарды талдайды.
Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттеуде, кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан-дүниесін анықтау мен кейіпкердің қарым-
Жоғары
Мәтіннің тақырыбын анықтайды, ӛз пікірін ӛзгелердің пікірімен салыстырады, пікір білдіруде ПОПС формуласын қолданады.
Шығармадан кейіпкерге берілген автор мінездемесін табады.
Кейіпкердің сыртқы келбетін
суреттеуде, кейіпкердің мінезін,
қылығын, ішкі жан-дүниесін
анықтау мен кейіпкердің қарым- қатынасын, іс-әрекетін сипаттауда қатынасын, іс-әрекетін сипаттауда
қателеседі.
қиналады.
Кейіпкердің сыртқы келбетін суреттейді, кейіпкердің мінезін, қылығын, ішкі жан-дүниесін анықтайды, кейіпкердің қарым- қатынасын, іс-әрекетін сипаттайды.
16

========16========

«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» тақырыптары бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу
Ж5. Тақырып бойынша сӛздердің маңызды бӛліктерін дұрыс жазу (күрделі сӛздер); оқшау сӛздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сӛйлемдерді құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндегі
ақпаратты түсінеді
 Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде
берілген ақпаратты тиімді қолданады
 Күрделі сӛздерді дұрыс жазады
 Оқшау сӛздердің тыныс белгілерін орынды қолданады
 Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас
сӛйлемдерді дұрыс құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырыңыз.
Қандай спорт үйірмелері үйіңізге жақын
орналасқан?
70%
60%
50%
40%
30%
66%
20%
47%
33%
30%
36%
10%
10%
17%
0%
бокс залы стадион
хоккей тренажер бассейн алаңы залы
теннис корты
футбол алаңы
2-тапсырма
Берілген күрделі сөздерді дұрыс жазып, түрлерін ажыратыңыз.
Кербез сұлу, ағайын туысқан, бүгін, ТМД, қараторы, ұл қыз, бел-беу, киім кешек, см, таң ертең, ҚазМҰУ, пед-колледж, қолӛнер, Ақан сері, күнде күнде, құлақ-салды, білезік, ауыл- аймақ, нұрлы жол, АҚШ.
17

========17========

Сөз тіркесі
Қос сөздер
3-тапсырма
Біріккен сөздер
Қысқарған
сөздер
Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыз.
- Негізінде жағдайымыз онша жақсы емес.
- Тыңда дала Жамбылды.
- Алақай келгенің жақсы болды. - Пай-пай Нұржан-ай тіліңіз қандай ащы! - Сапарың құтты болсын қарағым!
- Менің ойымша бұл дұрыс шешім.
4-тапсырма
Берілген жай сөйлемдермен ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас
сөйлемдерді құрастырыңыз.
A. Далада жел соғып тұр. Сiркiреп жаңбыр жауып тұр.
B. Ән басылып қалды. Гитара сазы тоқталған жоқ еді.
C. Сабақ бізге ұнағаны соншалық. Уақыт ӛткенін білмей қалыппыз.
5-тапсырма
Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Қазіргі сән туралы менің ойым» тақырыбында эссе жазыңыз. Күрделі сөз түрлері мен оқшау сөздерді дұрыс жазыңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндегі ақпаратты түсінеді. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады. Күрделі сӛздерді дұрыс жазады. Оқшау сӛздердің тыныс белгілерін орынды қолданады.
1
2-3
Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сӛйлемдерді дұрыс құрастырады.
4-5
Барлығы
Дескриптор Білім алушы
берілген диаграммадағы ақпаратты түсінеді;
диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырады.
Балл
1
1
күрделі сӛз түрлерін ажыратады; күрделі сӛз түрлерін дұрыс жазады;
1 1
оқшау сӛздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
салалас құрмалас сӛйлем түрлерін құрастырады;
тақырыптық эссе жазады; салалас құрмалас сӛйлем түрлерін орынды қолданады.
1
1
1
1
8
18

