ТЖБ География 9 сынып

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«География» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты............................3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат..........3
3. Күтілетін нәтиже.....................................................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі...........................................4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу ......................................................................5
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері....................6
7. Модерация және балл қою..............................................6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.......................7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14
3 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................29
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтиже Біледі:
географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын; геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді.
Қолданады:
процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады.
Талдайды:
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
3
Жинақтайды:
кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттамасы Ұсынылған тапсырма түрі
Білу және түсіну Басты орографиялық нысандарды сипаттайды. КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар
Қолдану География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды, географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды, маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды, географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді, Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды, Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды, қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады, Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды, Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды, дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді, халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды, дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды: жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, оның ішінде жан басына шаққанда, қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады. ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
Жоғары деңгей дағдылары
Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді, минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын ұсынады, Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды, Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды, Қазақстанда
атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу
аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады, Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары, Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді, жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу жолдарын ұсынады, Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады:
трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі, Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау
жасайды, қорықтар, қорықшалар, ұлттық
саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының
құрылу мақсатын түсіндіреді, жергілікті
компонент негізінде антропогендік
факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді, Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды, ғылыми-техникалық
революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды, Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын
талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады, Қазақстанның дүниежүзілік
шаруашылықтағы орнын анықтайды, Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді.________________________________________
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 11% 67% 22%
II 11% 89%
III 55% 45%
IV 55% 45%
Барлығы 3% 47% 50%
5
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтінуіңіз қажет.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырм а саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Географиялық зерттеу әдістері 9.1.1.1 География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды Білу және түсіну 1 2 ҚЖ 3 3 6
9.1.1.3 Географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды Қолдану 1 3 ҚЖ 3 3
Картография және деректер базасы 9.2.1.1 Маңызды географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды Қолдану 1 4 ҚЖ 4 3 6
9.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді Қолдану 1 5 ҚЖ 3 3
8
Физикалық география 9.3.1.2 Басты орографиялық нысандарды сипаттайды Білу және түсіну 1 1 КТБ 1 1 18
9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды Қолдану 1 6 ҚЖ 3 3
9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды Қолдану 1 7 ҚЖ 3 3
9.3.1.6 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 10 5
9.3.1.7 Минералды ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды топтастырып, шешу жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ТЖ 10 6
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысын алып жатқан негізгі орографиялық нысанды көрсетіңіз.
A) таулар
B) қыраттар
C) ойпаттар Б) үстірттер Е) жазықтар
[1]
2. Ш.Уәлиханов өз саяхатында зерттеп әрі табиғатына сипаттама берген негізгі 3 географиялық нысандарды кестеге дұрыс орналастырыңыз.
A) Маңғыстау түбегі және Каспий маңы ойпатының орографиясы
B) Жетісу Алатауы мен Тянь-Шаньның табиғаты
C) Балқаш көлі мен Алакөлдің қалыптасу тарихындағы ұқсастықтар
^) Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы биіктік белдеулер Е) Көкшетау мен Солтүстік қазақ жазығының табиғаты.
1
2
3
[3]
3. Төмендегі ақпаратты қолдана отырып, тапсырманы орындаңыз.
Жыл сайын көктем мезгілінен жаз мезгіліне өтер кезде келетін кенеттен суық желді «Құралай салқыны» деп халық бір сөзбен атаған.
a. «Құралай салқыны» амалының мағынасын түсіндіріңіз______________________________[1]
b. Бұл амал қай айда байқалады____________________________________________________[1]
c. Көктемде болатын ауа райымен байланысты тағы қандай табиғат құбылыстарын білесіз?____________________________________________________________________ [1]
4. Берілген тақырыптық карталарға талдау жасаңыз.
Қазақстанда бағалы металдарды өндіру 1-сурет
10
Қазақстанның орман шаруашылығы 2-сурет
a. Суретте берілген карталарда қандай сандық ерекшеліктер бар?
b. Мазмұны бойынша неліктен тақырыптық картаға жататынына 1 дәлел жазыңыз.
