«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағала спецификациясы 11-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Құқық негіздері»
пәнінен тоқсандық жиынтық бағала спецификациясы 11-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)



















Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

СОДЕРЖАНИЕ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелері 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 1
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 2
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 2
7. Модерация және балл қою 3
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 4
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 9
IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың пән бойынша әрбір тоқсанда алған білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы күтілетін нәтиже және тоқсанға жоспарланған оқу мақсатына жету деңгейін көрсетеді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелері
Білу:
- конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін;
- конституциялық саяси құқықтарын;
- әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін;
- еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық;
- азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын;
- отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін;
- қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін.

Түсіну:
- қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін;
- қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды;
- құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті.

Қолдану:
- нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін;
- күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өз бетімен іздену дағдыларын.

Талдау:
- құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды; - түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды.

Жинақтау:
- адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты;
- жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды.

Бағалау:
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдыларының
деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіреді. КТБ - Көп
таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ
- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың
функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтайды;
- судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсетеді;
- қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар
арқылы түсіндіреді;
o келісім шарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіреді;
- қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар
құқығын қорғау механизмдерін түсіндіреді;
- талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастырады;
- әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды
тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата біледі;
- - ҚР таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде ҚР халықаралық құқығы мен
міндеттемелерін түсіндіреді. ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырмалар ТЖ
- Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс
жүргізу ерекшеліктерін айқындайды;
- ҚР азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалайды (Үкіметтік емес ұйымдар
және тағы басқалар);
- ҚР Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет ететін
тапсырмалар ТЖ
- Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажыратады;
- ҚР қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралайды;
- ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін
саралайды;
- ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар
арқылы түсіндіреді;
- жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында
анықтайды.

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу

Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 25% 50% 25%
II 0 25% 75%
III 0 50% 50%
IV 0 75% 25%
Барлығы 6% 50% 44%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№*
Тапсырманың түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл * Бөлімге берілетін балл саны











Мемлекет және құқық 11.1.1.4 заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін
түсіндіру

Білу және түсіну

1

1

КТБ

10

4











20
11.1.2.3 Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалау (Үкіметтік емес ұйымдар
және тағы басқалар)

Жоғары деңгей дағдылары

1

2

ҚЖ

10

5
11.1.3.2 азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен
құқықтық мәртебесін анықтау

Қолдану

1

3

ҚЖ

10

5
11.1.4.2 судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін
ашып көрсету
Қолдану
1
4
ТЖ
10
6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын
бөлімдер

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органын көрсетіңіз.
А) ҚР Ішкі істер органдары
В) ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау органы С) ҚР Парламенті
D) ҚР Сыртқы істер органдары

Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін жағдай.
А) Парламент палаталарының отырысындағы шешімі бойынша В) Парламенті Сенаты Төрағасының шешімі бойынша
С) Республика Президентінің шешімі бойынша
D) Жоғары сот шешімі бойынша

Қ.Р. азаматтарының Қазақстанға қайтып оралуына құқығы бар жағдайды көрсетіңіз. А) Парламенттің арнайы актісі бойынша
В) Үкіметтің рұқсатымен
С) Кез-келген жағдайда қайтып оралуға міндетті
D) Кедергісіз, егер ҚР заңдарын бұзбаса

Конституциялық заңдар - бұл:
А) қоғамдық және мемлекеттік құрылысты нығайтушы заңдар В) әдеттегі заңдар
С) уақытша заңдар
D) жергілікті билік органдарының құрылуын анықтайтын заңдар
[4]
2. Кестеде берілген ҚР азаматтық қоғам институттарының қызметімен танысып қай институтқа жататынын анықтап, азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігіне баға беріңіз.

№ Азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызметі Азаматтық қоғам
институттары
1 Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн- өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi
бiрлестiгi
2 Заң ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, діни тағаттылықтың
және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеу бірлестігі.
3 Өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы
негiзiндегi бiрлестiгi.

4 Ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған
коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
5 ҚР азаматтық қоғам институттары қызметінің тиімділігін бағалалаңыз.