========18========

«Спорт және денсаулық күтімі», «Ұқсатым. Сән. Талғам.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түріндегі ақпаратты түсінеді.
Берілген диаграммадағы ақпаратты түсінуде қиналады.
Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты тиімді қолданады.
Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастыруда қиналады.
Күрделі сӛздерді дұрыс жазады.
Күрделі сӛз түрлерін ажырату мен жазуда қиналады.
Оқшау сӛздердің тыныс белгілерін орынды қолданады.
Оқшау сӛздердің тыныс белгілерін қоюда қиналады.
Ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сӛйлемдерді дұрыс құрастырады.
Салалас құрмалас сӛйлем түрлерін құрастыру мен тақырыптық эссе жазу барысында қолдануда
қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен
Орта Берілген диаграммадағы
ақпаратты түсінуде қателеседі.
Берілген диаграммадағы
ақпаратты қолданып, әңгіме
құрастыруда қателеседі.
Күрделі сӛз түрлерін ажырату
мен жазуда қателеседі.
Оқшау сӛздердің тыныс
белгілерін қоюда қателіктер
жібереді.
Салалас құрмалас сӛйлем
түрлерін құрастыру мен тақырыптық эссе жазу
барысында қолдануда қателеседі.
Жоғары Берілген диаграммадағы ақпаратты түсінеді.
Берілген диаграммадағы ақпаратты қолданып, әңгіме құрастырады.
Күрделі сӛз түрлерін ажыратады, күрделі сӛз түрлерін дұрыс жазады.
Оқшау сӛздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
салалас құрмалас сӛйлем түрлерін құрастырады, тақырыптық эссе жазады, салалас құрмалас сӛйлем түрлерін орынды қолданады.
19

========19========

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
20

========20========

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың ӛзектілігін анықтау
7.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі
ақпаратты анықтайды
 Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда
берілген ақпаратты сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.
Домбыра Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сӛйлетеді, жылатады кереңді
Жалған сӛйлеп кӛрген емес соның ӛзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әлі
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз. 1. Ӛлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?
3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті
туралы?
4. «Ол мылқауды сӛйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе? 5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай
түсінесіз?
21

========21========

3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып, «Әлеуметтік желілер жастарға қалай әсер етеді?» тақырыбында сөйлесіңіз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
   
Ғаламтордың пайдасы мен зияны: қайсысы кӛптеу? Жастардың арасында ғаламторға тәуелділік бар ма? Ғаламтор тәуелділігінен қалай құтылуға болады? Ғаламтор мәдениетін білеміз бе?
4-тапсырма
Төмендегі кесте мен диаграммада берілген ақпаратты өз сөзіңізбен сипаттаңыз.

Бағалау критерийі
Тапсырм а
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
1-2
ӛлең мазмұнын түсінеді, не туралы екенін айтады;
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
негізгі ақпараттарды анықтайды.
1
1 1
22

========22========

Мәтіндегі деректерді қолданады. Кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп жеткізеді.
3
оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, баяндайды;
мәтінде кӛтерілген мәселені анықтайды; негізгі деректерді белгілейді; кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп жеткізеді;
суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сӛйлейді;
сұрақтарға толық жауап береді. кестеде берілген ақпаратты сипаттайды;
1
1 1 1 1
1
Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды.
1
4
диаграммада берілген ақпаратты сипаттайды.
1
23

========23========

«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау - мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушыны аты-жөні ________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Ӛлең мазмұнын түсіну мен не туралы екенін айтуда, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, негізгі ақпараттарды анықтауда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары
Ӛлең мазмұнын түсіну, не туралы екенін айтуда, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, негізгі ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді.
Ӛлең мазмұнын түсінеді, не туралы екенін айтады, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді,
негізгі ақпараттарды анықтайды.
Кӛтерілген мәселе туралы ӛз Кӛтерілген мәселе туралы ӛз Кӛтерілген мәселе туралы ӛз
Кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп жеткізеді.
ойын дәлелдеп жеткізуде, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сӛйлеу мен
сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Кесте, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттайды.
Кесте мен диаграммада берілген ақпаратты сипаттауда қиналады.

ойын дәлелдеп жеткізуде, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сӛйлеу мен
сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.
ойын дәлелдеп жеткізеді, суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сӛйлейді, сұрақтарға толық жауап береді.
Кесте мен диаграммада берілген ақпаратты сипаттауда қателеседі.
Кесте мен диаграммада берілген ақпаратты толық сипаттайды.
24

