ТЖБ Дүниежүзі тарихы 9 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты.................................3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар............3
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер.......................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі...........................................4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу . 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі.....................................6
7. Модерация және балл қою..............................................6
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ... 21
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ... 28
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу:
- әлем тарихының негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
- әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
- тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін.
Түсіну:
- тарихтың барлық кезеңдері бойы дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
- әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
- заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
- әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
- әлем тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану:
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: әлем елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау:
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
- тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
- проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
- түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.
Жинақтау:
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
- қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау:
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
- әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын;
- заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Берілген тұжырымдардың негізінде бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындайды КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар
Қолдану Әлем елдеріндегі экономика және саясаттағы өзгерістердегі сипаттау үшін фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін түсіндіреді. Әлем елдерінің дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіруде фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстырып, экономикада орын алған өзгерістерді анықтайды. Тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын нақты дәлелдер келтіріп түсіндіреді. ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалайды. Ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалайды және интерпретациялайды. Адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасайды. Тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалайды. ХХ ғасырдың басындағы әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың ыдырау себептерін тұжырымдайды. Саяси ағымдардың қоғамдық-саяси өмірге әсерін, реакцияшыл идеологиялардың таралуы мен Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейінгі әсерін 1918-1922 жж. азамат соғысының себептері мен салдарын талдайды. 1929-1933 жылдардағы Әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясының рөлін сипаттап, экономикалық жүйелердің тиімділігін негіздейді. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды және социалистік шаруашылық жүйесіндегі қарама-қайшылықтарды анықтайды. ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін талдайды және Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының қосқан үлесіне баға береді. Соғыстан кейінгі «қырғи қабақ соғыс» кезіндегі негізгі оқиғаларды талдап, Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық
идеологияның қалыптасу жолдарын түсіндіреді.
Қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдап, жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалайды. Тарихтың әр кезеңіндегі тұлғалардың халықаралық қатынастардағы рөлін
_________________талдап, баға береді._____________________________________________
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 14 % 14 % 72%
II 0 % 57 % 43 %
III 0 % 0% 100 %
IV 0% 0 % 100%
Барлығы 3 % 18 % 79%
5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кезкелген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалауа аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
7
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсы рма саны Тапсырма № Тапсы рма түрі Орындауға берілетін уақыт Балл Бөлім бойынш а жалпы балл
8.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау Білу және түсіну 1 1 КТБ 6 6
1-бөлім Бірінші дүниежүзілік соғыс 8.2.4.2 Тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 7 5 17
8.3.2.2 Әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро - Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ҚЖ 8 6
2-бөлім 8.1.1.1 Тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 5 3
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ресей 8.3.2.6 1918-1922 жж. азамат соғысының себептері мен салдарын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 6 4 13
мен Азия елдері 8.3.1.1 Қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 4 3
8
8.4.2.2. Экономика және саясаттағы өзгерістердегі сипаттау үшін "этатизм" (мемлекеттік капитализм) түсінігін қолдану Қолдану 1 7 ҚЖ 4 3
БАРЛЫҒЫ 7 - - 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1- тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген тарихи фактілердің «жалған» немесе «ақиқат» екендігін анықтаңыз.
№ тарихи факт Ақиқат Жалған
1 І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ұлыбритания мен Германия арасындағы өзара қарсылық күшті болды
2 Франция мемлекеті І дүниежүзілік соғыс қарсаңында Босфор мен Дарданель бұғаздарын қайтаруды көздеді
3 Германия, Австро-Венгрия, Италия мемлекеттері «Үштік одаққа» кірді
4 І дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы үнемі әскери жанжалдардың орталығы Балқан түбегі болы
5 «Антанта» сөзі француз тілінде «соғыс» деген мағынаны білдіреді
6 І дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрияның мақсаты Балқан түбегіне үстемдік ету болды
[6]
2. І дүниежүзілік соғыс кезіндегі ғалымдардың қол жеткізген жетістіктерін жазып, маңызын түсіндіріңіз.
Пентор Роуз Франц Хабер Гарольд Г иллис

Маңызы 1. 2.
[5]
3. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі ірі империялардың ыдырау себептерін көрсетіп, картаны қолданып пайда болған мемлекеттерді жазыңыз.
a) себеп:
b) себеп:_______________________________________________________________________________
10
Ресей империясы ыдырауынан пайда болған мемлекеттер Австро-Венгрия империясының ыдырауынан пайда болған мемлекеттер
1. 2. 1. 2.
[6]
4. Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік саладағы жағымды және жағымсыз өзгерістерді көрсетіп, қорытынды жазыңыз.
