ЖБ БЖБ Қазақ тілі 8 сынып Жиынтық бағалау

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
оқыту қазақ тілінде)
8-сынып



Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні
бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу
жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің
әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа
да мүдделі тұлғаларға арналған.


Мазмұны
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар .................................................................. 4

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» .............................................................................. 4

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» .................................................................. 7

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................................................ 10

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары» ........................................................................... 10

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері» ................................................................................................. 13

Ғарышты игерген ел ...................................................................................................................................... 13

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................................................ 16

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» ................................ 16

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң» .................................. 19

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ................................................................ 23

Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті» .................................................................................................... 23

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм» ............................................................................... 26



1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы»

әтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге
Оқу мақсаты 8.1.1.1 М
сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
8.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпараттан астарлы ойды анықтау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

• Үзінді, дәйексөздер негізінде көтерілетін мәселені
болжайды

• Мәтіндегі ақпараттың астарлы ойын анықтайды


Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі

инут
Орындау уақыты 15-20 м


Тапсырма
Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз.
Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап
өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің
аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл
және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым
Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз
соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек?
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі)


Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық.
Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми
тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы
ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап
өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан
асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды.
Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған
әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада,
Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян
жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол
тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне
жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз
болған руна жазуын неге дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті
түркітанушы.

Өз жауабыңызбен салыстырыңыз.
Шын мәнінде, мәтінде қандай мәселе көтерілді?
Ғалым не үшін қынжылады? Ол қандай ұсыныс білдірді?




4 ЖОБА

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне
сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте
және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін
алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден,
Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес,
түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі
тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде
өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып
отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.

Ғалымның «мақұлдаған жауап алдық» дегені нені аңғартады? Сіздіңше, мәселенің шешімі
қандай болды?






Бағалау критерийі № тап Дескриптор Балл
сырма Б
ілім алушы

Үзінді, дәйексөздер көтерілген мәселені болжайды;
негізінде көтерілетін 1 1
мәселені болжайды 1


Мәтіндегі ақпараттың 2 берілген сұрақтарға жауап береді; 1
астарлы ойын анықтайды жауапты болжамымен салыстырады; 1
3 м
әтіндегі астарлы ойды анықтайды. 1
1

Барлығы
6

























5 ЖОБА

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Үзінді, дәйексөздер негізінде Көтерілген мәселені болжауда Көтерілген мәселені болжауда Көтерілген мәселені болжайды
көтерілетін мәселені болжайды қиналады қателеседі


Мәтіндегі ақпараттың астарлы Берілген сұрақтарға жауап Берілген сұрақтарға жауап беруде, Берілген сұрақтарға жауап
ойын анықтайды беруде, жауапты болжамымен жауапты болжамымен салыстыруда, береді, жауапты болжамымен
сал
ыстыруда, мәтіндегі астарлы мәтіндегі астарлы ойды анықтауда салыстырады, мәтіндегі
ойды анықтауда қиналады қателік жібереді астарлы ойды анықтайды






















6 ЖОБА

Бөлім «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті»

Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық
Оқу мақсаты 8.2.4.1
стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,
сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.3.1.1 Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік
жоспар құру

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

• Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау,
талқылау), құрылымын салыстыра талдайды

• Берілген тақырып негізінде тезистік жоспар құрады

Қолдану
Ойлау дағдыларының
деңгейі

инут
Орындау уақыты 15-20 м

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.

1-мәтін
«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және
мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал
басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның
жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты
қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің
соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар
болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу,
жемқорлық, өлтіріп кету сияқты келеңсіздіктер толып жатыр. Адамзаттың ең асылы
«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?
Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын
адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі
әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз.
Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының
авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол
іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек
жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті…

2-мәтін
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде, ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды
ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз
құндылықтарымызға назар аудара бермейміз. Ойланып көріңізші, сіздің қандай
құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі,
түсінігі мол керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды
қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді,
еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін
құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз,
хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз,
сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз – құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар іске аспай
жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды

7 ЖОБА

табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар...