========24========

«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!»» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде кӛтерілген мәселеге ӛз ойын дәлелдеп жеткізу 7.Ж3. Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу
7.ТБ1.5. Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы ӛткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндегі деректерді қолданады
 Кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп
жеткізеді
 Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны
қолданады
 Шақ түрлерін, қалау райдың қызметін ажыратады
 Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және
жазба жұмыстарда дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз.
Жастар және ғаламтор
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сӛзінде: «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті ӛмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек», - деген болатын. Бүгінгі тақырыбымыз – мүмкіндіктері күн сайын кеңейіп, экономика, ғылым мен білімнің дамуына, жеке адам мен қоғамның, әсіресе жастардың ӛмірі мен қауіпсіздігіне күшті әсер ететін ҒАЛАМТОР жайында болмақ.
Біраз уақыт бұрын Гуглдың негізін қалаушы Эрик Шмидтің «Жаңа сандық дәуірі» атты кітабы шықты. Бұл кітап – Интернет пен оның тӛңірегіндегі технологияларды сараптай келе, қоғам, мемлекет пен бизнестің болашағына жаңа кӛзқарас ұсынады.
Шмидтың айтуынша, адамзат Интернетті ӛз қолымен жасаса да, оның табиғатын терең түсінбейді. Интернет - адам ӛміріне керемет пайдалы құрал, бірақ оның зияны да айтарлықтай кӛп. Тексерілмеген ақпарат, дәйексіз пікір, кез келген адамды ретсіз қаралау, дәлелсіз жала жабу – соның басы ғана. Онлайн алаяқтықтың түр-түрін жасауға болатын, ұят пен абыройды ұмытқан ойын-сауық табуға болатын, бұзақы да, баскесер қылмыскер де еркін кіріп, басқаларға ақыл айтатын, ешкім бақыламайтын, қадағаламайтын орта іздеген адам Интернетке келеді. Ал бұл жастардың болашағын бұзады.....
25

========25========

2-тапырма
Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз.
3-тапсырма
Суреттерді пайдаланып, осы оқиға туралы баяндап, алыстағы досыңызға хат жазыңыз. Хатта теңеулер мен метафораны қолданыңыз. Етістіктің шақтарын дұрыс пайдаланып, қалау райды қолданыңыз.
Жағдаят.
Сіз ата-анаңызбен бірге ұлттық аспаптар оркестрінің концертіне бардыңыз. Концерт ұнады ма/ұнамады ма? Неліктен? Қандай сезімде болдыңыз?
Бағалау критерийі
Тапсыр
ма
Дескриптор
Білім алушы
оқылған мәтін мазмұнын түсінеді, баяндайды;
мәтінде кӛтерілген мәселені анықтайды; негізгі деректерді белгілейді;
кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп жеткізеді;
суреттерді пайдаланып, тақырып бойынша сӛйлейді;
сұрақтарға толық жауап береді. суреттерді пайдаланып, досына хат жаза алады;
теңеулерді қолданады;
метафораны қолданады;
Балл
Мәтіндегі деректерді қолданады.
Кӛтерілген мәселе туралы ӛз ойын дәлелдеп жеткізеді.
1-2
1 1 1 1 1 1
Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады.
1
3
1 1
Шақ түрлерін ажырата- ды, қалау райдың
етістіктің шақтарын дұрыс қолданады;
1
26

========26========

қызметін біледі. Етістік- тің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады.
Барлығы
қалау райды орынды қолданады.
1
11
27

========27========

«Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.», «Төрт түлік мал мен егіншілік – ел берекесі», «Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң
болсын!» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні_________________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары Оқылған мәтін мазмұнын
Мәтіндегі деректерді қолданады.
Оқылған мәтін мазмұнын түсіну Оқылған мәтін мазмұнын түсіну
мен баяндауда, мәтінде кӛтерілген мен баяндауда, мәтінде кӛтерілген түсінеді, баяндайды, мәтінде мәселені анықтап, негізгі мәселені анықтап, негізгі
деректерді белгілеуде қиналады.
Жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданады.
Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда, жазылымда теңеулер мен метафораны қолдануда қиналады.
Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін біледі.
Шақ түрлерін ажырату мен қалау райдың қызметін анықтауда қиналады.
Етістіктің шақтары мен қалау райды ауызша және жазба жұмыстарда дұрыс қолданады.
Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды қолдануда қиналады.
деректерді белгілеуде қателер жібереді.
кӛтерілген мәселені анықтайды, негізгі деректерді белгілейді.
Суреттерді пайдаланып, досына хат жазуда,
жазылымда теңеулер мен метафораны қолдануда қателеседі.
Суреттерді пайдаланып, досына хат жазады,
жазылымда теңеулер мен метафораны қолданады.
Шақ түрлерін ажырату мен қалау райдың қызметін анықтауда қателеседі.
Шақ түрлерін ажыратады, қалау райдың қызметін біледі.
Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды қолдануда қате жібереді.
Жазылымда етістіктің шақтары мен қалау райды орынды қолданады.
28