5. Кескін ка
[2]
[1]
b. Қазақстанның ең төмен нүктесі
c. Дүниежүзіндегі ең үлкен көл
6. Қазақстанның тектоникалық және геологиялық картасын қолдана отырып, өз қалауыңыз бойынша 1 минералдық ресурстың таралу заңдылығын анықтаңыз:
a. Атауы және кездесетін жері______________________________________________________[1]
b. Қандай табиғат ресурсына жатады? (магмалық, метаморфтық, шөгінді)_______________[1]
c. Қазақстандағы кен орындарының орналасу заңдылығын сипаттаңыз____________________[1]
7. Қазақстанда кездесетін жанатын пайдалы қазбалардың ірі кен орнын кескін картада көрсетіңіз.
11
8. Ембі (Атырау) және Маңғыстау алабындағы мұнайды салыстырып, баға беріңіздер.
Сипаттамасы Ембі мұнайы Маңгыстау мұнайы
Географиялық орнының ерекшелігі ? ?
Ресурспен қамтамасыз етілуі ? ?
Сапасы Технологиялық сапасы жоғары, парафині аз, күкіртті, құбырмен тасмалдауға тиімді. ?
9. 3,4-суретте хром өндіру кен орындары берілген.
[5]
3-сурет 4-сурет
a. Суреттерде пайдалы қазбанының географиялық орнын жазыңыз және қандай жолмен өндірілетінін анықтаңыз.
[2]
b. Пайдалы қазбаларды өндіру сіздің ойынызша қоршаған ортаға зиянын тигізе ме? Неліктен?
[2]
c. Кен орнын өндірудің жергілікті аймақ үшін қоршаған ортаға әсерін қалай шешуге болатынын өз ұсынысыңызбен дәлелдеңіз.
[2]
12
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 а. таулар 1
2 1-Ъ 2-с 3-ё 1 1 1
3 A) киік өз балапандарын аяқтандырып, өргізеді. B) мамыр айында C) құс қанаты 1 1 1
4 a. диаграммалар мен статистика b. себебі белгілі бір тақырып негізінде құрастырылған 2 1
5 a. Қазақстандағы ең биік тау шыңы - Хан-Тәңірі. b. Қазақстандағы ең төмен жер - Қарақия ойысы. c. Дүниежүзіндегі ең үлкен көл - Каспий теңізі. 1 1 1
6 а. мұнай, Каспий маңы ойпаты; 1 Осы мысалда
Ъ. шөгінді; 1 басқа минералды
с. өсімдік және жануарлардың қалдықтарынан пайда болған немесе жер қойнауында орналасқан шымтезек жер 1 берсе, жауаптар қабылданады.
астынан шыққан ыстық қою материямен араласуы
7 a. Қарағанды көмір бассейні; b. Қарашығанақ не Құмкөл; c. Жаңа Өзен. 1 1 1
8 Географиялық орныныц ерекшелігі Ембі мұнайы: Атырау облысы, Шығыс Еуропа жазығы,Каспий қайраңы, Қашаған, Құрманғазы, Доссор, Мақат аталған нысандардың бірін жазса балл беріледі. Маңғыстау мұнайы: Маңғыстау обл, Бозащы түбегі, Өзен, Жетібай,Қаламқас, Қаражамбас кен орындарының біреуін жазса балл беріледі. Ресурспен қамтамасыз етілуі Ембі мұнайы: 3 млрд астам Маңғыстау мұнайы: 300 млн астам Сапасы Маңғыстау мұнайы: Күкірті жоқ, парафині көп, парафинді мұнай жылдам қатады, танкермен тасымалдайды. 1 1 1 1 1
9 a. Кемпірсай, Алмас-Жемчужина кен орны, Мұғалжар тауының бірін жазса, шахталық және карьерлік әдіспен өндіріледі. b.ашық әдіспен (карьер) өндіру қоршаған ортаға орасан зиян тигізеді, ауаны зиянды қалдықтармен ластайды. 2 2 Толық жауап үшін 2 балл беріледі
с. карьерді табиғи желдету әдісі 2 Білім алушының басқа дұрыс жауаптары қабылданады.
