ТЖБ Қазақ әдебиеті 5 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Тоқсандық жиынтық
бағалаудың спецификациясы

«Қазақ әдебиеті»
(оқыту қазақ тілінде)

5-сынып


МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................. 4
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ......................... 4
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................. 5
5. Жиынтық бағалауды ӛткізу ережесі ....................................................................................... 6
6. Модерация және балл қою ..................................................................................................... 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ...................... 11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ...................... 15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ...................... 20



4
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына
сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды
анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

3. Күтілетін нәтижелер
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әр түрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын,
фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер
мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, кӛркем шығармалардың бейнелі
суреттеулерді біледі, ӛлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы
бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексӛздерді біледі;
2) ұлттық кӛркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса
маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рӛлін; адам ӛміріндегі кӛркем әдебиеттің мәнін, әдеби
терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын,
идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың кӛзқарасын, кӛркем шығармалардағы
бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме
құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау –
кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге
(салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, ӛз бетімен оқыған кітапқа шағын
жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы ӛзіндік мәтін құрастыру кезінде,
АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге ӛзіндік түсініктеме беру процесінде; ӛзі үшін ӛзекті
оқу ортасын анықтау және кӛркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе кӛпшілік
алдында сӛз сӛйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және
дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды;
ӛзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; ӛз ойын білдіру, мәдени іс-
шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына ӛзінің кӛзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әр түрлі жанрда
бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет
ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-
әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті
туындыларымен және ӛнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) кӛркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын
таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әр түрлі жоспарлар құру
үшін; әр түрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған
білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және
басқа да халықтардың құндылықтарымен ӛзара байланыстырады;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және
қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; ӛнердің басқа да
құралдары арқылы жасалған кӛркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
5
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар
тобы
Ойлау
дағдылары
ның деңгейі
Тапсырмалар сипаттамасы Сұрақтар
түрі
Түсіну және
жауап беру
Білу және
түсіну









- әдебиеттің даму кезеңдерін,
шығармалардың мазмұнын біледі;
- әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды,
түрлері мен жанрларын, кӛркем
шығармалардың бейнелі суреттеулерді
біледі;
- ӛлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді,
дәйексӛздерді жатқа біледі;
- ұлттық кӛркем мұраның әлемдік
мәдениеттегі мәнін түсінеді;
- әдебиеттің адам ӛміріндегі мәнін, әдеби
терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;
- түрі мен жанрын, шығарманың
тақырыбын, идеясын, автордың кӛзқарасын,
суреттеулерді, астарлы мағыналарды
түсінеді.
Кӛп
таңдауы бар
сұрақтар
Анализ және
интерпрета
ция

Қолдану



Жоғары
деңгей
дағдылары

- хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат
дайындайды;
- жазбаша әңгіме құрастырады, диалог
дайындайды;
- кейіпкерге мінездеме береді, пікір
дайындайды, мәтін құрастырады, кӛркем
шығармаларды бағалайды;
- пікірталастарға немесе кӛпшілік алдында
сӛз сӛйлеуге қатысады;
- білім, білік және дағдыларды қолданады;
- терминдер мен ұғымдарды,
шығармашылық қызметтің тәсілдерін
қолданады.
Қысқа
жауапты
қажет ететін
ашық
сұрақтар

Бағалау
және
салыстыру
Жоғары
деңгей
дағдылары

- ӛзінің кӛзқарасын дәлелмен
тұжырымдайды;
- түрлі жанрдағы шығармаларды,
тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет
ерекшеліктерін салыстырады;
- шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі
эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін
стильдік ерекшеліктерді талдайды;
- әлем әдебиеті туындыларымен
салыстырады;
- фактілерді, детальдарды тарихи
деректермен салыстырады;
- жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім,
білік, дағдыларын жинақтайды;
- құндылықтарды басқа да халықтардың
құндылықтарымен байланыстырады;
- композициялық, стильдік тұтастығын,
тілдік ресімделуін бағалайды.
Жазбаша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар

6
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген кӛрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сӛздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне
кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
кӛмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға немесе кӛрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын ӛтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде
бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою
кестесіне сәйкес тексеру қажет.