========28========

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
29

========29========

«Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау 7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын
болжайды
 Диалогке қатысушылар «сӛйлеуші тыңдаушы»
позицияларын еркін ауыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, ойды жалғастырып, оқиғаны дамытыңыз.
Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта ӛсіп тұрған ӛрік пен жердегі асқабақты кӛріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Ӛрік ағашы ӛте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары ӛте мықты. Бі рақ жемісі ӛте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы ӛте әлсіз. Ал жемісі ӛте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Ӛйткені ӛрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен », - деп ойланады. Дәл сол кезде басына ӛрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді ..................
Жауабы:
Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе ӛз орнында. Егер ӛріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім ». Неге екен? ...............
Жауабы:
Шынында да табиғатта үлкен тепе -теңдік бар. Әрқайсысының ӛз орны бар. Әрбір нәрсе ӛте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегінне н-тегін емес. Соны ойланған адам бар ма? ......................
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
№ 1
Сұрақ Мәтінде қай жыл мезгілі сипатталады?
Оқиға қай жерде бол ады? Басты кейіпкері кім? Мәтінге қандай атау бересіз? Мәтін әдебиеттің қай жанрына сай?
Жауап
2 3 4 5
30

========30========

3-тапсырма
Берілген суреттерді қатыстырып, «Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Жастар және қарттар мәселесін көтеріңіз. Сөйлеңіз және тыңдаңыз. «Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз.
Бағалау критерийі Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды. Диалогке қатысушылар «сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.
Тапсыр
ма
Дескриптор Білім алушы
мәтінді мұқият тыңдайды;
оқиғаны дамытады, ойды жалғастырады; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; тақырыптық диалог құрастырады; суреттерді қатыстырып сӛйлейді; жастар және қарттар мәселесін айтады; сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстырады.
Балл
1
2
1 1 1 1 1 1 1
31

========31========

«Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _________________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.
Мәтінді мұқият тыңдауда, оқиғаны дамытып, ойды жалғастыруда, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Диалогке қатысушылар «сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.
Тақырыптық диалог құрастыру мен суреттерді қатыстырып сӛйлеуде, жастар және қарттар мәселесін кӛтеруде,
сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыруда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары
Мәтінді мұқият тыңдауда, оқиғаны дамытып, ойды жалғастыруда, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қателеседі.
Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиғаны дамытады, ойды жалғастырады, мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап береді.
Тақырыптық диалог құрастыру мен суреттерді қатыстырып сӛйлеуде, жастар және қарттар мәселесін кӛтеруде,
сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын ауыстыруда қателіктер жібереді.
Тақырыптық диалог құрастырады, суреттерді қатыстырып сӛйлейді, жастар және қарттар мәселесін кӛтереді,
сӛйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстырады.
32

========32========

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау
7.Ж4.Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну
7.ТБ1.7. Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын
салыстырады
 Тақырып бойынша мәліметтер жинақтайды
 Презентация жасайды
 Септеулік шылаулардың қызметін біледі
 Септеулік шылауларды ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Екі мәтінді түсініп оқып, кесте бойынша салыстырмалы талдау жасаңыз.
1-мәтін
Автоматты индустрия саласында адамсыз жүретін кӛліктер соңғы жаңалық болды. Ӛзі жүретін машиналар уақыт пен отынды үнемдеп, апаттардың алдын алып, автоматтандырылған тұрмыс-тіршілікте үлкен жетістік болып саналады. Осы кӛлікті ойлап тапқан жетекші компаниялардың бірі - Google.
Компания директоры Ларри Пейдж: «Ӛзі жүретін автомобильдің біздің тұрмыс- тіршілік пен қоршаған ортаны қалай ӛзгертетінін елестетіп кӛріңіздер. Жасыл желек кӛбейеді, кӛлік қоятын орындар кемиді, жүріп-тұру оңайлайды, апат азаяды, бос уақыт та кӛбейеді. Бұрынғыдай кептелісте кӛп уақыт жоғалтпайсың. Орташа есеппен бір америкалық шамамен жұмысына жету үшін күн сайын 50 минутын шығын қылады. Енді осы уақыттың бәрін басқа іске арнауға болады. Мамандар автомат кӛліктердің алғашқы нұсқаларын қазірдің ӛзінде сынақтан ӛткізіп жатыр. Бірақ олар бұл кӛліктер жалпы жұртқа жеткенше 10 жылдай уақыт керек», - дейді.
2-мәтін
«Samsung» компаниясы жақында шығарған Galaxy смартфонындағы экран бетіне қолды тигізбей-ақ басқару технологиясын одан әрі жетілдіріп келеді. «Samsung» Техас университетінің ғалымдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға таптырмас құрал ойластыруда. Технология бас киім, Galaxy Note планшеті және арнайы қосымша кӛмегімен жүзеге асатын болады. Қазірдің ӛзінде жартылай жасалған технология кӛмегімен арнайы қосымшаларды ашып, контактілер мен плей-листтегі тректерді таңдауға болады. Жүйе мидағы бұйрықты сканерлеп, оны шын бұйрыққа айналдырады.
33

