«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Құқық негіздері» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)





















Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7. Модерация және балл қою 5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 13
IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 27


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер
Білу
- заң шығару, заң шығару жүйесін;
- Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет, адам құқығын қорғау, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу жолдарын;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлауды;
- әкімшілік құқық бұзушылық түрлері;
- азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлерін;
- мұрагерлік құқықты;
- авторлық құқық негіздерін;
- отбасы, отбасы құқығының институттарын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлерін;
- талап қою іс жүргізуінің негіздерін.
Түсіну:
- заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтық сана және құқықтық мәдениет нақты мысалдар арқылы;
- сот жүйесі және судьялардың мәртебесін;
- «қан құқығы» және «топырақ құқығы» принциптерін;
- Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығын;
- жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысанын;
- Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін;
- қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институтын;
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізілуін.
Қолдану:
- Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуын анықтауда;
- Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция: жасөспірімнің құқығын қорғау жолдарын іздеуде;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуын нақты жағдаяттарды қарастыру арқылы;
- сот жүйесі элементтерін анықтап, білімін графикалық түрде сызу барысында;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтықтан айыру негіздемелерін анықтау кезінде;
- авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысанын ұсынғанда;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қарастырғанда;
- сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты. Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты түрлерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру кезінде;

- авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны анықтау кезінде;
- ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелерімен танысқан уаықтта;
- отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелерінің ерекшеліктерін анықтауда;
- алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздерін қарастырғанда;
- әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар анықтау кезінде ойлау дағдыларын қолданады.
Талдау:
- құқықтық актілердің құрылымы мен заң шығарудың кезеңдері;
- әкімшілік құқық нормаларына сәйкес қоғамдық тәртіппен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылық жасайтын тұлғалардың әрекетін саралау;
- еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің еңбек құқығын жүзеге асырылуын;
- еңбек дауларын қарастырып, құқықтық шешу жолдарын.
Жинақтау:
- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін адамдардың әрекетін тәртіптік, әкімшілік, және қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан саралай отырып;
- ҚР Азаматтық іс жүргізу негіздерін, ерекшеліктерін және соттың істі қарау барысын бір жүйеге келтіріп;
- әкімшілік құқықбұзушылық бойынша соттың іс бойынша түрлі мән-жайларды біріктіріп, талқылауды жүзеге асырып, бір жүйеге.
Бағалау:
- Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы
- еңбек құқығының базалық нормаларының қамтамасыз ету тәсілдерінің тиіміділігін бағалау;
- азаматтардың халықаралық құқық субъектісі ретінде шетелде түрлі құқық салалары бойынша жүзеге асырылуын халықаралық актілер негізінде бағалау.

4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау дағдылары ның деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элменттерін анықтау. Көп таңдауы бар (КТБ)
тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану ҚР кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін пайдалана отырып, құқықтық жағдаяттардың шешу жолдарын түсіндіру. Нормативтік құқықтық актілерге сүйене отырып мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен құқығын қорғау механизмдерін түрлі жағдаяттар
арқылы қарастырып, шешу жолдарын ұсына алады. Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей
дағдылары Құқықтық актілердің заң жобасынан бастап заңға айналу жолдарынғ яғни әзірленуі, қабылдануы мен күшіне енуін терең зерттеу. Деңгейді тексеру үшін
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды
пайдалану ұсынылады

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу


Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
І 25% 50% 25%
ІІ 25% 50% 25%
ІІІ 25% 25% 50%
ІV 60% 20% 20%
Барлығы 34% 36% 30%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 20 балл

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір жауап нұсқасын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл








Мемлекет және құқық 11.1.1.5 Қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау
Білу және түсіну
1
1
КТБ
5
3








20
11.1.3.3 Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты
жағдаяттар мысалында түсіндіру

Қолдану

1

2

ҚЖ

10

3
11.1.3.4 Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты
жағдаяттар мысалында түсіндіру

Қолдану

1

3

ҚЖ

15

10
11.1.1.2 Нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу
Жоғары деңгей дағдылары
1
4
ТЖ
10
4
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер





7

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1.Тест тапсырмаларын орындаңыз
Төменде берілген түсініктердің арасынан саяси жүйенің элементін анықтаңыз. А) Демократия
В) Плюрализм С) Автаркия
D) Саяси партия

Саяси жүйенің басты элементі, қоғамды басқарушы күрделі саяси ұйымды атаңыз. А) Кәсіподақ
В) Мемлекет
С) Өндірістік кооператив
D) Акционерлік қоғам


Азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған саяси жүйенің элементі.
А) Қоғамдық қор
В) Қоғамдық қозғалыс С) Қоғамдық бірлестік
D) Қоғамдық пікір

2. Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.







[3]


Құқықтық жағдаят 1. Отыз жастағы азамат Б. өзінің материалдық жағдайын заңсыз жолмен жақсартқысы келеді. Ол үшін жақсы танитын он бес жасар азамат Д.-ны қорқытып, заңсыз әрекетіне бірге жасауға мәжбүрлейді. Түнгі уақытта азамат Б. күзетшіні ұрып, алаңда тұрған құрылыс материалдарын азамат Д.
екеуі тонап кетеді.
Кәмелет жасқа толмаған адамның құқығын қорғау
механизмдері • Court? - қарастыратын сот. Бұл жағдайда кәмелет жасқа толмағандардың ісін қарайтын арнайы мамандандырылған ювениалды сот.
• Protection? – қорғау. Кәмелет жасқа толмаған өзінің құқығын қорғау үшін жүгіне алатын тұлға.
Бұл жағдайда ол адвокат қызметіне тегін немесе ақылы негізде жүгіне алады. Сонымен қатар заңды өкілі қорғауды жүзеге асырады.
• Supervision? - бақылау. Кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмысты тергеу барысына бақылауды жүзеге асыратын арнайы прокурор. Бұл жағдайда кәмелет жасқа толмаған адамға қатысты жүргізілетін тергеу амалдарының заңға сәйкестігін бақылайды.
• Police? – полиция. Құқық қорғау органдары жүйесінде кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғайтын арнайы ювеналды полиция қызмет
етеді.
1. Жоғарыда берілген жағдаятта кәмелет жасқа толмаған адам өз құқығын қалай қорғай алады? Құқығын қорғаудың үш механизмін жазып көрсетіңіз.
А)


В)


С)
[3]

3. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдеріне кез-келген біреуін жазып, қорытындылаңыз.
Пайдалы сілемелер:
А) Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы.
Мүмкіндігі шектеулі адам
Жағдаят Негізгі құқығы Құқықтарын қорғау механизмдері
Азамат Г. жол көлік апатына түсіп, денсаулығына аса ауыр зиян келді. Ауруханада ота жасалып, оған оң жақ аяғы қызметінен айырылғандығын хабарланады. Дәрігерлер ампутация
жасауға мәжбүр болады.
Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген азамат С. арада он бес жыл өткеннен кейін денсаулығы жұмыс істеуге жарамсыз болып қалды. Дәрігерлер арнайы диагноз қойып,
ядролық апаттардың салдары екендігін мәлімденді.
Қызылорда облысының Арал ауданы экологиялық апат аймақтарының бірі болып 1992 жылы танылды. 1987 ж. дүниеге келген Р. есімді азамат 9 жасында апат салдарынан ауруға ұшырап
2 дәрежелі мүгедек статусы берілген.
Ұлы Отан соғысындағы шайқастардың бірінде азамат В. ауыр жараланды. Дәрігерлер денсаулығының қайта қалпына келмейтіндігін мәлімдеді. Соғыста мүгедектік алған азамат В. өзінің құқықтары мен міндеттерін және оларды қорғау механизмдерін толық
білмейді.
Қорытынды: 1.

2.
[10]
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 18-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау тәртібі қалай жүзеге асырылады?



ҚР «Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» конституциялық заңына сәйкес заң шығару бастамашылдығы қай органға тиесілі?



Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы
Конституциялық заңды зерттеп, Парламенттің аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн қандай заңдарды шығаруға хақылы?