7
1-ТОҚСАН БОЙЫНШАЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Кӛп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бӛлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бӛлім- түсіну және жауап беру, екіншісі- анализ және интерпретация, үшіншісі-
бағалау және салыстыру дағдыларынтексеруге арналған.


8
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар
түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау
уақыты, мин
Балл
1-5



5.1.1.1.Әдеби шығарманың жанрына
қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын
сипаттау

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы
мен идеясын анықтау

5.1.3.1. Кӛркем шығармадағы
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті
арқылы образын ашу
Жауап нұсқалары
нан бір дұрысын
таңдау/жабық
сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға
жауап береді.
5 5
6-10



5.2.2.1. Эпикалық шығармадағы автор
бейнесін анықтау

5.2.3.1. Шығармадағы тілдік бейнелеу,
суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет,
ауыспалы мағынадағы сӛздер,
қайталау, ӛлең құрылысы) мағынасын
анықтау
Қысқа жауапты
қажет ететін ашық
сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген сұрақтарға
жауап береді. Жауаптар 2-4
сӛйлемнен тұруы қажет.

15

10
11 5.3.1.1. Шығармадағы эпизодтар
арқылы тарихи құндылығын бағалау
Жазбаша толық
жауапты қажет
ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80 сӛз
кӛлемінде ӛз кӛзқарасын
дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20 5
Барлығы 40 минут 20
9
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз.
А. әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д.ынтымақ
[1]
2.Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
3. «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің
жауабын табыңыз.
А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар.
Д. ...Кӛктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1]
4. « - Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны -ӛтірік. Бұларға кӛрінбей мен де күзеттім.
Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай бӛлігі екенін
анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың ата-анасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
5. «... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», - дейді. Әңгімедегі
қай кейіпкердің сӛзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала
[1]
6. Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 2-4
сӛйлеммен жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
7. Қарлығаның Қобыландыға кӛмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба?Ойыңызды 2-4 сӛйлеммен
дәлелдеп жазыңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді кӛре алдыңыз? Ӛз кӛзқарасыңызды 2-
4 сӛйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
10
9. Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге
айтқан сындары мынау екен...» делінген.Асан қайғының жерге айтқан сындарымен
келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып,ойыңызды 2-4 сӛйлеммен
жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
10. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын ӛсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті,
алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті,
күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Ӛз
тұжырымыңызды 2-4 сӛйлеммен түйіндеңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
11. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама
жасаңыз. Ӛз кӛзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 Д 1
3 С 1
4 В 1
5 В 1
6
Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі
сыншылдық қасиеттерін анықтайды. 1

Ӛз ойын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
7
Қарлығаның іс-әрекетіне баға береді. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіріп, 2-4 сӛйлеммен
дәлелдеп жазады. 1
8
Кендебайға мінездеме береді. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
9
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
10
Ертегіге тән сипаттарды анықтайды. 1
Ӛз тұжырымын 2-4 сӛйлеммен түйіндейді. 1
11
Шығармадағы автор идеясын анықтайды. 1 Жазба жұмысында Асан
қайғының жерге айтқан
сындарына сараптама
жасалынады. Жерлердің
шаруаға жайлы, жайсыз
жақтарын айтқан
тұстарын анықтайды,
аңыздан мысал келтіріп,
дәлелдейді.
Мәтіннен дәлел келтіреді. 1
Аңыздағы Асан қайғының жерге айтқан
сынын сараптайды. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіреді. 1
Жазба жұмысын жазады. 1
11
2-ТОҚСАН БОЙЫНШАЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Кӛп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бӛлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бӛлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі -
бағалау және салыстыру дағдыларынтексеруге арналған.
12
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар
сипаттамасы
*Орындау
уақыты, мин
Балл
1-5



5.1.1.1 Әдеби шығарманың
жанрына қарай фабуласы мен
сюжеттік дамуын сипаттау

5.1.3.1 Кӛркем шығармадағы
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті
арқылы образын ашу

5.1.4.1 Кӛркем шығармалар
дан шағын кӛлемді үзінділерді
мәнерлеп оқу, жатқа
айту
Жауап нұсқаларынан бір
дұрысын таңдау/жабық
сұрақтар
Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар
оқыған шығармалары
негізінде берілген
сұрақтарға жауап береді.