Жағымды өзгеріс Жағымсыз өзгеріс

Қорытынды ой:
[3]
5. Азамат соғысының нәтижелеріне талдау жасаңыз.
Себептері Салдары
1 1
2 2
[4]
6. Сунь Ятсеннің 3 халықтық принципін мәнін түсіндіріңіз.
¥лтшылдық принцип
Демократизм
Халық игілігі
[3]
7. Мұстафа Кемалдың билігі кезіндегі өзгерістерді берілген салалар бойынша түсіндіріңіз.
Саяси саладағы өзгеріс
Экономика саласындағы өзгеріс
Мәдени саладағы өзгеріс
[3]
11
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымш а ақпарат
1 Ақиқат 1
Жалған 1
Ақиқат 1
Ақиқат 1
Жалған 1
Ақиқат 1
2 Пентор Роуз - қан құрамын бұзбай энергия көзі ретінде ұзақ уақыт сақтау үшін калий цитратан қосу арқылы қанның ұю мен декстрозаны болдырмау бойынша жұмыстар жүргізді. 1 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады
Франц Хабер - селитрасыз, аммикты қолданып жарылғыш зат жасау технологиясын ойлап тапты. 1
Гарольд Гиллис - соғыс кезінде беті зақымдалған солдаттарға алғаш рет пластикалақ операция жасады. 1
Маңызы 1. Соғыс кезінде қару-жарақ тасымалдаған ұшақтар соғыс аяқталған соң Франция мен Англияның арасында тұрақты түрде адамдарды тасымалдады. 2. Соғыс кезінде миллиондаған адамдардың денсаулықтарын жақсарту арқылы, адам шығынын азайтуға мүмкіндік берді. 2
3 Себептер: 1. І дүниежүзік соғыс кезінде соғысқа қатысып жатқан мемлекеттердің халқы көтерілістерге шығып, соғысты тоқтатуды талап етті. 2. Соғыс шығындары орасан көп болып, мемлекеттерді экономикасы құлдырады. 2 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады. Басқа да мемлекет терді жазуы мүмкін
Ресей империясы ыдырауынан пайда болған мемлекеттер 1. Латвия 2. Финляндия 2
Австро-Венгрия империясының ыдырауынан пайда болған мемлекеттер 1. Чехословакия 2. Югославия 2
12
4 Жагымды өзгеріс: Бұрын буржуазияның қол астында кіріптар болған жұмысшылар мен шаруалардың қолына билік берілді. Яғни жергілікті жерлерде кеңестер құрылып, оның құрамына шаруалар мен жұмысшылар кірді. 1 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады.
Жагымсыз өзгеріс: Ресейдегі жаңа саяси жүйеге Еуропа елдері қарсы шығып, 1918-1920 жылдар аралығында азамат соғысы болды. Азамат соғысы кезінде жалпы 8,5 млн адам қаза тауып, демографиялық жағдайға үлкен соққы болды. 1
Қорытынды ой: Ресейдегі патша билігі құлап, орнына келген кеңес үкіметі жұмысшылар мен шауарлардың құқықтарын қорғау үшін бірнеше шаралар қабылдады. Оның ішінде 8 сағаттық жұмыс күні, шаруаларға берілген жер иеліктері, жергілікті жерлерде жұмысшылар мен шаруалар құрамына кірген кеңестерден құрылды. 1
5 Себептері: 1. Қазан төңкерісінен кейін патша генералдары мен шенеуніктері Ресейдің бұрынғы тәртібін қайта орнатпақ болды. Олар өздерінің ақ әскерлерін жасақтап, жұмысшылар мен шаруалардан кұрылған Қызыл Армияға қарсы шықты. 2. Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және басқа елдердің үкіметтері Ресейге өз әскерлерін жіберіп, ақ генералдарға көмек көрсетті. Шетел соғыс интервенция басталды. Салдары: 1. 8 млн-ға жуық адам шығыны орын алды. 2. Ақ гвардияшылар бейбіт халықты тонап, қалыпты өмір сүруге кедергі келтірді. 4 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады.
6 Ұлтшылдық принцип: Қытайдағы жатжерлік маньчжур үстемдігін құлатып, Қытайдың тәуелсіздігіне қол жеткізу Демократизм: Қытайдағы монархиялық биліктен бас тартып, демократиялық республика құру Халық игілігі: Жер иеленудің біртұтас мемлекеттік салыққа негізделген түрін енгізу. Сол арқылы аграрлық мәселені шешу 3 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады.