ҚР нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену процесі қалай жүзеге асырылады?


[4]

Балл қою кестесі
Тапсырма
№ Жауап Балл Қосымша мәлімет

1 1.1.D
B
C
3








2 1 жағдаят
1-механизм. Court.
бұл жағдаятта қылмысқа кәмелет жасқа толмаған бала қатысқаннан соң, іс соттылығы көбіне мамандандырылған ювениалды сот қарауына жатады. Сот барысында қылмыс жасауға мәжбүрленгендігін, кәмелет жасқа толмағандығын және салдарын толық түсінбегендігін уәж ретінде келтіре алады. Сот үкім шығару/ жаза тағайындау
барысында жеңілдететін мән жайларды ескереді.







3 Басқа да дұрыс
жауаптар қабылдана ды
2-механизм. Protection
кәмелет жасқа толмағандардың ісі қаралғанда оны қорғаушы адвокаттың қатысуы міндетті. Сонымен қатар заңды өкілінің қатысуы істің заңға сәйкес өтетіндігіне көп жағдайда кепіл болады. Кәсіби көмек беру арқылы сотталушы тағайындалатын жазаны жеңілдетіп өзін қорғау мүмкіндігіне ие болады.
3-механизм. Supervision
қылмыстық іс қаралу барысында заңдылықтың сақталып, кәмелет жасқа толмағанның құқығын өз құзыреті шегінде қорғауды жүзеге асырады.











3 Мүмкіндігі шектеулі адам










10 Құқықтары
мен оны қорғау механизмд еріне
кемінде әрқайсына бір
мысалдан келтірсе 2 балл есептеледі. Әрбір ұяшыққа мағынасы сәйкес немесе ұқсас
жауаптард ың кез- келген
біреуін жазса жауап ретінде
қабылдана
Жағдая т Негізгі құқығы Құқықтарын қорғау механизмдері
1-
жағдаят Қазақстан
Республикасында мүгедектер: әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға құқылы Мүгедектерге көрсетiлетiн
әлеуметтiк көмек мемлекеттiк
жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан
Республикасының заңнамасында
көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық
есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
2-
жағдаят Ядролық
сынақтардан
келтірілген залал үшін өтемақы алу құқығы. Жауапты
медициналық және әлеуметтік қорғау органдары арқылы құқығын қорғауды жүзеге асырады.

3-
жағдаят 1. Кемтар
балалардың:
1) әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға; Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдықтар. ды.
4-
жағдаят Тұрғын үйді алу, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуда кезекте бірінші тұру. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы құқығын
қорғай алады.
Қорытынды:
1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғау және қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік саясаттардың бірі.
2. Қазіргі таңда осы салада қабылданған нормативтік-құқықтық актілер көп жағдайда мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктерін аса қатты арттырған жоқ.












4 1. ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 18-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау тәртібі қалай жүзеге асырылады? (Параламент депутаттарының заң шығару бастамасынан өзге жағдайда) Жауап:
- Ең алдымен құрастырушы-орган нормативтік құқықтық акт жобасын дайындау үшін жұмыс тобын құрады.
- Жауапты орган заң жобасының концепциясын құрастырады;
- Түрлі мамандар, ұйымдар тартылуы мүмкін











4 Басқа дұрыс
жауаптар да
қабылдана ды.
2.ҚР «Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» конституциялық заңына сәйкес заң шығару
бастамашылдығы қай органға ие? Жауап:ҚР Парламентінің Мәжілісіне
3.ҚР Парламентінің заңдар қабылдау жөніндегі құзыреті қандай?
Жауап: жеке және заңды тұлғалардың құқықтық
субъектiлiгiне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке және заңды
4.ҚР нормативтік құқықтық актілердің күшіне ену процесі қалай жүзеге асырылады?
Жауап: Заңға ҚР Президенті қол қойып ресми бектіліген БАҚ-та жаряиланғаннан кейін.
А) бірден;
В) жеті жұмыс күнінен соң; С) он жұмыс күнінен соң.
Барлығы 20