5 5
6-10



5.2.1.1Әдеби шығармадағы екі
нәрсені салыстыра суреттеулер мен
қарама-қарсы суреттеулерді табу

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік
бейнелеу, суреттеу құралдары
ның (теңеу, эпитет, ауыспалы
мағынадағы сӛздер, қайталау, ӛлең
құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет
ететін ашық сұрақтар

Оқушылар оқыған
шығармалары негізінде
берілген сұрақтарға
жауап береді. Жауаптар
2-4 сӛйлемнен тұруы
қажет.

15

10

11 5.3.3.1 Шығарма
дағы кейіпкерді ӛзіндік құндылығы
тұрғысынан талдап, әдеби эссе
жазу
Жазбаша толық жауапты
қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80
сӛз кӛлемінде ӛз
кӛзқарасын дәлелдеп,
жазба жұмысын жазады.


20 5
Барлығы 40 минут 20
13
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.«Дүние қайтсең табылады» әңгімесінің негізгі идеясын анықтаңыз.
А. еңбекті сүю
В. елді қорғау
С. байлықты табу
D. туған жерді аялау
[1]
2. «Жетімдіктен ӛтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.»Берілген үзіндідегі асты сызылған сӛз
тіркесі қандай ұғымды білдіретінін анықтаңыз.
А артта қалмау
В. баяу жүрмеу
С. ешқайда бармау
D. ешкімге жеткізбеу
[1]
3. «Бадана кӛз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?» деген жолдардағы асты сызылған сӛздер қандай кӛркемдегіш құрал
екенін анықтаңыз.
А. кейіптеу
В. метафора
С. теңеу
D. эпитет
[1]

4. «... Кӛп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай тӛресіндегі Қабырға деген ӛзен-судың
бойына тоқтады.» Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
А. «Атымтай Жомарт»
В. «Дүние қайтсең табылады?»
С. «Қыпшақ Сейітқұл»
D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
[1]

5. «...Ісім нық, малыма күтімді болдым. Ақырында сол кісінің айтқаны келіп, мінеки сол
дүкеннің иесі болдым,- деді.» Үзінді әңгіменің қай бӛлігіне жататынын анықтаңыз.
А басталуы
В. дамуы
С. шешімі
D. шиеленісі
[1]

6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» ӛлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына
жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, ӛз ойыңызды 2-4
сӛйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер еткенін тұжырымдап, ӛз пікіріңізді
2-4 сӛйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Автор ӛлеңді неліктен Ақтан жасқа арнаған, ӛз ойыңызды 2-4 сӛйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
14
[2]
9.«Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар
уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп
ойға қалды..»Сейітқұлдың бұл іс-әрекетіне баға беріп, ӛз ойыңызды 2-4 сӛйлеммен
жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
10.«...әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi ӛне бойы әдет етсең, кӛңiлге жел кiргiзедi.» деген
Атымтай Жомарттың айтқан ойына 2-4 сӛйлеммен ӛз пікіріңізді білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
11.«Антон ӛміріндегі тіленшіліктің зияны мен еңбекпен тапқан байлықтың пайдасы»
туралы негізгі ойға қатысты ӛз кӛзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 А 1
2 Д 1
3 С 1
4 С 1
5 С 1
6
Ӛлеңнен дәлелдер келтіреді. 1

Ӛз ойын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
7
Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің берген
ақылын анықтайды. 1
Ӛз тұжырымын 2-4 сӛйлеммен түйіндейді.
1
8
Ӛлең идеясын анықтайды. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
9
Қыпшақ Сейітқұлдың іс-әрекетіне баға
береді. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
10
Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды. 1
Ӛз пікірін 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды. 1 Тіленші Антонның еңбек
ету арқылы байлыққа
кенелуі туралы автор
идеясын анықтайды.
Идеяға қатысты ӛз
кӛзқарасын білдіре
отырып, эссе жазады.
Мәтіннен дәлел келтіреді. 1
Үзіндідегі ойды тұжырымдайды. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіреді. 1
Жазба жұмысын жазады. 1



15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Кӛп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бӛлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бӛлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі -
бағалау және салыстыру дағдыларынтексеруге арналған.