[5]
3. Кестеде берілген азаматтардың құқығын қорғайтын тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтап, сәйкестендіріңіз.

1. Адвокат 1 - А) кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар
тартатын тәуелсіз жеке тұлға
2. Медиация 2 - В) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу
мақсатында Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі
3. Нотариус 3 - С) ерікті келісім бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың
жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі
4. Прокурор 4- D) ол даусыз құқықтар мен фактілерді растау, құжаттарды, олардың үзінділерін куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңда көзделген басқа да іс әрекеттерді және заңда көзделген тәртіппен орындау жүктелген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
жүйесін білдіреді
5. Медиатор 5 - Е) жедел іздестіру қызметін, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті
шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға
[5]
4. Судьялар мәртебесі және олардың қызметі туралы сұрақтарға жауап беріңіз. Судья қандай міндеттер атқарады?
1.
2.
3.
Судьялар мәртебесі туралы заң қашан қабылданды?

Судьялардың құқықтық жағдайының өзге қызметтерден айырмашылығына екі мысал
келтіріңіз.
1.
2.

[6]

Балл қою кестесі
№ тапсыр ма Жауаптары
Балл Қосымш а ақпарат
1 1. C 1
2.C 1
3.C 1
4. A 1



2 1. Саяси партия 1
2. Дiни бiрлестiктер 1
3. Ұлттық-мәдени бiрлестiк 1
4. Yкiметтiк емес ұйым 1
5. ҚР азаматтық қоғам институттары экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуындағы тиімділігі

1 Басқа да дұрыс
жауаптар қабылда нады


3 1. В 1
2. С 1
3. D 1
4. Е 1
5. А 1













4 Судья – сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген. Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да
шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады.


3 Басқа да дұрыс
жауаптар қабылда нады
Судьяның құқықтық жағдайы ҚР 2000 ж. 25 желтоқсандағы
№132 Конституциялық заңында айқындалады. 1
Судьялар ауыстырылмайды, тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген.



2 Басқа да дұрыс
жауаптар қабылда нады
Барлығы 20

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 мин.
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады










































9

IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма саны*
Тапсырма
№*
Тапсырманың түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл * Бөлімге берілетін балл саны





Жария құқық 11.2.1.2 Қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты
мысалдар арқылы түсіндіру
Қолдану
1
1
ҚЖ
8
4





20
11.2.3.2 ҚР Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату
Жоғары деңгей дағдылары
1
2
ТЖ
10
5
11.2.4.1 ҚР қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
Жоғары деңгей дағдылары
1
3
ҚЖ
10
5
11.2.5.2 ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау
Жоғары деңгей дағдылары
1
4
ТЖ
12
6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын
бөлімдер








10

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Қазақстандық азаматтықты алу, тоқтату, айырылудың негіздемелеріне сипаттама беріңіз.

Азаматтық ұғымы Азаматтық алу Азаматтықты тоқтату Азаматтықтан
айырылу

[4]

2. Төменде берілген ҚР Жер кодексі негізінде берілген тапсырмаларға талдау жасаңыз.

А) Жерге меншiк құқығы
1. ҚР жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. 2.Меншiк құқығының субъектiлерi.

ҚР Жер кодексінің қай бапта көрсетілген?
№ В) Мемлекет жерді қандай мақсаттарға жеке меншікке бере алады? 3 мысал келтіріңіз.
1.

2.

3.
С) Меншiк құқығының мазмұнын (21-бап.) анықтап «˅» белгісімен белгілеңіз.
 Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар
 Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
[5]

3. «Соңғы кезде кейбір азаматтар бірнеше рет ауыр қылмысқа барып, сот үкімін шығару барысында өздерінің әйелінің жүкті, кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін айтып, жазадан жасырынып, судьядан жазасын жеңілдетуін сұрайды». Осы мәселеге қатысты өз ойыңызды жазыңыз.
Сіздің жауабыңызда болуы тиіс:
a) Жазаны жеңілдету/ауырлату дұрыс па?
b) Жеңілдететін 2 мән-жайлларды жазу
c) Ауырлататын 2 мән-жайларды жазу


[5]

4. Жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Азаматша «А» «С. қаласының мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген адам бола тұра, мұрағат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау өзінің қызметтік міндеттеріне кіретінін біле тұра 2015 жылдың наурызында арызданушы «Б»-ны мұрағаттың мұрағатшысы қызметіне №14 бұйрықпен тағайындаған. Осы жұмысы үшін 2015 жылы 20 наурызында 85 000 теңгені «Б»- дан пара ретінде қолма-қол алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген шұғыл іздестіру амалдары барысында ұсталған. С. аудандық сотының 27.05.2015 жылғы үкімімен «А» қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
А) Жасалған қылмыс санаты қандай?