7 Саяси саладағы өзгеріс: 1922 жылдың 1 қарашасында Ұлы ұлттық жиналыс VI Мехмед сұлтанатын таратты, ал 1923 жылы 29 қазанда Мұстафа Кемал жаңа Түркия Республикасының президенті болып сайланды. 1 Білім алушыла рдың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылда нады.
Экономика саласындағы өзгеріс: өнеркәсіптің және көліктің маңызды секторларындағы мемлекеттік меншікті таратты, ал екінші жағынан шетелдік инвесторлар үшін еңбек нарығын ашты. 1
Мәдени саладағы өзгеріс: Құранды түрік тіліне аударып, Құран мен әл-Бұхари хадистерінің жинағын өз есебінен аудартып, 10 000 данамен басып шығарып, халыққа таратты 1
Барлығы 30
13
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
14
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларын ың деңгейі Тапсырм а саны Тапсырма № Тапсы рма түрі Орындауға берілетін уақыт Балл Бөлім бойынш а жалпы балл
8.4.1.1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ҚЖ 6 5
3-бөлім. Әлемдік экономикалық 8.4.1.4 Фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 7 6 17
дағдарыс 8.2.4.1 Әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясының рөлін сипаттау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 5 3
8.3.1.3 Фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия) Қолдану 1 4 ҚЖ 5 3
4-бөлім. Тоталитаризм мен демократияның 8.3.1.2 Тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру Қолдану 1 5 ҚЖ 6 5 13
15
қарама-қарсы тұруы 8.4.1.5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау Қолдану 1 6 ҚЖ 5 3
8.1.2.1 Қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 6 5
БАРЛЫҒЫ 7 - - 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
16
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Өндірістік-техниканың дамуына үлес қосқан тұлғаларды берілген тор көздерде анықтап, ғылыми-техниканың әлемнің дамуына әсеріне баға беріңіз.
( Л 1908 жылы дәл сол қоғамдық модель - халық арасында «Қаңылтыр Лизи» деген
V ) атқа ие болып, Ғогё Т жасалды
( \ 1914 жылы «Илья Муромец» атты төрт метрлік бомбылаушы ұшағын
V ) құрастырды
1895 жылы радиоқабылдағышты ойлап тапқан ғалым
Р 1907 жылы 25 шілдеде ғалым «Қашықтықта бейнелерді электр арқылы беру тәсілі» бойынша теледидарды патенттеді
1. Игорь Сикорский 2. Александр Попов 3. Б.Л.Розинг 4. Генри Форд
[4]
Ғылыми-техниканың дамуы әлемнің дамуына қалай әсер етті?
[1]
2. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың белгілерін салалар бойынша сәйкестендіріңіз.
a) халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі
b) биліктің беделінің төмендеуі және жиі ауысуы
c) банктердің банкротқа ұшырауы және инфляция
Ъ) өндіріс орындарының жаппай жабылуы
е) үкіметке қарсы көзқарастың белең алуы і) радикалды партиялардың ықпалының төмендеуі
Саяси салада Экономикалық салада Әлеуметтік салада

[6]
3. Дж. Кейнстің 1929-1933 жылдардағы әлемдік дағдарысты шешудегі әдістерін маңыздылығы бойынша орналастырып, маңызын түсіндіріңіз.
a) Өндірісті кеңейтіп, ұсыныс тұрғысынан емес, сұраныс тұрғысынан шешу қажет екенін түсіндірді.
b) Нарықтық экономика өзін-өзі реттей алмайды, сондықтан мемлекеттің араласуы керек.
17
с) Экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде бюджеттік саясатқа басымдылық беріледі, себебі сол арқылы жұмыс күші мен өндірістік мәселелерді шеше алады. ё) Өндірістегі дағдарыстың алдын алу үшін макроэкономикадағы тұтынушы мен өндіріс, табыс пен жұмыспен қамту арасындағы тепе-теңдікті "тиімді сұраныс" позициясы түрғысынан шешу керек.
Маңызы: 1_______
2
.... [3]
4.1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын түсіндіріңіз.
Скандинавиялық жол Американдық жол Германдық жол

[3
5. Ресейдегі тоталитарлық жүйенің белгілеріне нақты дәлелдер келтіріңіз.
Нақты бір ғана идеология
Партияның бір көшбасшысы
Бұқаралық ақпарат құралдарының қатал партиялық бақылауда болуы
Қарулы күшке партиялық бақылау
Жаппай террор
[5]
6. Жапонияның ІІ дүниежүзілік соғыс алдындағы экономикасын берілген салалар бойынша сипаттаңыз.