Жалпы балл 30
13
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны -30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
14
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырм а саны* Тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілеті н балл саны
Физикалық география 9.3.2.1 Қазақстан климатын түзуші факторларды талдайды Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 4 3 13
9.3.2.2 Қазақстанның климаттық жағдайын талдайды Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 4 3
9.3.2.3 Қазақстанның климаттық ресурстарын бағалайды Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 4 3
9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 5 4
Физикалық география 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулары Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 5 4 17
9.3.3.2 Қазақ гидронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады Қолдану 1 1 ҚЖ 3 2
9.3.3.3 Қазақстанның су ресурстарына экономикалық баға береді Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 5 3
9.3.3.4 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су ресурстарының экологиялық проблемаларын талдап, шешу Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 5 4
15
жолдарын ұсынады
9.3.3.5 Қазақстандағы су ресурстарының геосаяси проблемаларын жіктеп шешу жолдарын ұсынады: трансшекаралық өзендер, Каспий теңізінің мәртебесі Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ТЖ 5 4
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
16
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Берілген гидронимдерді қолдана отырып, транслитерациясын жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
Тұздылық дәрежесіне байланысты атаулар Ағылшын тілінде транслитерациясы Мағынасы
Ащысу, Айранкөл
[2]
2. Қазақстан территориясына әсер ететін климат түзуші факторларға талдау жасаңыз:
a. Күн радиациясының республика аумағында таралуын түсіндіріңіз.
[1]
b. Географиялық орнынына байланысты климаттың өзгеруін талдаңыз.
[1]
c. Жер бедеріне байланысты климаттың өзгеруін талдаңыз.
[1]
3. Қазақстан аумағындағы ең төменгі және ең жоғарғы ауа температура айырмасына талдау жасаңыз.
Қазақстандағы ең төменгі температура Атбасар және ең жоғарғы температура Түркістан қалаларында тіркелген. Бұл жайларды қандай факторлармен түсіндіресіз.
[3]
4. Мәтінмен танысыңыз. Осы мәтін негізінде климаттық ресурстарды бағалаңыз.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.________________________________________________________
a. Климаттың ауыл шаруашылығына жағымды жағын жазыңыз___________________________[ 1]
b. Өзіңіз анықтаған қолайлы климаттық жағдайлар Қазақстанның қай аймақтарында кездесетіндігін анықтаңыз________________________________________________________[1]
17
с. Осы ресурстардың шаруашылыққа тигізетін әсерін бағалаңыз 5. Сурет арқылы атмосфералық құбылысты сипаттаңыз.
[1]
a. Суреттегі атмосфералық құбылысты анықтаңыз______________________________[1]
b. Атмосфералық құбылыстың қалыптасу себебін түсіндіріңіз__________________[1]
c. Осы атмосфералық құбылыстың зиянды әсеріне дәлел келтіріңіз_____________[1]
Ъ. Осы атмосфералық құбылыстан сақтану жолдарын ұсыныңыз___________________[1]
6. Берілген Қазақстанның ішкі суларын топтастырыңыз.
а.Ертіс, Каспий, Балқаш, Іле, Сарыағаш, Жаркентарасан, Корженевский
өзен көл жерасты суы мұздық

[2]
Ъ. Қазақстанда ішкі сулар қалай тараған, өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
[2]
7. Сырдария өзеннің гидрологиялық режимін түсіндіріңіз.






Қақтар Ақпан Наурыз Сеуір Мамыр Маусым Шіпде Тамыз Қыркүйек Қазан ҚарашаЖелтоқсан
айлар
a. Гидрограф бойынша су көлемінің ең төмен айын анықтаңыз__________________________________[1]
b.Су көлемінің азаюына әсер еткен бір факторды жазыңыз______________________________________[1]
c.Осы өзен суының шаруашылықтағы маңызына баға беріңіз______________________________________[1]
8. Жергілікті жердегі құрлық суларының бір түрін мысалға ала отырып, талдаңыз.
