ТЖБ Құқық негіздері 10 сынып Жиынтық бағалау ҚГБ

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты...........................3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар...........3
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер.......................3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі..........................................4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі....................................5
7. Модерация және балл қою.............................................5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ......................6
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ....................12
Ш ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ.....................18
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ....................24
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың пән бойынша әрбір тоқсанда алған білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы күтілетін нәтиже және тоқсанға жоспарланған оқу мақсатына жету деңгейін көрсетеді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу:
- конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін;
- конституциялық саяси құқықтарын;
- әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін;
- еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық;
- азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын;
- отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін;
- қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін.
Түсіну:
- қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін;
- қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды;
- құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті.
Қолдану:
- нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін;
- күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өз бетімен іздену дағдыларын.
Талдау:
- құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды;
- түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды.
3
Жинақтау:
- адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты;
- жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды.
Бағалау:
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларын ың деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау; Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру; азаматтық құқық субъектілерін анықтау; Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау; кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау; қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау. КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету; адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени); нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану; нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау; әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу. ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт); нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау; жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау; құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру; азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау; әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру. ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 25% 75% 0
II 0 25% 75%
III 0 60% 40%
IV 0 75% 25%
Барлығы 6% 59% 35%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет
ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін
көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
6
I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырм а саны* Тапсыр ма№ Тапсырман ың түрі Орындал у уақыты, мин Балл * Бөлімге берілеті н балл саны
Мемлекет және құқық 10.1.4.2 Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау Білу және түсіну 1 1 КТБ 10 4 20
10.1.2.2 Әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету Қолдану 1 2 ҚЖ 10 5
10.1.3.2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) Қолдану 1 3 ҚЖ 10 5
10.1.1.3 Құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт) Қолдану 1 4 ТЖ 10 6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1.Төменде берілген органның қайсысы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарына жатады:
A. ҚР Парламенті
B. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау органы
C. ҚР Ішкі істер органдары
Б. ҚР Сыртқы істер органдары
1.2.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу міндетін жүзеге асыратын құқық қорғау органын белгілеңіз.
A. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі
B. Мемлекеттік кіріс департаменті жанындағы Экономикалық тергеу қызметі
C. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро Б. Қаржылық бақылау инспекциясы
1.3.Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыру қызметін жүзеге асыратын органды анықтаңыз.
A. ҚР Прокуратура
B. ҚР ҰҚК
C. ҚР Ішкі істер органдары Б. ҚР Сот органдары
1.4. ҚР Прокуратура қызметінің құқықтық негіздеріне не жататындығын көрсетіңіз.
A. ҚР Конституциясы мен заңы
B. ҚР Конституциялық заңы мен кодекс
C. ҚР Нормативтік-құқықтық актілері ^. ҚР Жарлықтары мен бұйрықтары
[4]
2. Құқықтық мемлекеттің белгілерімен танысып, төменде берілген Конституциялардағы нормалардың мазмұнынан құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтап, кестенің екінші бағанасына жазыңыз.
Құқықтық мемлекеттің төрт негізгі белгісі бар:
A. қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың басымдылық ролге ие болуы;
B. адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шынайылығы мен кепілдігі;
C. мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара жауапкершілік;
Б. билікті бөлу қағидаты.
Конституциялардан үзінді Құқықтық
мемлекеттіц
белгілері (мыс. А-
Я)
8
1 ҚР Конституциясы (30.08.1995) 3-бап 4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. 1.
2 4-бап Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. 2.
3 АҚШ Конституциясы (1787 ж.) 1-бап Заң шығару жөніндегі барлық өкілеттілік Құрама штаттарындағы Конгресіне тиесілі 2-бап Атқарушы билік Құрама Штаттардың Президентіне беріледі. 3.
