ЖБ БЖБ Қазақ тілі 7 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
7-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және ӛткізуге кӛмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бӛлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бӛлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды ӛткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бӛлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, ӛңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.......................4
«Ауа райы және климаттық ӛзгерістер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау....................................5
«Кӛшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бӛлімдері бойынша жиынтық бағалау......8 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.....................12
«Сүйіспеншілік пен достық» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау....................................................13
«Музыка ӛнері және қазақтың киелі домбырасы» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау.................16 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.....................20
«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау......................................21
«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік ӛзгеріске ұшыраған тағамдар»
бӛлімдері бойынша жиынтық бағалау ................................................................................................24 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.....................27
«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау..........................................28
«Ғылыми фантастика» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау...............................................................31
3

========3========

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4

========4========

«Ауа райы және климаттық ӛзгерістер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, ӛз жауабын ӛзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді
жауап береді
 Ӛз жауабын ӛзгелердің жауабымен салыстырып,
талқылайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сӛздерді анықтаңыз.
2. Тірек сӛздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. 3. Сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмастырыңыз.
4. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. 5. Ӛзгенің жауабын ӛз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз.
6.Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз.
Табиғат. Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен ӛсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен
алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам – табиғаттың ажырамас бӛлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым
қалыптасқан. Жерді ӛз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу - Ата қостаған салтымыз.
«Жер шоқтығы – Кӛкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге,
табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, ӛзен мен кӛлдердің
ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ кӛрсең, кӛзін
аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз ӛзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы,
найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы
ӛзгерістерді кӛрсетеді. Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың
жайқалып ӛсуі, ӛзеннің тасуы немесе кӛлдердің тартылып су алуы – осылардың барлығы
да қоршаған ортадағы ӛзгерістер. Әлемде орын алатын сан алуан ӛзгерістер табиғат
құбылыстары деп аталады. Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды
физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді.
Әр ғылымның табиғатты зерттеуде ӛз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика,
негізінен, механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді.
Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен
құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен кӛрінісін ұғындыруға,
құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. Мысалы, физика мен астрономияға
ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық.
Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің ӛз осінің
тӛңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер ӛз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық
бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық
болады да, ал қарсы кӛлеңке бетін түн басады. Сӛйтіп күн мен түн үнемі алмасып
отырады.
lektsii.com/12-34114.htm
5

========5========

Бағалау критерийі
Тап сырма
1
Дескриптор
Білім алушы
негізгі тірек сӛздерді анықтайды; екі проблемалық сұрақ құрастырады; сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді.
ӛзгенің жауабын ӛз жауабымен салыстырады;
келісу, келіспеу себептерін талқылайды.
Балл
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді. Ӛзгелердің жауабымен салыстырады. Барлығы
1 1 1
1
1 5

6

========6========

«Ауа райы және климаттық ӛзгерістер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жӛні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Проблемалық сұрақтарға деректер арқылы дәлелді жауап береді.
Ӛзгелердің жауабымен салыстырады.
Тӛмен
Негізгі тірек сӛздерді анықтауда, проблемалық сұрақ құрастыруда, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруде қиналады. Ӛзгенің жауабын ӛз жауабымен салыстыру, келісу, келіспеу себептерін талқылау қиындық туғызады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орташа
Негізгі тірек сӛздерді анықтауда, проблемалық сұрақ құрастыруда, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруде қателеседі.
Ӛзгенің жауабын ӛз жауабымен салыстыру, келісу, келіспеу себептерін талқылауда қателіктер жібереді.
Жоғары
Негізгі тірек сӛздерді анықтайды, проблемалық сұрақтар құрастырады, сұрақтарға деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді. Ӛзгенің жауабын ӛз жауабымен салыстырады,
келісу, келіспеу себептерін талқылайды.
7