1. Екі мәтінді салыстырыңыз.

1-мәтін 2-мәтін

Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде?



Мәтіндердің тақырыбы қандай?



Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай?



Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге?




2. Сіз тәрбие сағатында «Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» тақырыбында
баяндама оқығалы жатырсыз. Баяндамаңыздың тезистік жоспарын жасаңыз.

________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________



Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Б
ілім алушы

Мәтіндердің 1 мәтіндердің стильдерін ажыратады; 1
тақырыбын, түрін тақырыбын анықтайды; 1
(әңгімелеу, сипаттау, түрін анықтайды; 1
талқылау), құрылымын құрылымын салыстырады; 1
салыстыра талдайды

Б
ерілген тақырып тақырып бойынша жоспар құрады; 1
н
егізінде тезистік
ж2
езистік жоспарды талапқа сай құрады. 1
оспар құрады т

Барлығы 6






















8 ЖОБА

«Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________

Оқу жетістігі деңгейі
Бағалау критерийі Т
өмен Орта Жоғары

Мәтіндердің тақырыбын, Мәтіндердің стилін, тақырыбын, Мәтіндердің стилін, тақырыбын, Мәтіндердің стилін, тақырыбын,
түрін (әңгімелеу, сипаттау, түрін, құрылымын салыстыруда түрін, құрылымын салыстыруда түрін, құрылымын дұрыс
қиналады қателеседісалыстырады, талдайды
талқылау), құрылымын
салыстыра талдайды


Берілген тақырып негізінде Берілген тақырып негізінде Берілген тақырып негізінде тезистік Берілген тақырып негізінде
тезистік жоспар құрады тезистік жоспар құруда жоспар құруда қателеседі тезистік жоспарды талапқа сай
қиналады құрады





















9 ЖОБА

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары»

Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен
Оқу мақсаты 8.1.5.1
қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой
тұжырымдау
8.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)
талдай отырып, негізгі ойды анықтау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде
м
әтіннен қажетті ақпаратты табады

Көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік)
ан
қтап, ой тұжырымдайды
ы
Мәтінде көтерілген мәселені, негізгі ойды анықтайды


Ойлау дағдыларының
олдану
деңгейі Қ

Орындау уақыты 15-20 м
нут
и
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық
Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие
екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін,
заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге
болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100
мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары
оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма,
жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері
барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп
ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша
жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып
салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің
көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған
мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы
болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп
бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.
Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына
сай жұмыс таба алмайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды
ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны
ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан,


10 ЖОБА

оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20
пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін
құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
Салтанат неліктен бос жүр?
Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?

2. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша
еңбек етпеуінің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз.

3. Кестені толтырыңыз.

Мәтінде қандай мәселелер көтерілді? Мәтіннің негізгі ойы қандай?









Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Б
ілім алушы

Перифраз түріндегі 1 түрлендіріліп берілген сұраққа жауап 1
сұрақтарға жауап беруде береді;
мәтіннен қажетті қажетті ақпаратты анықтайды; 1
ақпаратты табады негізгі ақпараттарды табады; 1
қосымша ақпараттарды анықтайды; 1
көзқарасты табады; 1

Мәтіндегі көтерілген 2 мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын 1
мәселені анықтап, ой білдіреді; 1
тұжырымдайды

М
әтінде көтерілген мәтіндегі мәселені анықтайды; 1
м3
әселені, негізгі ойды негізгі ойды анықтайды.
анықтайды



Барлығы 8















11 ЖОБА

«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Перифраз түріндегі Түрлендіріліп берілген сұраққа Түрлендіріліп берілген сұраққа Түрлендіріліп берілген сұраққа
сұрақтарға жауап беруде жауап беруде, қажетті ақпаратты жауап беруде, қажетті ақпаратты жауап береді, қажетті ақпаратты
мәтіннен қажетті
анықтауда, негізгі ақпараттарды анықтауда, негізгі ақпараттарды анықтайды, негізгі ақпараттарды
ақпаратты табады т
абуда, қосымша ақпараттарды табуда, қосымша ақпараттарды табады, қосымша ақпараттарды
ан
ықтауда, көзқарасты табуда анықтауда, көзқарасты табуда анықтайды, көзқарасты табады
қиналады қателеседі