В) Жоғарыда келтірілген жағдаят ҚР Қылмыстық Кодекстің (ҚК) қай бабында көрініс тапқан?


С) ҚР ҚК-нің сәйкес пара алғаны үшін қандай жазаға тартылады?


D) Қолданылатын жазаны ауырлататын мән жайлар бар ма? Болса қандай?


Е) Қолданылатын жазаны жеңілдететін мән жайлар бар ма? Болса қандай?


F) Сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай?


[6]

Балл қою кестесі

№ тапсырма Жауаптары Балл Қосымша ақпарат












1 Азаматтық ұғымы:
Тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы
1
Азаматтық алу:
- тумысынан;
- ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;
- «ҚР азаматтығы туралы» Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша;
- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса
- ҚР азаматымен кемінде 3 жыл некеде тұрса.


1








Көрсетілген тізімдегі ақпараттард ың бірін
жазса жауап қабылданады
Азаматтықты тоқтату:
- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полиция, заң орындарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;
- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;
- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша.


1
Азаматтықтан айырылу:
- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;
- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
- ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;
- террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
- басқа мемлекеттің азаматы болса

1








2 А. Жерге меншiк құқығы – 20-бап 1




Ұқсас немесе осымен
байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін.
В) Мемлекет жерді қандай мақсаттарға жеке меншікке бере алады?
1) Шаруа және фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін;
-жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін;
-ағаш егу шаруашылығы үшін;
-бақша шаруашылығы үшін;
2) жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін;
3) құрылысқа немесе өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын ғимараттар (құрылыстар, құрылымдар) және олардың кешендері, соның ішінде мақсатына сәйкес ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған жер.




3
С) 21-бап. Меншiк құқығының мазмұны
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. 1












3 Білім алушының пікірі.
Қазіргі таңда қылмыстық құқықбұзушылық жасаған соң жауапкершілік пен жазадан босау үшін түрлі әдіс- тәсілдер жиі қолданылуда. Қылмыскер (айыпталушы, сотталушы) қылмыстық заңның мазмұнымен терең танысып өз жазасын барынша жеңілдетуге тырысады.
Жазаны жеңілдету үшін ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес 1) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасау; 2) кінәлі адамның кәмелетке толмауы; 3) жүктілік; 4) кінәлі адамның жас балаларының болуы және т.б. реттерде ғана судья жазаны жеңілдетеді.
Егер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотталушы 1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы; 2) қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр зардаптар келтiру; 3) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында жасау; 4) қылмыстық құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi рөл атқару секілді әрекет жасаса онда жауапкершілік пен жаза ауырлайды. Мұндай әрекеттер арқылы сотталушы (қылмыскер) өзінің ниетінің теріс және қоғамға жат екендігін
көрсетеді.










5 Жазаны
жеңілдететін
/ауырлататы н кез-келген 2 мән-
жайларды жазса да
қабылданады









4 А) ҚР ҚК 11-бап 3-тармаққа сәйкес ауырлығы орташа
қылмыс 1





Ұқсас немесе осымен
байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін
B) ҚР ҚК-нің 366-бабының 1 бөлігі 1
C) ҚР ҚК 366 б. 1-тармағына сәйкес мүлкі тәркіленіп,
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.