Өндірісте:________________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығында:______________________________________________________________
Әскери-өнідістік салада:__________________________________________________________
[3]
7. Берілген терминдердің ішінен фашизмге тән 2 белгіні анықтап, тор көзге белгілеңіз.
a) Шовинизм
b) Демократия
c) Ұлтшылдық
ё) Халық еркіндігі е) Кәсіподақ
[2]
И. Эренбург «Фашизм-қатерлі ісік, оны емдеуге болмайды, оны жою керек» деген тұжырымға 2 дәлел келтіріп, ой түйін жасаңыз.
18
Балл қою кестесі
[3]
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
Генри Форд -1908 жылы дәл сол қоғамдық модель - халық арасында «Қаңылтыр Лизи» деген атқа ие болып, Ғогё Т жасалды. 1
1 Игорь Сикорский - 1914 жылы «Илья Муромец» атты төрт метрлік бомбылаушы ұшағын құрастырды. 1
Александр Попов - 1895 жылы радиоқабылдағышты ойлап тапқан ғалым 1
Б.Л.Розинг -1907 жылы 25 шіледе ғалым «Қашықтықта бейнелерді электр арқылы беру тәсілі» бойынша теледидарды патенттеді. 1
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғылыми-техниканың дамуы тағы бір кезеңге аяқ басты. Бұл кезде әскери технологиямен қатар қоғам игілігі болып табылатын, байланыс құралдары, бұқаралық ақапарт құралдарының дамығандығын көре аламыз 1 Білім алушылард ың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылданад ы
Саяси салады - Ъ, Г
2 Экономикалық салада - с, Ъ 6
Әлеуметтік салада - а, е
Өз көзқарасы бойынша дағдарыстың шешу әдістерін маңыздылығы бойынша орналастырады. 1 Білім алушылард
3 Маңызы: 1.Таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция т.б. сияқты мәселелер шешілуі мүмкін емес еді. Реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласу керек. 2. Жалпы Дж. Кейнстің экономикалық ілімі ұзақ жылдар бойы әлемдік экономиканың негізгі қағидаларын жасады. Экономиканы әлемдік деңгейде тұрақтандырып қадағалау үшін Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құру туралы ұсыныс айтып, ол ұсынысы қолдау тапты. 2 ың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылданад ы
4 Скандинавиялық жол - мемлекеттің реттеуші рөлін күшейтуді және экономиканы әлеуметтендіруді ұштастырған социалистік-реформистік жол. Мұнда сыртқы сауда, капиталды әкету мемлекет бақылауына алынды. Бұл жол буржуазия кең мүмкіндіктеріне ие емес, солшыл партиялары күшті елдерді таңдады. 1 Білім алушылард ың мазмұнға сәйкес
Американдық жол - елдің шаруашылық және қоғамдық өміріне жанама әсер етті. Мемлекет ірі инвестициялық шараларды жүзеге асырды, жұмыссыздарға көмек көрсету бағдарламасын және т.б. қоғамдық жұмыстарды қаржыландырды. Бұл бағыт Экономикалық даму деңгейі 1 дұрыс жауабы қабылданад ы
19
жоғары және берік демократиялық дәстүрлер бар елдерді таңдады.
Германдық жол - Бұл жол нарықтық қатынастарды барынша жоюға және шектен тыс орталықтандыруға негізделді. Дағдарысқа қарсы саясаттың негізгі белгілері -экономиканың, халық шаруашылығының жаппай милитариялануы; экономикадағы мемлекеттік сектордың тұрақты өсуі; шикізат салаларын, отын-энергетика базасын, көлікті және т.б. мемлекет меншігіне алумен ерекшеленді. Дағдарыстан шығудың мұндай жолы жедел оң нәтиже берді. Мәселен, Германияда бір жылдан кейін жұмыссыздық жойылды. 1
5 Нақты бір гана идеология: коммунизм. Партияның бір көшбасшысы: И.Сталин. БАҚ қатал партиялық бақылау: Баспасөздерге қатал цензура. Қарулы күшке партиялық бақылау: ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында әскер қатарындағы коммунистердің саны 654 мыңнан, 4 млн-ға жетті. Жаппай террор: 1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін 5 Білім алушылард ың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
6 Өндірісте: экономиканы батыс елдері сияқты бәсекелестік негізінде емес, отбасылық негізде дамытты. Мемлекет ірі кәсіпкер рөлінде болып 20 жылдары жеке кәсіпкерлікке қарағанда үлесі айтарлықтай жоғары болды. Мемлекет ел экономикасының шамамен 2/3 инвестициямен қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылыгында: 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс ауыл шаруашылыға үлкен соққы болып тиді. Шаруалардың 50 пайызы айналысатын жібек шаруашылығы тоқырауға ұшырап, негізігі импорттаушы АҚШ бастартып, өнімнің бағасының төмендеуіне әкелді. Әскери-өнідістік салада: 1932-1936 жылдар аралығында Жапония кәсіпорындары 5,5 млрд. иенге әскери тапсырыс алды. 1935-36 жылдардағы әскери шығын мемлекеттің жалпы пайдасының 45 пайызын құрады, 1937-1938 жылдары жапон бюджетінің 73,5 пайызын құрады 3