16

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар
түрлері
*Тапсырмалар
сипаттамасы
*Орындау
уақыты, мин
Балл
1-5



5.1.1.1 Әдеби шығарманың
жанрына қарай фабуласы мен
сюжеттік дамуын сипаттау

Жауап
нұсқаларынан бір
дұрысын
таңдау/жабық
сұрақтар
Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар
оқыған шығармалары
негізінде берілген
сұрақтарға жауап береді.

5 5
6-10



5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы
автор бейнесін анықтау

5.2.1.1 Әдеби шығармадағы екі
нәрсені салыстыра суреттеулер мен
қарама-қарсы суреттеулерді табу
Қысқа жауапты
қажет ететін ашық
сұрақтар

Оқушылар оқыған
шығармалары негізінде
берілген сұрақтарға жауап
береді. Жауаптар 2-4
сӛйлемнен тұруы қажет.

15

10
11 5.3.3.1 Шығармадағы кейіпкерді
ӛзіндік құндылығы тұрғысынан
талдап, әдеби эссе жазу
Жазбаша толық
жауапты қажет
ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-80
сӛз кӛлемінде ӛз
кӛзқарасын дәлелдеп,
жазба жұмысын жазады.


20 5
Барлығы 40 минут 20
17
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Ақын «Егіннің бастары» ӛлеңінде адамның әрекетінен нені тұспалдайтындығын табыңыз.
А. мінезін
В. сымбатын
С. киімін
Д. шашын
[1]

2. «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады.
Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып
шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер...» деген кімнің сӛзі екенін табыңыз.
А. Жантас
В. Жанар
С. Даулет
Д. Сұлтан
[1]

3. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Кӛлі жоқ, кӛгалы жоқ құрға шықтым
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Кӛңілін кӛгертуге құл халықтың...» деген ӛлең жолдарынан ақынның нені үндегісі келетінін
аңғаруға болады?
А. халықты еңбек етуге
В. халықтың мінезін ӛзгертуге
С. халықты сауатты болуға
Д. халықтың болашағын ойлауға
[1]

4. «Мұғалімдердің алды тысқа шығып үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне
жабысып,қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып,бермен қарай бұрылды.
Екеуі мен тұрған теректің түбінен ӛтіп барады. «Қадыров түбінде адам болатын бала» деді...»
кімнің сӛзі екенін табыңыз.
А. Ахметов
В. Михайлова
С. Майқанова
Д. Оспанов
[1]

5. М. Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінде оқиға желісінің қалай аяқталатындығын табыңыз.
А.Қали ағасымен қимай қоштасты.
В. Манап інісімен қоштасып, вокзалға қарай кетті.
С. Інісі мен ағасы арасындағы әңгіме жарасымын тапты.
Д. Манап інісін балалар үйінен ӛзімен бірге алып кетті.
[1]

6. «Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің қазасы жайында салт-дәстүрді қалай сипаттап
жеткізетіндігі жайлы ӛз ойыңызды 2-4 сӛйлеммен білдіріңіз.
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
[2]
18
7. «Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойыңда кісі қызығарлық ӛнер-қабілеттер толып жатыр-
ау...» Қожаның Сұлтан жайлы айтқан үзіндісін оқиғаға қатысты дәлел келтіре отырып, ӛз
ойыңызды 2-4 сӛйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]
8. «Егіннің бастары» мысалындағы автордың «... Қалпы емес, тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам» деген ой түйініне ӛз кӛзқарасыңызды 2-4 сӛйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]

9. Неге Ахмет Байтұрсынұлы ӛзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды? Ӛз ойыңызды
шығармадан үзінді келтіру арқылы 2-4 сӛйлеммен жеткізіңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]

10. «Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-құлқы, ӛмірге кӛзқарасы жайлы не айтар едіңіз?
Ӛз тұжырымыңызды 2-4 сӛйлеммен түйіндеңіз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[2]

11. «Қайтсін кіндігі бір болса да, ӛскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да
байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан желім батырдай жабыса кеткен ағасын
жатсынып отыр ғой...» Манаптың осы ойына ӛз кӛзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 А 1
2 Д 1
3 Д 1
4 С 1
5 В 1
6
«Бауыр» әңгімесінде Манап інісіне әкесінің
қазасынан кейін басына зират тұрғызғанын
әңгімелейді.
Ӛз ойын 2-4 сӛйлеммен білдіреді.
1 Қазақ салт-дәстүрлері
жайлы (әке қазасын
еске алу, басына құран
оқу т.б.) білуі
ескеріледі.