1
D) қылмыстық адамдар

1
тобының алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының жасауы, қылмыстық адамдар тобы
жасау
Е) Жеңілдететін мән жайлар жоқ 1
F) қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. т.б
1
Барлығы 20

IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IІI тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 мин.
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады

IІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырманың түрі* Орындалу уақыты,
мин*
Балл * Бөлімге берілетін
балл саны







Жеке құқық 11.3.1.2 келісім шарттың ерекше белгілерін айқындай
отырып мазмұнын түсіндіру
Қолдану
2
1-2
ҚЖ
8
6







20
11.3.2.1 қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке
нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар
құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру

Қолдану

1

3

ҚЖ

8

3
11.3.4.2 ерлі-
зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

12

6
11.3.5.3 жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында
анықтау
Жоғары деңгей дағдылары

1

5

ТЖ

12

5
БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер






16

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Кестеде берілген келісім шарттың ерекше белгілерін айқындай отырып, мазмұнын қолданып, сәйкестендіріңіз.

1 Сатып алу-сату келісім шарты 1- А) жарамды
2 Сыйға тарту келісім шарты 2- В) ақысыз шарт
3 Егер мүлік жалдау келісім шарты мерзімі
көрсетілмей жасалса 3- С) ақылы шарт
[3]
2. Келісім шарттардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

ҚР азаматтық кодексі 30-тарау. Тұрғын үйді жалдау
Тұрғын үйдi жалдау шарты Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты

[3]
3. Жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
С. есімді азамат А. қаласының ұялы телефондар сататын дүкендердің бірінен смартфон сатып алған. Бірақ сапасына көңілі толмаған ол ертесіне тауарды қайтарып бергісі келген. Алайда, сатушы телефонды қайтып алмады. Телефонды апарғанда сараптамадан өткізуді сұраған. Телефонның чегі де, қорабы да сақталған.
A. Сатушының іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?


B. Қандай тауар кері қайтарылмайды?


C. Сатушы тарапынан заңсыз әрекетке тап болса не істеу керек немесе кімнен/қайдан кеңес алу керек?

[3]
4. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
(а) Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері қай кезде пайда болады?

(b) Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі берілген қатарды толықтырыңыз.
1.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін
таңдауға ерікті.
3.
4.

(с) Сөйлемді толықтырыңыз.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады.

Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен меншiгi болып табылады.
[6]

5. Берілген жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
С. есімді азамат фабрикаға жұмысқа орналасты. Ол жұмысқа тұрғанына қуанып еңбек шартымен толық таныспай қол қойған болатын. Бір ай өткеннен кейін оны түнгі жұмысқа шығарды. Алайда ол үшін оған ешқандай ақша берілмеді.
(a) С. есімді азамат қандай қателік жіберді?

(b) Еңбек шартында қандай ақпараттар болады?

(c) Жұмыс берушінің міндеттері қандай?

(d) Жұмысшы құқықтары қандай?
1.
2.

[5]

Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауаптары Балл Қосымша ақпарат

1 1. С 1 Нақты дұрыс жауаптар
қабылданады
2. В 1
3. А 1











2 Тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.


1







Ұқсас немесе осымен
байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін
Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

1
Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады.
2. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi тұрғын үй заңдарында белгiленедi.



1





3 A. Сатушының іс-әркеті дұрыс емес. Сатып алынған затта 14 күн ішінде қайтарып беруге болады.
B. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, іш киімдер, шұлық-ұйық бұйымдар, жануарлар мен өсімдіктер, метрлеп сатылатын тауарлар ғана қайтарылмайды.
C. 2040 (Kcell, Activ), 2518 (Beeline), +7 (727) 277- 89-45 нөмерлеріне қоңырау шалып, тегін кеңес алуыңызға болады. Егер мәселеңізді егжей-тегжей қарау керек болса, заңгердің ақылы көмегіне жүгіне алуға болады. Сотта жеңген жағдайда тұтынушының жұмсаған ақшаларының барлығы сатушы тарапынан өтелтуге болады.




3


Ұқсас немесе осымен
байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін

4 а) Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік
тіркелген күннен бастап туындайды 1 Ұқсас немесе осымен
байланысты

в) 1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар
пайдаланады және тең міндеттер атқарады.





