ТЖБ Қазақ әдебиеті 9 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты..................................3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар.............3
3. Күтілетін нәтижелер...................................................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі............................................4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі......................................4
6. Модерация және балл қою...............................................5
1 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................6
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................11
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................16
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................21
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлігілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогін (оқығанының негізінде) дайындау -кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
6) оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырма-лар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау, әдеби шығармадағы психологизм, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; Таңдауды қажет ететін сұрақтар
Анализ және интерпретация Қолдану эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар, автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі, шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу; Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және салыстыру Жоғары деңгей дағдылары шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
4
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам / қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
*Сипаттама
*Орындау уақыты, мин
Балл
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану;_____________________
Жауап
нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
10
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;_______________________
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
15
15
1
5
2
3
4
5
6
7
8
9
6
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу
11 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы: 40 30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі ... құрылған.
А) отбасылық мәселелер мен мұрагерлер арасындағы таққа талас, қатаң жазаларға Б) кейіпкерлер арасында орын алған қақтығыстар мен шытырман оқиғалар, диалогқа С) кейіпкерлердің әңгімесінен, монологтар, кейіпкерлердің портреттері мен пейзажға Д) бас қаһармандардың өзара әңгімесі, сұрақ-жауаптар мен бір-біріне жазған хаттарға
[1]
2. Бұқар жыраудың адам психологиясы мен мінезін ашып көрсетудегі шеберлігі қай шығармадан байқалады?
А) «Әй, Абылай, Абылай»
Б) «Асқар таудың өлгені»
С) «Тілек»
Д) «Ай, заман-ай, заман-ай»
[1]
3. «Қасқакөл дауы» шығармасында даудың шешілуіне ықпал еткен кім?
А) билердің сөзін жерге тастаған Ормамбет Б) жасының үлкендігін алға тартқан Төле би С) халқыңа пайдасы тимес деп күйінген Әйтеке би Д) баласының қарт билерді ренжіткеніне күйінген ана
[1]
4. Айтыстағы Біржан бейнесін, оның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, ішкі психологиясын танытатын жолдарды анықтаңыз.
A) Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ,
Теңестеп айыбыңды тізсем қылға.
Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң,
Келімсек әкең неге берді құлға?
B) Қырымға қарайтұғын қыран құспын,
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.
Айнымас қанды балақ ақ иықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.
C) Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып.
Жеңген жоқ Көшімбайың о да аңдып.
Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,
Жаманын көтереді арғын сән қып.
Д) Шақыртып нағылады оны Біржан,
Көруге ынтық емес соны Біржан.
Арғыннан асып кеткен бай болмайды,
7
Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.
[1]
5. Өлең жолдарын сәйкестендіріңіз.____________________________________________________________________
І.Оныншы тілек тілеңіз... А) Төрде төсек тартып жатпасқа
2.Тоғызыншы тілек тілеңіз... Б) Он ай сені көтерген... Анаң бір аңырап қалмасқа
3. Он бірінші тілек тілеңіз... С) Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа
4. Төртінші тілек тілеңіз... Д) Он бармағы қыналы... Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа
А) 1-С,2-Б,3-А,4-Д Б) 1-Д,2-А,3-Б,4-С С) 1-Б,2-А,3-Д,4-С Д) 1-Д,2-С,3-Б,4-А
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Біржан-Сара» айтысында Сараның иронияны қолдану ерекшелігіне 4-5 сөйлеммен баға беріңіз.
[3]
7. Қазыбек бидің «Не қымбат?» деген сауалға берген жауабын автор бейнесімен байланыстыра отырып талдаңыз.
[3]
8. Төле бидің «Ердің бақытын кетіретін де - әйел, ерге бақыт әперетін де - әйел» деп, келінді өзі таңдаудағы рөлін талдаңыз.
[3]
9. «Біржан-Сара» айтысының шарықтау шегі, ақынның қолданған тәсілі туралы талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
10. Егер сен айтыскер ақын болсаң, қандай әлеуметтік тақырыптарды қозғар ең? (3-4 сөйлем)
[3]
3-БӨЛІМ
11. Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдаңыз.
1. Би-шешендердің аталы сөздеріндегі ойлар қазіргі кезде өзекті ме? Өз ойыңызды талдап жазыңыз.
2. «Біржан мен Сара» айтысында көтерілген мәселелер Сараның жеке басына ғана тән бе? Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды дәлел келтіре отырып жазыңыз.
8
3. Қазыбек бидің «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» сөздерінің тәрбиелік мәнін талдаңыз.