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл








Жария құқық 11.2.3.1 Жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру
Білу және түсіну
1
1
ҚЖ
4
2







20
11.2.3.2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы,
және басқа да құқық түрлерін ажырату

Қолдану

1

2

ҚЖ

4

3
11.2.5.1 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен
(заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату

Қолдану

1

3

ҚЖ

8

6
11.2.2.1 Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес тұлғалардың әрекетін саралау
Жоғары деңгей дағдылары
1
4
ҚЖ
14
9
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер







14

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1. Сұрақтарға жауап беріңіз. А) Жер құқығы дегеніміз не?



B) Жер құқығының реттеу пәніне не жатады?


[2]
2. Берілген бос орындарды кілт сөздермен толтырыңыз.

Жер пайдалану құқығының мынадай түрлері бар.
1 деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады.
2 құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану.
3 .... құқығы дегеніміз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді.
Кілт сөздер: а) уақытша жер пайдалану; в) тұрақты жер пайдалану; с) өтеулі жер пайдалану.
[3]
3. Кестеде құқықбұзушылық түрлерін ажыратып жазыңыз. Тиісті ұяшыққа «+» белгісін қойыңыз.

Өзге қылмыстық/әкімшілік құқықбұзушылықтар Құқықбұзушылық/қылмыс түрі Сыбайлас жемқорлыққа қатысты
құқықбұзушылықтар (қылмыстық және әкімшілік)
623-бап. Жолаушыларды билетсiз
алып жүру (ҚР ӘҚБк)
229-бап. Бағалы қағаздар нарығында
айла-шарғы жасау (ҚР ҚК)
367-бап. Пара беру (ҚР ҚК)
190-бап. Алаяқтық (ҚР ҚК)
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз
материалдық сыйақы беруi (ҚР ӘҚБк)
678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз
материалдық сыйақы беруi (ҚР ӘҚБк)
[6]

4. Құқықтық жағдаятпен танысып, құқықбұзушылық жасаған тұлғаның әрекетін саралаңыз.

Құқықтық жағдаят:
А) Азамат Г. бұрын бір жыл ішінде екі рет қоғамдық орынға адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей мас күйінде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Осыған қарамастан, ол 2019 жылдың 10 қаңтарында сағат 13.10 шамасында ауыл көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында, адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылықты қорлайтындай масаң күйде жүрген.

1.Құқыққа қайшылық 2.Кінәлілік 3.Қоғамға зияндылық

4.Әкімішілк құқықбұзушылық кодексіне сәйкес қандай норма бұзылды? 5.Қандай жаза тағайындалуы мүмкін?
[5]

В) Азамат М. 2016 жылы 03 наурыз күні, шамамен 02 сағат 40 минутта, Алматы қаласындағы саябақты бүлдіріп, ластап, яғни қоғамдық орында тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге дөрекілік көрсеткен.

1.Құқыққа қайшылық 2.Кінәлілік 3.Қоғамға зияндылық

4.Әкімішілк құқықбұзушылық кодексіне сәйкес қандай норма бұзылды?
[4]

Балл қою кестесі

Тапсыр ма № Жауап Бал л Қосымш а мәлімет




1 Жер құқығы дегеніміз бұл жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
1 Білім алушылар дың өз сөздеріме н жазған басқа да дұрыс
жауаптар ы
қабылдан ады
Жер құқығының реттеу пәніне жерді иелену, пайдалану, бөлу және қорғау мақсатында мемлекет, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.