========7========

«Кӛшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бӛлімдері бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты
7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай кӛркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейі
 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін
біледі
 Тілдік құралдарды ажырата алады
 Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып
жазады
 Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік
ерекшелігіне сай қолданады
Білу және түсіну
Қолдану
10-15 минут
Орындау уақыты
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тӛменде берілген кестені үлгі ретінде пайдаланып, ӛзіндік талдау жасаңыз.
Қазақстан территориясындағы ертедегі
кӛшпенділер мәдениеті мен ӛнері
Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы ӛмір сүрді. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әр түрлі патшалықтар бірлестіктерін құрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Еуразиядаласынжайлағанхалықтардыңортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды құрайтын бірнеше тайпалар кӛне жазба шежірелерде жиі кездесетінін кӛреміз, сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері Қазақстан территориясын жайлаған, қазақ халқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бұлардың ішінде, әсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер кӛбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы кӛне қытай жылнамаларында дәйекті де айшықтыжазылған. Ең бір кӛне деректер ежелгі парсылардың діни кітабы – Авестада кӛрініс береді.
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкен кӛшпелі тайпа ―тұрларды‖ да атап ӛтеді. Ал осы ―тұрларды‖ ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түркі тектес халықтардың, дәлірек негіздесек, қазақ халқының арғы ата- бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен тұрлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен тұратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым кӛрші патшалықтармен қарым-қатынаста
8

========8========

болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Кӛшпенді де еркін, ержүрек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей, қайта ӛздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің әйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта ӛз аттарын қалдырып отырды.
Соның бірі, әйгілі әйел патша – Томирис. Массагеттер патшасы Томирис ӛз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, ӛзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот ӛзінің әйгілі «Тарих» шығармасында (б.э.д. 440-430ж.ж.) мынандай дәйекті келтіреді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шӛлің қансын!» - деп, оған Кирдің басын салдырған.
kitaphana.kz
Тақырыбы
Мәтін не туралы екенін жазыңыз.
Кӛзделген аудитория
Мектеп оқушылары Жалпы оқырмандар
Мақсаты

Автор бұл мәтінді жазғанда қандай мақсатты кӛздеп отыр?
Стилі
Ресми тілді қолданып отыр, демек ....
Тілі
Лексика
ғылыми, ресми лексикасы — терминдер
кейбір жерде бағалау
Ұсыныстары
күрделі сӛйлемдердің басымдылығы
жазбаша тілдің сипаттамасы ретінде есімшелі тіркестері Мәтін
анық құрылымы бар мәтін
мәтін бӛлімдерге бӛлінген, әрбір бӛлім ӛз идеясын дамытады мәтін логикамен құрылған, бірақ, кіріспесі болмауы мүмкін
1.
«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы» тақырыбында кеңес бере отырып , шағын мақала жазыңыз. Сӛз саны 50 -60.
9

========9========

Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын, кӛзделген аудиториясын, мақсатын жазады; мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді;
Балл
Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін біледі.
1
Тілдік құралдарды ажырата алады.
мәтіндегі сандық мәліметтерді табады;
1 1 1 1 1
жалпы, жалқы есімдерді ажыратады; ресми лексиканы табады;
1 1
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады. Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады. Барлығы
2
оқырманға кеңес береді; шағын мақала жазады;
1 1
кӛркемдегіш құралдарды қолданады.
1
10
10

========10========

«Кӛшпенділер мәдениеті», «Денсаулық зор байлық» бӛлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жӛні ___________________________________________
Бағалау критерийі Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін біледі.
Жоғары Мәтіннің тақырыбын, кӛзделген аудиториясын, мақсатын мәтіннің стилін анықтап, дәлелдеуде қиналады.
Тілдік құралдарды ажырата алады.
Мәтіндегі сандық мәліметтерді, жалпы, жалқы есімдерді, ресми лексиканы табу қиындық туғызады.
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
Мақала жазуда оқырманға кеңес беруге қиналады.
Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады.
Кӛркемдегіш құралдарды қолдану қиындық туғызады.


Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Мәтіннің тақырыбын, кӛзделген аудиториясын, мақсатын
мәтіннің стилін анықтап, дәлелдеуде қателеседі.

Мәтіндегі сандық мәліметтерді, жалпы, жалқы есімдерді,
ресми лексиканы табуда қателеседі.
Тӛмен
Мәтіннің тақырыбын, кӛзделген аудиториясын, мақсатын жазады, мәтіннің стилін анықтап, дәлелдейді.
Мәтіндегі сандық мәліметтерді табады, жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, ресми лексиканы таба алады.
Мақала жазуда оқырманға кеңес беруде қателеседі.
Оқырманға кеңес береді, шағын мақала жазады.
Кӛркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі.
Кӛркемдегіш құралдарды қолданады.
11

========11========

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
12

========12========

«Сүйіспеншілік пен достық» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен кӛзқарасты ажырата білу
7.ӘТН3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, кӛркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
 Мәтіннің мазмұнын түсінеді
 Мәтіндегі негізгі ақпарат пен кӛзқарасты табады
 Фразеологизм, мақал-мәтелдердің кӛркемдік
ерекшеліктерін ажыратады
 Сӛйлемде тиімді қолданады

Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сӛздерді, негізгі және қосымша ақпараттар мен кӛзқарастарды табыңыз.
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері тӛс қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір ӛзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен ӛзенді малтып ӛтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер ӛзін қолбасыларына алып баруын ӛтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн тӛлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - ӛзімнің ӛмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін ӛзімнің ӛмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол ӛміріңнің бір бӛлшегін ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің кӛздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, кӛзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз ӛтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны кӛрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу ӛте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сӛйтіп ӛзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
13

========13========

Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Кӛзқарас
1.
1.
1.
2.
2.
2.
3.
3.
3.
2- тапсырма
«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал- мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлім/.

Бағалау критерийі
Тап сырма
1
Дескриптор Білім алушы
мәтінді мұқият тыңдайды;
Балл
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
1
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен кӛзқарасты табады.
тірек сӛздерді жазады. негізгі ақпараттарды анықтайды;
1 1
қосымша ақпараттарды анықтайды;
1
кӛзқарастарды теріп жазады.
1
Фразеологизм, мақал- мәтелдердің кӛркемдік ерекшеліктерін біледі.
2
тақырыпты түсінеді;
әңгіме құрады;
әңгіме құрылымын сақтайды; фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолданады.
кӛркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.
1 1 1 1
Сӛйлемде тиімді қолданады.
1
14

========14========

«Сүйіспеншілік пен достық» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жӛні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Жоғары Мәтінді мұқият тыңдайды,тірек сӛздерді жазуда қиналады.
Мәтіндегі негізгі ақпарат пен Негізгі, қосымша ақпараттарды, кӛзқарасты табады. кӛзқарастарды анықтауда қиналады.
Фразеологизм, мақал- мәтелдердің кӛркемдік ерекшеліктерін біледі.
Тақырыпты түсіну, әңгіме құру, әңгіме құрылымын сақтау, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдану қиындық туғызады.
Сӛйлемде тиімді қолданады.
Кӛркемдегіш құралдарды тиімді қолдану қиынға соғады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Мәтінді мұқият тыңдайды, тірек сӛздерді жазуда қателеседі.
Тӛмен Мәтінді мұқият тыңдайды, тірек сӛздерді жазады.
Негізгі, қосымша ақпараттарды, кӛзқарастарды анықтауда қателеседі.
Негізгі ақпараттарды, қосымша ақпараттарды анықтайды, кӛзқарастарды теріп жазады.
Тақырыпты түсінуде, әңгіме құруда, әңгіме құрылымын сақтауда, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдануда қателер жібереді.
Тақырыпты түсінеді, әңгіме құрады, әңгіме құрылымын сақтайды, фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолданады.
Кӛркемдегіш құралдарды тиімді қолдануда қателеседі.
Кӛркемдегішқұралдардытиімді қолданады.
15