4 5-бап (4-түзетілім) Халықтың меншігі, құнды қағаздары, баспанасы мен жеке тұлғаның өміріне қол сұқпаушылық құқығына кепілдік беріледі. Сонымен қатар толық негіздер болмаған жағдайда тінту немесе қамауға алуға тыйым салынады. 4.
5 ГФР Конституциясы 20-бап. Конституциялық құрылыс негізінде заңнамалық билікті жүзеге асыру, заң мен құқыққа сүйене отырып атқарушы және сот билігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті мемлекет болашақ ұрпақтар алдында өз мойнына алады... 5.
[5]
3. Кестеде берілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ҚР Конституциясының нормаларымен сәйкестендіріңіз._________________________________________________________
№ Қщыцтар мен бостандыцтар Жауап ҚР Конституциясынан алынган нормалар
1 Азаматтық А. Әркімнің тынығу құқығы бар. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
2 Саяси В. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
3 Әлеуметтік С. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркімнің өмір сүруге
9
құқығы бар. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
4 Экономикалық ^. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар.
5 Мәдени Е. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
[5]
4. Берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Құқық жүйесі - бұл құқықтың ішкі құрылымы (құрылысы, ұйымдастырылуы). Заң нормаларының сараланып өзара бөлінуі. Құқық жүйесінің бірнеше құрылымдық элементтері бар ол: құқық нормасы; құқық салалары, құқық институттары және құқықтың ішкі салалары.
- Құқықтық норма ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет тарапынан кепілдік берілген, нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқан жалпыға міндетті тәртіп ережесі. Құқықтық норма бірнеше элементтен тұрады, ол: міндет, құқық(гипотеза), тыйым салу/рұқсат беру(диспозиция) мен санкцияны белгілейтін құқық жүйесінің элементі.
- Құқық салалары бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын сапалы түрде реттейтін құқық нормаларының жиынтығы (мысалы, конституциялық құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық және т.б.).
- Құқық институттары бұл құқықтық сала ішінде немесе ішкі саладағы белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың топтық жиынтығы (мысалы, меншік құқығы, мұрагерлік құқық- азаматтық құқық институттары)
- Құқықтың ішкі салалары құқық саласымен салыстырғанда құқық нормаларының төменгі топтарын біріктіреді. Қоғамдық және туыстық қарым-қатынастарды реттейді (мысалы, тұрғын-үй, мұрагерлік, келісім шарт салалары азаматтық құқық саласына кіреді)
Қандай жағдайда құқықтық норма элементтері қоғамдық қатынастарды реттеуде пайдаланылады? Үш мысал келтіріңіз.
Құқық саласы мен құқықтық институттың айырмашылығын жазыңыз? Үш мысал келтіріңіз.
[6]
10
Балл қою кестесі
№ тапсырма Жауаптары Балл Қосымша ақпарат
1 1. С 1
2.С 1
З.С 1
4. А 1
2 1. (А) қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың басымдылық ролге ие болуы; 1
2. (Б) билікті бөлу қағидаты. 1
3. (Б) билікті бөлу қағидаты; 1
4. (В) адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шынайылығы мен кепілдігі; 1
5. (С) мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара жауапкершілік; билікті бөлу қағидаты 1
3 1. С 1
2. Б 1
3. А 1
4. В 1
5. Е 1
4 Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден мысал келтіреді. Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанды қорғау әрбір азаматтың міндеті. 1 Ұқсас жауаптар қабылданады.
Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден мысал келтіреді. Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. 1
Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден мысал келтіреді. Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 1
Құқық саласының айырмашылығы біртекті қоғамдық қатынастарды сапалы реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. 1
Құқық институттарының айырмашылығын қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін(тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы 1
Құқық институттары саланың құрамдас бөлігі, бөлімі. 1
Барлығы 20
11
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 20 балл Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4 тапсырма берілген. Тест тапсырамаларынан берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір жауапты таңдайды.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
12
II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырм а саны* Тапсы рма № Тапсырман ың түрі Орындалу уақыты, мин Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Жария құқық 10.2.1.1 Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру Қолдану 1 1 ҚЖ 8 4 20
10.2.4.3 Нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 10 5
10.2.4.5 Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ҚЖ 10 5
10.2.5.2 Нақты жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін пайдалану Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 12 6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
13
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен II тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Берілген анықтамамен танысып, кестедегі институттардың арасынан конституциялық құқық институттарын анықтап, кестені толтырыңыз.
