ЖБ БЖБ Құқық негіздері 10 сынып Жиынтық бағалау ҚГБ

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)


МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .... 4
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.............4
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... 8 «Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.....................8
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.....................12
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.16
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..............20
3
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Азаматтық
қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері Оқу мақсаты 10.1.1.1 Құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын
түсіндіру
10.1.2.4 Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету
10.1.2.1 Құқықтық мемлекет принцптерін айқындау Бағалау критерийі Білім алушы
• Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды
• Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді
• Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі цифрлы сөздермен толықтырыңыз.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Құқықтың жалпы
белгісіне ең алдымен оның (_________) жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты
бір қоғамдық қатынастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, (_________),
жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, (__________________), бір тұлғаға ғана
бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, (______).
1 2 3 4
жүйелілік әлеуметтік-тарихи табиғат мемлекетпен байланыстық рәсімділігі
2. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін, саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке адамдар, олар құрған ерікті қауымдастықтар және азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттар (отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары, өндірістік, шыгармашылыц және басқа да ортақ мүдделерге сүйенген бірлестіктер, саяси партиялар, цогамдыц ұйымдар) құрайды.
Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007
Көз алдыңызға елестетіңіз! Сіз азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарды өзгертетін кез-келген 3 ереже ойлап тауып, енгізе аласыз. Сіз қандай ережелер енгізер едіңіз?
Ереже №1__________________________________________________________________________________
Бұл ережені таңдау себебі:_____________________________________________________________
Ереже №2___________________
Бұл ережені таңдау себебі:
Ереже №3
4
Бұл ережені таңдау себебі:
3. Құқықтық мемлекетке тән белгілермен танысып, төменгі бөлігіне мағынасын ашып жазыңыз.
Біріншіден Екіншіден Үшіншіден Төртіншіден Бесіншіден
адам мен азаматтың цүқыцтары мен бостандықтар ының кепілдігі мен мызгымастыг ы сақталады. адам мен азаматтың цүцыцтары мен бостандықтар, билік пен жеке адамның арацатынасы халыцтың егемендігі мұратына негізделеді мемлекеттік биліктің заң шығару, атцару және сот билігі сияцты тармацтарға бөлінуі өмірдің барлыц саласында цұцыцтың үстем болуы мемлекет пен жеке түлганың өзара жауапкершілігі

5
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды 1 1-сөзді мәтінге қояды; 1
2-сөзді мәтінге қояды; 1
3-сөзді мәтінге қояды; 1
4-сөзді мәтінге қояды; 1
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді 2 азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1 -ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; 1
азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 2-ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; 1
азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 3 -ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; 1
Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды 3 «адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы сақталуы» түсінігінің мағынасын ашады; 1
«адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді» түсінігінің мағынасын ашады; 1
«мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі» тармақтарына бөлінуінің мағынасын жазады; 1
«өмірдің барлық саласында құқықтың үстем болуы» түсінігінің мағынасын ашып жазады; 1
«мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі» түсінігінің мағынасын ашып жазады. 1
Барлығы 12
6
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қиналады ^ Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қателіктер жібереді Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қояды □
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қиналады ^ Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қателіктер жібереді ^ Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға бір ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді □
Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып, мағынасын түсіндіруде қиналады □ Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып, мағынасын түсіндіруде қателіктер жібереді |—| Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып түсіндіреді □
7
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен
нысаны. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер Оқу мақсаты 10.2.3.1 Экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын
және нысанын түсіндіру
10.2.4.4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау
10.2.5.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысанын анықтайды
• Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта қолдану ерекшеліктерін қарастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Түсінік Анықтама
1 Қоршаған табиғи ортаны қорғау А) Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді
2 Экологиялық құқық В) табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықытруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі
3 Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану С) Қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері
4 Биологиялық ресурстар Е) генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе
8
құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері
5 Генетикалық түрлендірілген организмдер Б) тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсімін молайтуға немесе оларды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер
2. Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.
1-жагдаят
Кәмелет жасқа толмаған азаматтар М. және Г. 25 қаңтар 2013 жылы сағат 16.30-шамасында Станкеевич көшесінде орналасқан «Алматы-1» сауда орталығының қасында кәмелет жасына толмаған Ш-ның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемденген, аталған іс-әрекеттерімен соңғының заңды өкіліне 6000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.
