ЖБ БЖБ ТЖБ Жиынтық бағалау Сауат ашу 1 сынып

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Cауат ашу
1-сынып

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1- сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2

========3========

Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ....... 5 «Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау............................................... 6 «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау..... 9 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы....................................... 11 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ..... 19 «Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау........................... 20 «Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ................. 22 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы....................................... 25
3

========4========

4

========5========

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5

========6========

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты:
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?)
туралы айтылғанын анықтау.
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс
ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы
кідірісті қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз,
жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және
дұрыс дыбыстау.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
 Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін
анықтайды.
 Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып,
әңгімелейді.
 Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және
дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дұрыс
ажыратады.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Бiз қалада тұрамыз. Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi. Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаламыз өте таза. Қалада стадион, театр, саябақ бар. Мектептің қасында қаламыздағы ең үлкен кітапхана орналасқан. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Мен өз қаламды жақсы көремiн.
1. Мәтінің не туралы екенін анықтап, ат қойыңыз. __________________
Сөйлемдерді оқыңыз. Сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз. Жауабын қоршап сызыңыз.
Мектептің қасында үлкен саябақ орналасқан. Ақиқат Жалған Қаланың тұрғындары қонақжай. Ақиқат Жалған
6

========7========

2. Өзіңіз тұратын жерді мәтінде сипатталған қаламен салыстырып, әңгімелеңіз.
3. Суреттегі заттардың атауын жазыңыз және сөздің дыбыстық сызбасын
көрсетіңіз.
________________________ _______________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор
Білім алушы
мәтіннің тақырыбын анықтайды; Мәтінге ат қояды;
мәтінге сәйкес ақиқат ақпаратты табады;
мәтінге сәйкес жалған ақпаратты табады;
әңгімелеу барысында өзі тұратын жерді сипаттап айтады;
әңгімелеу барысында салыстыра сипаттап айтады;
«кеме» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді; «зәкір» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді.
Балл
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін
анықтайды.
1
1 1 1
1
Сипаттау/салыстыру сөздерін
пайдаланып, әңгімелейді. Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/ жіңішке
дауыстылар) дұрыс ажыратады. Барлығы
2
1
1
3
1
1
8
7

========8========

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
Мәтінге тақырып
қоюда және берілген қоюда/ берілген
ақпараттың ақиқат/жалғандығын анықтауда қиналады.
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді.
Сипаттап айтуда Сипаттап және салыстыра салыстыра отырып әңгімелеуде әңгімелеуде
қиналады.
Дыбыстарды түрлеріне Сөздерді жазуда қарай (дауысты және және сөздің дауыссыз, жуан/жіңішке дыбыстық сызбасын дауыстылар) дұрыс
ажыратады.
көрсетуде қиналады. ғана орындайды
8
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орташа
Жоғары
Мәтінге тақырып
ақпараттың ақиқаттығын / жалғандығын анықтауда қателеседі.
Мәтінге тақырып қояды және берілген ақпараттың ақиқат/жалғандығын дұрыс анықтайды
қателеседі.
айтуда/ Сипаттай және отырып салыстыра отырып,
дұрыс
әңгімелейді.
Сөздерді жазудың/ Сөздерді дұрыс сөздің дыбыстық жазады және сызбасының біреуін дыбыстық сызбасын
көрсетеді.

========9========

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық
бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты:
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін
сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,
сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып,
жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
 Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп
оқиды.
 Тірек сөздердің/сызбалардың/суреттердің
көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
1. Ертегіні түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Аю, түлкі, қасқыр үшеуі жа-рыс-ты. Қор-баң-да-ған аю араның ұ-я-сын бұзып кетті. Аралар а-ю-ды талай бас-та-ды. Араға та-лан-ған аю тез жү-гір-ді.
О-сы-лай-ша аю бә-рі-нен о-зып кетті.
Ертегі не туралы? ______________________
Аюдың басқалардан озып кетуіне не себеп болды? _______________________
2. Суреттердің орнына тиісті сөзді қойып оқыңыз және сөйлемдерді толықтырып
жазыңыз.
Айдынның әкесі . Ол теңізге шығады . Балаларына
_____________ ___________
туралы қызықты әңгімелер айтып береді.
____________
9

========10========

Бағалау критерийі
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
Тірек
сөздердің/сызбалар дың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
Барлығы
Тапсырма