7 1 - а 2 - с 2
Фашизм - демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Гитлер режимінің қол жеткен басты табысы жұмысшы табының саяси құқықтарының жойылғаны, коммунистерді қудалау, социал-демократия партиясына тиым салу, кәсіподақтарды тарату - жаңа өкіметтің алғашқы шараларының бірі болды. Өндірістерде ереуілдік күрес күрт азайып кетті, коммунистер түрмеге қамалды. Бір сөзбен айтқанда гитлерлік Германияда ұлтшылдық, шовинистік, антикоммунистік бағыттар белең алып, әлемге және жергілікті халыққа үлкен қауіп төнді 3 Білім алушылард ың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
Барлығы 30
20
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
21
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсыр ма саны* Тапсырм а № * Тапсы рма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны
5-бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыс 8.2.4.3 Тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 5 4 8
8.3.2.8. Ұлы Отан соғысының жеңісіне кеңес халқының қосқан үлесін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 5 4
6-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси дамуы 9.3.2.2 «Қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ҚЖ 11 10 22
9.3.1.4 Тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 5 3
9.3.1.2 Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот) Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ҚЖ 5 4
9.4.2.1 Экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 5 3
9.3.2.7 Қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 4 2
БАРЛЫҒЫ 7 - - 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
22
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Мәтінді қолдана отырып, ХХ ғасырдың ортасында ғылым мен техниканың дамуының жағымды және жағымсыз жақтарын мысал келтіре отырып, сипаттаңыз.
Екінші дүниежүзілік соғыс ғылым мен техниканың дамуына зор ықпал етті. Соғыс кезінде Англия мен АҚШ Англияда жасалған радиолакацияны пайдаланды. Германия жерінде реактивті самолеттер мен «Фау-2» баллистикалық ракетасы жасалды. Соғыстың аяғына қарай АҚШ атом бомбасы мен қазірге компьютерге ұқсас салмағы бірнеше тоннаға жететін, үлкен залдарда орналасқан электронды-есептеуіш машиналар жасалды. Соғыс жылдарында Американдық математик Норберт Винер зениттік снарядтардың бағыттау теориясы жасап, басқару мен байланыс және ақпараттарды өңдеу бойынша кибернетика ғылымының негізін салды.
жағымды жағы жағымсыз жағы

Мысалдар

[4]
2. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес халқының рөліне баға беріп, дәлел келтіріп түсіндіріңіз.
КСРО халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі қаншалықтың маңызды болды? Маңыздылық 1 2 3 4 5 Дәлел:

Соғыстың салдары КСРО халқы үшін қаншалықты ауыр болды? Маңыздылық 1 2 3 4 5 Дәлел:
[4]
3. Берілген суреттерді қолдана отырып, оқиғаларды анықтап, «қырғи-қабақ соғыстың» белгілері мен салдарларын талдаңыз.
Оқиғалар
Уақыты
«Қырғи-қабақ соғыстың» белгілері:
а)____________________________________________________________________________________________
Ъ)____________________________________________________________________________________________
«Қырғи-қабақ соғыстың» салдары:
а)____________________________________________________________________________________________
Ъ)____________________________________________________________________________________________
[10]
23
4. Дж. Кеннеди мен Н.Хрущевтың кезіндегі әлемдік саясаттағы өзгерістерді талдаңыз.
Никита Хрущев 1 Дж.Кеннеди
Бұл тұлғаларды қандай оқиға біріктіреді?
Берілген тұлғалар кезінде қандай өзгерістер болды?
5. Берілген ұйымдарды құрылу уақыты бойынша ретімен орналастырып, маңызына баға беріңіз.
а) Жалпыға бірдей адам Ъ) Еуропалық қауіпсіздік с) Г аага халықаралық
құқығы Декларациясы және ынтымақтастық соты
1 2 3

Адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың құрылуының маңызы:
[4]
6. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ, КСРО, Жапония мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
АҚШ КСРО Жапония

[3]
7. Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Суреттердің негізінде әлемге төніп тұрған қауіп-қатерлер туралы жазыңыз.
Жаһандык қауіптермен әлем қалай күресуде?