Мәтіндегі көтерілген Мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын Мәтінде мәселе бойынша өз ойын Мәтіндегі мәселе бойынша өз
мәселені анықтап, ой білдіруде қиналады білдіруде қателеседі ойын білдіреді
тұжырымдайды

Мәтінде көтерілген Мәтіндегі мәселені, Мәтіндегі мәселені, Мәтіндегі мәселені,
мәселені, негізгі ойды негізгі ойды анықтауда қиналады негізгі ойды анықтауда қателеседі негізгі ойды анықтайды
анықтайды



















12 ЖОБА

Бөлім «Ғарышты игеру жетістіктері»

Мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі
Оқу мақсаты 8.2.3.1
арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша
мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған
ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу




лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіннің ресімделуі арқылы оның жанрлық
ер
екшелігін ажыратады

Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған
ақ
араттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис)
п
азады
ж

Ойлау дағдыларының
олдану
деңгейі Қ
15-20 м
инут
Орындау уақыты

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.

Ғарышты игерген ел
Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді…
Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің
әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та
ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына
жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай
жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500
әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды?
Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің
аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста
«Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық
суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97
тиыны 1 АҚШ доллары екен.).
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат
Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар)
ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес
әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады.
Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет
ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006
жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі
ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен
Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.
Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-
коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық
Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс
істеп тұрды.


13 ЖОБА

Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық
ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да
көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің
ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы
тарихының жарқын беттерінен алынды!
Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов.
Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда.
Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991
жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.


1. Кестені толтырыңыз.

Мәтіннің жанры қандай?



Мәтін қалай рәсімделген?



Мәтіннің құрылымы қандай?



Басқа қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады?




2. Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін
жазыңыз.

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма
Білім алушы

Мәтіннің ресімделуі арқылы оның 1 мәтінннің жанрын 1
жанрлық ерекшелігін ажыратады анықтайды;
р
есімделуін көрсетеді; 1
қ
ұрылымын 1
ан
ықтайды;
ж
анрлық ерекшелігін 1
ан
ықтайды;
М
іннің баяндау желісін сақтап, мазмұнын сақтайды; 1
әт2
әр бөлігінен алынған
ақпараттарды әр 1
ақпараттардан жинақы мәтін
өлігінен алады;
(аннотация, тезис) жазады б
әтінді ықшамдап
м
қайта жазады. 1

Барлығы 7









14



«Ғарышты игеру жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Мәтіннің ресімделуі арқылы Мәтінннің жанрын, Мәтінннің жанрын, Мәтінннің жанрын,
оның жанрлық ерекшелігін ресімделуін, құрылымын, ресімделуін, құрылымын, ресімделуін, құрылымын,
ажыратады ж
анрлық ерекшелігін анықтауда жанрлық ерекшелігін анықтауда жанрлық ерекшелігін анықтайды
қ
иналады қателеседі



Мәтіннің баяндау желісін Мазмұнын сақтауда, Мазмұнын сақтауда, Мазмұнын сақтайды,
сақтап, мәтіннің әр бөлігінен ақпараттарды әр бөлігінен алуда, ақпараттарды әр бөлігінен алуда, ақпараттарды әр бөлігінен алады,
алынған ақпараттардан жинақы мәтінді ықшамдап қайта жазуда мәтінді ықшамдап қайта жазуда мәтінді ықшамдап қайта жазады
мәтін (аннотация, тезис)
қиналады қателеседі
жазады



















15

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер»

Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және
Оқу мақсаты 8.1.6.1
халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды
қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді,
жүйелі жеткізу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог
қ
ұрастырады

Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады

Ойлау дағдыларының
олдану
деңгейі Қ

Орындау уақыты 15-20 м
нут
и
Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Биоалуандылық деген не?
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда
10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп
аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды.
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан
түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды
әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға
көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда.
Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады.
Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді.
Қор
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан
алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.
Тұрақты экожүйелер
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі.
Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді
эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың
қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге
түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың
азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады».
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл
экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз
керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді
тұрғыда жауапты.

1. Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз.
2. Мәтінде ғылыми деректер қалай берілген? Қай деректерді маңызды дер едіңіз?




16

3. «Табиғат-ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Жоғарыда
берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі
жеткізіңіз.


Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
Тапсырма Б
ілім алушы

Тақырыпқа қатысты 1 мәтіннен терминдерді анықтайды; 1
диалог, монолог,
полилог құрастырады 2 м
әтіндегі ғылыми деректерді 1
ан
ықтайды;

м
аңызды деректерді ажыратады; 1

Ғ3
ылыми терминдер мен ғылыми терминдерді қолданады; 1
деректерді қолданады
ғ
ылыми деректерді орынды 1
қ
олданады;


тақырыпқа сай монолог 1
құрастырады;


өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. 1
1

Барлығы 8






























17

«Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Тақырыпқа қатысты Мәтіннен терминдерді, Мәтіннен терминдерді, Мәтіннен терминдерді,
диалог, монолог, мәтіндегі ғылыми деректерді мәтіндегі ғылыми деректерді мәтіндегі ғылыми деректерді
полилог құрастырады анықтауда, маңызды деректерді анықтауда, маңызды деректерді анықтайды, маңызды
аж
ыратуда қиналады ажыратуда қателеседі деректерді ажыратады


Ғылыми терминдер мен Ғылыми терминдерді, Ғылыми терминдерді, Ғылыми терминдерді,
деректерді қолданады ғылыми деректерді орынды ғылыми деректерді орынды ғылыми деректерді орынды
олдануда, тақырыпқа сай қолдануда, тақырыпқа сай монолог қолданады, тақырыпқа сай
қ
онолог құрастыруда, өз ойын құрастыруда, өз ойын дәлелді, жүйелі монолог құрастырады, өз ойын
м
дәлелді, жүйелі жеткізуде жеткізуде қателеседі дәлелді, жүйелі жеткізеді
қиналады




















18

Бөлім «Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң»

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау,
Оқу мақсаты 8.2.6.1
іріктеп оқу, талдап оқу
8.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе
бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік
тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтінге комментарий жасап, іріктеп, талдап оқиды

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілігін
сал
стырып, ойын дәлелді жеткізеді
ы
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап жазады


Ойлау дағдыларының
оғары деңгей дағдылары
деңгейі Ж

Орындау уақыты 15-20 м
инут



Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазбалы отындар: қалыптасуы

Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның
шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай –
40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи
кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.

Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған
жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша
қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны
«фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға
айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер
шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық
энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды
қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін
қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды
қалыптастырады.

Қазбалы отынның қалыптасуы

Мұнай мен газ теңіз түбіндегі жануарлардың органикалық қалдықтарынан пайда болады.

Көмір, негізі, теңіздік заттардан емес, жердегі өсімдік қалдықтарынан қалыптасқан.

Бүгінде бұл отын терең жер астынан өндіріледі. Қазбалы отын түрлері бізді дайын энергия
көзімен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар
адам өмірінің кезеңінде алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде
басымдылығы шектеулі және қалпына келмейді.






19

1. Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз.



Сөйлемдер «+» «–»

1 Қара алтын басқа отын түрлеріне қарағанда көбірек
қолданылады.

2 Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан қазба
байлық түзілмейді.

3 Адамзат кен байлықтарынсыз-ақ күн кеше алады.

4 Бұл үш отын түрі теңіз түбіндегі жануарлардың
органикалық қалдықтарынан пайда болады.

5 Энергияның көп бөлігін газ, мұнай, көмір құрайды.


2. Мәтінде берілген ақпараттар бойынша SWOT-талдау жасаңыз.
















3. Берілген үзінді бойынша комментарий жазыңыз.
«Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар адам өмірінің кезеңінде
алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде басымдылығы шектеулі және
қалпына келмейді».

4. «Жастар қылмысына не себеп? Кедейлік пе, әлде бос жүріс пе?» тақырыбы бойынша
шағын эссе жазыңыз.


Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Б
ілім алушы

Мәтінге комментарий 1 мәтін бойынша дұрыс берілген 1
жасап, іріктеп, талдап ақпаратты анықтайды;
оқиды мәтін бойынша бұрыс берілген
1
ақпаратты анықтайды;
2 ақпараттың қаупін талдайды; 1
ақпараттың мүмкіндігін талдайды; 1
ақпараттың күшті жақтарын

талдайды; 1
ақпараттың әлсіз жақтарын
1
алдайды;
3 т
мәтіннен берілген үзіндіге 1

20

комментарий жазады;


ынылған шешімнің эссе құрылымын сақтайды; 1
Ұс4
ртықшылығы мен эссенің даму желісін сақтайды; 1
а
кемшілігін салыстырып, ұстанымын анық білдіреді; 1
ойын дәлелді жеткізеді. мәселені талдайды; 1
Эссе құрылымы мен даму өз ойын дәлелдейді. 1
желісін сақтап жазады

Барлығы 12












































21

«Қоршаған орта және энергия ресурстары», «Жасөспірім және заң» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ____________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Мәтінге комментарий жасап, Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс Мәтін бойынша дұрыс, бұрыс
іріктеп, талдап оқиды берілген ақпаратты анықтауда, берілген ақпаратты анықтауда, берілген ақпаратты анықтайды,
ақпараттың қаупін, мүмкіндігін, ақпараттың қаупін, мүмкіндігін, ақпараттың қаупін, мүмкіндігін,
күшті, әлсіз жақтарын талдауда, күшті, әлсіз жақтарын талдауда, күшті, әлсіз жақтарын талдайды,
мәтіннен берілген үзіндіге мәтіннен берілген үзіндіге мәтіннен берілген үзіндіге
комментарий жазуда қиналады комментарий жазуда қателеседі комментарий жазады


Ұсынылған шешімнің Эссе құрылымын, даму желісін Эссе құрылымын, даму желісін Эссе құрылымын, даму желісін
артықшылығы мен кемшілігін сақтауда, ұстанымын анық сақтауда, ұстанымын анық сақтайды, ұстанымын анық
салыстырып, ойын дәлелді білдіруде, мәселені талдауда, білдіруде, мәселені талдауда, білдіреді, мәселені талдайды,
жеткізеді. өз ойын дәлелдеуде қиналады өз ойын дәлелдеуде қателеседі өз ойын дәлелдейді

Эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап жазады

















22

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Театр өнері мен мәдениеті»

Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға
Оқу мақсаты 8.1.2.1
байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью,
пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-
эмоционалды сөздердің рөлін талдау

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

Мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды

Экспрессивті-эмоционалды сөздердің маңызын
т
лдайды
а

Ойлау дағдыларының
оғары деңгей дағдылары
деңгейі Ж

Орындау уақыты 15-20 м
инут


Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия
Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.
– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып,
жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?
– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты.
Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар
қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-
құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ
шашуға да болмайды.
– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше
алаңдатады?
– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады.
Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін
сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім.
Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.
Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған
дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте
тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау
керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.
– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз
өздеріне деген сенімділік пе?
– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке
меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін,
мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға
қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі
бірдей емес.
– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?
– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не
талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп,
бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен
құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе


23

орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі
қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында
білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…

1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз.

2. Кестені толтырыңыз?

Автор көзқарасы қандай? Автор көзқарасы бойынша менің пікірім






3. Автор мәтінде экспрессивті-эмоционалды сөздерді, автор көзқарасын қандай мақсатта
береді? Олардың мәтін мазмұнын ашудағы немесе оқырманға әсерін күшейтудегі маңызы
бар ма? Дәлелдеңіз.



Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Б
ілім алушы

Мәтіндегі автор 1 мәтіннен экспрессивті-эмоционалды сөздерді 1
көзқарасын анықтайды;
анықтайды

әтіннен автор көзқарасын анықтайды; 1
2 м
втор көзқарасы бойынша пікір білдіреді; 1
а
кспрессивті-
Э 1
оционалды
әтіндегі экспрессивті-эмоционалды
эм3 м
өздердің маңызын
ссөздердің рөлін талдайды; 1
алдайды
мәтіндегі автор көзқарасының маңызын
т1
талдайды;
өз ойын дәйектермен дәлелдейді.