1
2
Білім алушы
сөздерді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқиды;
мәтіннің тақырыбын анықтайды; мәтіндегі оқиғаның себебін анықтайды; тиісті сөзді жаза отырып, бірінші сөйлемді құрастырады;
тиісті сөзді жаза отырып, екінші сөйлемді құрастырады;
тиісті сөзді жаза отырып, үшінші сөйлемді құрастырады.
Дескриптор
Балл
1
1 1 1
1
1
6
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________
Бағалау критерийі
Төмен
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
Мәтінді оқуда және сұрақтарға жауап беруде
қиналады.
Тірек
Сөйлем
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орташа
Жоғары
Мәтінді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқуда / сұрақтарға жауап беруде қателеседі.
Мәтінді буындап немесе тұтас сөздермен дұрыс оқиды және сұрақтарға жауап береді.
сөздердің/сызбалардың/суреттердің құрастыруда және / жазуда қателіктер көмегімен сөйлем құрастырып жазуда қиналады.
жазады.
10
Сөйлем құрастыруда Сөйлемдерді
дұрыс жібереді. құрастырып
жазады.

========11========

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
11

========12========

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Оқылым - 20 минут
Жазылым - 20 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны – 18 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
12

========13========

5
8
2
3
балл
Жалпы
3
1
1
1
саны
Тапсырма
ған
қарсы
-
бойынша
сипаттамасы
Тапсырманың
тапсырмада берілген
-
Білім алушылар берілген
мәтінді тыңдайды және
мәтін
сұрақтарға жауап береді.
Білім алушылар оқы
мәтіннен заттың атын,
сынын және қимылын
білдіретін сөздерді
анықтауға берілген 1
тапсырма орындайды.
2
сөздерге қарама
мағыналы сөздер тауып
жазады.
Білім алушылар тәуелдік
жалғауларын дұрыс
қолдануға берілген 1
тапсырма орындайды.
қарсы
-
.
мәтінде кім /
.
Заттың атын,
Оқу мақсаты
1.1.2.1 Мұғалімнің
көмегімен
не туралы айтылғанын
анықтау.
1.3.10.1
санын, сынын, қимылын
білдіретін сөздерді
ажырату және орынды
қолдану.
1.2.4.1 Мұғалімнің
көмегімен қарама
мағыналы, мәндес, көп
мағыналы сөздердің
мағыналарын ажырату
1.3.10.2 Тәуелдік және
жіктік жалғауларының
қарапайым
формаларын қолдана
алу (терминсіз)
.
.
.
дәстүр
дәстүр
-
-
Ортақ
тақырып
Салт
және ауыз
әдебиеті
Саяхат
Салт
және ауыз
әдебиеті
Сөйлеу
түрлері
әрекетінің
Тыңдалым
және
айтылым
Оқылым
Жазылым
3
-
4
5
6

1
Тапсырма

========14========

4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Ертегіні мұқият тыңдаңыз және тапсырмаларды орындаңыз.
Түлкі мен тырна
(Ертегі)
Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып: – Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, – дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да:
– Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, – депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады.
Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.
1. Ертегінің кейіпкерлерін жазыңыз _______________________________________
[1]
2. Тыңдаған ертегіге сәйкес суретті тауып, белгілеңіз.
А)
В)
С)
D)
[1]
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертегі неден басталды? Ары қарай не болды? Ертегі немен аяқталды?
[3]

========15========

Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
1
Түлкі, тырна
2
В)
3
Түлкі мен тырна дос болыпты /Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты/ Түлкі мен тырнаның
достығынан басталады
Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты/ Олар бір-бірін қонаққа
шақырыпты.
Түлкі мен тырнаның достығы ажырапты/ Олардың достығы
аяқталыпты.
Барлығы
Оқылым
1. Мәтінді оқыңыз.
Балл
Қосымша ақпарат
1
1
1
1
Ертегінің мазмұнына сәйкес кез келген дұрыс жауаптар қабылданады.
1
5
Заттың атын білдіретін сөздердің астын бір сызықпен, сынын білдіретін сөздердің астын ирек сызықпен, қимылды білдіретін сөздердің астын екі
сызықпен сызыңыз.
Асан екеуміз тоғайға бардық. Аласа бұталардың арасында сұр торғайлар ұшып жүр. Анадайдан тоқылдақтың дауысы естіледі. Тоғайдың іші көңілді екен.
2. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып жазыңыз.
Көңілді - _____________ Аласа - ______________
[10]
15