========15========

«Музыка ӛнері және қазақтың киелі домбырасы» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және кӛркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сӛздер мен сӛз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды,
құрылымы мен аудиториясын ажыратады
 Тілдік ерекшелігін салыстырады
 Тірек сӛздер мен сӛз тіркестерін синоним
сӛздерге ауыстырады
 Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін
жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.
А мәтіні
Домбыра туралы аңыз
Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыздарына ерекше назар аударған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баян- дауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін кӛрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар ӛткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, ӛткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын кӛреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып кӛрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра кӛптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
http://akikat.kazgazeta.kz/?p=6085
16

========16========

Ә мәтіні
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері ӛте кӛп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, ӛсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400- ден астам кӛне музыкалық аспаптар сақтаулы.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп тӛмендегідей топтарға бӛлуге болады: 1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бӛлуге болады: Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.
Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.
Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра,), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра. 3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.
4. Сым тілшелі: шаңқобыз.
5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық.
6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген.
Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың ӛзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар кӛп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір кӛпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, тӛрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.
Ал ең кӛне аспап ретінде қобыз саналады. Ӛздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.
Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың кӛбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.
http://el.kz/blogs/entry/content-2319
17

========17========

Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
Түрі
Кӛзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
2-тапсырма



Ә мәтінін оқып шығып, тірек сӛздер мен сӛз тіркестерін синоним сӛздерге
ауыстырып, мәтінді ықшамдаңыз.
_____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады.
1
Тілдік ерекшелігін салыстырады.
Тірек сӛздер мен сӛз тіркестерін синоним сӛздерге ауыстырады.
Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады.
2
Дескриптор Білім алушы
мәтіндердің мазмұнын түсініп оқиды;
кӛзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады;
стилін анықтайды.
кӛркемдегіш құралдарды ажыратады;
термин сӛздерді анықтайды; тілдік ерекшелігін тұжырымдайды. тірек сӛздерді жазады; негізгі ақпараттарды табады.
Балл
1
1 1 1
1 1 1 1
синонимдік қатарларды анықтайды;
мәтінді ықшамдап, қайта жазады.
1
1
18

========18========

«Музыка ӛнері және қазақтың киелі домбырасы» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жӛні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады.
Жоғары
Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, кӛзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қиналады.
Тілдік ерекшелігін салыстырады.
Кӛркемдегіш құралдарды, термин сӛздерді табу, тілдік ерекшелігін тұжырымдау қиындық туғызады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, кӛзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қателеседі.
Тӛмен Мәтіндерді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, кӛзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады, стилін анықтайды.
Кӛркемдегіш құралдарды, термин Кӛркемдегіш құралдарды, термин сӛздерді табуда, тілдік сӛздерді табады, тілдік ерекшелігін тұжырымдауда ерекшелігін тұжырымдайды. қателеседі.
Тірек сӛздер мен сӛз тіркестерін синоним сӛздерге ауыстырады.
Тірек сӛздерді жазуда, негізгі Тірек сӛздерді жазуда, негізгі Тірек сӛздерді жазады, негізгі
ақпараттарды табуда қиналады.
ақпараттарды табуда қателеседі.
ақпараттарды табады.
Синонимдік қатарды орынды қолданып, мәтін жазады.
Синонимдік қатарларды табуда, Синонимдік қатарларды табуда, Сининимдік қатарларды біледі,
мәтінді ықшамдауда қиналады.
мәтінді ықшамдауда қателеседі.
мәтінді ықшамдап қайта жазады.
19