1

2 1 В
2 А3 С
3





3 Өзге қылмыстық құқықбұзушылықтар Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар




6 Басқа да
дұрыс
жауаптар қабылдан ады
623-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру (ҚР ӘҚБк) 367-бап. Пара беру (ҚР ҚК)
229-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау (ҚР ҚК) 676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi (ҚР ӘҚБк)
190-бап. Алаяқтық (ҚР ҚК) 678-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы
беруi (ҚР ӘҚБк)








4 1.Құқыққа қайшылық 2.Кінәлілік 3.Қоғамға
зияндылық(қауіпт ілік)






5 Басқа да
дұрыс
жауаптар қабылдан ады
Әкімшілік
құқыққа қайшы әрекеттер жасады. Яғни қасақана жасалды Қоғамдық орында адамның қадір- қасиетіне және қоғамдық
имандылықты қорлайтындай масаң күйде жүрген
4. Әкімішілк құқықбұзушылық кодексіне сәйкес қандай норма бұзылды? алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
5. Қандай жаза тағайындалуы мүмкін? бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

1.Құқыққа 2.Кінәлілік 3.Қоғамға зияндылық
қайшылық
Әкімшілік Яғни Қоғамдық орында
құқыққа қасақана қоғамдық тәртіпті бұзып,
қайшы жасалды төңірегіндегілерге дөрекілік
әрекеттер көрсеткен.
жасады. 4
4.Әкімішілк құқықбұзушылық кодексіне сәйкес қандай
норма бұзылды? ӘҚБк 434 б 1 тармақ. Ұсақ бұзақылық
Барлығы 20

IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IIІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл









Жеке құқық 11.3.1.3 Мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру
Білу және түсіну
1
1
КТБ
10
4








20
11.3.2.2 Нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін
анықтау

Қолдану

1

2

ҚЖ

10

6
11.3.3.2 Авторлық құқық саласында нақты жағдаятты шешудің құқықтық жолдарын ұсыну
Жоғары деңгей дағдылары
1
3
ҚЖ
10
6
11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

10

4
БАРЛЫҒЫ: - 4 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер





20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) ауысуы. А) Сенімгерлік
В) Мұрагерлік С) Мердігерлік
D) Куәгерлік

Мұрагерлік жүзеге асырылады. А) Заң бойынша
В) Өсиет бойынша
С) Сенімхат бойынша
D) А және В жауабы дұрыс

1.3. Мұрагерлік құқық қандай қатынастарды реттейді?
А) Мұра қалдырушы мен мұрагер арасындағы қоғамдық қатынастарды В) Мұрагер мен сенімгер арасындағы қоғамдық қатынастарды
С) Өсиет қалдырушы мен мердігер арасындағы қоғамдық қатынастарды
D) Мемлекет пен мұрагер арасындағы қоғамдық қатынастарды

1.4 Егер шартта өзгеше белгіленбесі мұраның құрамына не кіреді?
А) Екінші деңгейле банк алдындағы міндеттемелер, қызметі және лауазымы
В) Үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемесі, жауапкершілігі және кепілдемесі
С) Мүлік, қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мідеттері
D) Мүліктік емес құқықтар, құнды қағаздар және интеллектуалдық меншік нысандары.

[4]
2. Кестедегі ақпаратқа сүйене отырып, мағынасын ашып, мысал келтіріңіз
Құқықтық актіге
сілтеме Құқықтық актінің
мәтіні Мағынасын
ашыңыз Күнделікті өмірден мысал
келтіру
А) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.
7-бап.
Тұтынушылардың құқықтары 1) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге; 1. 1.
В) 24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)міндет тері 1) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету)
фактісін растайтын құжатты беруге; 1. 1.
С) 35-бап.
Тұтынушының
орындалған жұмыстан (көрсетілген 1. Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген
қызметтен) кемшіліктер 1. 1.

қызметтен)
кемшіліктер табылған кездегі құқықтары табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.
[6]
3. Құқықтық жағдаятпен танысып шешу жолын анықтаңыз.

Қазақстандық әнші өзінің беделі мен атағын арттыру үшін ән және клип түсіруді шешеді. Арада бір жыл өткен соң жоспары ешбір нәтиже бермеді. Осыдан соң ол түрік каналдардың біріндегі бейнеклипті көреді. Ән мен клип өзіне ұнаған соң, осы іспеттес клип шығаруды ұйғарады. Осылайша автордың ешбір рұқсатынсыз, үш айдан кейін түрік әні мен клипіне өте ұқсас қазақстандық әншінің клипі, қалың жұртқа жарияланды.