Кәмелет жасца толмагандар жәбірленушінің өмірі мен денсаулыгына цауіпті емес күш цолданып, ашыц түрде оның ацшалай царажатын иемдену Қылмыстыц кодекстің цай бабына сәйкес:
A) 191-бап. Тонау
B) 192-бап. Қарақшылық
C) 193-бап. Қорқытып алу
Жагдаятца сәйкес кәмелетке толмаган М. және Г. Қылмыстыц кодекске сәйкес цандай жаза тагайындалады ?
Сот тарапынан тагайындалатын жазаны ауырлатуга немесе жеңілдетуге бола ма? Болса/болмаса цандай негіздер бойынша?
3. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдаятпен танысып, қолданылатын жазаны жазып көрсетіңіз.
«Б» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қ.Б. «О. Г. ЛТД» ЖШС және «Ш» ЖШС араларында Қ. облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуге шарт жасау үшін 2 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Одан басқа, сотта, ол бір топ адаммен жоғарыда көрсетілген зауыт құрылысы кезінде 1 154 890 185 теңге аса ірі сомасында ақшалай қаражатты жұмсауын ұйымдастырғаны анық дәлелденген.
Сондай-ақ Қ.Б. бір топ адаммен алдын ала сөз байласу бойынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бірнеше рет аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 345,5 млн. теңге болатын пара алып отырған.
Сот цандай үкім шыгаруы тиіс?_______________________________________________________
ҚР Қылмыстыц кодексіне сәйкес цандай жаза тагайындалуы тиіс?
ҚР Сыбайлас жемцорлыцца царсы заңның цандай нормаларын бүзды?
9
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысаны анықтайды 1 «қоршаған табиғи ортаны қорғау» түсінігін анықтамасымен сәйкестендіреді; 1
«экологиялық құқық» түсінігін анықтамасымен сәйкестендіреді; 1
«табиғат байлықтарын тиімді пайдалану» түсінігін анықтамасымен сәйкестендіреді; 1
«биологиялық ресурстар» түсінігін анықтамасымен сәйкестендіреді; 1
«генетикалық түрлендірілген организмдер» түсінігін анықтамасымен сәйкестендіреді;; 1
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады 2 кәмелет жасқа толмағандар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ашық түрде оның ақшалай қаражатын иемдену қылмыстық кодекстің қай бабына сәйкес екендігін көрсетеді; 1
кәмелетке толмаған М. және Г.-ға қандай жаза тағайындалатынын жазады; 1
тағайындалатын жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды жазады; 1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта қолдану ерекшеліктерін қарастырады 3 жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазады; 1
ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетеді; 1
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасайды. 1
Барлығы 11
10
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысаны анықтайды Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, биологиялық ресурстар, генетикалық түрлендірілген организмдер ұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіруде қиналады ^ Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, биологиялық ресурстар, генетикалық түрлендірілген организмдер ұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіруде қателіктер жібереді ^ Қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық құқық, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, биологиялық ресурстар, генетикалық түрлендірілген организмдер ұғымдарын анықтамасымен сәйкестендіреді ^
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекешеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастыруда қиналады Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекешеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастыруда қателіктер жібереді Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырып талдайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта қолдану ерекшеліктерін қарастырады Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетуде, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасауда қиналады □ Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетуде, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасауда қателіктер жібереді Жағдаятқа сәйкес соттың шығаратын үкімін жазып, ҚР Кылмыстық кодексіне сүйене отырып тағайындалатын жаза түрін көрсетеді, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға сүйене отырып, бұзылған нормаларға сілтеме жасайды
11
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі
10.3.1.2 Азаматтық құқық принцптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру
10.3.2.2 Заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру
Білім алушы
• Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды
• Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді
Қолдану
20 минут
Тапсырма
1. Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына талдау жасаңыз.
Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді. Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасасып борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын мүлкін беруден бас тартады.
Сүрац 1. Азамат Б. азаматтыц цүцыц цагидаттарын бүзды ма? Бүзса цандай?
Сүрац 2. Коллекторлыц агенттік азаматтыц цүцыц цагидаттарын бүзды ма? Бүзса цандай? Жауабыңызды ашып жазыңыз.
Сүрац 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің цандай жолы(тәсілі) тараптарга тиімді болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.
2. Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.
Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника
12
дүкені қосымша ақыға 2 және 3 жылға кепілдік мерзімін ұзартуға болатындығын білді. Жеңілдетілген баға бойынша сатып алған азамат Д. кепіл шартына және дүкеннің қосымша кепіл шартына қол қояды. Арада бір жыл өткен соң азамат Д. сатып алған ноутбукты өзі қызмет ететін жұмысқа апарып пайдаланады. Қызмет барысында ноутбук арқылы түрлі бағдарламаларды кезекті сынақтан өткізу барысында ноутбук істен шығады. Тұтынушы ретінде электроника дүкенінен барып, тегін жөндеп беруді талап етеді. Алайда дүкендегі компьютер жөндеушілер оны жөндеуден бас тартады.
a) Неліктен электроника дүкені ноутбукты жөндеуден бас тартты?__________________________________________________________________________
b) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының қандай нормасы/ бабы бұзылды?
с) Тұтынушылардың құқығын қорғайтын одаққа мұндай жағдайда жүгінуге бола ма?
Ъ) Азамат Д.-ның ноутбукты жұмыс мақсатында пайдалану заңды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
13
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды 1 Азаматтық құқық қағидаттарының Б. азамат тарапынан бұзылған немесе бұзылмағандығын жазады; 1
дәлел келтіреді; 1
коллекторлық агенттік тарапынан азаматтық құқық қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын жазып көрсетеді; 1
дәлел келтіреді; 1
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс. несие бойынша міндеттемені бөліп төлеу); 1
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс. жылжымайтын мүлікті сатып, несие бойынша міндеттемені жапқаннан кейін артық қалған ақша көлемін қалдыру); 1
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс: несие борышы бойынша міндеттемені жұмысқа орналасқаннан кейін немесе төлем қабілеті туындаған уақыттан бастап төлеу); 1
Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді 2 қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазады; 1
ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасайды; 1
аталған жағдаятта Тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетеді; 1
Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдейді. 1
Барлығы 11
14
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_________________________________________________
Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қиналады □ Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қателіктер жібереді Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетеді □
Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде қиналады □ Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде кателіктер жібереді □ Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасайды, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетеді, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдейді ^
15
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері Азаматтық процестің субъектілері
Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері
10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру
10.4.2.2 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принцптерін талдау
10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау
Білім алушы
• Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын анықтайды
• Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді ажыратады
• Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары 20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі кестеде берілген түсініктерді қылмыстық процестің міндеттерімен қағидаттарына сәйкестендіріп жазыңыз. Әр бағанға кем дегенде екі жауап жазыңыз.
Қылмыстыц процесс міндеттері
Қылмыстыц процесс цагидаттары
Судьялардың тәуелсіздігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Зандылық. Бейтараптықпен, тез және толық ашу. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту. Әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау. Меншікке қол сұқпаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Жариялылық
2. Берілген ақпаратпен/мәтінмен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексі (үзінді)
5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР 43-бап. Іске қатысатын адамдардың құрамы
1. Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске кіретін азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында санамаланған сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысатын адамдар деп танылады.
45-бап. Азаматтық процестік әрекетке қабілеттілігі
16
1. Сотта өздерінің әрекеттерімен өз бетінше өз құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерін орындау қабілеттілігі (азаматтық процестік әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады.
2. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтарды тартуға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот іске қатысуға прокурорды тарта алады.
3. Он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.
4. Заңда көзделген жағдайларда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқықтық қатынастардан және алған жалақысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына иелік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін сотта жеке өзі қорғауға құқығы бар.
А. Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар тұлғаларды атап себебін көрсетіңіз.
2.
3
Себебі:
В. Кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктері қандай?____________________________________________________________
\Т.
2.
3. Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негіз ретінде қарастырылатын нормативтік-құқықтық актілерді жазыңыз.
A ._______________________________________________________________________________
B.
