ТЖБ География 10 сынып Жиынтық бағалау ЖМБ

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 10 сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты...........................3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат.........3
3. Күтілетін нәтиже.....................................................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі...........................................4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері...................6
7. Модерация және балл қою.............................................6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.......................7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................32
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтиже Біледі:
географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін.
Түсінеді:
дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; «табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын.
Қолданады:
географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу,
3
түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды
Талдайды:
географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін.
Жинақтайды:
модельдері, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралу мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды.
Бағалайды:
географиялық дереккөздерінің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістерінің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кезкелген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларын ың деңгейі Сипаттамасы Ұсынылған тапсырма түрі
Білу және түсіну Геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіреді. Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. ҚЖ-Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді, картографиялық зерттеулер әдістерін, салыстыру әдістерін қолданады. Місгозой Ехсеі бағдарламасының қолданысымен тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастырады, геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын графикалық түрде көрсетеді, дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша топтастырады, ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін сипаттайды, геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді, ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша топтастырады, дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктейді, негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтайды, дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсынады, көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсетеді(таңдау бойынша), елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды сипаттайды (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында), адамзаттың дамуындағы проблемаларын жіктейді.
Жоғары деңгей дағдылары Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін анықтайды және графикалық түрде ұсынады, табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға береді , экологиялық таза өндірістік жобаларды ұсынады, геосфералардың ластану деңгейін анықтайды, себеп-салдарын зерттейді, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастырады және графикалық түрде ұсынады, табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады; Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастырады, дүниежүзілік шаруашылықтың заманауи салаларын орналастыру факторларын сипаттайды; дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдайды, геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру; мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдайды, дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді, дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіреді, ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтайды және топтастырады; ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтайды. ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 62% 38%
ІІ 12% 38% 50%
ІІІ 12% 38% 50%
IV 50% 50%
Барлығы 6% 47% 47%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез-келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім/ Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсыр ма саны* Тап- сырма № * Тап- сырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Жалпы географиялық әдістер 10.1.1.1 Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық мониторинг әдістерін қолдану Қолдану 1 4 ТЖ 6 4 8
10.1.1.2 Зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану Қолдану 1 3 ТЖ 5 2
10.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану Қолдану 1 1 ҚЖ 2 2
Картография және геоинформатика 10.2.1.1 Тақырыпқа сәйкес картографиялық зерттеулер әдістерін қолдану Қолдану 1 2 ҚЖ 2 2 5
10.2.2.1 МісгозоГі Ехсеі бағдарламасының қолданысымен тақырыпқа сәйкес географиялық деректер базасын құрастыру Қолдану 1 8 ТЖ 5 3
Табиғатты пайдалану 10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп, түрлерін (шаруашылық тұрғысынан) анықтау, графикалық түрде ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ҚЖ 8 6 17
10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, баға беру (жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 7 6
10.3.1.6 Экологиялық таза өндірістік жобаларды ұсыну(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде) Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 5 5
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, инфографика құрыңыз.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ , көмір, уран және т.б кен орындары жатады. Мұнай мен газ. Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау,Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланады. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ қоры 6 трлн м3. Дүние жүзінде 12-ші орын алады. Соның 70 %-ы Қарашығанақтың үлесінде. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады.
Көмір Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд т-ға жетті. Республикаға 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. Көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы Бойынша жылына 140млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Повладар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Уран. Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 1000-ге жуық кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңқыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың т ) жағынан Қазақстан дүние жүзінде 2-ші орында. Қазақстан бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.____________________________________________________________
[2]
[2]
9
3. Суретті және физикалық картаны қолданып, тапсырманы орындаңыз.
Оңтүстік Америка және Африка материктерінің физикалық картада орналасуын салыстырыңыз (экватор және 0-дік меридиан сызығына қатысты).
[2]
4. Мониторинг әдісін қолданып, тапсырманы орындаңыз.
a. Суретте берілген үйдің биіктігін анықтауға қолданылатын құрал жабдықты анықтаңыз.
... . . . .[1]
b. Берілген масштабты қолданып, үйшіктің теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігін
есептеңіз.
.... [1]
c. Үйшік пен А нүктесінің салыстырмалы биіктігін есептеңіз.
[1]
Ь. Абсолюттік биіктік пен салыстырмалы биіктіктің айырмашылығын түсіндіріңіз.
[1]
5. Сызбаны толтырыңыз.