========19========

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
20

========20========

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау
Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бӛлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады
 Ақпараттар бойынша ӛзіндік тұжырым жасайды
 Мәтін құрылымын сақтайды
 Графиктік мәтінді сипаттап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
1) Берілген сызбамен танысыңыз.
2) Сызбаға тақырып қойыңыз.
3) Сызба бойынша нақты 3-4 мәліметті іріктеңіз.
Кесте: жапондықтардың интернетке тәуелділікке бейімділігінің жоғарылығы бойынша әр түрлі жастағы топтардың пайыз көрсеткіші
барлығы
үлкендер
студенттер
жоғары сынып оқушылары
орта деңгей оқушылары
бастауыш сынып (9-11 жас)
Дереккөзі: 2013 жылдың ақпан айында Ішкі істер және коммуникациялар министрлігі жанындағы Ақпараттық саясат және коммуникациялар институты мен Хасимото лабораториясымен бірлесе өткізілген зерттеу жұмысы
21

========21========

2-тапсырма
Берілген сызбадағы ақпараттарды пайдаланып, мәтін құрыңыз. Мәтіннің құрылымын тӛмендегі шаблон бойынша жазыңыз. Сӛз саны 50-70.
Кіріспе бӛлім
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Негізгі бӛлім
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Қорытынды бӛлім
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
Мәтіндік және графиктік ақпаратты ажыратады.
1
Ақпараттар бойынша ӛзіндік тұжырым жасайды.
Мәтін құрылымын сақтайды.
2
Графиктік мәтінді сипаттап жазады.
Барлығы
Дескриптор Білім алушы
берілген сызбаны түсінеді;
Балл
1
сызбаға тақырып қояды;
1
нақты 3-4 мәліметті іріктейді.
1
ақпараттарды қорытындылайды.
1
мәтін құрады;
1
кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін жазады;
1
сӛз санын сақтайды.
1
сызбаны толық сипаттайды.
1
8
22

========22========

«Ғаламтор және әлеуметтік желілер» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жӛні ___________________________________________
Бағалау критерийлері
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Тӛмен Мәтіндік және графиктік Берілген сызбаны түсінуде,
сызбаға тақырып қоюда,
нақты мәліметтерді іріктеуде
ақпаратты ажыратады.
қиналады.
Ақпараттар бойынша ӛзіндік тұжырым жасайды.
Ақпараттарды
қорытындылауда қиналады.
Мәтін құрылымын сақтайды.
Мәтін құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін жазу, сӛз санын сақтау қиындық
туғызады.
Графиктік мәтінді сипаттап жазады.
Сызбаны толық сипаттау қиындық туғызады.

Берілген сызбаны түсінуде, сызбаға тақырып қоюда, нақты мәліметтерді
іріктеуде қателеседі.
Ақпараттарды қорытындылауда
қателеседі.
Мәтін құруда, кіріспе, негізгі,
қорытынды бӛлімдерін жазуда, сӛз
санын сақтауда қателеседі.
Сызбаны толық сипаттауда қателеседі.
Жоғары
Берілген сызбаны түсінеді, сызбаға тақырып қояды, нақты 3-4 мәліметті іріктейді.
Ақпараттарды қорытындылайды.
Мәтін құрады, кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін жазады, сӛз санын сақтайды.
Сызбаны толық сипаттайды.
23

========23========

«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік ӛзгеріске ұшыраған
тағамдар» бӛлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай кӛркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сӛздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу ӘТН2.Сӛйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Кӛркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті
сӛздерді қолданады
 Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін
қолданады
 Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды
 Сӛйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық
екпіннің мәнін түсінеді
 Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық
екпін орындарын біледі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз.
Ұлттық тағам – халықтар достығына жол
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жӛніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке ӛткізді.
Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын ӛтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен ӛнерін паш етуге арналды.
Қонақтар жастар ісі жӛніндегі комитет белсенділерінің ӛз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің ӛнерлерімен жалғасын тапты.
– Әрбір ұлттың ӛзінің ерекшелігі бар, – дейді жастар ісі жӛніндегі комитеттің тӛрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.
https://my.mail.ru/mail/psu_ciu/multipost/E8120000C8BB4805.html
Мақал-мәтелдер Тұрақты тіркестер
24

