[07.10, 11:30] Нұрай: Бабур Али Ол 16 жаста және Бабур Али Үндістанның Батыс Бенгалиядан шыққан. Ол 16 жаста, кішкентай Бхабта ауылында тұрады. Оның ауылында мектеп жоқ, бірақ Бабырдың жолы болды, өйткені ол келесі ауылдағы жеке мектепке барады. Оның мектебі жылына 1000 рупий, жылына 12 фунт стерлинг алады. Бұл Бабырдың ауылындағы көптеген балаларға өте қымбат, бірақ олар оқығысы келеді сондықтан Бабыр оларға үйренгендерінің бәрін үйретеді. Бабырдың бос емес екенін қалайтын балалар саны артып келеді. Бабурды ол үйренеді, содан кейін: тарихты үйрену керек, сондықтан Бабырдың достары оған сабақ беруге көмектеседі. Сабақтар бамбуктан жасалған саятшылықтарда, бірақ кейде олар ашық ауада отырады. Мектеп ақысыз, енді оның аты Ананд Шикша Никетан мектебі, ал Бабыр - бас мұғалім. Ол қазір Bab сабақ береді, бірақ h
[08.10, 09:57] Жумадил Акбота: Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция (талдамасы МКБИ), бұрынғы ауруханаішілік инфекция (АІИ) – науқас денсаулық сақтау мекемесінде емделіп жатқан кезеңде медициналық көмек көрсету нәтижесінде науқасқа жұғатын, шығу тегі микробтық кез келген клиникалық айқын көрінетін ауру. Қазіргі таңда ауруханаішілік инфекция (АІИ) айтарлықтай жіті проблеманы туындатып отыр. Дүниежүзілік статистиканың деректері бойынша АІИ пациенттердің кем дегенде 5-12 %-ында туындайды
[08.10, 09:58] Жумадил Акбота: Қазақстанда бұл сан шамамен 215 жағдайды құрайды. Бұл ретте статистиканың деректері қауіп төніп тұрғандардың тізімінде тек қана пациенттер емес медицина қызметкерлерінің де бар екенін көрсетеді. Көптеген жағдайларда АІИ жағдайлары перзентханаларда (71,4 %) тіркеледі. МКБИ туындау себептеріне біріншіден, асептика және антисептика қағидаларын сақтамау (33,3 %), екіншіден – антибиотиктерді дұрыс тағайындамау жатады.
[13.10, 14:19] Жумадил Акбота: Артериялар мүшеге қанды әкелетін – мүшеден сыртқы және мүшеде тармақталатын – мүше ішілік болып бөлінеді. Мүше ішілік артериялардың құрылысы орналасқан мүшенің құрылысы мен қызметіне байланысты. Тығыз мүшелерде (бауыр, өкпелер, бүйрек, көкбауыр) артериялар үлестер, сегменттер және үлесшелер бойымен тармақталады. Қуысты мүшелердің (ас қорыту жолы, несеп жыныс мүшесінің шығарушы жолдары) артериялары мүшенің бір жағынан еніп, оның қабырғасында сақина тәрізді немесе бойлық бағыттарда тармақталады.
Веналардың қабырғасы артериялар тәрізді үш қабықтан құралған, бірақ қабырғасындағы эластикалық және бұлшықет талшықтары артерияларға қарағанда нашар жетілген, сондықтан да іші бос веналар қабырғасы қабысып тұрады.
Веналарда қанның жүрекке қарай қозғалысын жеңілдететін қақпақшалары болады. Қақпақшалар венозды тамырлардың ішкі қабырғасында жұп болып орналасады, пішіндері жарты ай тәрізді, олар қанды жүрекке қарай өткізіп, кері ағуына кедергі келтіреді. Қақпақшалар аяқ веналарында өте көп кездеседі. Жоғарғы және төменгі қуысты веналарда, бас веналарында, бүйрек веналарында, қақпа және өкпе веналарында қақпақшалары болмайды.
Веналар орналасуына байланысты беткей және терең болып бөлінеді. Аяқ -қолдарда терең веналар аттас артериялар қасында жұп болып орналасады, сондықтан оларды күндес веналар деп атайды. Терең веналар жанында орналасқан артериялармен аттас болады (иық артериясы-иық венасы). Беткей веналар терең веналармен анастомоздар арқылы байланысады. Көршілес веналар бір-бірімен тығыз байланысып мүшелердің қабырғасында веноздық өрімдер түзеді. Организмдегі ірі вена тамырларының салалары бір-бірімен анастомоз түзеді. Мысалы: каво-кавалды, каво-порталды және каво-портокавалды анастомоздардың арқасында веноздық жүйелер бір-бірімен байланысады.