Құқық институты дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін, тұрақты құқық нормаларының жүйеленген тобы.
1. Мұрагерлік институт 2. Президенттік институт 3. Қылмыс институты 4. Азаматтылық (азаматтық) институты
5. Сайлау құқығы институты 6. Мемлекеттік қызмет институты 7. Парламенттік институты 8. Интеллектуалдық меншік
Институттар
Конституциялық құқық институттары
[4]
2. Төменде берілген жағдаяттармен танысып, жасалған әрекеттің қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық екендігін анықтап, қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша
орналатсырыңыз. Қауіптілігі жоғарыдан бастап төменге қарай.
а) Азамат А. ірі ІТ компанияда қызмет етеді. Қызмет ететін компания 3 миллион тұтынушылардың жеке мәліметтерін өз серверлерінде сақтайды. Бір күні азамат А. қателік жасауының нәтижесінде 3 миллион тұтынушының жеке өміріне қатысты ақпарат ғаламторға таралып кетеді. Ъ) Ерлі-зайыптылар неке қияды. Екі жылдан кейін, жол көлік оқиғасының нәтижесінде жұбайы еңбекке қабілетсіз болып қалады. Зайыбы қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден бас тартады. с) Түнгі уақытта азамат К. букмекерлік кеңсеге басып кіріп, суық қаруды қолдану арқылы қорқытып, кеңсе әкімшісінен кассадағы ақшаны тонайды.
Әрекет түрі Әрекет түрі Әрекет түрі

ё) Көлік жүргізіп келе жатқан азамат Г. жол жүру жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан асырып қарсы жолға шыға берісте қарсы келе жатқан көлікпен үлкен жылдамдықта соқтығысады. Нәтижесінде көлік жүргізуші қайтыс болады. Қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақатын алды. 5. Жоғарыда берілген қылмыс/қылмыстық теріс қылыққа байланысты берілген жағдаяттарды қоғамға қауіптілігі деңгейі бойынша орналастырыңыз. 1. 2. 3. 4.
Әрекет түрі
[5]
14
3. «Қазіргі таңда кейбір азаматтар саналы түрде бірнеше рет ауыр қылмысқа барып, сот үкімін шығару барысында өздерінің жүкті әйелі, кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін айтып, олардың артында тығылып (жасырынып), судьяны жазасын жеңілдетуін сұрайды» Осы тақырыпқа қатысты өз ойыңызды жазыңыз.
Сіздің жауабыңызда (сұрақтарға жауап) болуы тиіс(критерийлер):
a) Жазаны жеңілдету немесе ауырлату қажет пе?
b) Жеңілдететін мән-жайларға тоқталу;
c) Ауырлататын мән-жайларға тоқталу;
Ъ) Қылмыстық құқықбұзушылыққа барған адамның әрекетіне баға беру; е) Осыған ұқсас, өмірде кездескен жағдаяттардан мысал/дәлел келтіру.
[5]
4. Нақты жағдаятпен танысып талдау жасаңыз.
Азамат Е. Э. мемлекеттік(ұлттық) компаниясының басшысы кезінде аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, пара алған болатын.
a) Жасалған қылмыс санаты қандай?
b) Қылмыстық кодекске сәйкес аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені үшін қандай жаза тағайындалады?
c) Қылмыстық кодекске сәйкес пара алғаны үшін қандай жазаға тартылады?
Ъ) Қолданылатын жазаны ауырлататын мән жайлар бар ма? Болса қандай?