17
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын анықтайды 1 қылмыстық процестің бір міндеттін берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады; 1
қылмыстық процестің екінші міндеттін берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады; 1
қылмыстық процестің бір қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады; 1
қылмыстық процестің екінші қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады; 1
Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді ажыратады 2 мәтін түрінде берілген азаматтық-процестік кодекске сүйене отырып сот ісіне қатысуға құқығы бар бір тұлғаны жазады; 1
азаматтық-процестік кодекске сәйкес сот процесіне қатысатын екінші тұлғаны жазады; 1
азаматтық-процестік кодекске сәйкес сот процесіне қатысатын үшінші тұлғаны жазады; 1
азаматтық процеске қатысатын субъектілердің процеске қатысу себебін көрсетіп кетеді. 1
азаматтық-процестік кодекске сүйене отырып кәмелет жасқа толмағандар деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысудың 1 -ерекшелігін көрсетеді; 1
азаматтық-процестік кодекске сүйене отырып әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысудың 2-ерекшелігін көрсетеді; 1
азаматтық-процестік кодексіне сүйене отырып кәмелетке толмаған азаматтардың еңбегімен тапқан табысын қорғау/пайдалану ерекшеліктерін түсіндіреді; 1
Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды 3 әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілердің біреуін жазады; 1
әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілердің екіншісін жазады. 1
Барлығы 13
18
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________
Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын анықтайды Қылмыстық процестің 1/2-міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтыруда қиналады ^ Қылмыстық процестің 1/2-міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтыруда қателіктер жібереді □ Қылмыстық процестің 1/2-міндеттін/қағидатын берілген мәтіннен теріп алып кестені толтырады □
Азаматтық процеске қатысатын субъектілерді ажыратады Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетуде, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіруде қиналады □ Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетуде, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіруде қателіктер жібереді □ Азаматтық-процестік кодекске сәйкес іске қатысуға құқығы бар 1/2/3/ тұлғаларды атап себебін көрсетеді, кәмелет жасқа толмағандар мен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін түсіндіреді □
Әкімшілік процесті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын 1/2 нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауда қиындық туындайды □ Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын 1/2 нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасауда қателіктер жібереді □ Әкімшілік процесті жүзеге асыру барысында негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасайды □
19
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Халықаралық жария құқығы
Тақырып Халықаралық жария құқығы түсінігі
Оқу мақсаты 10.5.1.1 Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және
оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау Бағалау критерийі Білім алушы
• Халықаралық жария құқық ұғымы туралы түсінігін көрсетіп оның реттейтін қоғамдық қатынастарына сипаттама жасайды Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықаралық жария құқық - бұл мемлекеттер мен оның бірлестіктері (халықаралық ұйымдардың) арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
a) Халықаралық жария құқығы қандай қарым-қатынастарды реттейді?
b) Меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктері қандай?
c) Халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі қандай?
Ь) Жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді ме?
е) Халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктері қандай?
2. Халықаралық ұйымдарды кестеге толтырып, реттейтін қоғамдық қатынастар түрлері, институттар мен салаларын жазып, толтырыңыз.
Халықаралық ұйымдар атауы Салалар мен институттар Реттейтін қоғамдық қатынастары
Дипломатиялық құқық
Халықаралық әуе құқығы
Халықаралық гуманитарлық құқық
Халықаралық теңіз құқығы
20
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Халықаралық жария құқық ұғымы туралы түсінігін көрсетіп оның халықаралық жария құқығы қандай қарым-қатынастарды реттейтіндігін жазады; 1
реттейтін қоғамдық қатынастарына меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін жазады; 1
сипаттама жасайды 1 халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын жазады; 1
жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі айырмашылығын жазады; 1
халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазады; 1
халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 1-халықаралық ұйыммен оның реттейтін қоғамдық қатынастарын жазады; 1
2 халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 2-халықаралық ұйыммен оның реттейтін қоғамдық қатынастарын жазады; 1
халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 3-халықаралық ұйыммен оның реттейтін қоғамдық қатынастарын жазады; 1
халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 4-халықаралық ұйыммен оның реттейтін қоғамдық қатынастарын жазады. 1
Барлығы 9
21
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні_____________________________________________
Бағалау Оқу жетістігі деңгейі
критерийлері Төмен Орта Жоғары
Халықаралық жария құқық ұғымы туралы түсінігін көрсетіп оның реттейтін қоғамдық қатынастарына сипаттама жасайды Халықаралық жария құқығы реттейтін қарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін, халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі айырмашылығын, халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазуда қиналады □ Халықаралық жария құқығы реттейтін қарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін, халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі айырмашылығын, халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазуда қателіктер жібереді ^ Халықаралық жария құқығы реттейтін қарым-қатынастарды, меншік құқығына байланысты реттеу ерекшеліктерін, халықаралық ұйымдардың атқаратын қызметі айырмашылығын, жеке мүліктік емес қатынастарды реттеудегі айырмашылығын, халықаралық жария құқықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени саладағы қарым-қатынастарды реттеу ерекшеліктеріндегі айырмашылығын жазады □
Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып халықаралық ұйымдар атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын жазуда қиналады □ Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып 1/2/3/4 халықаралық ұйымдардың атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын толтыруда қателіктер жібереді □ Халықаралық жария құқығына қатысты салалар мен институттарға сүйене отырып халықаралық ұйымдар атауы мен олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын толық жазып кестені толтырады □
22
 
Верх