2015 жылы ОҒ^ (ОІоЪаІ Ғогезі ^аісһ) жобасы әлем бойынша орман алқаптарының азаю қарқынын спутниктен зерттеді. Зерттеулер нәтижесінде 2000 -2012 жылдар аралығында планетамыздың орман қоры 1,5 млн км2 азайғандығы анықталды. Бұл аумақ шамамен Монғолия территориясымен сәйкес келеді.________________________________
10
жоиылып
БАРАЖАТҚАН
ОРМАНТҮРІ
АИМАҚ / МАТЕРИК
ЕЛ/
КІШІ АЙМАҚТАР
КӨЛЕМІ
БОЙЫНША
САНДЫҚ
АҚПАРАТ
1) ОРМАНДАР : КЕСІЛГЕН ОРМАНДАР


2) МАЙЛЫ БАУ- БАҚШАЛЫ ПАЛЬМА АҒАШТАР ПЛАНТАЦИЯЛАРЫ * -г Г ;&&&&

3) ГИВЕЯ ОРМАНДАРЫ ЖАЕ^АДАН ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН ОРМАНДАР


4)
[4]
Орман ресурстарының (суретте берілген нақты бір түрін қолданып) болашақта азаю көрсеткішіне екі болжам жасаңыз.
[2]
6. Суретке мұқият қараңыз.
1- сурет 2 -сурет
a. 1- суреттегі энергия өндіру әдісін сипаттап, жергілікті жердегі (Қазақстан бойынша) өндіріс орындарына мысал келтіріңіз.
[2]
b. 2- суреттегі энергия өндіру түрін анықтаңыз.
.... . [1]
c. Өз аймақтарыңыздағы өндіруге болатын баламалы энергия өндірісінің мехенизімін түсіндіріңіз.
[2]
7. Кестедегі ақпаратты қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
Орман ресуртарының жалпы қоры және жан басына шаққандағы көлемін көрсететін график құрыңыз.
№ Аймақтар Жалпы көлемі (млн.га) Жан басына шақанда (млн.га)
1 Латын Америкасы 970 2
2 ТМД 800 2,1
3 Батыс Еуропа 570 1
4 Солтүстік Америка 543 1,8
5 Африка 97 0,4
6 Австралия және мұхиттық аралдар 54 0,6
11
7 Шетелдік Азия 540 0,3
График сызуга арналтн орын
[2]
a. Өзіңіз құрған графиктегі ақпарат бойынша талдау жасаңыз.
Солтүстік Америка және Батыс Еуропа аймақтарында орман ресурстарының жалпы қоры бір деңгейде болғанымен, жан басына шаққандағы көсреткіштерінің әр түрлі болуының бір себебін атаңыз.
ш
b. Орман ресурстарын сақтап қалу үшін ұсыныс келтіріңіз.
...[!]
c. Шет елдерде «Кесусііпд» әдісін қалай жүзеге асыру бойынша мысал келтіріңіз.
[2]
8. Місшзой Ехсеі бағдарламасының негізгі функциясына қатысты тапсырмаларды орындаңыз.
№ Мемлекеттер Астанасы Халық саны
1 Франция 64 859 773
2 Зимбабве 14 546 961
3 Вьетнам 94 569 072
=
12
1-сурет
2-сурет
a. Кестеге мемлекеттердің астанасын енгізіңіз.
[1]
b. Халық саны бағанындағы мемлекеттердің халық санының қосындысын есептеу үшін
1- суреттегі бір функцияны таңдаңыз.
[1]
c. Франция мемлекеті орналасқан ұяшықты ерекше түске бояу үшін 2-суреттегі қай құралды қолданатынын анықтаңыз.
[1]
13
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Мәтіннен ақпаратты дұрыс анықтаса Графика түрінде ұсынса 1 1
2 Жапон аралдары Сомали түбегі 1 1
3 Нөлдік меридиан Африка материгінен өтеді және екі тең емес бөлікке бөледі. Үлкен бөлігі нөлдік меридианнан шығысқа қарай орналасқан, ал кіші бөлігі батысқа қарай орналасқан. Нөлдік меридиан Оңтүстік Америка материгін кесіп өтпейді, ол толығымен батыс жарты шарда орналасқан. Экватор сызығы екі материкті де кесіп өтеді. Оңтүстік Амеркианы солтүстік бөлігінен, ал Африка материгін ортасынан дерлік кесіп өтеді 1 1
4 а. Нивелир 1
Ь. 29-30 метр 1
с. 12-13 метр 1
ё. Абсолюттік биіктік- жергілікті жердің метрмен есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі Салыстырмалы биіктіктің - тереңдік немесе биіктік бағытта қатар жатқан екі нүктенің арасындағы биіктік айырмашылығы 1
5 1. Жойылып бара жатқан орман түрі- табиғи ормандар, бау-бақша ормандары, т.б. 2. Аймақты/ материкті анықтаса: Оңтүстік Америка, Еуразия 3. Елді/ кіші аймақтарды анықтаса: Бразилия, Канада, Индонезия 4. Жойылып кету көлеміне қатысты сандық ақпарат жазса 1 1 1 1
Орман ресурстарын кесуге арналған заңдар қабылдау, халықаралық келіссөздер жүргізу 1 1
6 а.Жылу электр станциялары Қарағанды ЖЭС-2 АҚ «АрселорМиттал Темиртау», Атырау ЖЭС АҚ «Атырау ТЭЦ», Алматы ЖЭС Самрук-Энерго т.б 1 1
Ь. Жел энергиясын қолдану 1
с.Смарт күн панельдері, қайқы желқалақ. Солтүстік қалаларда күн энергиясы генераторларын қондыру Каспий теңізінің жағалауы - қайқы желқалақ жобасы үшін ең тиімді аймақ. Қазақстан Каспийден өндірген электр көзін көрші облыстарға осы арқылы тарата алады. Осылай Ресейден импортталатын электр энергиясының мөлшерін азайтамыз. Болашақта импорттау дегенді мүлдем жою жағын қарастыруға болады 1 1