3 жауаптар
қабылдануы мүмкін
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін,
кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі- зайыптылардың тұрғылықты, болатын
жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-
ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті

с) Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi- зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi- зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады


2













5 (a) Еңбек шартымен таныспай қол қойды.
(b) ҚР заңнамасы негізінде әр салаға байланысты белгіленген уақыт мерзімдері бар, вахталық қызмет болса да, түнгі уақыт болса да, қосымша төленетін ақысынан бастап барлық шарты заңнама аясында жазылуы керек.
(c) Еңбек келісімшартына және өзге де актілерге сәйкес жұмыскердің міндеттерін орындауын, ҚР Еңбек кодексінің 32 бабына сәйкес еңбек келісімшартын жасау үшін қажетті құжаттарды талап етуге, еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға, әлеуметтік құқықтарын қорғауға, жұмысшыны еңбек міндеттерін атқарған кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға, мемлекеттік еңбек инспекцияларының нұсқаулықтарын орындау мәселелері де жұмыс берушінің міндеттеріне кіреді.
(d) 1. Жұмыс беруші алдап кетпес үшін және "құлдықтан" сақтанудың заңды жолдары бар. Кез келген қазақстандыққа өз қалауы бойынша жеке еңбек шартын өзгертуге болады.
Жұмыскердің міндеттері Еңбек кодексінің 22 бабында айтылған. Ол – ең бірінші еркіндік. Сонымен қатар, жұмыс беруші сияқты еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға, бұзуға құқы бар. Еңбек қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды талап етуге құқылы. Бұл шарттар келісімшартта да көрсетілуі тиіс. Міндеттерге келетін болсақ: еңбек
міндеттерін толық орындап, еңбек тәртібін сақтауы керек, жұмыс берушінің мүлкіне ұқыппен қарауы












5









Ұқсас немесе осымен
байланысты жауаптар қабылдануы мүмкін

тиіс, егер нұқсан келтірсе, ҚР заңнамасы негізінде шығынды өтеуі міндеттеледі. Бұл да еңбек шартында көрсетілуі тиіс.
Барлығы 20

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады

IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырманың түрі* Орындалу уақыты, мин*
Балл * Бөлімге берілетін балл саны








Іс жүргізу құқығының негіздері 11.4.1.2 кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын
қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша
іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

12

6









14
11.4.2.2 талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру
Қолдану
1
2
ҚЖ
8
4
11.4.3.1 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін
құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу
Қолдану
1
3
ҚЖ
12
4
Халықаралық құқық 11.5.1.1 Қазақстан
Республикасы таныған
халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының
халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру Қолдану 1 4 ҚЖ 8 6 6
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын
бөлімдер

23

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Кестені толтырыңыз.
Жас ерекшелігі Мүдделерін сотта қорғаушы Жауаптар
0-14 жас 1.
2. Ата-ана.
Заңды өкілі Прокурор Өзін-өзі
14-18 жас 1.
2.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойыынша ұсыныс жазыңыз.
1.
2.
[6]
2. Талап қою арызының мазмұнын ретік санын жанына орналастырып, құрастыр.
Жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жауапкердің туған күні, мекен-жайы немесе тұрғылықты жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның атауы, орналасқан жері, салық
төлеушінің тіркеу номері
Арыз беріліп отырған соттың атауы
Талапкер құқына, еркіне немесе заңды мүддесіне қайшы келген әрекеттің мәні және
оның талап-арызы;
Талапкердің аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, немесе, егер талапкер ұйым болса, оның тұрған жері,
салық төлеушінің тіркелу номері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, арыз беруші оның өкілі болса, сол өкілдің аты мен мекен-жайы;
[4]
3. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне (36-тарау) сүйене отырып құқықтық жағдаяттарды қарастыратын лауазымды адамдарды сәйкестендіріңіз.
1. Тұрғын үй жанында азық-түлік сататын дүкен орналасқан. Осы дүкеннен үнемі азық-түлік сатып алатын тұрғындар, сатушының бақылау-кассалық машинаны қолданбайтындығын байқайды. Осылайша дүкен иесі мемлекетке төленетін салық көлемін азайтады.
Сұрақ: Жеке кәсіпкердің бақылау-кассалық машинаны
қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартатын орган/лауазымды тұлғаны атаңыз? А) Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары
2. Азамат С. түрлі тауарлар сататын базарға барып, өзіне теледидар сатып алады. Сатушыдан бұл теледидар туралы ақпарат беруін, яғни шығарылған жері, дайындаушы, тұтыну қасиеттері және кепілді міндеттемелері туралы айтуын өтінеді. Алайда сатушы ол туралы қажетті ақпаратты бермейді.
Сұрақ: сатып алушыға тауар туралы ақпарат бермеген сатушыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартатын мемлекеттік орган/лауазымды тұлғаны
атаңыз? В) Мемлекеттік кіріс органдары
3. Жасы 45-тегі азамат А. жұмыссыз еді. Жұмыспен қамту орталығына тіркелгеннен кейін ол мекеме көп ұзамай еден жуушы жұмысын ұсынады. Азамат А. келісіп аталған жұмыс орнына жұмысқа кіреді. Жұмыс беруші азамат А.-
мен еңбек шартын жасаспайды. Арада бір жыл уақыт өткен С)Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкілетті орган