е) Қолданылатын жазаны жеңілдететін мән жайлар бар ма? Болса қандай? і) Жоғарыда келтірілген жағдаят Қылмыстық кодекстің қай бабында көрініс тапқан?
[6]
15
Балл қою кестесі
№ тапсырма Жауаптары Балл Қосымша ақпарат
Президенттік институт (2) 1
1 Азаматтылық(азаматтық) институты (4) 1
Сайлау құқығы институты (5) 1
Парламенттік институты (7) 1
а) Қылмыстық теріс қылық; 1
Ъ) Қылмыстық теріс қылық; 1
с) Қылмыс 1
2 Ъ) Қылмыс 1
1-с 2-ё 3-Ъ 4-а 1 ^ұрью орналастырғаны үшін 1 балл
3 Жауап үлгісі: Қазіргі таңда қылмыстық құқықбұзушылық жасаған соң жауапкершілік пен жазадан босау үшін түрлі әдіс-тәсілдер жиі қолданылуда. Қылмыскер (айыпталушы, сотталушы) қылмыстық заңның мазмұнымен терең танысып өз жазасын барынша жеңілдетуге тырысады. Жазаны жеңілдету үшін ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес 1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау; 2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы; 3) жүктілік; 4) кінәлі адамның жас балаларының болуы және т.б. реттерде ғана судья жазаны жеңілдетеді. Ал егер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотталушы 1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы; 2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтіру; 3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау; 4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсенді рөл атқару секілді әрекет жасаса онда жауапкершілік пен жаза ауырлайды. Мұндай әрекеттер арқылы сотталушы (қылмыскер) өзінің ниетінің теріс және қоғамға жат екендігін көрсетеді. БАҚ мұндай жағдаяттар сирек кездеседі. Оған мысал Алматы қ. Әйнек шығаратын зауыттың басшысы бірнеше жылдан бері бопсалаумен, кісі өлтірумен және ұымдасқан қылмыстық топ мүшелігінде болып түрлі қылмыстар жасауы. 5 Ұқсас немесе осымен байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін.
16
4 А) Аса ауыр қылмыс 1
В) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 1
С) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 1
^) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау; 1
Е) Жеңілдететін мән жайлар жоқ 1
Ғ) ҚР ҚК 189 2 тармақ 4 тармақша, 366 бап 4 тармақ 1
Барлығы 20
17
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ III тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
18
III тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырма саны* Тапсы рма№ Тапсырман ың түрі Орындалу уақыты, мин Балл * Бөлімге берілетін балл саны
10.3.1.3 Азаматтық құқық субъектілерін анықтау Қолдану 2 1-2 ҚЖ 8 4
10.3.1.5 Нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес құқықтардың ерекшеліктерін анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 6 3
Жеке құқық 10.3.1.8 Құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 10 5 20
10.3.2.1 Қазақстан Республикасы тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау Қолдану 1 5 ҚЖ 8 4
10.3.3.3 Әртүрлі өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге асырылуын зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 8 4
БАРЛЫҒЫ: - 6 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
19
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен III тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Азаматтық кодекске сәйкес, азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушыларын сипаттаңыз.
Мемлекет Азаматтар Заңды тұлғалар

[3]
2. Берілген мәтінмен танысып, бос орынды толтырыңыз.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым ... деп танылады
A) жеке тұлға
B) заңды тұлға
C) азамат ^) мемлекет
[1]
3. Төменде берілген үш жағдаятпен танысып, қайсы мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарға жататындығын анықтап, мүліктік қатынастардың айырмашылығы мен ұқсастығын жазыңыз.
A) Азамат Д. техника дүкенінде тоңазытқыш сатып алады. Үйге әкеліп орнатқан соң, шамалы уақыт өтеді. Азамат Д.-ның тоңазытқышы он төрт күн ішінде істен шығады. Сатып алушы техника дүкеніне қайта оралып, техниканы ауыстырып беруді немесе ақша қайтаруды талап етеді.