[2]
24
Балл қою кестесі
Тапс ырма № Жауап Балл Қосымш а ақпарат
1 Жагымды жагы - ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамып, бүгінгі заманауи технологиялық дамудың басы осы кез болғандығын көруге болады. Мысалы: оның ішінде бүгінгі күндегі әлемге еркін шолу жасауға мүмкіндік беретін компьютердің тарихы осы кезден басталған. 2 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдан ады.
Жағымсыз жағы - Америка мен Англия ғалымдарының бірлесіп жасаған атом қаруын айтар едім. Осы кезде миллиондаған халыққа қауіп төндірген ядролық қару, бүгінде миллиардтаған халыққа қауіп төндіруде. Мысалы: Жаппай қырғынға әкелетін, небір қару түрлері екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бастап пайдаланыла бастады. 2
2 КСРО халқының ¥лы Отан согысындагы ерлігі қаншалықтың маңызды болды? Дәлел: Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70% , 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Немістер көп ұлтты мемлекетті, ішкі араздықтарын пайдалана отырып аз уақытта жаулап аламыз деген ой болды, бірақ Кеңес халқы жауға қарсы бірігіп қарсы шықты. Мысалы Брест қамалын қорғауға 30-дан астам ұлт өкілдері қатысты. 2 Маңызды лық дәрежесін өз көзқарасы мен белгілейді Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдан ады.
Согыстың салдары КСРО халқы үшін қаншалықты ауыр болды? Дәлел: Кеңес үкіметі үшін ІІ дүниежүзілік соғыстың салдарлары өте ауыр болды. 30 млн-ға жуық халқы қырылды. Жүздеген қалалар мен елді мекендері қирап, экономикаға зор зардаптарын әкелді. 2
3 1. Корея соғысы, 1950-1953 жж. 2. Кариб дағдарысы, 1962ж. 3. Ауған соғысы, 1979-1989жж. 6
«Қырги-қабақ согыстың» белгілері: a) КСРО мен АҚШ-тың соғыстан кейінгі әлемде үстемдікке ұмтылуы; b) Капиталистік және социалистік қоғамдық-саяси жүйелер арасындағы қайшылықтар. 2 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес
25
«Қырги-қабақ согыстың» салдары: a) Қару-жарақ жарысындағы қыруар шығындар; b) КСРО-ның батыстың технологиялық дамуына қарағанда артта қалуы. 2 дұрыс жауабы қабылдан ады
Бұл тұлгаларды қандай оқига біріктіреді? 1963 жылы қазанда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания ауада, суда және ғарышта ядролық сынықтарды тоқтату туралы Мәскеу келісіміне қол қойды. 1 Білім алушылар дың мазмұнға
4 Н.Хрущев - кезінде мемлекеттің ішінде қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды ақтап, Сталиннің саясатын айыптады. 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. 1 сәйкес дұрыс жауабы
Дж.Кеннеди - ішкі саясатты әлеуметтік-экономикалық бағытты қолға алып, «қырғи қабақ соғысты» жұмсартуға бар күшін салды. Оған дәлел Берлин және Кариб дағдарысының кезінде бейбіт келісім ұсынуы. 1 қабылдан ады
1 - с 2 - а 3 - Ъ 3
5 Адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың цүрылуыныц маңызы: Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың құрылуының маңызы зор. Себебі мемлекеттік деңгейде емес бірнеше мемлекет жерінде заң бұзған қылмыскерлерді жазалауға мүмкіндік береді. Әлемдік деңгейдегі қауіпті тұлғаларды жазалауға және әлем халықының құқықтарының сақталуын, бұзылмауын қадағалайды. Мысалы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін неміс билігіндегі тұлғаларды жазалау үшін Нюрнберг халықаралық сот процессі жүрді. 1 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдан ады
АҚШ - жалпы кәсіпкерлікке ерекше назар аударды. Әлемнің негізгі тұтынушысы ретінде жаһандық экономикаға зор ықпал ете бастады. Соның негізінде тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктірді. Білім алушылар дың мазмұнға
6 КСРО - 1970-1980 жылдардағы дағдарыстар өте ауыр соққы болды. Экономиканың негізгі табысы жаппай қарулануға жұмсалуына байланысты, мемлекеттің басқа салалары бірте-бірте тоқырауға ұшырады. Дағдарыстан шығуға бағытталған мемлекет тимді реформалар қабылдамады 3 сәйкес дұрыс жауабы қабылдан ады
Жапония - күн шығыс елі батыстың технологиялық дамуына көз тікті. Себебі өз жерінде пайдалы қазба өте аз болғандықтан, мемлекет өз экономикасының даму көзі ретінде өз халқының адами ресурстарын дамыта отырып, технологиялық дамуға ерекше көңіл бөлді.