========16========

Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Заттың атын білдіретін сөздер:
- бала
- торғайлар
Заттың сынын білдіретін сөздер:
- аласа
- сұр
- көңілді
Заттың қимылын білдіретін сөздер:
- бардық
- ұшып жүр
- естіледі.
1 1
1 1 1
1 1 1
Көңілсіз
1
Биік
1
Барлығы
10
Жазылым
1. Берілген сөздерді тиісті орынға жазыңыз.
Көйлегің, тақиясы, қамшым.
Менің ___________ Сенің ___________ Оның ___________
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Менің қамшым
1
Сенің көйлегің
1
Оның тақиясы
1
Барлығы
3
16

========17========

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды ( диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
17

========18========

18

========19========

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
19

========20========

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты:
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме
құрап айту.
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі
буын санын анықтау.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
 Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
 Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын
санын анықтайды.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қараңыз және оқиғаның ретіне қарай нөмірлеңіз. Әңгіме
құрастырыңыз.
2. Берілген буындардан сөз құрастырып, кестеге жазыңыз. Сөздегі буын санын
көрсетіңіз.
дақ
Үлгі: бүл-дір-ген - 3 буын
Сөз
Буын саны
20

========21========

Бағалау критерийі
Тапсырма

Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
1
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын анықтайды.
2
Білім алушы
әңгіменің құрылымын анықтайды: басы, оқиғаның желісі, соңы;
жүйесін сақтай отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырады;
буындардан сөз (екіден кем емес) құрастырады;
сөздегі буын санын анықтайды.
Барлығы
Дескриптор
Балл
1 1
1
1
4
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
Әңгіменің құрылымын Әңгіменің құрылымын Әңгіменің анықтауда және анықтауда
сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиналады.
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын анықтайды.
Буындардан сөз құрастыруда және сөздегі буын санын анықтауда қиналады.
/ сурет құрылымын дұрыс бойынша әңгіме анықтайды және құрастыруда сурет бойынша қателіктер жібереді. әңгіме
құрастырады.
Буындардан сөз құрастыруда /сөздегі буын санын анықтауда қателіктер жібереді.
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын дұрыс анықтайды.
21

========22========

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты:
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу
немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа
жауап беру.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың
жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп
элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай
жазу.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
 Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға
жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ
қояды.
 Сөздерді каллиграфиялық талаптарды сақтай
отырып, көркем және сауатты жазады.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Футбол
Балалар футбол ойнауға жиналды. Олар екі командаға бөлінді. Асқар қақпашы болды. Болат допты қақпаға қарай тепті. Асқар допты жылдам қағып алды. Балалар жақсы шыныққан және мықты. Футбол ойыны қыза түсті.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.
1) Мәтін не туралы?
_________________________________
2) Ойынға қандай балалар қатысты? _______________________
22

========23========

2. Сурет бойынша екі сұрақ құрастырып, көркем етіп жазыңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор Білім алушы
мәтіннің тақырыбын анықтайды; мәтінге қатысты ақпаратты анықтайды;
сурет бойынша бір сұрақ құрастырады;
сурет бойынша екінші сұрақ құрастырады;
Балл
Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
1
1
1
1
1
Сөздерді
каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып, көркем және сауатты жазады.
2
әріптердің байланысын сақтап, көркем жазады;
сөйлемдерді сауатты жазады.
1
1
Барлығы
6
23

========24========

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________
Бағалау критерийі
Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
Төмен Мәтіннің тақырыбын және мәтінге қатысты ақпаратты анықтауда қиналады.
Сурет бойынша сұрақ құрастыруда қиналады.
Сөздерді
каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып, көркем және сауатты жазады.
Әріптердің байланысын сақтап жазуда және сөздерді сауатты /көркем жазуда қиналады.
24
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Орташа Мәтіннің тақырыбын / мәтінге қатысты ақпаратты анықтауда қателеседі.
Жоғары Мәтіннің тақырыбын және мәтінге қатысты ақпаратты дұрыс анықтайды.
Сурет бойынша бір ғана сұрақ құрастырады.
Сурет бойынша сұрақтарды дұрыс құрастырады.
Әріптердің байланысын сақтап, жазуда / сауатты / көркем жазуда қателіктер жібереді.
Әріптердің байланысын сақтай отырып, сауатты және көркем жазады.