========24========

2-тапсырма
Тыңдалымда кӛтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Ӛз кӛзқарастарыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіздер. Ойыңызды білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге
ықпал жасаңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Кӛркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сӛздерді қолданады.
1
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды.
2
Сӛйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсінеді.
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын біледі. Барлығы
Дескриптор Білім алушы
кӛңіл күйге байланысты сӛздерді анықтай алады.
кӛркемдегіш құралдарды қолданады.
Балл
1
1
тақырыпқа қатысты мақал- 1 мәтелдерді анықтайды;
тұрақты тіркестерді анықтайды. 1 кӛтерілген мәселе бойынша сұрақ 1 қояды; 1 ӛз кӛзқарасын дәлелдейді; 1 қорытынды шығарады.
интонация, кідіріс, екпіннің мәтін 1 түсінеді.
ойын білдіру кезінде интонация; кідіріс, екпінге ықпал жасайды.
1 1
10
25

========25========

«Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Дұрыс тамақтану. Гендік ӛзгеріске ұшыраған тағамдар» бӛлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жӛні ____________________________________
Бағалау критерийлері
Тӛмен
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Кӛңіл күйге байланысты сӛздерді Кӛңіл күйге байланысты сӛздерді
анықтауда, кӛркемдегіш
анықтауда, кӛркемдегіш
Кӛркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сӛздерді қолданады.
құралдарды қолдануда қиналады. құралдарды қолдануда қателеседі.
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.
Тақырыпқа қатысты мақал- мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қиналады.
Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды.
Кӛтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, ӛз кӛзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қиналады.
Интонация, кідіріс, екпіннің мәтін түсінуде қиындық туғызады.
Жоғары
Кӛңіл күйге байланысты сӛздерді анықтай алады. Кӛркемдегіш құралдарды қолданады.
Тақырыпқа қатысты мақал- мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қателеседі.
Тақырыпқа қатысты мақал- мәтелдерді анықтайды, тұрақты тіркестерді анықтайды.
Кӛтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, ӛз кӛзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қателеседі.
Кӛтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды, ӛз кӛзқарасын дәлелдейді, қорытынды шығарады.
Интонация, кідіріс, екпіннің мәтін Интонация, кідіріс, екпіннің мәтін түсінуде қателеседі. түсінеді.
Сӛйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсінеді.
Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын біледі.
Ойын білдіру кезінде интонация, Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда кідіріс, екпінге ықпал жасауда
қиналады.
Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасайды.
қателеседі.
26

========26========

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
27

========27========

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, кӛркем әдеби шығармалардан үзінді) автор кӛзқарасы мен кӛтерілген мәселені талдау
Бағалау критерийі
Білім алушы
 Мәтіндегі кӛтерілген мәселені анықтайды
 Автордың кӛзқарасына ӛз пікірін білдіреді
 Диалогке қатысады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Жоғары деңгей дағдылары
10-15 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың кӛзқарасын ажыратып, ӛз пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әр түрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет тӛрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл ӛзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сӛзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл ӛтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бӛлек-бӛлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода кӛрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал, тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жӛнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше кӛзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
https://i-news.kz/news/2013/06/26/7069227
28

========28========

Бағалау критерийі
Тап сырма
1
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі кӛтерілген мәселені анықтайды;
Балл
Мәтіндегі кӛтерілген мәселені анықтайды Автордың кӛзқарасына ӛз пікірін білдіреді. Диалогке қатысады
1
автордың кӛзқарасын ажыратады; ӛз пікірін білдіреді;
1
диалогке еркін қатысады.
1 1
Барлығы
4
29