B) Компания басшысы осы мекемеде қызмет ететін қызметкер жұмыстан негізсіз кешіккені үшін тәртіптік жаза қолданады. Мекеме қызметкері компания басшысының іскерлік беделі мен жеке құпиясын көпшіліктің арлдында жария етеді.
C) Білім алушы арнайы құрылғыны ойлап табады. Осы құрылғы арқылы денсаулық жағдайы төмен адамдар өмірлерін жеңілдете алады. Құрылғы авторы авторлық құқық немесе патент алуға өтініш береді.
Жауап Ұқсастығы Айырмашылығы
Мүліктік құқықтар
Мүліктік емес жеке құқықтары
[3]
20
4. Құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріп, талдау жасаңыз.
Екінші деңгейлі банкке К. есімді азамат жүгінеді. Мақсаты - той өткізу. Банк менеджері өтінішті, төлеу қабілетін және азамат немесе оның жақын туыстары атындағы меншікті қарастырып, ақша беруге келісім береді. Қуаныштан азамат К. банктік заем алу жөніндегі шартты оқымай қолын қойып, сұраған ақшасын кассадан алады. Шамалы уақыт өткен соң азамат К. жұмыстан шығып қалуына байланысты төлем қабілетінен айырылады. Банк бірнеше ай төлем жасамағаны үшін, жиналған қарыздың орнын толтыруы мақсатында азамат К. ның ата-анасының үйіне арест қойып, сауда алаңында олардың рұқсатынсыз сатып жібереді. Сұрақ
a) Азамат К. заем шарт жасасу барысында қандай қате жіберді?
b) Шартты қамтамасыз ету үшін банк қандай кепіл алды?
c) Төлем қабілетінен айырылган азамат К. қандай әрекеттер жасауы тиіс?
й) Ата-анасының меншік цүцыгын қорғау үшін не істеу қажет?
е) Сауда алаңында үй иесініңрұқсатынсыз баспананы сатып жіберуге бола ма?
[5]
5. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес субъектілердің құқықтары мен міндеттерін кестеге толтырыңыз.
Тұтынушы Сатушы
Қщыцтары
Міндеттері
[4]
6. Отбасылық құқық субъектісі ретінде кәмелет жасқа толмаған балалардың қоғамдық қатынастарға қатысуына байланысты мысалдар келтіріп жазыңыз.
Кәмелет жасқа толмаған балалардың білім алу құқығы Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың еңбек ету құқығы Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың отбасы мүшесі ретіндегі құқығы Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың мүліктік құқықтары Мысалы:
[4]
21
Балл қою кестесі
№ тапсырма Жауаптары Балл Қосымша ақпарат
1 Мемлекет - заң актілері арқылы өзінің билігін жүргізу қызметін жүзеге асыратын мемлекет жария құқығы субъектісі ретінде танылады. Мұндай жағдайларда мемлекет өзге субъектілерді оның қойған талаптарына бағынуы негізінде құқықтық қатынастарға кіріседі. 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
Азаматтар - азаматтық кодекске сәйкес азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі. 1
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 1
2 В. Заңды тұлға 1
3 Мүліктік құқық А 1 Үшеуін анықтаса 1 балл
Мүліктік емес құқық В
Мүліктік емес құқық С
Ұқсастығы: мүліктік және мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі. 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
Айырмашылығы: жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар тауарлық құны болмайтын рухани немесе өзге материалдық емес игіліктер жөнінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар 1
4 Заем шартымен толық танысуға және шарт еркіндігі мен теңдігі қағидатын ұстана отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе бас тартуға құқығы бар еді. 1 Ұқсас немесе осымен байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін.