[6]

4. Берлген ақпаратпен танысып кестені толтырыңыз.



Құқықтық норма

Құқықтық жағдаят Мемлекет тарапынан еңбек құқығын қамтамасыз етудің
тәсілдерінің тиімділігіне кемінде үш баға беріңіз.
ҚР ЕК 17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органның құзыреті
Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың
сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
3. Жұмыс беруші:
12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға
міндетті. "Теңізшевройл" компаниясы жұмысшылармен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Теңіздегі жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: 29 маусым күні үшінші буын зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар арасында тұлғааралық қақтығыс орын алды, нәтижесінде CCEP мердігерлік ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Оқиға орнында полиция қоршауға алды. ТШО жағдайды тұрақтандыру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді", - деп хабарлады "Теңізшевройл". Жоғары, себебі...
Орта, себебі...
Төмен, себебі...
Қорытынды:
[4]

Балл қою кестесі

Тапсыр ма № Жауап Бал л Қосымш а мәлімет


1 1. В.
2. D
3. A4. C

4















2 Мағынасын ашыңыз Күнделікті өмірден мысал
келтіру














6 Басқа да
дұрыс
жауаптар қабылдан ады
А) 1. Норма
тұтынушыға өзінің құқығын пайдалана отырып тиісті де немесе тиісті емес сападағы тауарды айырбастауға, қайтаруға мүмкіндік береді. 1. Азамат Д. спорт киімдер сататын дүкеннен өзіне қажетті киім алады. Алайда тауарды кассадан өткізген соң бұл киімнің бұрын алғандығы және өзінде бар екендігі есіне түседі. Ол тауарды қайтару туралы шешім қабылдайды. Дүкен қайтарылған тауардың қабылдап, тұтынушының
ақшасын кейін береді.
В) 1. Норма сатушыға белгілі бір тауар немесе қызмет көрсетілген соң растайтын құжат
беруін міндеттейді. 1. Отбасы аптасына бір рет қоғамдық демалыс орындарына барады. Осындай демалыс орындардың бірінде әкесі баласына балмұздақ алып береді. Сатушы кассалық аппаратты қолдана отырып, сатып алушыға сату фактісін растайтын фискалды чекті
береді.
С) 1. Норма белгілі бір жұмысқа тапсырыс беруші мен осы тапсырыс
орындаушы арасындаға қатынастарды реттейді. 1. Үйге жөндеуді жүзеге асыруды жоспарлаған ие иесі, құрылыс бригадасын жалдайды. Жөндеу көлемі, уақыты, сапасы және жасалған жұмыс үшін төленетін сыйақы алдын-ала келісіледі. Жөндеу жұмысы аяқталған соң үй иесі жөндеу жұмысында кемшіліктер
анықтайды. Нәтижесінде төленетін сыйақы мөлшерін азайтады.



3 Автор немесе атауы: түрік әншінің авторлық немесе жеке мүліктік емес құқықтары.
Мәселе: өзге әншінің шығармашылық туындысын рұқсатсыз иемдену немесе ұрлау.
Сипаттама: бір әнші өзге бір әншінің шығармашылық қызметі нәтижесін, клипті түсіруге кеткен еңбекті заңды жолмен рұқсат алмай ұрлады.


6 Басқа да дұрыс
жауаптар қабылдан ады

Нәтижесі немесе салдары: қазақстандық әншінің музыкалық рейтінгі артты. Түркілік әншінің авторлық құқықтары бұзылды.
Әрекет: Түркілік әнші өзінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну. Көшіріліп алынған туындыны әлеуметтік және өзге
қоғамдық ақпарат құралдарында жариялауға тыйым салу. Және қазақстандық әншіден сыйақы төлеуін талап ету.
Заңды жолмен реттеу: ҚР Авторлық және сабақтас құқық туралы заңның 13, 15, 16-1 және 49 бапқа сәйкес реттеу.




















4 Құқықтық норма Құқықтық жағдаят Мемлекет тарапынан еңбек құқығын
қамтамасыз етудің тәсілдерінің
тиімділігіне кемінде үш баға беріңіз.



