[10]
9
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпараттар
1 Д 1
2 А 1
3 Д 1
4 В 1
5 С 1
6 шығармадағы троп түрін қолданудағы автор стиліне баға береді; 3
7 автор бейнесіне талдау жасайды, дәлел келтіреді; 3
8 автордың рөліне талдау жасайды, дәлел келтіреді; 3
9 шығарманың шарықтау шегін анықтап, ақынның қолданған тәсілі туралы талдап жазады; 3
10 өзінің шығармашылығық қырын танытады, автор стилін сақтайды, әлеуметтік мәселе туралы жазады. 3
11 тақырыпты ашады; өз ойын, көзқарасын білдіреді; шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан талдайды; пікіріне дәлел келтіреді; өз ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады; стильге сай жазады; құрылымын сақтайды. 1 1 2 1 2 1 1 1
10
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
*Сипаттама
*Орындау уақыты, мин
Балл
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;
Жауап
нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
5
10
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық
жұмыс жазу;_________________
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
15
15
5
1
2
3
4
5
6
7
8
9
11
11 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдасалыстырып, жаңашылдығына баға беру; 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы: 40 30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Бәйеке, сұлтан, ақсүйек,
Қыларың болса, қылып ал,
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін, жасырман, - деген жолдардағы кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
А) ішкі ашу-ыза, кек Б) мақтаныш, өкініш С) ашу-ыза, қызғаныш Д) барлық жауаптар дұрыс
[1]
2. Мен шарға ұстаған Қара балта едім.
Шабуымды таппай кетілдім. Асты сызылған сөздер кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
А) ақынның өкінгендегі Б) соғысқа аттанғандағы С) Исатайдан айрылғандағы Д) ақынның жалғыздықтағы
[1]
3. Жыр сюжетінде Кенесары хан қырғыз еліне қай елмен аттанбақшы болды?
А) уақ Б) дулат С) қыпшақ Д) төлеңгіт
[1]
4. Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
1 «Жауың қайда? Мен — жолдас» А Балқожа, Медеу
2 Қолдағы өңшең батырдан Іріктеп бәрін ал В Наурызбай
3 Ханға таман барыңыз. Баруға көңілің тілесе, Ханнан жарлық алыңыз. С Бұғыбай
4 Екі-үш жүз кісі көбірек, Онша алып, тақсыр, не етейін. Әскерден отыз батырды Іріктеп алып кетейін. Д Кенесары
12
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
в) 1С, 2А, 3В, 4Д С) 1А, 2В, 3С, 4Д Д) 1Д, 2С, 3А, 4В
[1]
5. «Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
А) зерттеушілік, суреткерлік, сезімталдық, өнерпаздық Б) зерттеушілік, суреткерлік, әншілік, сал-серілік С) зерттеушілік, сыршылдық, әзілкештік, аңғалдық Д) зерттеушілік, суреткерлік, сыршылдық, сезімталдық
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Мен, мен, мен едім» өлеңіндегі ақынның халық мүддесін көздеудегі, көтерілісті ұйымдастырудағы рөлін талдаңыз. (3-4 сөйлем)
[3]
7. «Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Салтанатты хандардан Жетім қалдым айрылып!
Екі бірдей қанатым
Топшыдан сынды қайрылып!» өлең жолдарындағы автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
8. Махамбеттің «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен» берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім.
[3]
9. Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
10. Ұлы ғалым В.И.Веселовский «Ш.Уәлиханов-аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалым» деп баға береді. Ғалым Шоқанды неге «аққан жұлдызға» теңеді деп ойлайсыз? Пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
11. Тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
1. Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары.
2. Шоқанды орыс достары «ерекше құбылыс» деп атаған. «Ыстықкөл күнделігінен» Шоқанды жан-жақты тануға болады. Шоқанның «Ыстықкөл күнделігінің» жаңашылдығы неде?
13
3. «Кенесары-Наурызбай» - батырлық эпос үлгісімен жазылған тарихи-реалистік жыр.
[10]
14
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпараттар
1 А 1
2 С 1
3 Д 1
4 А 1
5 Д 1
6 ақынның көңіл-күйін сипаттап жазады; 3
7 үзінді жолдарындағы ойды талдайды; 3
8 өз ойын жазады; 3
9 сұраққа мысалдар арқылы жауап беріп, талдайды; 3
10 өз пікірін жазады; 3
11 тақырыпты түсінгенін көрсетеді; өз ойын және көзқарасын білдіреді; шығарманың жаңашылдығына баға береді; пікіріне дәлел келтіреді; қорытынды шешімін жазады; ұрпақтар сабақтастығымен байланыстырады; стильге сай жазады; құрылымын сақтайды. 1 2 1 1 1 2 1 1
15
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау; 9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау; 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 5 5
2
3
4
5

6 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау; 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру; Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 15 15
7
8
9
10
11 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
16
құндылығын бағалау.