a. Өз жеріңіздегі құрлық суының бір түрінің қолдану аймағын жазыңыз_________________________[1]
b. Құрлық суының ластану көзін атаңыз_______________________________________________________[1]
c. Ластанудан туындайтын бір экологиялық мәселені (проблема) жазыңыз________________________[1]
Ъ. Экологиялық мәселенің шешу жолын ұсыныңыз_______________________________________________[1]
18
9. Өз аймағыңызда болатын су апаты түрін төмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
a. Су апатының түрі__________________________________________________________[1]
b. Пайда болатын мерзімі_____________________________________________________[1]
c. Қандай құбылыстарға байланысты болады?____________________________________[1]
ё. Су апатының алдын алу жолын ұсыныңыз______________________________________[1]
19
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Ащысу, Айранкөл-ашысу, айранколь- Лзһізи, Аігапкоі тұздылық дәрежесіне байланысты атау алған 1 1
2 a. күннің түсу бұрышы, күн сәулесінің түсу ұзақтығы b. географиялық оры, атмосфераның мөлдірлігі c. ауа массаларының әсері, жер бедері 1 1 1
3 Атбасар -Солтүстік Мұзды мұхитынан Батыс Сібір ойпаты сарқылы арктикалық ауа маларының енуі, -солт ендіктің шамамен 50°С паралелінде жоғары қысым белдеуін тудыратын, шығыстан келетін Сібір антициклоны. Түркістан -күн радияциясының молдығы (43°С ендікте орналасуы) -жаз мезгіліндегі бұлттылықтың болмауы, -ауаның құрғақтығын әкелетін тропиктік ауа массаларының басым болуы 1 1 1 Берілген факторлардың бірін толық түсіндіріп жазса, балл беріледі.
4 a. дақылдарға жылу, ылғал, жарық береді b. солтүстік, орталық аймақтарда егін шаруашылығы, оңтүстік өңірлерде суармалы егіншілік дамыған. c. өнімнің мол шығуы. 1 1 1
5 a. боран b. ауа массаларының циркуляциясынан қалыптасады c. шаруашылыққа өте зиян келтіреді, адамның адасып кетуі, малдардың қырылып қалуы, жолдардың көрінбеуі т.б. ё. боранды күндері жолға шықпау, малдарды жайылымға жібермеу т.б. 1 1 1 1
6 a. өзен-Ертіс, Іле; көл-Балқаш, Каспий мұздықтар- Коржиневский, жер асты сулары- Сарыағаш, Жаркентарасан b. Қазақстанның ішкі сулары біркелкі таралмаған. Дәлел: - еліміздің материктің орталығында орналасуы, - жер бедерінің алуан түрлілігі, - жауын-шашынның біркелкі түспеуі, - ауа температурасының жаз айларында жоғары болуы. 1 1 1 1 2 тобын анықтап, кестеге дұрыс жазса 1 балл
7 a. қыркүйек b. егіншілікке қолданылуға байланысты c. оңтүстіктегі ең суы мол өзен, толықтай суармалы егіншілікпен айналысатын облыстардың су көзі. 1 1 1
8 a. өзен b. ауылшаруашылық қалдықтары c. малдардың қырылуы, өсімдіктердің өспей қалуы ё. қосымша су қоймаларын құру 1 1 1 1 көл, бұлақ өнеркәсіп адам денсаулығы сүзгілер
9 a. су басу b. көктемде 1 1 тасқын жазда
20
с. қар еруі 1 мұздықтарды
ё. бөген құру, арықтарды ашу. 1 Ң еруі бөгет құру
Жалпы балл 30
21
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
22
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары-ның деңгейі Тапсыр ма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Физикалық география 9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ҚЖ 5 4 8
9.3.4.2 Қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ерекше қорғалатын аумақтарының құрылу мақсатын түсіндіреді Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ҚЖ 5 4
Физикалық география 9.3.5.1 Қазақстанның ірі табиғи кешендерін жоспар бойынша сипаттайды Қолдану 1 1 ҚЖ 4 3 8
9.3.5.3 Жергілікті компонент негізінде антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 5 5
Әлеуметтік география 9.4.1.1 Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамын анықтайды Қолдану 1 2 ҚЖ 3 2 9
9.4.1.2 Дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді Қолдану 1 3 ҚЖ 4 2
9.4.1.3 Қазақстандағы көші -қон үдерістерін талдап, басты бағыттарын анықтайды Қолдану 1 4 ҚЖ 4 3
9.4.1.7 Қазақстандағы елді мекендерді жіктейді Қолдану 1 5 ҚЖ 4 2
Экономикалы қ география 9.5.1.1 Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ТЖ 6 5 5
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
23
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Берілген мәтінді оқып шығыңыз, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.
Бұл табиғат зонасы республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қандай табиғат зонасы туралы айтылған?_________________________________________________
a. Табиғат зонасының атауын табыңыз___________________________________________[1]
b.Табиғат зонасындағы бір табиғи кешенді анықтаңыз____________________________[1]
c. Сол табиғи кешеннің ерекшелігін жазыңыз____________________________________[1]
2. Төмендегі кестені толықтырыңыз және кескін картаға халықтардың таралу аймақтарын сызыңыз.