7 Кестедегі ақпаратты қолданып, жалпы көлемін бағаналы график арқылы сызады Кестедегі ақпаратты дұрыс қолданады а. Халық санының көп болуы 1 1 1
14
b.Орман өрттерін алды алу, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру т.б c. Финляндияда қағаз қоқыстың 80%-ы қайта өңделеді. Жиналған қағаз қораптардан(сүт, шырын, химиялық заттар) энергия өндіреді Германиядағы Варкаус қағаз қалдықтарды қайта өңдеу зауытында энергияның 25 млн кВт/сағ зауыттағы қалдықтарды қайта өндіруден алып, өз-өздерін қамтамасыз етеді 1 1 1
а. Париж, Хараре, Ханой 1 ,я:> т
Ь.1-ші суреттегі «сумм» деген функцияны қолданады 1
8 с.Ұяшықты ерекше түске бояу үшін «лейка» пиктограммасын қолданады 1
Жалпы балл 30
15
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
16
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары-ның деңгейі Тапсыр-ма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орында- лУ уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын графикалық түрде ұсыну Қолдану 1 2 ҚЖ 6 3
10.3.2.2 Геоэкологияның негізгі категорияларын түсіндіру Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 3 3
10.3.2.3 Геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 6 5
Табиғатты пайдалану және 10.3.2.4 Дүниежүзі аумағын ластану және табиғи ортаның бұзылу деңгейі бойынша аудандастыру Қолдану 1 3 ҚЖ 4 4 30
геоэкология 10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды топтастыру және графикалық түрде ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ҚЖ 5 4
10.3.2.6 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 6 3
10.3.2.7 Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіру Қолдану 1 5 ТЖ 5 4
10.3.2.11 Қазақстан аумағын экологиялық тұрғыдан аудандастыру Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 5 4
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
17
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 2 -тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Геоэкологияның негізгі категорияларын сипаттаңыз.
a. Атмосфера экологиясы
[1]
b. Топырақ экологиясы
[1]
c. Орман экологиясы
[1]
2. Ақпаратты қолданып, геоэкологиялық зерттеулердің негізгі 3 әдісін инфографика түрінде ұсыныңыз.
Геоэкологиялық зерттеулер әдістемесі жеткіліксіз дамыған. Оның негізінен пәндер аралық дәстүрлі ландшафты географиялық және экологиялық зерттеулер тәсілдері мен принциптер құрайды. Геоэкологиялық зерттеулер әдістерінің негізі далалық, тәжірибелік, сипаттамалар, салыстырулар мен модельдеу (үлгілеу) болып табылады.
[3]
3.Картаны қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.
а. Дүниежүзіндегі мұнаймен ластанған аймақтардың ластану деңгейін шартты белгі арқылы көрсетіңіз.
Ь.Аймақтардың мұнаймен ластану деңгейін қандай әдіс арқылы анықтауға болады? [1]
18
4. Берілген мәліметтерді қолданып, тапсырманы орындаңыз.
Антропогендік әсерлер:
- карьерлер мен террикондардың пайда болуы
- мұнайдың теңіздерге тасымал кезінде төгілуі
- парниктік әсерлер
- жануарларды броконерлерлік жолмен аулау
a. Литосфераға әсер етуші антропогендік факторды анықтаңыз_________________________[1]
b.Террикон үлгісін сызыңыз
с.Террикондардың әсерінен жер бедерінің өзгерісін сипаттаңыз
[1]
Ь.Террикондардың атмосфераға әсеріне баға беріңіз
[1]
5. Ғаламдық экологиялық мәселелердің бірі демографиялық дағдарыс. Демографиялық дағдарыс-мемлекет территориясының өз халқын қажетті ресурспен қамтамассыз ете алмауынан пайда болады.
Бұл проблеманың пайда болу механизімін әсер етуші факторлардың негізінде түсіндіріңіз.
а. Демографиялық дағдарысқа ұшыраған кез-келген екі мемелекетті атаңыз.
[1]
b. Аталған мемлекеттің демографиялық дағдарысқа ұшырауының екі себебін атаңыз.
[2]
c. Демографиялық дағдарыс қандай мәселелермен сипатталады?
[2]
19
6. Ақпаратпен танысыңыз.
Әлемдегі мұздықтардың 90%-ы Антрактидада сақталған. Қазіргі таңда Антарактидадағы мұздықтардың ауданы 14 млн.км2. Ғалымдар жүргізген жаңа зерттеулер нәтижесінде Антарктида мұзының еру жылдамдығы өте қатты артып жатқаны және 1992 жылдан бері 3 триллион тонна мұз еріп кеткені белгілі болды.
a. Мұздықтардың көлемінің азаюы себебін түсіндіріңіз.
