Скачать бесплатно СОР СОЧ ФО. Тегін жүктеу БЖБ ТЖБ ҚБ

Статус
Закрыто для дальнейших ответов.

Dariaa09876

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
0
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
 

Enlik_05

Member
Пользователь
Сообщения
10
Оценка реакций
0
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған: “Бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген. Әдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ, әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның “Өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та “Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған.
Әдебиеттің суреттейтіні — адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан-жақты таныта, көрсете біледі. Сондықтан әдебиет адамды “қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы” (Карл Маркс) ретінде, өз ортасының шындығымен жан-жақты байланыста бейнелейді. Дара тұлға айналасындағы тіршілікпен тұтастықта ашылады.
Адам бейнесін жасауда жеке бір адамға тән мінез-құлықты да, көпке ортақ сипаттарды да жинақтау тәжірибесі пайдаланылады. Типтік бейне қашан да жинақтау жолымен жасалады. Өмірде сирек ұшырасатын не жиі кездесетін деректердің қайсысы болса да типтік бола алады. Ең бастысы — шындықтың адам табиғатына сиымдылығы және нанымдылығы. Сондықтан да әдебиет нақты адаммен бірге сол адам өмір сүрген дәуірдің шежіресі, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихы — белгілі мөлшерде қазақ халқының тарихы да, онда халық бастан кешкен әрқилы дәуірлер мен оның адамдарының бейнесі жасалған, ой-арманы бейнеленген. Осының бәрін көркемдікпен суреттеп танытуда әдебиет тілінің маңызы үлкен. Ол — жазушылық шеберліктің негізгі. “Әдебиетші… — қаламымен ғана жазбайды, сөзбен сурет салады, адамды бір қалыпта ғана суретке түсіретін сурет өнері сияқты емес, үнемі қозғалыс, әрекет үстінде, таусылмайтын кездесулер мен қақтығыстардың жағдайында… суреттейді” (М.Горький). Әдебиет адамның өмір тануына, оның эстет. ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Оның тәрбиелік мәні зор, жарқын жасалған жақсы тұлғаларға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Халық өмірінің жан-жақты бейнеленген суреті мен оның көрнекті өкілдерінің бейнесін жасаған, азаттық, тәуелсіздік жолындағы арман-тілегін суреттеген әдебиет халықтық болып саналады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын да оның халықтық сипаты белгілейді. Өмірді тану мен оны көркем бейнелеудің ғасырлар бойғы тәжірибесі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін туғызған. Ол тегі жағынан эпос, лирика, драма болып бөлінеді. Олардың әрқайсысы іштей бірнеше түрден (жанрдан) тұрады. Шындықты танып, көркем бейнелеудің әдісі де әртүрлі. Олар белгілі бір дәуірдің өзгешеліктерінен туады. Әлем әдебиеті классицизм, романтизм, реализм сияқты шығармашылық әдістерді басынан өткерген. Солардың ішінде шындықты шынайы бейнелеуі, өмір құбылыстарын нақты адам тағдырына байланыстырып терең ашуы жағынан реалистік өнер әдебиет дамуының ең биік сатысы саналады.
Әдебиет — ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. “Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді” деген В.Г. Белинский. Көркемдік ізденісте ол әлем әдебиетінің озық үлгілерінің тәжрибесін пайдаланады. Оның дәстүрмен байланысы, жаңашылдығының да сыры осында. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік әдебиетінің үлгісі жалпы адамзатқа ортақ мұраны құрайды. Әдебиет ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Қазақ әдебиетінің көшпелі дәстүрде туған, ауызша шығарылып, халық жадында сақталған әдебиеттің тарихи зор саласы — ауыз әдебиеті (фольклор). Оның түрлері де сол шыққан дәуірі мен жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Оларда тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостың түрлері (батырлық, ғашықтық, дастандар түрінде), тарихи жырлар кең дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін анық танытады. Жазба әдебиет (тарихи әдебиет) қазақтың ұлт болып құралып, мемл-тігінің тууына байланысты өркендеген. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігінің суреттері мен дербес болуының идеясы жырланған. Елді осы жолда бірлікке шақыру, көрші елдердің отаршылдық саясатына қарсылық кең көрінеді. Ал, қазақтың дүн. жүз. дамуындағы орнын түсініп, Әдебиет арқылы ағартушылық, демократиялық көзқарасты насихаттау ХІХ ғ-дың екінші жартысында Абайдың, Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың шығармаларында көрініс тапқан. Осы тұстан бастап, Әдебиет халық өмірінің қайшылықтарын көркем бейнелеген қуатты құралға айналды. ХХ ғ-дың басында Ресей отаршылдығының астында езілген халықтың жан ашуын Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С. Торайғыров т.б. батылдықпен көтеріп, ағартушылық, демократиялық әдебиет дәстүрін тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен ұштастырды. ХХ ғ-да, кеңестік дәуірдің қайшылықты саясатына қарамастан, қазақ әдебиеті Еуропа әдебиетінің жанрлық түрлерін игеріп, шын мағынасындағы көркемдік биігіне көтерілді. Оның озық үлгілері әлемдік деңгейде танылды. Қазақ әдебиетінің бұл тұстағы табыстары Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтің, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Асқар Тоқмағамбетовтің, Тайыр Жароковтың, Ғали Ормановтың, Қасым Аманжоловтың, Әбділда Тәжібаевтың, Жұбан Молдағалиевтің, Сырбай Мәуленовтің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Тахауи Ахтановтың, Олжас Сүлейменовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Сәкен Жүнісовтің, Шерхан Мұртазаның, Тұманбай Молдағалиевтің, Қадір Мырза Әлінің т.б. шығармашылық өнерімен байланысты. Заманның қайшылықты сипаты да, әдебиет дамуының қиыншылықтары да осылардың өмірі мен еңбегінен көрінді.
 

Enlik_05

Member
Пользователь
Сообщения
10
Оценка реакций
0
ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа.Рахмет
Ахмет Ясауи кесенесіТүркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».
Өте жақсы мəлімет екен!(y)(y)(y)
 

Zhanagyl

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
0
9 сынып информатика 3 тоқсан жауаптарымене керек еді бөліссеңіздер өтініш?
 

Серик Кусайынов

New member
Пользователь
Сообщения
2
Оценка реакций
0
4сынып Тжб казак тили
 

Серик Кусайынов

New member
Пользователь
Сообщения
2
Оценка реакций
0
4сынып Тжб казак тили,матем,дүниетану,жаралыстану,адибет
 
Статус
Закрыто для дальнейших ответов.
Верх