Барлығы: 40 30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. «Құлагер» поэмасындағы психологизмнің анық байқалатын тұсы қай бөлімде?
A) Бай, бай, Құлагерім!..
B) Толғану
C) Ат шаңы
Б) Ат қайтқанда
[1]
2. Шұғаның Әбдірахманға деген сезімінің оянуын білдіретін детальді белгілеңіз.
А) қос аттының келуі Б) алтыбақанда кездесуі С) отаудың сықырлауығы Д) ауыл жастарының тойы
[1]
3. Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңінен алынған үзіндідегі бос орындарды өз қалауыңызша толтырыңыз.
Сағыныш деген ..., бола да берер артық-кем,
Ал нағыз ... араның балы бар тіптен.
Мен мынау ... қара тасты да сағынам,
Қаланып қалса тәртіппен.
[1]
4. «Ұлпан» романының шарықтау шегін анықтаңыз.
A) Біжікеннің соңғы сөзі
B) Ұлпанның монша салдыруы
C) Ұлпан өлімі
Д) Есенейдің қазасы
[1]
5. Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінде «жарылуға жақындап келем» деген жолға сәйкесін анықтаңыз.
A) Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде
B) қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып о баста көріскенің үшін
C) кімнен өшімді аларымды білмей, кімдерге кінә тағарымды білмей, алдыңа лапылдап келем
17
Б) шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем
[1]
2-БӨЛІМ
6. Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі
О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,
Ондағы жандар көз ашпас еді-ау, сағыну менен шаршаудан.
Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,
Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан, - деген жолдарда автор бейнесі, өмірге деген құштарлығы мен сағынышы қалай байқалды? Талдаңыз. (5-6 сөйлем).
[3]
7. Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,
Жырым - жылқы, жүйрік ат - салған әнім.
Аспан асты, жер жүзі - кең сақара Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын,
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым.
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы,
Білген жан бекер демес аттың жайын. Берілген жолдарда автор қайталаудың қай түрін қолданды? Автор стилін бағалаңыз. (5-6 сөйлем).
[3]
8. ТТТүға. мен Әбдірахманның қосыла алмауына сюжеттегі кедергі болған жайттарды талдаңыз.
[3]
9. Ф.Оңғарсынованың
«Біреудің күлкісін көріп, бақыттының түр-түсін көріп, шаттанып қалған шағымда, жеткендей арман-сағымға, қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем», - деген жолдарын негізге ала отырып, өлең туралы өз сезіміңізді бір шумақпен немесе қарасөзбен жазыңыз.
[3]
10. «Ұлпан» романындағы оқиға шешімі оқырман ретінде сізге қалай әсер етті? 5-6 сөйлеммен талдап жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
11. Тақырыптардың бірін таңдап, шығарманың тарихи және көркемдік қүндылығына өз пікіріңізбен баға беріңіз.
1. Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі сағыныш сазы.
18
2. Ұлпан - ел тізгінін бекем ұстаған, «Есенейдің Есенейі» болып, Ел анасы атанып, халық қамқоршысына айналған тарихи тұлға. Шығармадағы Ұлпан бейнесін даралап тұрған қасиеттерді қалай бағалайсыз?
3. І.Жансүгіров «Құлагерінің» көркемдік құндылығы неде?
19
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпараттар
1 А 1
2 С 1
3 «молшылық қазына, асқақ сағыныштарда, ыстық жүрегімменен» деген сөздерге мағыналас жауаптар қабылданады. 1
4 А 1
5 С 1
6 автор бейнесін, өмірге деген құштарлығын талдайды; 3
7 автор стилін бағалайды; 3
8 шығарма сюжеті бойынша кейіпкерлер өміріндегі оқиғаларды талдайды; 3
9 автор стилін сақтай отырып, шығармашылық жұмыс нәтижесін көрсетеді; 3
10 шығармадағы оқиға шешімі туралы талдап жазады; 3
11 өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе алады; тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік баға береді; орынды пікір, дәлелдер келтіреді; өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады; стильге сай жазады; құрылымын сақтайды. 2 2 2 2 1 1
20
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ - толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
Қамтылатын мақсаттар
*Сипаттама
*Орындаууақыты,
мин
Балл
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану_____________________
Жауап
нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар
10
9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен
айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық
жұмыс жазу;_________________
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
15
15
1
5
5
2
3
4
5
6
7
8
9
21
11 9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы: 40 30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Кіші Орданың ханы Нұралыны Донсковқа хат жазуға итермелеген не?