7 Суреттердіц негізінде әлемге төніп тұрган цауіп-цатерлер туралы жазыцыз. Суреттерден ХХІ ғасырдағы жаһандық қауіпке айналған терроризм мен экстремизм туралы ақпарат алуға болады. Халықтың діни сауатсыздығы және сол сауатсыздық экстремизмнің өрістеуіне мүмкіндік жасайды. Терроризм бүгінде күшейгені соншалықты, жер бетіндегі әр адамның өміріне зор қауіп төндіруде. 1 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы
26
Жаһандық қауіппен әлем қалай күресуде? Бүгін жаһан елдері терроризм және экстремизммен күресуде әртүрлі әдіс қолданады. Мысалы, Батыс елдері терроризмнің ошағы деген кейбір мемлекеттердің территориясында қарулы күштерді қолданып, бейбіт халыққа орасан зор қиындықтар тудырса, Қазақстан сияқты мемлекеттер бұл мәселені келісіммен шешуге тырысады. 1 қабылдан ады
Барлығы 30
27
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 30 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/ толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/ сұрақтардан тұрады.
28
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсы рма № * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілеті н балл саны
7-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы 9.3.1.4 Тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 5 3 6
9.4.1.3 Жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 5 3
8-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері 9.4.1.4 Себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 3 3 11
9.3.1.4 Тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 5 4
9.4.1.5 Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 6 4
29
9-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- XXI ғасырдың басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы 9.2.4.1 Ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 8 8 13
9.2.4.2 Адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 8 5
БАРЛЫҒЫ 7 - - 40 30 30
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
30
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «Дүниежүзі тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.1979-1990 жылдары Ұлыбритания басқарған М.Тэтчердің саясатын берілген салалар бойынша талдаңыз.
2. Соғыстан кейінгі Германияның экономикалық дамуының ерекшеліктерін дәлел келтіріп жазыңыз.
a) ____________________________________________________________________________________________________
b) ____________________________________________________________________________________________________
c) ____________________________________________________________________________________________________
[3]
3. Қытайдың экономикалық моделінің мәнін дәлелдер негізінде талдаңыз.
[3]
4. Қытай мемлекетін басқарған тұлғалардың саясатын сипаттаңыз.
ж
Мао Цзедун Дэн Сяопин Цзян Цзэминь

Қорытынды
[4]
5. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің экономикалық дамуына әсер ететін факторларды жазыңыз.
a) фактор:______________________________________________________________________________
b) фактор:______________________________________________________________________________
c) фактор:______________________________________________________________________________
б) фактор:_____________________________________________________________________________
31
[4]
6. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізген әсеріне талдау жасаңыз.______________________________________________________________
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. 1.
2. 2.
Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлер
1. 1.
2. 2.
[8]
7. Жаһандық өзекті мәселелерді сипаттап, шешу жолдарын талдаңыз.
Жаһандық мәселелер Мәселелерді шешу жолдары
1.
2.
Қорытынды ой
[5]
32
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Экономикалық салада: Бюджет ең алдымен социализм көріністерін түпкілікті жоюға бағытталды. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды жекешелендіре бастады. Сонымен қатар кәсіпкерлікті әртүрлі құрсаулардан азат етуге бағытталды. 1 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
Сыртқы саясатта: АҚШ-пен жақындасып, халықаралық қатынсатардың нашарлауына КСРО-ны кінәлады. 1
Ішкі саясатта: Кәсіподақтардың талаптары экономиканы дағдарыстан шығаруға кедергі келтірді. Сөйтіп 1984 жылы «Кәсіподақтар туралы билль» қабылданды. Онда ереуіл алдында жасырын дауыс беру тәртібі міндеттелді. М.Тэтчер ереуілге қатысушыларды «қоғамның жауы» деп атады. 1