========33========

Ғалымдардың сӛзінше, технология әзірше шикі. Мысалы, арнайы бас киімді жӛндеп орналастыру үшін 45 минут уақыт кетсе, электродтардың мидағы жұмысты қабылдауы үшін басқа арнайы гель жағуға тура келеді. Бірақ қазірдің ӛзінде жүйе 90% дәлдікпен жұмыс жасап тұр.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Айырмашылығы
Негізгі идеясы
Мақсатты аудиториясы
2-тапсырма
«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары» тақырыбында мәліметтер жинақтап, презентация жасаңыз. Берілген суреттерді қолданыңыз.
Презентацияға қойылатын критерийлерді ескеріңіз.
   
Тақырыптың ашылуы;
Суреттер мен тірек сӛздерді пайдалану;
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтау; Кӛлемі – 4-5 слайд.
1-топ
Тірек сөздер: зиян, уақыт, денсаулық, қарым-қатынас, сөздік қор, мінез-құлық, тәуелділік
34

========34========

2-топ
Тірек сөздер: уақыт, байланыс, танысу, жұмыс, ойын, қарым-қатынас, мүмкіндік
3-тапсырма
Ережені жалғастырып, септеулік шылауларды топтастырыңыз.
1. Септеулік шылаулар -
2. Үшін, сайын, туралы, кейін, соң, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай,
таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, жӛнінде
.
Атау септікпен
тіркеседі
Барыс септікпен
тіркеседі
4-тапсырма
Шығыс септікпен
тіркеседі
Кӛмектес септікпен
тіркеседі
Берілген септеуліктердің орысша баламасын табыңыз. Септеулік шылаулармен сӛйлемдер құрастырыңыз.
1
Әрі отыр
2
менен бұрын
3
былтырдан бері
4 5 6
7 8 9 10
оқу үшін сен үшін шаруашылық туралы сен арқылы түстен кейін сабақтан соң айтуы бойынша
11 12
жыл бойына университетке дейін
A
B
C
D E F
До университета в течение года по его рассказам после урока после обеда через тебя
G H I J
K L
о хозяйстве ради тебя для учебы с прошлого года раньше меня сядь подальше
35

========35========

Бағалау критерийі
Тапсыр
ма
Дескриптор
Білім алушы
мәтіндердің ұқсастығы мен
айырмашылығын ажыратады; мәтіндердің негізігі идеясын ашады; мәтіндердің мақсатты аудиториясын салыстырады;
тақырып бойынша мәлімет жинақтайды;
Балл
Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады.
1
1
1 1
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация ұсынады.
Септеулік шылаулардың қызметін біледі. Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
2
тақырыптық презентация дайындайды; суреттер мен тірек сӛздерді қолданады; презентация талаптарын ескереді; септеулік шылаулардың ережесін біледі, түрлерін ажыратады;
1 1 1 1 1
3-4
септеуліктерді орысша баламасын сәйкестендіреді;
септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
1
1
Барлығы
10
36

========36========

«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары», «Батыр туса – ел ырысы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ________________________________
Бағалау критерийі
Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырады.
Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация ұсынады.
Төмен Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуда, негізігі идеясын ашу мен мақсатты аудиториясын салыстыруда қиналады. Тақырып бойынша мәлімет жинақтап, презентация дайындауда, суреттер мен тірек сӛздерді қолдануда, презентация талаптарын ескеруде қиналады.
Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратуда, негізігі идеясын ашу мен мақсатты аудиториясын салыстыруда қателіктер жібереді. Тақырып бойынша мәлімет жинақтап, презентация дайындауда, суреттер мен тірек сӛздерді қолдануда,
презентация талаптарын ескеруде қателеседі.
Септеулік шылаулардың Септеулік шылаулардың қызметін біледі. ережесін жазу мен түрлерін
ажыратуда қиналады.
Септеулік шылаулардың ережесін жазу мен түрлерін ажыратуда қателіктер жібереді.
Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
Септеулік шылаулардың орысша баламасын табу мен ауызша және жазба жұмыстарда қолдануда қиналады.
Септеулік шылаулардың орысша баламасын табу мен
ауызша және жазба жұмыстарда қолдануда қателеседі.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары
Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады, негізігі идеясын ашады, мақсатты аудиториясын салыстырады.
Тақырып бойынша мәлімет жинақтап, презентация дайындайды, суреттер мен тірек сӛздерді қолданады,
презентация талаптарын ескереді.
Септеулік шылаулардың ережесін біледі, түрлерін ажыратады.
Септеулік шылаулардың орысша баламасын табады, септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады.
 
Верх