4 Ұқсас
жауаптар қабылдан ады.
ҚР ЕК 17-бап.
Еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органның құзыреті
Еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті орган:
1) Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады; 23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс
беруші:
12) мемлекеттік еңбек инспекторларыны ң нұсқамаларын орындауға
міндетті. "Теңізшевройл" компаниясы
жұмысшыларме н болған оқиғаға қатысты
түсініктеме берді.
"Теңіздегі жағдайға қатысты мынаны
хабарлаймыз: 29 маусым күні
үшінші буын зауытының құрылыс
алаңында
жұмысшылар арасында тұлғааралық қақтығыс орын алды,
нәтижесінде CCEP
мердігерлік ұйымының бірнеше
қызметкері
жарақат алды. Оқиға орнында полиция қоршауға алды. ТШО жағдайды тұрақтандыру
және
қызметкерлерді ң қауіпсіздігін Жоғары, себебі мемлекеттік
органдар мен компания арасында мәселені шешу үшін өзара тиімді қарым- қатынас орнады.
Орта, себебі еңбек
инспекциясы
органдары құқықтық нормаларды қолданып, компания ісіне бірден араласқан жоқ.
Төмен, себебі еңбек
құқығын
қамтамасыз етуге жауапты органдар жұмыскерлер
арасындағы дауды шешуде ашықтық, жүйелік, заңдылық қағидаттарын толық қолданған жоқ. Сонымен қатар заң аясында болған оқиғаға
байланыысты құқықтық
объективті баға берілген жоқ.

қамтамасыз ету
үшін жергілікті
мемлекеттік
органдармен
тығыз жұмыс
істейді", - деп
хабарлады
"Теңізшевройл".
Қорытынды: Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы
ірі көлемдегі еңбек дауларын шешу механизмдері және оны
жүзеге асыру тиімділігі әлі де болса ортадан төмен. Көп
жағдайда мемлекеттік органдар тарапынан тексеру
нәтижелері немесе дауды шешуге арналған өзгерістер
жүзеге асырылмай толық жарияланбайды. Сәйкесінше
мемлекеттік органдар мен халық арасында түсіністік деңгейі
мен сенімі түседі.
Барлығы 20

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20

Тапсырмалар түрлері:
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

ІV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім
Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының
деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма
№* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин*
Балл* Бөлім бойынша балл






Іс жүргізу құқығының негіздері 11.4.1.1 Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру
Білу және түсіну
1
1
КТБ
7
3





17
11.4.1.3 Қазақстан Республикасының алқабилер
соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау
Қолдану
1
2
ҚЖ
10
4
11.4.2.1 Талап қою шарттарын түсіндіру Білу және түсіну 1 3 ҚЖ 8 5
11.4.3.2 Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

Жоғары деңгей дағдылары

1

4

ТЖ

10

5
Халықаралық құқық 11.5.1.1 Қазақстан
Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен
міндеттемелерін түсіндіру

Білу және түсіну

1

5

ҚЖ

5

3

3
БАРЛЫҒЫ: - 5 - - 40 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



28

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
А) қылмыстық қудалау В) қылмыстық іс жүргізу
С) қылмыстық жаза тағайындау
D) қылмыстық құқық

Қылмыстық қудалау жасаудың мақсаттарына жатады
А) жаза қолдануды қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін анықтау В) қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті саралау
С) күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын шешу
D) қылмысты саралау


Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет қылмыстық қудалауға негіз бола ма? А) Жоқ
В) Иә
С) Ерекше жағдайда
D) Қылмыстық заңда толық қарастырылмаған

2. Кестені толтырыңыз.






[3]

Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздері көрініс тапты...
А) Конституцияда В) Сот және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық
заңда С) Қылмыстық іс- жүргізу кодексінде D) Алқабилер туралы заңда
1. 2. 3. 4.


3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
А) Талап арызда талап қоюшы мен жауапкер туралы қандай мәлімет берілуі тиіс?

[4]




В) Талап арызда істің мән-жайы бойынша не жазылуы тиіс?