========29========

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жӛні _____________________________________
Бағалау критерийлері
Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды.
Тӛмен Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қиналады.
Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қателеседі.
Құрылымы мен аудиториясын ажыратады.
Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қиналады.
Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қателеседі.
Тілдік ерекшелігін салыстырады.
Кӛркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сӛздер мен сӛз тіркестерін ажыратуда қиналады.
Кӛркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сӛздер мен сӛз тіркестерін ажыратуда қателеседі.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта
Жоғары Мәтіндердің стилін анықтайды, тақырыбын түсінеді.
Мәтіннің құрылымын біледі, аудиториясын анықтайды.
Кӛркемдегі құралдарды ажыратады, ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды, экспрессивті- эмоционалды сӛздер мен сӛз тіркестерін ажыратады.
30

========30========

«Ғылыми фантастика» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай кӛркемдегіш құралдардыорынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу
7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
ӘТН4.5. Оқшау сӛздердіңқызметін түсіну, ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып
жазады
 Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік
ерекшелігіне сай қолданады
 Оқшау сӛздердің қызметін түсінеді
 Әңгіме құрастыруда оқшау сӛздерді орынды
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
Тапсырма
Оқшау сӛздерді қолдана отырып, ғылыми фантастикалық әңгіме құрыңыз. Стильдік айырмашылығына кӛңіл бӛліңіз.
Сӛз саны 45-60.
Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзiмiнiң келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Ӛйткенi жазушы-фантаст қаламынан туған ой-арманды арқалайтын шығармалар уақыт пен кеңiстiктiң қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами құндылықтар – табиғатты кӛздiң қарашығындай қорғаудың небiр кӛкейкестi мәселелерiн қозғайды.
Бағалау критерийі
Тапсыр
ма
1
Дескриптор Білім алушы
әңгіме құрылымын сақтап жазады (кіріспе, негізгі бӛлім қорытынды); әңгімені тақырыпқа сай жазады; мәтінді біртұтас мазмұнға сәйкес құрады.
әңгіменің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды; кӛркемдегіш құралдарды қолданады. оқшау сӛздердің қызметін түсінеді.
Балл
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
1
1 1
Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады. Оқшау сӛздердің қызметін түсінеді.
Әңгіме құрастыруда оқшау сӛздерді орынды қолданады.
1
1 1
оқшау сӛздерді орынды қолданады.
1
31

========31========

«Ғылыми фантастика» бӛлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жӛні __________________________________________
Бағалау критерийі
Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.
Тӛмен Әңгіме құрылымын сақтап (кіріспе, негізгі бӛлім қорытынды), тақырыпқа сай
жазуға, мәтінді біртұтас мазмұнға айналдыруда қателеседі.
айналдыруда қиналады.
Оқу жетістігі деңгейлері
Орта Жоғары
Әңгіме құрылымын сақтап (кіріспе, Әңгіме құрылымын сақтап негізгі бӛлім қорытынды), тақырыпқа (кіріспе, негізгі бӛлім
сай жазуда, мәтінді біртұтас мазмұнға қорытынды), әңгімені тақырыпқа
сай жазады, мәтінді біртұтас
мазмұнға сәйкес құрады.
Кӛркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады.
Әңгіменің жанрлық және стильдік Әңгіменің жанрлық және стильдік
ерекшеліктерін сақтау, кӛркемдегіш құралдарды қолдану қиындық туғызады.
Оқшау сӛздердің қызметін түсінеді.
Оқшау сӛздердің қызметін түсінуде қиналады.
Әңгіме құрастыруда оқшау сӛздерді орынды қолданады.
Оқшау сӛздерді орынды қолдануда қиналады.
Әңгіменің жанрлық және ерекшеліктерін сақтауда, кӛркемдегіш стильдік ерекшеліктерін құралдарды қолдануда қателеседі. сақтайды, кӛркемдегіш
құралдарды қолданады.
Оқшау сӛздердің қызметін түсінуде қателеседі.
Оқшау сӛздердің қызметін түсінеді.
Оқшау сӛздерді орынды қолдануда қателеседі.
Оқшау сӛздерді орынды қолданады.
 
Верх