[1]
b. Мұздықтардың көлемінің азаюы әсерін сипаттап, салдарын түсіндіріңіз.
[2]
c. Аталған мәселенің екі шешу жолын ұсыныңыз.
[2]
7. Кестедегі ақпарат негізінде тапсырманы орындаңыз.
Класс Көрсеткіші Аймақтар
1 Геожүйесі қалпына келмейтін аймақтар - қазіргі және бұрынғы Арал теңізі аймағы; - Кенді Алтай, Өскемен қаласы, Ленинагорск, Зыряновск; - Семей ядролық полигоны аймағы; - Каспий теңізінің солтүстік-шығыс.
2 Геожүйесі күрт өзгеріп, қайта қалпына келу мүмкіндігі бар аймақтар - Балқаш, Тараз, Жезқазған, Қызылорда, Теміртау, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларының өнеркәсіптік аймақтары; - Жетібай-Өзен-Теңіз мұнай өңдеу және мұнай химия кешені; -Байқоңыр ғарыш аймағы - Ертіс, Сырдария, Нұра, Арыс өзендері.
3 Геожүйесі ауқымды өзгеріп, қайта қалпына келу мүмкіндігі бар аймақтар - газ концентрациясы кен орындары; - Ембі, Ақтөбе мұнайлы аймақтары, Қарашығанақ, Ақшатау, Атасу-Қаражал, Жантас-Қаратау, Қашар-Саяқ, Текелі, Жетіқара өнеркәсіптік аймақтары; - өнеркәсіпті урбандалған қалалар Ақтау, Ақтөбе, Атырау; - Қапшағай, Шардара су қоймалары; Балқаш көлі, Іле, Шу өзендері
4 Геожүйесі айқын өзгеріп, қайта қалпына келу мүмкіндігі бар аймақтар - Астана, Көкшетау, Талдықорған, Петропавел, Орал өнекәсіпті қалалары; - Ертіс, Талас, Тобыл, Сарысу, Жайық өзендері.
5 Қайта қалпына келу мүмкіндігі бар аймақтар Қазақстанның халық аз қоныстанған аймақтары (шөлді, шөлейтті, таулы және т.б.)
Экологиялық әсерлердің нәтежиесінде қалыптасқан Қазақстандағы бес геоэкологиялық
аймақ
a.Геожүйесі қалпына келмейтін аймақтардың ластану себептерін түсіндіріңіз.
[1]
b.Қазақстандағы өзендерді ластаушы факторды анықтаңыз.
[1]
c.Антропогендік әсерлерге ұшырамаған Қазақстанның екі аймағын атаңыз.
[2]
20
8. Берілген картаны пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыз.
a. Қазақстанның мейлінше ластанған облыстарын анықтаңыз.
[1]
b. Салыстырмалы түрде «таза» облыстарды көрсетіңіз.
... . . [1]
c. Картада көрсетілген қауіптілік деңгей үлесі болашақта қалай өзгеруі мүмкін
екендігін болжаңыз.
[1]
21
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 a. Атмосфера экологиясы - атмосфера құрамының өзгеруі, ауаның ластануы, озон қабатының жұқаруы, жылыжай эффектісі b. Топырақ экологиясы - топырақтың құнарлы қабатының азаюы, топырақ эрозиясы, бедлендтер c. Орман экологиясы -орман алқаптарының азаюы, шамадан тыс кесілуі, қышқылды жаңбырлар әсері 1 1 1 Оқушының басқада жауаптары қабылданады
2 Геоэкологиялық зерттеулердің негізгі инфографика түрінде көрсетеді 3 әдісін толық 3
3 а.Дүниежүзіндегі мұнаймен ластанған аймақтардың ластану деңгейі
□ □ □ Шартты белгілер: Жиі ластанған аудандар Сирек ластанған аудандар Әлсіз ластанған аудандар 1 1 1 1
Ь. Аудандастыру әдісі
4 a. Карьерлер мен террикондардың пайда болуы b.Террикон үлгісін сызады c.Террикондардың әсерінен жер бедері өзгереді, қазба өндірген аймақтардағы жазықты жерлерде үлкен төбелер пайда болады. й.Ашық әдіспен қазбалар өндірген кезде атмосфераға ұшатын шаң тозаңдардың, террикондардан қалыптасатын улы газдардың ауаны ластауы 1 1 1 1
5 a. Испания, Франция, Австрия, Бельгия т.б b. Туу санының азаюы, өлімнің көбеюі Қоршаған ортаның ластануы/әртүрлі аурулардың таралуы c. Халықтың қартаюы, территория бойынша халықтың бірдей таралмауы, гендерлік үйлесімсіздік 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
6 a. Ормандардың кесілуі, қалдықтармен улы газдардың атмосфераға шамадан тыс көп мөлшерде тасталуы b.Топырақтың, судың ластануы және жоғарыда аталған себептерден парниктік әсерлердің пайда болады. Салдарынан мұхиттар мен теңіз суының деңгейінің артуы, су басу, табиғи апаттардың орын алуы. c. Өнеркәсіпорындарынан шығатын зиянды қалдықтардың санын азайту, түрлі сүзгілер (фильтр) орнату, экологиялық таза, қауіпсіз өнеркәсіпке көшу, табиғатты пайдалану бойынша халықаралық бағдарламалар құру керек 1 1 1 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
22
7 a. Суармалы егіншілік үшін Арал теңізі суының тиімсіз пайдаланылуы, түсті металлургияның Кенді Алтай аймағында дамуы, радиоактивті қалдықтармен ластанған аймақтар, Каспий теңізі жағалауының ластануы b.Өзендердің ауылшаруашылығы және өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтармен ластануы, c. Халық аз қоныстанған аймақтар, шөлді және шөлейтті және таулы аймақтар, БҚО, Қарағанды облысы, қорықтар мен ұлттық саябақтар 1 1 1 1 Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
8 а. Қарағанды, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, 1
Қызылорда, Алматы, Жамбыл, ШҚО
Ъ. Салыстырмалы түрде аз ластанған аудандарға - ОҚО, 1
СҚО жатқызуға болады. Ластанған аудандар облыс
аумағының салыстырмалы түрде аз жерлерін қамтып
жатыр.