Шартты қамтамасыз ету үшін төлем қабілетіне байланысты жылжымайтын немесе жылжитын мүлік кепіл ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда меншік иесі кепіл ретінде беруге рұқсат беруі тиіс. Банк ол туралы хабарлап айтқан жоқ. Бұл алаяқтық. 1
Төлем қабілетінен айырылған тұтынушы бұл туралы ақпаратты банк әкімшілігіне хабарлап, төлемді кейінге шегеру немесе өзгерту туралы өтініш жазу қажет. 1
Меншікке заңсыз қол сұғудан қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгіну. Сотқа мүлікті қорғау үшін меншік иесі барып арыз шағым жазуы тиіс. 1
Меншікке қол сұғып, сауда алаңында сату азаматтық заңнамаға қайшы. Яғни мүлік иесінің рұқсатынсыз сот процедурасынсыз сатуға немесе басқа да әрекеттерді жасауға тыйым салынады. 1
22
5 Тұтынушының құқықтары - тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға құқылы 1 Өзге де заңға сәйкес ұқсас жауаптар қабылданады
Сатушының құқықтары - сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін табылған кемшіліктеріне қатысты міндеттемелерді (қосымша міндеттемені) қабылдауға құқылы. 1
Тұтынушының міндеттері - таңдаған тауардың ақысын уақытылы төлеуге. Тауарды күтіп ұстау жөніндегі міндеттемелерді орындауға. 1
Сатушының міндеттері - тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті. 1
6 Кәмелет жасқа толмаған бала мемлекет тарапынан кепілдендірілген жалпыға міндетті орта білім алуға құқығы бар. 1 Өзге де ұқсас жауаптар қабылдануы мүмкін
Кәмелет жасқа толмаған балалар еңбек ету бостандығы құқығына ие. Жас ерекшелігіне сәйкес еңбек етуге ата-ананың рұқсатымен мүмкіндік беріледі. 1
Кәмелет жасқа толмаған балалар өзінің мүдделеріне қайшы келмейтін жағдайларды қоспағанда, әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-аналарын білуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға, олармен бірге болуға құқығы бар. 1
Кәмелет жасқа толмағандар Баланың өзі алған табыстарға, өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлікке, сондай-ақ оның өз қаражатына алынған басқа да кез келген мүлікке меншік құқығы бар. Өз еңбегінен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бірге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен айқындалады. Ата-аналар баланың мүлкін басқару жөніндегі құқықтылықты жүзеге асыру кезінде оларға осы Кодекстің 128-бабында белгіленген қағидалар қолданылады. 1
Барлығы 20
23
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты - 40 минут Балл саны - 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтардан тұрады. Берілген жиынтық бағалау 4 тапсырма қамтиды. Көп таңдауы бар тапсырмаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін
24
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырма саны* Тапсы рма№ Тапсырман ың түрі Орындалу уақыты, мин Балл * Бөлімге берілетін балл саны
Іс жүргізу құқығының негіздері 10.4.2.1 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 12 6 14
10.4.2.3 Кәмелетке толмағандардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 8 4
10.4.3.1 Әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен принциптерін түсіндіру Қолдану 1 3 ТЖ 12 4
Халықарал ық құқық 10.5.2.1 Қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау Қолдану 1 4 ҚЖ 8 6 6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
25
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1. Мәтінмен танысып азаматтық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарына байланысты сұраққа жауап беріңіз.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері: азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі қағидаттары: сот төрелігін тек қана сот жүзеге асыру; судьялардың ауыстырылмайтындығы, тағайындау және сайлау; сульялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы; азаматтар мен сот алдындағы теңдігі; адамдардың ар-намысын құрметтеу; заңдылық; диспозитивтік; бәсекелестік; сот талқылаудың тікелейлігі және қолданыстағы заңдарына сәйкестігі.
а) «Қазіргі таңда сот ісін жүргізудің міндеттері толық деңгейде жүзеге асырылып жатыр»- сіз осы пікірмен қаншалықты келісесіз. Жауабыңызды нақты 2 мысал арқылы дәлелдеп, талдау жасаңыз.