№ Ұлттың аты Діні Қазақстанның қай аймагында көп қоныстанган?
1 орыс христиан Солтүстік, батыс, шығыс.
2 корей ? ?
3 өзбек ? ?
[2]
[1]
3. Халық миграциясы сальдосын есептеңіз.
адам
қаңтар-сәуір 2016 жыл қаңтар-сәуір 2017 жыл
Жалпы миграция
Келушілер 137 837 376 043
Кеткен адамдар 141 358 377 882
Миграция сальдосы - -
Оның ішінде:
[2]
24
4. Кестеде Қазақстандағы ішкі қоныс аударудың бағыттары көрсетілген. Осы кестедегі бағыттарды ескере отырып, мысал ретінде негізгі 3 орталықты анықтаңыз.
қаладан
қалаға
a.
b.
c.
г л
ауылдан
қалаға
V
ауылдан ауылға
жріыс күштерінін коныс аудару багыттары


Г
каладан
а>ъілға
V
экологиялык
апат
айм актарынан
[3]
5. Кескін картаға Қазақстанның 1 миллионер қаласын, 1 ірі қаласын, 1 орта қаласын, 1 кіттті қаласын көрсетіңіз.
[2]
6. Берілген таулардағы биіктік белдеулерін салыстырыңыз.
25
a. Биіктік белдеулерінің санын анықтаңыз_________________________________________[1]
b. Тау етегіндегі табиғат зонасын атаңыз_________________________________________[1]
c. Биіктік белдеулеріндегі ұқсастықтарды жазыңыз_________________________________[1]
ё. Биіктік белдеулеріндегі айырмашылықтарды анықтаңыз____________________________[1]
7. Берілген картаны мұқият қараңыз. Таңдауыңыз бойынша бір қорықты төмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
Қорықтар
1. Ақсу-Жабағылы
2. Алакөл
3. Алматы
4. Барсакелмес
5. Батыс Алтай
6. Қаратау
7. Қорғалжын
8. Марқакөл
9. Наурызым
10. Үстірт
a. Қорықтың атауы, құрылған жылы
b.Орналасқан аймағы (облыс)________
с. Қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер ё. Құрылу мақсаты мен маңыздылығы
[1]
[1]
_[1]
[1]
8. Сурет бойынша талдау жасаңыз.
а.Табиғатта өсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның әрекеттерін атаңыз.
[1]
26
b.Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның әрекеттерін атаңыз. [1]
c. Адам үшін өсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз.____________________[1]
Ъ. Биологиялық ресурстарды қорғаудың жолын қарастырыңыз______________________[1]
9. Өз аймақтарыңыздағы табиғи ресурстың бір түрін алып, төмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
a. табиғат ресурсының жергілікті жер үшін маңыздылығына 1 дәлел келтіріңіз [1]
b. Табиғи ресурстың жергілікті жердің экономикасын дамытудағы үлесіне 1 дәлел келтіріңіз______________________________________________________________[1]
c. Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін 1 мысалмен жазыңыз_______________[1]
Ъ. Өндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға беріңіз_________________________[1]
е. Экономикалық маңызы мен экологиялық әсерін салыстырып, қорытынды жазыңыз [1]
27
Балл қою кестесі
№ Жауаптар Балл Қосымша ақпарат
1 a. шөлейт зонасы b. Балқаш көлі c. суының тұщы әрі тұзды болуы, бай тіршілік т.б. 1 1 1
2 a. корей- будда, Алматы облысы өзбек- ислам, Түркістан облысы b. ұлттардың орналасуын кескін картада белгілесе 1 1 1
3 - 3521 -1839 1 1
4 a. Алматы - Астана b. Ерейментау - Қарағанды c. Семей - Астана 1 1 1 Басқа нұсқалар қабылданады
5 Алматы, Қарағанды; Қызылорда , Балқаш 1 1 Басқа нұсқалар қабылданады 2 қаланы көрсеткені үшін 1 балл
6 a. 7 b. шөлді c.шөлді, шөлейтті, далалы зоналары ұқсас ё. орманды белдеуден соң айырмашылық жасайды 1 1 1 1
7 a. Ақсу-Жабағылы, 1926 b. Түркістан облысының Түлкібас ауданы c. қына, балдыр, мүк; марал, елік, қабан ё. мақсаты мен маңыздылығын жазса 1 1 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
8 a. орман ағаштарын кесу b. браконьерлік әрекет c. таза ауа мен адам қажеттілігін өтейтін заттар ё заң негіздерін қарастыру, жойылып бара жатқан түрлерін қорғауға алу. 1 1 1 1 Басқа нақты аргумент болса да қабылданады.