========25========

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
25

========26========

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Оқылым - 20 минут
Жазылым - 20 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны – 12 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
26

========27========

3
6
3
балл
Жалпы
2
2
1
саны
Тапсырма
Оқыған
жазады.
ып
сипаттамасы
Тапсырманың
әтіннің тақырыбын және
Білім алушылар мәтінді
тыңдайды, сұрақтарға
жауап береді және
тыңдалған мәтінге
қатысты пікірін айтады.
Білім алушылар мәтіннің
құрылымдық бөліктерін
анықтайды.
м
жанрын анықтайды.
Білім алушылар берілген
сөздерден сөйлем
құрастыр
.
кім
.
жай сөйлеммен
су атаулары, үй
-
.
Оқу мақсаты
1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз
көзқарасын
білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен
оқыған мәтіннің тақырыбын,
басын, ортасын және соңын
анықтау
1.2.2.1 Мәтінде автордың
(не) туралы айтқысы келгенін
түсіну.
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен
әңгімелеу мәтінін/
ерекшелігіне қарай мәтін
жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/
стилін (көркем және
бейкөркем) ажырату
1.3.9.3 Бас әріппен
жазылатын сөздерді (кісі
аттары, жер
жануарларына берілген
атауларды) анықтау.
-
-
.
Ортақ
тақырып
Тағам және
сусын
Тәні саудың
жаны сау.
Тәні саудың
жаны сау.
.
.
.
Сөйлеу
түрлері
әрекетінің
Тыңдалым және
айтылым
Оқылым
Жазылым
2
4
-
-
5

1
3
Тапсырма

========28========

4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңдаңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Бір күні бақшадағы көкөністер өздерінің адамға тигізетін пайдасы туралы дауласып қалыпты. Дауды қияр бастапты.
- Адамға бәрінен мен пайдалымын. Мен тез өсемін. Бәріңнен бұрын пісемін. Адам мені көп пайдаланады, - деп мақтаныпты ол.
- Жоқ, бәрінен де мен пайдалымын. Менің ақ түсімнен адамдар қант алады, қызыл түсім нәр береді. Ешқандай зияным жоқ, - деп сөзге қызылша араласыпты.
- Ал менің шырыным өте пайдалы. Ол адамдарға күш береді, – депті сәбіз.
Бұл әңгімеге бақшадағы басқа көкөністер де қосылыпты. Олар бірін-бірі жеңе алмай ұзақ дауласып, ақырында адамның өзінен сұрауды жөн көріпті.
1. Дауға қандай көкөністер қатысты?
А) қияр, қызанақ, сәбіз
В) қызылша, картоп, қияр
С) қияр, қызылша, сәбіз
D) сәбіз, қызылша, пияз.
[1]
2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
 Көкөністер не туралы дауласты?
 Сіз қай көкөніс пайдалы деп ойлайсыз?
[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
С)
1
2
Өздерінің пайдасы
туралы/Өздерінің адамға тигізетін пайдасы туралы дауласты.
1
Көкөністер пайдалы/Әр көкөністің өзіндік пайдасы бар.
1
Мәтінге қатысты кез келген дұрыс
жауап қабылданады.
Барлығы
3
28

========29========

Оқылым
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің бөліктерін анықтаңыз және байланыстырып
сызыңыз.
Екеуі бұлақтың басына келіп отырды. Су ішті. Дәмі ерекше екен. Бұлақ басына басқа балалар да келді. Олар да бұлақтан су ішті. Судың дәмі туралы әр түрлі пікірлер айтты.
басы
Жазғы демалыста балалар тауға саяхатқа шықты. Қайрат пен Мұқан алға қарай озып кетті. Олар тау етегінде ағып жатқан мөлдір бұлақты көрді.
ортасы
Мұғалім де бұл судың пайдасы туралы айтып берді. Бұл асқазан ауруларын емдейтін шипалы су болып шықты.
соңы
[3]
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар
Мәтінге ат қойыңыз. __________________________________ Бұлақтың суы қандай екен? __________________________________ Мәтіннің жанрын анықтаңыз. __________________________________
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Мәтіннің құрылымын анықтайды- басы
1
Мәтіннің құрылымын анықтайды- оқиғаның өрбуі (ортасы)
1
Мәтіннің құрылымын анықтайды- соңы
1
2
Мәтіннің тақырыбын анықтайды;
1
Мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
1
Мәтіннің жанрын анықтайды.
1
Барлығы
6
29

========30========

Жазылым
1. Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
Мараттың, деген,
, бар, Ақтөс
Ақтөс, сүйкімді, өте
Марат, көреді, , жақсы
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
Білім алушылар сөйлемді және жалқы есімдерді бас әріптермен жазады. 1-сөйлем: Мараттың Ақтөс деген күшігі бар.
1
2-сөйлем: Ақтөс –өте сүйкімді күшік.
1
3-сөйлем: Марат күшігін жақсы көреді.
1
Барлығы
3
30

========31========

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
 
Верх