Барлығы 6






















24

«Театр өнері мен мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Мәтіндегі автор көзқарасын Мәтіннен экспрессивті-Мәтіннен экспрессивті-Мәтіннен экспрессивті-эмоционалды
анықтайды эмоционалды сөздерді, эмоционалды сөздерді, сөздерді, автор көзқарасын
автор көзқарасын анықтауда, автор көзқарасын анықтауда, анықтайды, автор көзқарасы
автор көзқарасы бойынша пікір автор көзқарасы бойынша пікір бойынша пікір білдіреді
білдіруде қиналады білдіруде қателеседі


Экспрессивті-эмоционалды Мәтіндегі экспрессивті-Мәтіндегі экспрессивті-Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды
сөздердің маңызын эмоционалды сөздердің рөлін, эмоционалды сөздердің рөлін, сөздердің рөлін,
әтіндегі автор көзқарасының мәтіндегі автор көзқарасының мәтіндегі автор көзқарасының
талдайды м
маңызын талдауда, өз ойын маңызын талдайды, өз ойын
маңызын талдауда, өз ойын
дәйектермен дәлелдеуде дәйектермен дәлелдеуде дәйектермен дәлелдейді
ателеседі
қиналады қ


















25

Бөлім «Қазақстандағы туризм және экотуризм»

Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
Оқу мақсаты 8.2.1.1
сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру
8.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі
(диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап
жазу

лім алушы
Бағалау критерийі Бі

• Сызбамен берілген мәтіндегі ақпараттарды талдап,
салыстырады

• Графиктік мәтіндегі деректердің маңызды тұстарын
анықтайды

• Мәтін құрылымын сақтайды



Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.


Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды
2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016
жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы
жазады.
2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам
келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері –
Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға
артқан.











Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі

Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да
себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016
жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге
табыс тапты.





Қазақстандағы туристік фирмалар табысы

Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы
шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия
және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.

1. 2006 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусым айы аралығындағы Қазақстанда
қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлеміне салыстыру жасаңыз. Туристердің саны артып
не кемуіне не себеп болуы мүмкін? Болжап көріңіз.









________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


2. Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз, оған
тақырып қойыңыз.



ыл, қаңтар-қараша
2017 ж



27

Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Бі
лім алушы

Сызбамен берілген мәтіндегі 1 мәтіндегі ақпараттарды 1
ақпараттарды талдап, салыстырады; 1
салыстырады
ақ
параттың себебіне болжам 1
ж
асайды; 1
Гр2
фиктік мәтіндегі мәтіндегі ақпаратты саралайды; 1
а
еректердің маңызды
сурет негізінде мәтін жазады; 1
д
тұстарын анықтайды. м
тіннің құрылымын сақтайды. 1
Мәтін құрылымын сақтайды ә


Барлығы: 7


«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні __________________________________________


Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі

Төмен Орта Жоғары

Сызбамен берілген мәтіндегі Мәтіндегі ақпараттарды Мәтіндегі ақпараттарды салыстыруда, Мәтіндегі ақпараттарды
ақпараттарды талдап, салыстыруда, ақпараттың себебіне болжам жасауда салыстырады,
салыстырады ақпараттың себебіне болжам қателеседі ақпараттың себебіне болжам
жасауда қиналады жасайды


Графиктік мәтіндегі Мәтіндегі ақпаратты саралауда, Мәтіндегі ақпаратты саралауда, Мәтіндегі ақпаратты саралайды,
деректердің маңызды сурет негізінде мәтін жазуда, сурет негізінде мәтін жазуда, сурет негізінде мәтін жазады,
тұстарын анықтайды. мәтіннің құрылымын сақтауда мәтіннің құрылымын сақтауда мәтіннің құрылымын сақтайды
Мәтін құрылымын сақтайды қиналады қателеседі
 
Верх