С) Талап арызда талап қоюдың бағасы, өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалар
қандай сипатта көрсетіледі?

D) Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар?

[5]
4. «Автокөлікті мас күйінде айдау әрекетін әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызуға бола ма?» тақырыбында ПТМС формуласы негізінде өз ойыңызды жазыңыз.
П – позиция «Мен ... осылай деп ойлаймын»
Т – түсіндіру «Себебі ...»
М – мысалы «Мысалдар келтірсем …» (2 мысал келтіру)
С – салдары «қорытындылай келе …»




[5]
5. Мәтінде берілген бос орынды кілт сөздермен толтырыңыз. 2-бап
2. Пактіге қатысушы мемлекеттер Пактіде жарияланған құқықтар нәсілге, түр-түске, жынысқа, тілге, дінге, саяси немесе өзге наным-сенімдерге, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайға, сондай-ақ туылуы немесе өзге де жағдаяттарға қарамастан, қандай да болмасын (1. ) жүзеге асырылатынына кепілдік беруге міндеттенеді.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАКТ
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ 1967
21-бап
Бейбiт түрдегi жиналыстарды өткізу (2. ) танылады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттік, немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес.



26 бап

Азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пактi (Нью-Йорк, 1966 ж. 16 желтоқсан)
ҚР ратификациялады 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңымен

1. Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім, тегін болуы тиіс. Бастауыш білім баршаға (3. ) болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс және жоғары білім де, әркімнің қабілетіне қарай көпшіліктің қолы жетерліктей болуы тиіс.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының резолюциясымен 1948 ж 10 желтоқсанда қабылданған


Кілт сөздер: құқығы, міндетті, кемсітусіз


[3]

Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Бал л Қосымш а мәлімет

1 1. A.
2. D3. B
3











2










4 Ұқсас
жауаптар қабылдан ады.
Қазақстан Республикасының алқабилер соты қызметінің
құқықтық негіздері көрініс тапты
А)
Конституцияд а В) Сот және судьялардың мәртебесі туралы Конституциялы
қ заңда С)
Қылмысты қ іс-
жүргізу кодексінде D)
Алқабилер туралы заңда
1. Еліміздің басты ата
заңында сот билігімен қатар
алқабилер танылатындығ ы жазылған. 2.Қазақстан Республикасын да сот билiгi, тұрақты
судьялар, сондай-ақ заңда көзделген
жағдайларда
және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесiлi 3.
Қылмыстық сот процесі алқабилерд ың қатысуымен өткізілуі мүмкін. 4. Заңда алқабилер өз қызметін
жүзеге
асыру үшін алдыңғы атап өткен нормативтік- құқықтық актіні және заңды негізге алатындағы жазылған.







3 Талап арызда талап қоюшы мен жауапкер туралы қандай мәлімет берілуі тиіс
1) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Арызда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
2) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), егер жауапкер заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап
қоюшыға белгілі болса) мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (егер






2 Басқа да ұқсас
жауаптар немесе осының бірі
жазылса қабылдан ады.

ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;
Талап арызда істің мән-жайы бойынша не жазылуы тиіс?
1) азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін және талап қоюшының талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
2) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;

1
Талап арызда талап қоюдың бағасы, өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалар қандай сипатта көрсетіледі? егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай- ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;

1
Талап қою арызына қоса берілетін құжаттар
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою арызының және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелері;
2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;
5) дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар, егер осы тәртіп заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе;
6) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап ету туралы өтінішхаты;
7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.






1



4 «Автокөлікті мас күйінде айдау әрекетін әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызуға бола ма?» тақырыбында ПТМС формуласы негізінде өз ойыңызды жазыңыз.
П – позиция «Мен ... осылай деп ойлаймын»
Т – түсіндіру «Себебі ...»
М – мысалы «Мысалдар келтірсем …» (2 мысал келтіру)
С – салдары «қорытындылай келе …»
1.

5 Оқушыны ң пікірі қабылдан ады

5 1. Кемсітусіз
2. Құқығы
3. Міндетті
3
Барлығы 20 балл
 
Верх