9 a. адамның өмір сүруіне қажетті барлық материалдық, энергетикалық нысан негізі b. туризмді дамыту арқылы жергілікті халықты жұмыспен қамту c. туристердің табиғатты ластау мүмкіндігі, ё. топырақтың ластануы е. туристерден түскен қаражат пен топырақ құнарлылығын арттыру 1 1 1 1 1 Басқа нұсқалар қабылданады
Жалпы балл 30
28
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 9 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
29
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырм а саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Экономикалық география 9.5.2.1 Ғ ылыми-техникалық революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 5 3 7
9.5.2.6 Қазақстан аймақтарының инфрақұрылымын талдап, проблемаларды шешу жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 5 4
Экономикалық география 9.5.3.1 Қазақстан шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды Қолдану 1 1 ҚЖ 4 2 4
9.5.3.2 Қазақстанның экономикалық аудандарының шаруашылық салаларын анықтап, мамандануын түсіндіреді Қолдану 1 2 ҚЖ 4 2
Экономикалық география 9.5.4.3 Халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды Қолдану 1 3 ҚЖ 4 3 11
9.5.4.4 Дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды: жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, оның ішінде жан басына шаққанда Қолдану 1 4 ҚЖ 4 3
9.5.4.7 Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 5 5
Елтану және саяси география негіздері 9.6.1.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырады Қолдану 1 5 ТЖ 4 3 8
9.6.1.3. Қазақстан Республикасының Жоғары 1 9 ТЖ 5 5
30
әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына кешенді баға береді деңгей дағдылары
Барлығы 9 9 40 30 30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
31
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгілері «География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кондитерлік өндіріске әсер ететін факторларды орналастырыңыз.
Әсер етуші факторлар шешуші күшті әлсіз
Еңбек +
Көлік
Тұтынушы +
экология
2. Берілген картадан таңдау бойынша бір экономикалық ауданға талдау жасаңыз:
a. Экономикалық ауданның атауы мен басты мамандану саласы____________________________________
[1]
b. Мамандану саласының қалыптасу себебін түсіндіріңіз________________________________________
[1]
3. Кестеге берілген ұйымдарды орналастырыңыз: ОПЕК, ТМД, ШЫҰ, МАГАТЭ, Б¥¥, ДСҰ, АСЕАН, ДДСҰ.
Халықаралық ұйымдар Аймақтық ұйымдар Салалық ұйымдар

[3]
4. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің мәнін түсіндіріңіз:
a. Жалпы ішкі өнім дегеніміз (ЖІӨ)______________________________________________________________
[1]
b. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз (ЖҰӨ)____________________________________________________________
[1]
c. Неге осы көрсеткіштер мемлекеттің дамуын сипаттайтын басты нысан болады? Түсіндіріңіз____________________________________________________________________________________
[1]
32
5. Елдердің экономикалық даму деңгейін анықтайтын көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, кестедегі мемлекеттерге салыстырмалы сипаттама беріңіз:
Негізгі көрсеткіштер Қазақстан Ресей
ел экономикасының типі
жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі
еңбек ресурстарының құрылымы
жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі
халықтың өмір сүру деңгейі
елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
[3]
6. Тапсырманы орындаңыз
а. Кестені толықтырыңыз.
ҒТР__________________
Құрамдас бөліктері
Ғылым мен техника
Өндіріс
[2]
Ь. Интенсивті даму жолына 1 мысал келтіре отырып, талдаңыз__________________________
[1]
7. Өндірістік инфрақұрылымға: зауыт, мұнай платформасы, электростанциялар т.б жатады. Осы түрлердің бірін таңдап, жоспар бойынша талдаңыз, маңыздылығына баға беріңіз.