2 а) Германиядағы федералды үкімет пен федералды банк өзара бір-біріне бағынбайды. Федералды банк мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. 1 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
Ь) Әлеуметтік өнімдегі өнеркәсіп үлесі азайды, ал қызмет көрсету саласындағы үлесінің артуы нәтижесінде 1970-1980 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезінде де Германия экономикасында өсім байқалды. 1
с) Экономикадағы қатаң бәсекелестікті үнемі қолдап отырды. Дағдарысқа төтеп бере алмаған кәсіпорындар банкротқа ұшырады. 1975 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін ешқандай өзгерістер енгізілмеген заңға сәйкес екі кәсіпорынның үшінші кәсіпорынға қатысты өзара келісіміне тиым салынған. 1
3 Қытай экономикалық моделінің мәні: 1. Халық саны көп болғанына байланысты ішкі нарықты қамтамасыз ету мемлекет экономикасының дамуына жағдай жасады. 2. Мемлекет тарапынан қатал қадағалаудың болды. 3. Өндірістің қарқынды дамып, экспорттық жағдайдың жақсаруы 3 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
4 Мао Цзедун ҚХР құрылып, партия билігі орнатылды. Жұмысшы -шаруа табы алдыңғы авангардқа айналды. 1 Білім алушылар дың мазмұнға сәйкес дұрыс жауабы қабылдана ды
Дэн Сяопин Экономикалық ірі секірістер жасалып, Қытай дәстүріне сай, социалистік құрылыстың жаңа тұрпатты дамытылған моделі қалыптасты. Қоғам өмірінің барлық саласы модернизацияланып, ол табысты аяқталды. 1
33
Цзян Цзэминь Қытайдың сыртқы саясатта беделі артты. Қытай сыртқы саясатта өзге блоктарға қосылмау саясатын ұстанып, әлемдік гегемонияға ұмтылушыларды сынауға жол ашты. 1
Қорытынды: ХХ ғасырдың екінші жартысында Қытай мемлекеті социалистік қоғамда өмір сүрсе де, экономиканы нарықтық бағытта дамытты. Билік тарапынан жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қытай мемлекеті бүгінде алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттің бірі болып табылады. Билік бірінің саясатын, бірі жалғап мол табыстарғы қол жеткізді. 1
а) фактор: адами рессуртарын айтуға болады. Озық білім беру жүйесі мен еңбек етуге деген құлшыныстары. Сонымен қатар Еуропаға қарағанда Оңтүстік-шығыс Азия елдері халқының орташа жасы жас болып келеді. 1 Білім алушылар дың мазмұнға
5 Ъ) фактор: Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің үкіметі ғылыми-техникалық инфроқұрылымның дамуына барынша жағдай жасалып, теңізге шығуға мүмкіндік бар. 1 сәйкес дұрыс жауабы
с) фактор: Таяу шығыс пен Африкаға қарағанда Оңтүстік-шығыс Азияда қауіпті халықаралық қақтығыстар жоқ. 1 қабылдана ды
ё) фактор: Халық санының қарқынды өсуі және Қытай мемлекетінің жақын орналасуы өнімге деген сұранысты арттырып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. 1
Күшті жақтары: 1. ҒТР жетістіктері өнімнің қарқынды өсуі мен оның сапалық жағынан дамуына әсер етті. 2. ҒТР нәтижесінде ғылымның дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. 2 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптар
Әлсіз жақтары: 1. ҒТР адам күшінің қажеттілігін төмендетіп, әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін. 2. Ресурстар көп қажет етіліп, сарқылатын ресуртарды шектен тыс пайдаланылды. 2 ы қабылдана ды
6 Мүмкіндіктері: 1. Бүгінгі ғылымның қарқынды дамуының арқасында жердегі тіршілікке қауіп төндіретін мәселелердің алдын алуға болады. Мысалы: Вулкан жарылыстары, метеориттердің құлауы. 2. ҒТР нәтижесінде адамдар, ғарышты зерттеуге мүмкіндік алды. 2
Қауіп-қатерлер: 1. Бүгінгі экологиялық мәселелерді алуға болады. Азон қабатының тесіліп, ультрокүлгін сәуленің шектен тыс көп бөлінуі, жердің флорасы мен фоунасына үлкен қауіп төндіруде. 2. Жаппай қырып-жоятын қарулардың ойлап табылуы, жер бетіндегі адамдардың өмір сүруіне зор қауіп төндіреді. 2
34
Жаһандық мәселелер : 1. Әлемдік мұхиттың ластануы. Көптеген мұхит жағалауындағы өндіріс орындары қалдықтарын мұхитқа төгеді. Сол арқылы судағы тіршілікке қауіп төнді. 2. Жердегі бүгінгі күнде қолданылатын отын-энергетика сарқылуы. 2 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптар ы қабылдана
7 Мәселелерді шешу жолдары: 1. Бұл мәселені шешу үшін, қалдықсыз өнім өндіретін технологияны дамыту керек немесе қалдықты қайта өңдейтін өндірісті қолға алу керек 2. Баламалы энергия көздерін ойлап табу керек. Мысалы су, ауа, өсімдіктерден энергия өндіру жолдарын табу 2 ды
Қорытынды ой: Ғылыми-техниканың игілігін адамзат бейбіт жолда пайдалануы керек. Себебі ҒТР жетістіктерін әлем мемлекеттерінің бір-біріне күш көрсету мақсатында пайдалануы жер бетіндегі тіршілікке қауіп төндіруі мүмкін. 1
Барлығы 30
35
 
Верх