[3]
Ъ) Шетелдік сенімділік деңгейі төмен баспа құралдарында, “қазіргі сот ісін жүргізу тәжірибесі көп жағдайда тараптардың теңсіздігі, судьялардың тәуелділігі және шектен тыс тым саясилануы жағдайында өтеді”. Ал Қазақстанда мұндай үрдіс бар ма? Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз/келіспейсіз. Екі жақты көзқарасыңызды жазып, дәлел келтіріңіз.
[3]
2. ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес кәмелет жасқа толмағандардың сот ісіне қатысуының ерекшеліктерін анықтап, кестені толтырыңыз.
Жас ерекшелігі Сотта мүдделерін қоргайды Жауаптар
0-14 жас 1. Ата-аналары;
2 Заңды өкілдері;
14-18 жас 1 Прокурор;
2 Өзін-өзі қорғайды.
[4]
3. Әкімшілік процесс ұғымы, міндеттері мен принциптерімен байланысты түсініктердің анықтамасын жазыңыз.
Әкімшілік құқық Анықтамасы
1 Әкімшілік процесс ұғымы 1.
2 Әкімшілік құқық қағидаттары 2.
3 Әкімшілік процестің міндеттері 3.
26
4 Әкімшілік процестің өзге құқық салаларындағы іс жүргізуден айырмашалығы қандай?
[4]
4. Халықаралық ұйымдардың қызметін анықтаңыз.
Халықаралық ұйым атауы Қызметі
1
2
3
[6]
27
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауаптары
Балл
Қосымша
ақпарат
А) Білім алушы қазіргі таңда сот ісін жүргізу ішінара немесе толық жүзеге асырылып жатпағандығын айтады. Сәйкесінше, бұл үрдіс сот институтына сенімің қалыптасуына кері әсер ететіндігін жазып талдайды. БАҚ сілтеме жасай отырып, міндеттердің толық және толық жүзеге асырылмайтындығына дәлелдер келтіреді.____________________________________
да
Басқа дұрыс жауаптар қабылданады
В) Білім алушы сот ісін жүргізу тәжірибесінде қағидалардың сақталуы/сақталмауы жөнінде көзқарасын білдіреді. Қосымша дәлелдер келтіреді Білім алушы Қазақстандағы сот ісін жүргізудегі қағидалардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығын/ жатпағандығын жазып, дәлелдер келтіреді. Білім алушы сот ісіне әсер ететін саяси аспектілерге тоқталады
Егер он төрт жасқа дейін болса онда:
- заңды өкілдері;
- прокурор қорғайды.________________
Егер он төрттен он сегіз жас аралығында болса онда:
- ата-аналары;
- заңды өкілдері немесе жеке өзі, яғни өзін-өзі қорғауға құқығы бар._________________________________
Әкімшілік құқық Анықтамасы
Әкімшілік процесс ұғымы 1. мемлекеттік билікті жүзеге асыратын орган. Белгілі бір міндеттеме.
Ұқсас немесе
осымен
байланысты
жауаптар
қабылдануы
мүмкін.
Әкімшілік
құқық
қағидаттары
2. Қоғамдық қатынастардағы іс әрекеттердің заңға сәйкестігі. Кінәсіздік презумпциясы,
кіналаушы адам кінәлі адамның кінәлі екендігін сотта толығымен дәлелдемейінше кінәлауға құқы жоқ.
3
1
3
2
2
2
1
3
1
28
Әкімшілік процестің міндеттері 3. Іс жүргізу құқығында шығарылатын шешімнің толықтылығы, жүйелілігі және ақиқаттылығы. Сот процесіне қатысатын тараптардың мүдделері. Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жаза. Белгілі бір субъект не объектіні бақылау, қадағалау. 1
1
Әкімшілік процестің өзге құқық салаларындағы іс жүргізуден айырмашалығы қандай? 4. Әкімшілік құқық процесі мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар адам және азамат, заңды тұлғалар осы құқық саласының субъектілері болып есептеледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық мәселелерді шешуде ынтымақтастық жүзеге асыруды мақсат еткен халықаралық ұйым 2 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
4 ЕҚЫҰ Саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым 2
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген 2
Барлығы 20
29
 
Верх