Тәкаппарлық мінез
жӛнінде айтуы
1
7
Қожаның Сұлтан жайлы айтқан оқиғасына
қатысты дәлелдер келтіреді. 1
Ӛз ойын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
8
«Егіннің бастары» мысалындағы автордың
«... Қалпы емес, тәкаппарлық
данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам»
деген ой түйінінде адамның мінезі жайлы
айтады.
1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
19
9
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді. 1 мүмкін.
Қалидың мінезіндегі
ӛзгешеліктер (-
Спасибо. Как тебе?) ӛз
ана тілінде сӛйлемеуі,
тік мінезділігі т.б.
дәлелдер келтіреді.
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
10
«Бауыр» әңгімесіндегі Қалидың мінез-
құлқы, ӛмірге кӛзқарасы жайлы әңгіме
бойынша дәлелдер келтіреді.
1
Ӛз тұжырымын 2-4 сӛйлеммен түйіндейді. 1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды. 1 Эссе тақырыбында
балалар үйіндегі
жетімдердің тағдыры
басты мәселе ретінде
қозғалады. Олардың
ӛз туған-туыстарынан
ажырап қалуының
басты себебін
анықтайды. «Бауыр»
әңгімесінен дәлелдер
келтірілуі тиіс.
Мәтіннен дәлел келтіреді. 1
Шығармадағы мәселенің ӛміршеңдігін
сараптайды. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіреді. 1
Эссе жазады.
1


20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Тапсырмалар түрлері
Кӛп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бӛлімнен, 11 тапсырмадан тұрады:
Бірінші бӛлім - түсіну және жауап беру, екіншісі - анализ және интерпретация, үшіншісі -
бағалау және салыстыру дағдыларынтексеруге арналған.
21
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар
сипаттамасы
*Орындау
уақыты, мин
Балл
1-5



5.1.3.1 Кӛркем шығармадағы
кейіпкерлер портреті мен іс-
әрекеті арқылы образын ашу

Жауап нұсқаларынан бір
дұрысын таңдау/жабық
сұрақтар
Тапсырма жеке
орындалады. Оқушылар
оқыған шығармалары
негізінде берілген
сұрақтарға жауап береді.

5 5
6-10



5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы
автор бейнесін анықтау

5.2.3.1 Шығармадағы тілдік
бейнелеу, суреттеу құралдарының
(теңеу, эпитет, ауыспалы
мағынадағы сӛздер, қайталау, ӛлең
құрылысы) мағынасын анықтау
Қысқа жауапты қажет
ететін ашық сұрақтар

Оқушылар оқыған
шығармалары негізінде
берілген сұрақтарға
жауап береді. Жауаптар
2-4 сӛйлемнен тұруы
қажет.

15

10

11 5.3.1.1 Шығармадағы кейіпкерді
ӛзіндік құндылығы тұрғысынан
талдап, әдеби эссе жазу
Жазбаша толық жауапты
қажет ететін сұрақтар
Берілген тақырыпқа 70-
80 сӛз кӛлемінде ӛз
кӛзқарасын дәлелдеп,
жазба жұмысын жазады.


