ТЖБ Қазақ әдебиеті 7 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Тоқсандық жиынтық
бағалау спецификациясы

«Қазақ әдебиеті»
(оқыту қазақ тілінде)

7-сынып

Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
3. Күтілетін нәтижелер 4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
6. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)

3. Күтілетін нәтижелер
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары
ның деңгейі Тапсырмалар сипаттамасы Сұрақтар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну








- әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі;
- әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі;
- өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі;
- ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді;
- әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді;
- түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді. Көп таңдауы бар сұрақтар
Анализ және интерпрета
ция
Қолдану



Жоғары деңгей дағдылары
- хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды;
- жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды;
- кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды;
- пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады;
- білім, білік және дағдыларды қолданады;
- терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Бағалау және салыстыру Жоғары деңгей дағдылары
- өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды;
- түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады;
- шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды;
- әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады;
- фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады;
- жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды;
- құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады;
- композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


















1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу


Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап
сыр
ма Қамтылатын мақсаттар Тап
сырма
лар түрле
рі *Тапсырмалар сипаттамасы *Орын
дау уақыты, мин Балл
1-5


7.1.1.1Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау Жауап нұсқаларынан бір дұры
сын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5 5
6-10


7.2.2.1 Эпикалық,
поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу Толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15 10
11 7.3.1.1 Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру Жазба
ша толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20 5
Барлығы 40 минут 20


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. «Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз.
А) әділдік
В) даналық
С) махаббат
Д) ел бірлігі
[1]
2. Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
А) Қазтуған
В) Есім хан
С) Жиембет
Д) Күлтегін
[1]
3. Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?
- Әуелеп ұшқан алты қаз...
...Алдыңнан шығып Сансызбай,
«Көкешім менің Төлеген,
Көрдің бе?»десе, не дейсің?
Сауытының көзі сетіліп,
Сынбай кетті дегейсің!
Баратұғын жеріне,
Жетпей кетті дегейсің!
А) сыңсу
В) жоқтау
С) естірту
Д) қоштасу
[1]
4. Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
Ақжайыққа жөнеген...
А) Жібекті алып келу
В) Жар іздеу, қыз таңдау
С) Бекежаннан кек алу
Д) Ел шетіндегі жауды қайтару
[1]
5. Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған?
Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
А) Төлеген
В) Жиембет
С) Күлтегін
Д) Қазтуған[1]
6. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
________________________________________________________________________________
[2]
7. Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде?Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
_____________________________________________________________________________
[2]
8. Күлтегіннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).
_____________________________________________________________________________
[2]
9. Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 3-4 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
_____________________________________________________________________________
[2]
10. Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз(3-4 сөйлем).
_____________________________________________________________________________
[2]
11. «Күлтегін» жырындағы «Осы бір түркі елі ел болсын деп, бастаған ісіміз еді...» деген пікірді қалай түсінесіз?Жырдан дәлелдер келтіре отырып,өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 Д 1
2 С 1
3 Д 1
4 В 1
5 Д 1
6 «Қыз Жібек» жыры бойынша Жібектің бойындағы қасиеттерді анықтайды. 1

Өз ойын айтады. 1
7 Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебін көрсетеді. 1
Өз ойын дәлелдеп жазады. 1
8 Күлтегін бойындағы қасиеттерді анықтайды. 1
Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді. 1
9 Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебін анықтайды. Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді. 1
Орынды пікір білдіріп, дәлел келтіреді. 1
10 Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды. 1
Қолданысын жеткізеді. 1
11 «Күлтегін»жырындағы«Осы біртүркіелі ел болсындеп, бастағанісімізеді...»дегенпікірдіқалайтүсінетінінжазады. 1
Жырдандәлелдеркелтіреді. 1
Шығармадағымәселеніңөміршеңдігінсараптаңыз. 1
Өзкөзқарасынайтады. 1
Жазба жұмысын жазады. 1



2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма
лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-5


7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
Жауап нұсқаларынан бір дұры
сын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5 5
6-10