с. Болашақта егер де ешқандай экологиялық таза 1
өндіріске бағытталған шаралар қолданылмаса қауіпті
экологиялық аудандар, катастрофалық күйге өтуі мүмкін
Жалпы балл 30
23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
24
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары-ның деңгейі Тапсыр-ма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орында- лУ уақыты, мин* Балл * Бөлімге балл саны
10.4.1.1 Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 2 2
10.4.1.6 Дүниежүзілік шаруашылықтың заманауи салаларын орналастыру факторларын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 5 4
Геоэкономика негіздері 10.4.1.8 Дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу Қолдану 1 3 ҚЖ 4 3 19
10.4.1.9 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 8 6
10.4.1.11 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу Қолдану 1 7 ҚЖ 6 4
10.5.1.3 Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілерді анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 2 2 11
Геосаясат негіздері 10.5.1.6 Геосаясаттағы физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторларға баға беру Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 5 3
10.5.1.10 Мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу шараларын, динамикасын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 8 6
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
25
Мысал үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Геоэкономиканың мақсаты мен міндетін түсіндіріңіз.
Мақсаты
[1]
Міндеті
[1]
2. Кескін картаға АҚШ пен Ресей Федерациясының анклав аймағын белгілеңіз.
- -г>" —Ч

--А--- ^ / У гік / •• ч• -у7 "Т */ Һ ' { . гк ?\ ■■ -.г '
Щ-1
Ьсш>-—' \ і. ^
<55 о
[2]
3. График бойынша төмендегі тапсырманы орындаңыз.
1004
1-сурет
а. Экономикалық даму секторы бойынша шаруашылық түрлерін анықтаңыз. А.
B.
C.
[3]
26
4. Ақпаратты қолданып, тапсырманы орындаңыз.
1854 жылы қолөнерші Фердинанд Эдиардың баласы Парижде алғаш рет «НЕБІАКО» бакалейлік дүкенін (алғашқы қажетті заттар, азық-түлік, көкөніс, дәмдеуіштер) ашқан. Дүкендегі заттар Франция колониясы болып келген елдерден әкелінген. Дүкен сауда-саттыққа қолайлы жаңадан салынған шіркеу жанында, Мадлен алаңында орналасқан. Сатып алушылар жексенбі күнгі шіркеудегі мінажат етуден кейін отбасымен осы дүкеннен қажатті заттарын сатып алған.
ХХІ ғасыр басында дүниежүзінде «НЕБІАКО» өз дүкендерінің 200 ден астам бөлімшесін АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, БАЭ (Дубай), Ресей сияқты алпауыт елдерден ашқан. Парижге жыл сайын келетін 20 млн. турист «НЕОІАКО» дүкеніне келуді өз міндеттері ретінде санайды.
«НЕРІАКР» дүкендер желісі сіз тұратын қалада барма? Есіңізге түсіріңіз.____________________
a.Мәтіндегі жаңа шаруашылық саласының орналасуына әсер етуші факторды анықтаңыз
[1]
b.Аталған шаруашылық түріне сәйкес келетін, өз аймағыңыздағы бір саласын сипаттаңыз
[1]
c. Өзіңіз атаған шаруашылыққа нақты аргументтер келтіре отырып, Қазақстандағы болашағына болжам жасаңыз.
[2]
5. Тапсырманы орындаңыз.
а.Саяси картадағы территориясы мойындалмаған, өзін мемлекет деп санайтын аймақты белгілеңіз.
[1]
b. Өзіңіз атаған аймақтың пайда болуының екі себебін түсіндіріңіз.
... [2]
c. Аталған аймақтардағы туындайтын үш мәселеге мысал келтіріңіз.
[3]
27
6. Картадаға ақпаратты қолданып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
ЗИМБАБЕ
a. Картадан ядролық мемлекетті анықтаңыз
[1]
b. Картада көрсетілген перифериялық елдің негізгі шаруашылық түрі
[1]
c.Картадағы ақпаратты қолданып, Зимбабе мемлекетінің перифериялық аймақта болуының екі себебін атаңыз.
