Скачать бесплатно СОР СОЧ ФО. Тегін жүктеу БЖБ ТЖБ ҚБ

Статус
Закрыто для дальнейших ответов.

aidabaglanova

Member
Пользователь
Сообщения
12
Оценка реакций
101

aidabaglanova

Member
Пользователь
Сообщения
12
Оценка реакций
101
Ахмет Ясауи кесенесіТүркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған...
Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады.
Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.
ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен».
????
 

aidabaglanova

Member
Пользователь
Сообщения
12
Оценка реакций
101
кер
«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес.
Сыншызерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де
сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында
атаса, екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.
Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның
монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады. Ә.Кекілбаев өз шығармаларында халық
жадында сақталған ескі аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады.
Ә.Кекілбаев романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат
шығармаларында мифтік-фольклорлық сарынның, аңыз-әңгімелердің жиі көрініс беруі
болып табылады. Ә.Кекілбаев туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық
сюжетке құрылады. Жазушы аңызәңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз
жібере отырып, мәңгілік мәселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы
шығармаларының бірі – «Аңыздың ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» романы тарихи
тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ Темір өмірінің бір сәті көрініс бергенімен, бұл
– үйреншікті мағынадағы дерекке негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз
шеңберінен шығып, қаламгерлік қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма
тудырған.
Мұнда тарих – фон, кезең колориті ғана. Сыншы С.Әшімбаев романның тарихи
негізін баса айта отырып: «шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді,
Әмірші деп отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты–
деген пікір білдіреді.
Ә.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны маңызды
емес. Мәселе, оқиғаның қашан және қалай болғанында емес, болған оқиғаның
адамгершілік-философиялық мәнінде. Сюжетке өткен дәуір оқиғасы арқау болғанымен,
ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік,
бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мәні бар мәңгілік мәселелерді қозғайды.
Шығарма адамгершілік негізінің тереңдігімен ерекшеленеді. Адам жанының шындығын
тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады.
«Аңыздың ақыры» романының лирикалық, романтикалық сипаты мол. Романның
сюжеті үш кейіпкердің (Әмірші, ханша, шебер) төңірегінде өрбитін тарихи аңыз-әңгімеге
құрылған. Жазушы өзіне таныс аңыз-әңгімені жалаң баяндаушы емес, ол аңыздық желіні
жаңаша түсіндіріп, жаңғыртып, сол арқылы адам жанының терең иірімдерін ашқан
композициясы күрделі, психологиялық салмағы бар дербес туынды жасайды.
Әмірші, кіші ханша мен шебердің арасындағы шарпысқан ішкі психологиялық
сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен суреттеледі.
Шығармада Алмас хан өмірінің соңғы айларында болған оқиға баяндалады. Хан кезекті
жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын
алыстан көзі шалады.
Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен
іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Ханға суық хабар өзегін құрт
жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас
жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді.
Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен
өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі.
Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Шығармада мұнараның
атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны және шеберді өзара
байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да
осы мұнара бейнесімен байланысты. Ол жанданған кейіпке еніп, адам әрекетіне, адамға
тән мінезге, қылыққа ие.
«Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей
мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға
[/QUOTE куштиии
 

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653

Erbol

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
11
Мен бұл сайтқы жаңадан тіркелдім, ішінде өте керекті мәтериялдар бар екен , сондықтан көп пікір жаза отырып өз кошеоекті теңгеге толтырыа отырып, басмқа әріптестерімен бірге іс- тәжирбие албасу өте тимід болар .барлықтарыңызғы істеріңіз ілгері, дендеріңіз сау болып, шығармашылық табыс тілеймін!!!
 

TEGINSOR.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
2,710
Оценка реакций
27,653
Мен бұл сайтқы жаңадан тіркелдім, ішінде өте керекті мәтериялдар бар екен , сондықтан көп пікір жаза отырып өз кошеоекті теңгеге толтырыа отырып, басмқа әріптестерімен бірге іс- тәжирбие албасу өте тимід болар .барлықтарыңызғы істеріңіз ілгері, дендеріңіз сау болып, шығармашылық табыс тілеймін!!!
+ 20 монета
 
Статус
Закрыто для дальнейших ответов.
Верх