Микроциркуляторлық арна тамырлары бес тамырдан құралады: артериола, прекапилляр, капилляр, посткапилляр және венула. Олар бір-бірінен қабырғасының құрылысына байланысты ерекшеленеді. Артериолалар мен венулалардың қабырғасында бір қабатты ет талшықтары орналасады, ал прекапиллярлар мен посткапиллярларда бір қабат ет талшықтары шашыраңқы орналасады. Капилярлардың қабырғасы бір қабат эндотелий жасушаларынан тұрады, олардың жуандығы шаштың жуандығынан бірнеше есе кіші. Микроциркуляторлық арна тамырларының ішінде тек капиллярлар қабырғасы арқылы ғана тін мен қан арасында зат алмасу жүреді.
Қан айналым шеңберлері. Барлық сүтқоректілер сияқты адамда да қан үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің бойымен қозғалады. Екі шеңбер үзіліссіз бір-біріне жалғасады және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Үлкен қан айналым шеңбері бойымен қозғалған қан организмдегі тіндер мен жасушаларға оттегі, қоректік заттар, тұздар, витаминдер мен гормондарды жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдерін әкетеді. Кіші қан айналым шеңбері қанның газдық құрамын жаңартады.
Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығатын, ең ірі артериалдық тамыр - қолқадан басталады. Қолқа көптеген жұп және тақ артерияларға бөлініп, адам денесінің бүкіл бөліктеріне таралады. Дененің барлық мүшелері мен тіндеріне қоректік заттар мен оттегі жеткізіп, олардан зат алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын әкетеді, яғни артериялар капиллярлар арқылы веналарға айналып, денедегі бүкіл веналар жоғарғы және төменгі қуысты веналарға жиналып, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Осы жерде үлкен қан айналым шеңбері аяқталады.
Кіші қан айналым шеңбері. Оң жүрекшедегі қан оң қарыншаға өтіп, оң қарыншадан өкпе сабауы арқылы шығады. Оң қарыншадан кіші қан айналым шеңбері басталады. Өкпе сабауы сәйкес өкпелерге баратын оң және сол өкпе артерияларына тармақталады. Өкпе артериялары өкпенің қақпасы арқылы еніп, капиллярларға дейін тармақталады. Капиллярларда газ алмасу процесі жүріп, веноздық қан артериалдық қанға айналады. Артериалды қан әр өкпеден екі өкпе веналары арқылы шығып, жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Осы жерде кіші қан айналым шеңбері аяқталады. Сол жүрекшедегі қан сол қарыншаға өтіп, сол қарыншадан қайтадан үлкен қан айналым шеңбері басталады.
Тамырлардың таралу заңдылықтары. Ресейлік анатом П.Ф. Лестгафтың жіктемесі бойынша адам денесінде тамырлардың орналасуы белгілі заңдылықтарға бағынады. Артериалды жүйенің құрылысы адам организмінің жалпы құрылысына (біліктік қаңқаның болуы, орталықтанған жүйке жүйесінің болуы, дененің екі жақты симметриялылығы, жұп қол-аяқтың болуы, көптеген ішкі мүшелердің ассиметриялылығы) сәйкес келеді. Артериялар мүшелерге қысқа жолмен жетіп, мүшенің ішкі жағы арқылы енеді. Қол-аяқта артериалды тамырлар бүккіш беттерінде орналасады, буындардың айналасында артериалды торлар түзеді. Артериялардың жолы қаңқа сүйектеріне сәйкес жүреді: қабырға аралық артериялар қабырғалардың бойымен, қолқа омыртқа бағанасының бойымен жүреді.
Қан тамырларының қабырғасында қанның химиялық құрамының, қан қысымының және тамыр қабырғасындағы кернеу өзгерістерін қабылдайтын рецепторлармен байланысқан афферентті жүйке талшықтары орналасады. Аталған рецепторлар әсіресе қолқа доғасында, ұйқы қойнауында, өкпе сабауында және қолқаның құрсақтық бөлігінің шажырқай артерияларының бөлінетін жерінде көп орналасады. Сондықтан да бұл аймақтар рефлексогенді деп аталады, олардың тітіркенуі жүректің жұмысы мен қан қысымын өзгертеді.
[15.10, 01:18] Нұрай: Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
[15.10, 01:36] Нұрай: Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.