[2]
й. Картаны қолдана отырып осы тұжырымға баға беріңіз.
«Әлемнің жетекші елдерің экономикалық және геосаяси кеңістікте үстемдік етуі Зимбабе мемлекетінің перифериялық аймақ болуына әсер етті».
[2]
7. Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырыңыз.
Нидерланд, Норвегия, Франция, Италия, Испания, Жапония
№ Даму деңгейі Мемлекеттер
1 «Үлкен жетілік» елдері
2 Дамушы елдер
[2]
28
а. Бір жаңа индустриалды елді және бір мұнай экспорттаушы мемлекетті картаға белгілеңіз.
[2]
8. Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беріңіз.
Құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы) Екі алып мемлекеттердің аралығында орналасуы (ҚХР мен РФ) Қазақстанның шекаралас аймақтарын жақын орналасқан «ыстық нүкте аймағының болуы»

[3
29
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Мақсаты - табиғат пен антропагендік геожүйе шекараларға қоршаған ортаның экологиялық жағдайын білу, жақсартуға ұсыныстар жасау, Қазақстан Республикасының байлықтарын сақтау, оны ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру, осы қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік заңдар, қаулылар, іс- шараларды халықаралық және мемлекет аралық конвенцияларды бөліп талдау. Міндеті - бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан, ландшафттың бүлінген бөліктерін халық шаруашылығына пайдалануға қайтару, т.б. 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
2 Аляска Калининград 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
3 А. Қызмет көрсету 1
В. Өнеркәсіп 1
С. Ауыл шаруашылығы 1
4 а.Орналасу аймағы / халық тығыз орналасқан аймақ 1
Ъ. Қызмет көрсету саласы / өз аймағынан бір мыса келтірсе (желілік дүкендер) 1
с. Қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсету саласының көрсеткіші жоғары. Қызмет көрсету саласының сапасы экономикалық көрсеткіш артқан сайын жоғарылап келеді. Болашақта қызмет көрсету саласы артады 2
5 а. Абхазия, Кашмир, Косово; т.б 1 Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
Ъ. Аймақтың көп ұлтты мемлекет болуы, белгілі бір ұлттың байырғы отаны болуы, сыртқы саяси факторлар 1 1
с.Ұлттар арасындағы шиеленіс, саяси тұрақсыздық, экономикалық-әлеуметтік тұрақсыздық, инвестициялық климаты тұрақсыз аймақ болып қалуы, көршілес мемлекеттер үшін қауіпті аймақ болуы 1 1 1
6 а. Дамыған елдер, «Үлкен жетілік» елдері 1
Ъ. ауыл шаруашылығы 1
с. Аймақтың ұзақ уақыт бойы отар мемлекет болуы, даму деңгейінің төмендігі, ел экономикасының өніруші және аграрлық салаға негізделуі 1 1
Ъ. Картадағы ақпаратты қолданса Тұжырым негізінде баға берсе 1 1
7 а. «Үлкен Жетілік» Италия, Жапония, Франция Дамушы елдер: Нидерланд, Испания, Норвегия 1 1
Жаңа индустрияалды елдер:Корея, Малайазия, Сингапур, Тайвань, Сингапур, Тайланд, Филиппин. Мұнай экспорттаушы елдер: Парсы шығанағы елдер, Ливия, Венесуэла т.б. 1 1 Кескін картаға мемлекеттерді дұрыс орналастырса жауап қабылданады
30
8 a.Құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы) - көршілес мемлекеттерге тәуелді етеді. Осы тәуелділікті азайты мақсатындағ әлемдік нарыққа шығатын көлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша-Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік Азия арқылы жүргізіледі. b. Екі алып мемлекеттердің аралығында орналасуы (ҚХР мен РФ) - Қазақстан және РФ, ҚХР сияқты елдермен бірге ШЫҰ на мүше. Бұл қадамның ел қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі үшін маңызы зор c. Қазақстанның шекаралас аймақтарын жақын орналасқан «ыстық нүкте аймағының болуы»- олардың ішіндегі ең қауіптісі- Ауғаныстан (халықаралық террор, есірткі саудасы), Қырғызстан мен Тәжікстан (ішкі қақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) 1 1 1
Жалпы балл 30
31
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 4 -тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
32
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары-ның деңгейі Тапсыр-ма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орында- лу уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Дүниежүзі аймақтары 10.6.1.1 Дүниежүзінің түрлі белгілер бойынша физикалық географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық, геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 6 4 18
10.6.1.3 Дүниежүзінің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын шығармашылық түрде ұсыну Қолдану 1 1 ҚЖ 4 3
Елдерді салыстыру әдістемесі 10.6.2.2 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау бойынша: ЖІӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда, СҚП - сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік және т.с.с.) Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 6 4
10.6.2.3 Көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету (таңдау бойынша) Қолдану 1 2 ҚЖ 4 3
10.6.2.6 Елдің рейтингте орналасқан орына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау (таңдау бойынша рейтингтің басында, ортасында және соңында орналасқан үш елдің мысалында) Қолдану 1 3 ТЖ 6 4
Адамзаттың ғаламдық 10.7.1.1 Адамзаттың дамуындағы проблемаларын топтастыру Қолдану 1 6 ҚЖ 3 2 12
33
проблемалары 10.7.1.3 Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдарын анықтап, топтастыру Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 4 4
10.7.1.4 Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 7 6
Барлығы 8 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
34
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 4 -тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Батыс Африка, Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия тарихи-географиялық аймақтарын кескін картаға белгілеңіз.