соң жұмыс беруші азамат А-ны жұмыстан ешбір себепсіз шығарып жібереді.
Сұрақ: Азамат А-ны еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені үшін тағайындалатын әкімшілік жазаны белгілейтін мемлекеттік орган қалай аталады?
4. Ерлі-зайыптылардың Қ. есімді қызы, жалпы орта білім
беретін мектептің 5 сыныбында оқиды. Ата-анасының діни сеніміне сәйкес олар қызын арнайы хиджаб діни киімін киюді қыз баласына міндеттейді. Алайда мектеп әкімшілігі қыз баланы мектепке кіргізуден бас тартады.
Сұрақ: ата-аналарды «Білім» туралы заңның 49-бабының 6-
7 тарамғаына сәйкес өз міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартатын мемлекеттік орган/лауазымды
тұлғаны атаңыз? D) Бiлiм беру
саласындағы уәкiлеттi орган
[4]

4. ҚР сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын қолданып, кестені толтырыңыздар.
Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылады:
- (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
- Қазақстан өңірдегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге, оның ішінде шектес мемлекеттерден таралатындарына қарсы іс-қимыл жасау үшін жан-жақты күш-жігер жұмсайтын болады.
- Қазақстан Орталық Азияда жанжалға бейім әлеуетті әлсірету, әлеуметтік- экономикалық проблемаларды, су-энергетикалық торап пен өзге де қайшылықтардың түйінін шешу мақсатында ішкі өңірлік интеграцияны дамытуға ұмтылады.
- Өңірдің халықаралық саясат пен экономиканың біртұтас интеграцияланған субъектісіне трансформациялануы перспективалы мақсат болып табылады.
- Еуразиялық интеграцияны елімізді әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде орнықты ұстанымға ілгерілетудің пәрменді тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан осы негізде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын болады.

№ Елдер мен ұйымдар Көзделген мақсат пен мүдде
1
2
3
[6]

Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауаптары Балл Қосымша ақпарат
1 0-14 жас
- заңды өкілдері
- прокурор қорғайды.
2
14-18 жас ата-аналары;
заңды өкілдері немесе жеке өзі, яғни өзін-өзі қорғауға құқығы бар.
2
Ұсыныс:
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Тәрбиелік іс-шараларды арттыру.
2 Басқа да ұсыныстар қабылданады
2 1) арыз беріліп отырған соттың атауы. 1
2) Талапкердің аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, немесе, егер талапкер ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркелу номері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, арыз беруші оның өкілі болса, сол өкілдің аты мен мекен-
жайы.

1
3) Жауапкердің аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жауапкердің туған күні, мекен-жайы немесе тұрғылықты жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның атауы, орналасқан жері, салық
төлеушінің тіркеу номері.

1
4) Талапкер құқына, еркіне немесе заңды мүддесіне қайшы келген әрекеттің мәні және оның талап-арызы. 1
3 1-B
2-C
3-A
4-D
4
4 БҰҰ - әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату. 2 Басқа да дұрыс жауаптар
қабылданады
Орталық Азияда - жанжалға бейім әлеуетті әлсірету, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды, су- энергетикалық торап пен өзге де қайшылықтардың түйінін шешу мақсатында ішкі өңірлік
интеграцияны дамыту.

2
Еуразия-экономикалық одақ құру мақсатында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті
нығайту. 2
Барлығы 20
 
Верх