20 5
Барлығы 40 минут 20

22
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. «Анасын сағынған бала» әңгімесіндегі Есмағамбеттің бала алдында ӛзін кінәлі сезіну
себебін анықтаңыз.
А. балаға шындықты айта алмауынан
В. балаға қамқор бола алмауынан
С. балаға дұрыс тәрбие бере алмауынан
Д. балаға берген уәдесін орындамауынан
[1]
2.Шығарманың «Мексика ұлы» деп аталу себебін табыңыз.
А. ақша үшін, ақшаға негізделген жеңіл ӛмірі үшін
В. ӛмірге құштарлығы, ерлік пен адамгершілігі үшін
С.қайтпас-қайсарлығын танытқаны, шеберлігі үшін
Д. елінің аянышты тұрмысы, аяққа тапталған ар-намысы үшін
[1]
3. «Үстіне су жаңа ақ футболка киген тӛрт жасар шамасындағы ер бала арнайы тіреу
ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының ұзына бойғы кӛлеңкесінің бір шетінде құммен
ойнап отыр екен. Қолында ойыншық күрек... ойыншық шелек...»үзіндіден кейіпкер бейнесін
анықтаңыз.
А. Балмағамбет
В. Есмағамбет
С. Сағынай
Д. Сержан
[1]
4. « Мексика ұлы» әңгімесіндегі Ривераның рингтегі басты қарсыласын табыңыз.
А. Дэнни
В. Келли
С. Роберт
Д. Росалью
[1]
5. «Ӛз ұлының тӛрі болғандықтан ба, шешей қала адамдарының ортасында, салтанатты
дастарқанның басында еш қысылып-қымтырылатын емес. Жарықтық біздің әжелеріміз бұ
кісінің қасында дүниеден түк қызық кӛрмей, бос ӛткен екен ғой әншейін...»осы үзіндіден
кейіпкердің қандай сезімде болғанын анықтаңыз.
А. күйзелісін
В. қорқуын
С. қуанышын
Д. таңырқауын
[1]
6. «Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный» әженің келбетін автор қалай сипаттайды?
Ойыңызды 2-4 сӛйлеммен жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
7. Жазушы Ривера бейнесі арқылы оқырманға қандай ой тастайды? Ӛз кӛзқарасыңызды 2-4
сӛйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Азат неліктен кішкентай қыздарына «әжені» кӛрсетуге уәде етті? Ӛз кӛзқарасыңызды 2-4
сӛйлеммен білдіріңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]

23
9. Автор әңгімеде айлакер, тәжірибелі ринг короліДэннидің нокаут алғаннан соң кӛңіл күйін
қалай суреттейді? Ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіру арқылы 2-4 сӛйлеммен
жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
10. «Бұл жолы оның бетінен әлденеше рет сүйді. Сүйіп болып Сержанның бетіне қараса,
баланың екі кӛзінен жас сорғалап тұр екен...»үзіндідегі әңгіме кейіпкері не себепті осындай
кӛңілкүйде болды? 2-4 сӛйлеммен сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________
[2]
11. «Асыл әжем, ғасыр әжем, аңсаған. Сағынышым сары ормандай самсаған, Әке болып
жүргенімді ұмытып. Әлі күнге еркелеймін мен саған» дегендей, әже туралы пікірлергеӛз
кӛзқарасыңызды білдіріп, эссе жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Д 1
2 Д 1
3 Д 1
4 А 1
5 Д 1
6
«Нағыз әже» әңгімесіндегі «современный»
әженің келбеті жайлы мәтіннен дәлелдер
келтіреді.
1


Ӛз ойын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
7
Шығарма сюжеті арқылы Ривера бейнесін
талдайды. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіріп, 2-4 сӛйлеммен
дәлелдеп жазады. 1
8
Азаттың кішкентай қыздарына «әжені»
кӛрсетуге берген уәдесі жайлы дәлелдейді. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
9
Айлакер, тәжірибелі ринг короліДэннидің
нокаут алғандағы күйін суреттейді. 1
Ӛз кӛзқарасын 2-4 сӛйлеммен білдіреді. 1
10
Үзіндіден әңгіме кейіпкерінің жай-күйін
түсіндіреді. 1
Ӛз тұжырымын 2-4 сӛйлеммен түйіндейді. 1
11
Шығармадағы басты мәселені анықтайды. 1 Эссенің негізгі тақырыбы
«әже» ұғымын түсіндіре
алуы кӛзделеді. «Нағыз
әже қайда» әңгімесін
негізге ала отырып,
берілген мәнмәтінмен
(контекспен)
ұштастырылуы тиіс.
Мәтіннен «әже» туралы
деректер келтіруге
болады.
Мәтіннен дәлел келтіреді. 1
Шығармадағы кӛтерілген мәселені бүгінгі
күнмен байланыстырады. 1
Ӛз кӛзқарасын білдіреді. 1
Эссе жазады. 1
 
Верх