[3]
2. Кестеде мемлекеттер бойынша халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы (жалпы, ер, әйел) көрсетілген.
а. Кестедегі мәліметтерді қолданып, жалпы көрсеткішті есептеңіз
№ Мемлекеттер еР әйел жалпы көрсеткіші
1 Швейцария 80 86,1
2 Германия 78,7 83,4
3 АҚШ 76,9 81,6
4 Бразилия 71,4 78,7
5 Қазақстан 65,7 74,7
6 Үндістан 66,9 69,9
7 Ауғаныстан 59,3 61,9
8 Сьера-Леона 49,3 50,8
[1]
Ь. Кестедегі ақпаратты (жалпы көрсеткішті) қолданып, диаграмма сызыңыз.
35
3. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, тапсырманы орындаңыз.
Есопошізі Іпіеііідепсе ИпіІ компаниясы 80 мемлекетке қатысты ақпаратты қолдана отырып өмір сүру сапасын анықтайтын негізгі 9 факорды атап көрсетті.
1) Денсаулық- өмір сүру ұзақтығы;
2) Отбасылық өмір- ажырасу деңгейі (1000 адамға шаққанда), 1 (ажырасу аз)-ден 5 (ажырасу көп)-ке дейінгі шкаламен бағаланады;
3) Қогамдық өмір- қоғамдық өмір көрсеткіші қоғамдық орындарға (мешіттерге, шіркеулерге) бару деңгейімен анықталады;
4) Материалдық жагдайы- жан басына шаққандағы ЖІӨ, төлемдер жасау қабілеті;
5) Саяси тұрақтылық және қауіпсіздік- елдегі саяси тұрақтылық деңгейі;
6) Климат және география- ауа райы, климат;
7) Жұмыспен қамтылу деңгейі -жұмыссыздық көрсеткіші (%);
8) Саяси бостандық - орташа саяси және азаматтық бостандық деңгейі. Өлшем шкаласы 1 (толығымен саяси тәуелсіз) мен 7 (тәуелді)
9) Гендірілік теңсіздік- ерлердің орташа жалақы көрсеткішінің әйелдердің жалақы көрсеткішіне қатынасы).__________________________________________________________________
Ранг Мемлекет Орташа бағасы (макс 10)
9 (жоғары) Канада 7,8
39 (орташа) Сауд Арабиясы 6,49
80 (төмен) Нигерия 4,74
1 кесте
Кестедегі елдердің әр түрлі деңгейде орналасуына әсер етуші факторларды анықтап, сипаттаңыз.
а. географиялық
b. әлеуметтік
c. экономикалық й. саяси
4. Берілген картаны қолданып, тапсырманы орындаңыз.
[1]
[1]
[1]
[1]
36
a. Тарихи-географиялық аймақ (ТГА) ұғымын түсіндіріңіз.
b. ТГА-қа топтастырылудың жағымды жақтарын түсіндіріңіз.
c. Картадан 8 және 11 тарихи-географиялық аймақтарды анықтаңыз.
5. Тапсырманы орындаңыз.
a. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ұғымын түсіндіріңіз.
b. ЖІӨ ді анықтаудың әдістерін түсіндіріңіз.
c. Нақты және номиналды ЖҰӨ нің айырмашылығын түсіндіріңіз.
ё.СҚП - сатып алу қабілетінің паритеті ұғымын қарапайым мысалмен түсіндіріңіз.
[1]
[1]
[2]
[1]
[1]
[1]
[1]
6. Ғаламдық мәселелердің бірі- демографиялық мәселелер. Демографиялық жарылыс және демографилық дағдарыс тән үш аймақ немесе мемлекет тізімін жасаңыз.
a. Демографиялық жарылыс
[1]
b. Демографилық дағдарыс
[1]
7. Жаһандық климаттың жылынудың екі себебі мен екі салдарын анықтаңыз.
[4]
8. Ғаламдық мәселер тізімін қараңыз.
Ядролық соғыстың алдын алу
Апатты ластану мен биологиялық алуантүрліліктің азаюының алдын алу Ресурстармен қамтамасыз ету Ғаламдық жылыну Озон тесігі
Демографиялық даму (дамушы елдердегі демографиялық жарылыс, дамыған елдердегі демографиялық дағдарыс)
• Терроризм__________________________________________________________________________
Аталған ғаламдық мәселелер тізімінен Қазақстанға әсер етуші үш мәселеге баға беріңіз.
Ғаламдық мәселер Қазақстанға әсері Мысал келтіріңіз
1.
2.
3.