А) Орынбор жиынына қатыса алмау себебін түсіндіруі Б) Айшуақ сұлтанға қайтара алмай отырған мал-жан есебі
С) Хан қолында дербес биліктің болмай, ел ағаларына қарайлап отыруы Д) Сырым Датұлы бастаған қазақтардың орыс қамалына шабуылдауы
[1]
2. Шығарма желісіне арқау болған негізгі мәселе?
А) Ресей империясының отаршылдық саясатын ашықтан ашықтан-ашық көрсетуі, ел тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына алған билер мен батырлар, ел ағаларының азаттық үшін күресі
Б) Нұралы ханның ел арасындағы өзекті мәселені шеше алмай, халықтың дағдарысқа түсуі
С) Ресей империясының генерал-фельдмаршалы Григорий Александрович Потемкиннің қолбасшылық дарыны мен батырлық түр-тұлғасын көрсету
Д) хан мен қара халықтың арасындағы наразылық, биліктің алауыздығы мен жағымпаздық.
3. «Өмір болған соң, күрессіз бола ма...» деген ойды әрі қарай өрбітіп жазыңыз (1-2 сөйлем).
[1]
4. Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасынан берілген үзіндіні қара сөзбен көркемдеп жеткізіңіз (2-3 сөйлем).
Туыңдай қанат керген желді күнгі,
Танытты кең әлемге теңдігіңді.
Тұрғанда Бәйтерегің көкке шырқап,
Ұстай біл Асқақтатып Елдігіңді!
[1]
5. Самсаған қара орманым - байтақ елім,
Сынға сап сан жақсыны байқап едің.
Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің! - деп жырлаған Н.Айтұлының шығармасындағы «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді? (2-3 сөйлем).
[1]
22
2-БӨЛІМ
6. Шығармадағы аштықтың азабын композицияның қай тұсында анығырақ байқай алдыңыз? Ойыңызды 5-6 сөйлем талдап жазыңыз.
[3]
7. «Ия, Сырым шырағым!
Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың.
Жоқтан бар болдың!». Автор стилін сақтай отырып, өлең жолдарын жалғастырыңыз (2-3 шумақ).
[3]
8. Өтінде арпалысқан өмір-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек - Елбасының өр тұлғасы,
Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!
Берілген жолдардағы ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға беріңіз.
[3]
9. «Бәйтерек» поэмасындағы автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасаңыз. Өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
[3]
10. «Намысты айырбастап күнкөріске,
Сұғасың бір кебісті бір кебіске», - деген жолдарды дамытып 2 жол жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
11. Тақырыптың бірін таңдап, сыни мақала жазыңыз.
1. «Тар кезең» романының әдебиеттегі орны (қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдаңыз).
2. «Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткені мен бүгіні (қазақ әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстыра талдаңыз).
23
Балл қою кестесі
№ Жауабы Балл Қосымша ақпараттар
1 Д 1
2 А 1
3 оқушының шығармашылық жұмысы қабылданады 1
4 «Көк байрағымыз желбіреп, әлемге атымызды танытқан тәуелсіздігімізді мәңпге сақтап қалуымыз керек, әлпештеп аялай білу керек» деген сияқты оқушы жазбасы қабылданады. 1
5 Бәтерек ұғымын Елбасының тұлғасымен байланыстыра түсіндіретін жауап қабылданады 1
6 шығарма композициясын талдайды; 3
7 автор стилін сақтай отырып, өлеңді жалғастырып жазады; 3
8 ақын тілінің ерекшелігін талдап, стиліне баға береді. 3
9 автордың азаматтық бейнесіне, ел мен Елбасы туралы ойды тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды; 3
10 берілген үзіндіні автор стилін сақтай отырып, өрбітіп жазады; 3
11 сыни көзқарасын білдіреді; бағасын береді; пікіріне дәлелдер келтіреді; қорытынды жасайды; шығарманы әдебиет үлгілерімен салыстырады; жанрға, стиль талаптарына сай жазады. 2 1 2 1 2 2
24
 
Верх