a. Өзіңіз таңдаған инфрақұрылым түрін сипаттаңыз.____________________________________
[1]
b. Осы инфрақұрылым түрінің шаруашылықтағы маңыздылығын жазыңыз._____________________
[1]
c. Жаңа технологияларды енгізу барысындағы өзгерістерді жазыңыз._____________________
[1]
б. Осы инфрақұрылымның қоғамдағы рөлін бағалаңыз.___________________________________
[1]
8. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын берілген жоспар негізінде талдаңыз:
a. Қазіргі заманғы шаруашылық байланыстары________________________________________[1]
b. Қазақстанның сыртқы саудасы____________________________________________________[1]
c. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары______________________________[1]
Ъ.Қазақстанның таяу және алыс шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстары [2]
9. Берілген жоспар негізінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, саяси-географиялық жағдайына баға беріңіз.
a. Қазақстанның географиялық орнын саяси тұрғыдан бағалаңыз (шекаралас мемлекеттер және олардың басқару формалары)
[1]
b. Қазақстанның әлеуметтік жағдайын (ЖІӨ, ЖҰӨ, ЖЖӨ) бағалаңыз.
[1]
c. Қазақстанның географиялық орнына экономикалық тұрғыдан баға беріңіз (шекаралас мемлекеттердің даму ерекшеліктері жағдайы)
[1]
33
ё. Көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастың түрлерін атаңыз (сауда, білім, ғылым, техника және технология т.б.)
[1]
е. Көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықта болу үшін құрылған ұйымдар және ондағы Қазақстанның орнын жазыңыз.
[1]
34
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 көлік- әлсіз экология- әлсіз 1 1
2 a. Солтүстік Қазақстан- егін шаруашылығы, мал шаруашылығы b. Солтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық жағдайы егіншілікпен айналысуға, ірі кара өсіруге мүмкіншілік береді. 1 1
3 Халықаралық ұйымдар: Б¥¥, ДСҰ, ДДСҰ. Аймақтық ұйымдар: ТМД, ШЫҰ, АСЕАН. Салалық ұйымдар: ОПЕК, МАГАТЭ 1 1 1
4 а. ЖІӨ- мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық. b. ЖҰӨ- бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. c. ЖІӨ мен ЖҰӨ жоғары болуы сол мемлекеттің әлеуметтік жағдайы мен халықаралық мәртебесінің жоғары болуымен сипатталады. 1 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
5 a. ел экономикасының типі мен жерінің ауданы және оның игерілу деңгейін салыстырса b. еңбек ресурстарының құрылымы мен жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемін салыстырса c. халықтың өмір сүру деңгейі мен елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын салыстырса. 1 1 1
6 a. техника және технология, басқару b. ескі технологиялардың орнын жаңа технологиялармен алмастыру, мысалы ауылшаруашылығы, өнеркәсіпке еніп жатқан технология түрлерін талдап жазса 2 1
7 a. таңдаған инфрақұрылым түрін сипаттай алса b. осы инфрақұрылымның шаруашылықтағы маңыздылығын жазса c. инфрақұрылымға енгізілген жаңа технологияларды сипаттай алса ё. инфрақұрылымның ролін нақты көрсете алса 1 1 1 1
8 a. Қытаймен, Ресеймен, Европа елдерімен, Түркиямен т.б. мемлекеттермен шаруашылық байланыстарын жазса b. ДСҰ мүше болған, шекаралас елдермен Ортақ кедендік ұйым болуы. c. Халықаралық экономикалық ұйымдармен байланысын сипаттаса (ЕврАЭС) ё. Таяу шетелдермен (ТМД, ШЫҰ, т.б.) және алыс шетелдермен (ЕО, АСЕАН, ОПЕК т.б.) 1 1 1
35
экономикалық байланыстарын талдай алса 2
9 a. Қазақстанның саяси географиялық орны Евразия материгінің нақты ортасында орналасымен байланысты b. ЖІӨ, ЖҰӨ, ЖЖӨ мөлшерін жазып, әлеуметтік жағдайды жазса c. Қазақстанның экономикалық географиялық орнын Европа мен Азияны байланыстыратын көпір болуымен байланысты ё. көршілес мемлекеттермен сауда, мәдени, ғылыми, достық қатынастар дамыған. е. осы мемлекеттер арасында құрылған ынтымақтастық ұйымдар: ЕврАЗЭС, ШЫҰ т.б. экономикалық серіктес болады, бейбітшілікті, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өзара құқықтық көмек көрсетеді. 1 1 1 1 1
Жалпы балл 30
36
 
Верх