[6]
37
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
Батыс Африка: Бенин, Гамбия, Гана, Гвинея, Кот-д Ивуар, Либерия, Мавритания, Мали, Нигер, Нигерия, Сенегал, Сиерра-Леоне, Того елдерін қамтылуы тиіс. Оңтүстік-Батыс Азия: Ауғанстан, Әзірбайжан, Армения, Бахрейн, Грузия, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Йемен, Катар, Кипр, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия, Түркия елдерінің аймағы қамтылуы тиіс.
Оңтүстік Азия: Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Бутан, Непал, Шри-Ланка, Мальдивтер тарихи-географиялық аймақтарын картаға түсіреді__________________________
Балл кескін
картаға аймақтарды белгілегені үшін беріледі.
а. Кестедегі мәліметтерді қолданып, жалпы көрсеткішті есептейді:
№ Мемлекеттер Жалпы көрсеткіші
1 Швейцария 83,1
2 Германия 81
3 АҚШ 79,3
4 Бразилия 75
5 Қазақстан 70,5
6 Үндістан 68,3
7 Ауғаныстан 60,5
8 Сьера-Леона 50,1
Бір балл есептеу әдісін қолданған үшін беріледі.
Ъ. Кестедегі ақпаратты қолданып диаграмма сызады Диаграммаға мәліметтерді дұрыс орналастырады
a. Географиялық - орналасқан белдеуінің қолайлығы, теңізге шыға алу мүмкіндігі, клиамты, құрғашылық деңгейі
b. Әлеуметтік- халықтың өмір сүру сапасы, халық саны, жалақы;
c. Экономикалық-ЖІӨ, мемлекеттің экономикалық көрсеткіштері, қоры, ресурстық потенциалы
Ъ. Саяси- басқару режимі, саяси бостандығы, басқару формасы, т.б.______________________________________
Басқа да дұрыс
жауаптар
қабылданады.
a. ТГА- табиғат жағдайы, физикалық және экономикалық географиялық жағдайы, шаруашылығы , халқының тарихи және мәдениеті, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері ұқсас елдердің жиынтығы
b. Шаруашылық байланыста болуы, халықтың тарихи-мәдени байланыста болу, экономикалық даму деңгейлерінің ұқсастығы
c.Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка_________________________
1
1
1
1
2
1
3
1
1
1
1
4
1
1
2
38
5 a. Жан басына шаққандағы ЖІӨ- елдегі өндірістің жалпы көлемінен түскен қаражаттың жалпы халық санына қатынасы b. ЖІӨ ді өндірістік әдіс арқылы есептеу кезінде -қосылған құн индикаторын ескереді, яғни компаниялардың дайын өнімін сату және шикізат, материалдар, отын, энергетика, қызметтер сатып алуға жұмсалатын қаражат арасындағы айырмашылық c. Бұйымның атқаратын міндетіне байланысты есептеуден туатын, сызбада көрсетілетін негізгі өлшемді номинал өлшем деп атайды. Дайын болған бұйымды мүмкіндігінше жоғары дәлдікпен өлшеудің нәтижесінде алынғанөлшемді нақты өлшем деп атайды. Ол номинал өлшемнен өзге болады. Нақты және номинал өлшемдердің айырымын өлшемнің ауытқуы дейді. Нақты өлшем номинал өлшемнен үлкен болса, ауытқудың оң, ал кіші болса, ауытқуды теріс дейді. Ъ.Үзақ мерзімге құрастырылған жоспарда валюта курсының негізін валютаны сатып алу қабілеті паритеті құрайды. Тәжірибеде СҚП әр түрлі елдердің тауарларының орташа бағасының қатынасымен анықталады 1 1 1 1
6 a.Демографиялық жарылыс: Оңтүстік Шығыс Азия, Африка мемлекеттері b.Демографилық дағдарыс: АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа 1 1
7 Атмосфераға өндірістен, көліктен шығатын улы газдар, түтін, халық санының шамадан тыс артуы, урбанизация Адамдардың денсаулығының нашарлауы, мұздықтардың еруі, шөлдену процесі, қалыпты температураның артуы 1 1 1 1
8 Ғаламдық мәселер Қазақстанға әсері Мысал келтіріңіз Оқушының басқа да дұрыс
Ядролық соғыстың алдын алу Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан сынақ полигоны аймағы болып келді Ядролық соғыстың алдын алу мақсатында, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты 6 жауаптары қабылданады
Апатты ластану мен биологиялық алуантүрліліктің азаюының алдын алу Қазіргі уақытта Қазақстанға био алуантүрлілік мәселесі әсер етуде, табиғи ландшафттарды ң өзгеруі, жойылуы негізінде саны азаюда Арал теңізінің жойылып кету салдарынан, балықтар саны азайды, киікттердің 99 пайызы жойылды.
Демографиялық даму (дамушы елдердегі демографиялық Қазақстан халықы территорисына қатысты Тәуелсіздік жылдарының басында халық саны көрсеткіш
39
жарылыс, дамыған елдердегі демографиялық дағдарыс), салыстырмалы түрде халық саны аз. демографиялық дағдарыста болды.

Жалпы балл 30
40
 
Верх