7.2.2.1 Эпикалық,
поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу Толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15 10
11 7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру Жазба
ша толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20 5
Барлығы 40 минут 20
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай?
А) ескілікті көксеу
В) саясатты сынға алу
С) жаңашылдыққа ұмтылыс
Д) заман ағымына ілесуге шақыру
[1]
2. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?
Боз жапалақ сен едің,
Қияқты сұңқар мен едім,
Тырнағыма ілінсең,
Қалмайды желкең қиылмай!
А) Жамбыл
В) Қатаған
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
[1]
3. Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңі қай жылғы тарихи оқиғаға байланысты жазылған?
А) 1917ж. Қазан төңкерісі
В) 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс
С) 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы
Д) Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы
[1]
4. Берілген өлең жолдарындағы бұйрықтың не туралыекенін анықтаңыз.
«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
А) еркінен тыс болыстыққа сайлау
В) майданға ерікті жасақ құру
С) патша әскерлерін жасақтау
Д) тыл жұмысына қол жинақтау
[1]
5. Сүйінбай мен Қатаған қай жылы, қай жерде айтысқан?
А) 1831 жылы, ақын Сүйінбай елінде
В) 1844 жылы, паң Нұрмағанбеттің асында
С) 1847 жылы, Орманханның шешесінің асында
Д) 1847 жылы, қырғыз манабы Қатағанның аулында
[1]
6. Қатағанмен болған айтыс барысында Сүйінбайдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
___________________________________________________________________________[2]
7.Мына заман, қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...деген жолдардың мәнін ашыңыз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем)._______________________________________________________________________
[2]
8. Өлең неліктен «Зілді бұйрық» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).___________________________________________________________
[2]
9. Көппін деп айттың Қатаған,
Көптігің сенің қайда бар,
Үш атаның ұлысың,
Қазағымды қаптатсам,
Жұртта қалған күшіктей,
Айдалада ұлырсың!..деген Сүйінбай ақынның сөзін дәлелдер келтіре отырып түсіндіріңіз (3-4 сөйлем)._____________________________________________________________________
[2]
10. Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды... деген өлең жолдарындағыкөркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
____________________________________________________________________________
[2]
11. Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңде даналық болса, сөзде сиқыр болады деген» қанатты сөздің мәнін қалай ұғындырар едіңіз?Жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
_____________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 А 1
2 В 1
3 В 1
4 Д 1
5 С 1
6 Айтыстағы Сүйінбайдың бойынан көрініс тапқан қасиеттерді анықтайды. 1

Өз ойын жеткізеді. 1
7 Берілген өлең жолының мәнін ашады. 1
Өз ойын дәлелдеп жазады. 1
8 Өлеңнің «Зілді бұйрық» деп аталу себебін айтады. 1
Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді. 1
9 Берілген Сүйінбай ақынның сөзіне дәлелдер келтіреді. 1
Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді. 1
10 Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды. 1
Қолданысын жеткізеді. 1
11 Сүйінбайдың айтыстағы шеберлігіне қатысты айтылған «Өлеңдеданалықболса, сөздесыйқырболадыдеген» қанатты сөздің мәнін қалайтүсінетінінжазады. 1
Жырдандәлелдеркелтіреді. 1
Шығармадағымәселеніңөміршеңдігінсараптайды. 1
Өзкөзқарасынбілдіреді. 1
Жазба жұмысын жазады. 1


3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап
сыр
ма Қамтылатын мақсаттар Тап
сырма
лар түрле
рі *Тапсырмалар сипаттамасы *Орын
дау уақыты, мин Балл
1-5


7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
5 5
6-10


7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15 10
11 7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Жазба
ша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 5
Барлығы 40 минут 20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
[1]
2. Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы?
А) қоңыр қаз
В) оққа ұшпайтын марал
С) бөрінің бөлтірігі
Д) қанды балақ
[1]
3. «Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды» деп кім айтушы еді?
A) әжесі
Ә) Қасен
Б) Бейсембай
В)үлкендер
[1]
4. «Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ...
А) немістерден қашып келеді.
В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр.
Д) отрядты іздеп келе жатыр.
[1]
5. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі -
А) Ертайсалғансуреттің «Октябрь балалары»газетінешығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы
Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
[1]
6. Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
7. Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
8. «Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз? Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.
__________________________________________________________________
[2]
9. «Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]

10. Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем).
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлердіұмытса да ел, желұмытпас.
Ел үшінжаннанкешіп, жаудықуған
Ерлердіұмытса да ел, шөлұмытпас.
Ел жауынзерттеп, өртбоп, тынбайжортқан,
Ерлердіұмытса де ел, бел ұмытпас.
Ел үшінтөккенерлерқанынжұтқан,
Ерлердіұмытса да ел, жерұмытпас.
Арқаныңселі, желі, шөлі, белі
Ерлердіұмытпаса, ел де ұмытпас!
__________________________________________________________________
[2]
11. «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз.
__________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 В 1
2 С 1
3 В 1
4 С 1
5 А 1
6 «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» Абылай сөзінің себебін айтады. 1

Өз ойын3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады. 1
7 Көксеректің адамдар арасындағы өмірі мен көкжалға айналған сәтін салыстырады. 1
3-4сөйлеммен жазады. 1
8 Кейіпкер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасын білдіреді. 1
Шығармадан дәлелдер келтіреді. 1
9 Берілген ойды әрі қарай дамытып жазады(3-4 сөйлем). 1
Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді. 1
10 Шығарма үзіндісіндегі көркемдегіш тәсілдерді (ассонанс, аллитерация, қайталау түрлері: анафора, эпифора) анықтайды. 1
Қолданысынжеткізеді. 1
11 «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсінетінін көрсетеді. 1
Шығармадан дәлелдер келтіреді. 1
Батыр бойындағы ел намысын қорғау, ұлттық рух мәселесін сараптап, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды. 1
Өз көзқарасын білдіреді. 1
Жазба жұмысын жазады 1
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма
лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-5


7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Жауап нұсқаларынан бір дұры
сын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 5 5
6-10


7.2.2.1 Эпикалық,
поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу Толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
15 10
11 7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу Жазба
ша толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
20 5
Барлығы 40 минут 20
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді?
А) Махамбеттей батырға
Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!
В) Кім аяққа басса заңын даланың-
Ұмытқаны қатал тарих сабағын...
С) Туған елім –арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?..
Д) Мен сенемін, күні ертең
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...
[1]
2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?
А) ұлттық тілді құрмет тұту
В) дұрыс армандай білу қажет
С) ата-ана сағынышы мен арманы
Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы
[1]
3. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?
А) халқының сүйікті ұлы болатынына
В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне
С) келешекте алып ескерткіш орнататынына
Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына
[1]
4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) балаға дұрыс білім беру
В) туған тілді құрметтемеу
С) туған баласына көңіл бөлмеу
Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі
[1]
5. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай?
А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру.
В) Жастар-тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.
С) Тәуелсіздік-төккен қан мен асқақ арман жемісі.
Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы.
[1]
6. Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады?Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]

7. «...Батырлығы жоқ адамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
8. Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
10. Тәуелсізбін! –
Танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді...-деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
__________________________________________________________________
[2]
11. М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.
__________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі

Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 В 1
2 Д 1
3 В 1
4 В 1
5 С 1
6 Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмағанын шығармадан нақты мысалдаркелтіре отырып, түсініктеме береді. 1

Өз ойын айтады. 1
7 Берілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме береді. 1
Өз ойын дәлелдеп жазады. 1
8 Шығарманың неліктен «Қонақтар» деп аталу себебін көрсетеді. 1
Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді. 1
9 Ақын өз өлеңінің келешекте түрлі тілдерде танымал болуына сенім білдіру себебін көрсетеді. 1
Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді. 1
10 Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды. 1
Қолданысын жеткізеді. 1
11 М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады. 1
Шығармадан нақтыдәлелдеркелтіреді. 1
Шығармадағымәселеніңөміршеңдігінсараптайды. 1
Өзкөзқарасынбілдіреді. 1
Жазба жұмысын жазады. 1
 
Верх