Скачать бесплатно СОР СОЧ ФО. Тегін жүктеу БЖБ ТЖБ ҚБ

Статус
Закрыто для дальнейших ответов.

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Сапасы өте жаксы
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Думанды бастады,

Далама қарашы!

Кең екен Жер деген,

Жерге дән шықты ғой,

Дән егіп терлеген

Қазағым мықты ғой!



Қайырмасы:

Менің елім, менің елім

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Сағымды далам бар,

Сабырлы көлім бар.

Қараңдар, жараңдар

Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты

Ежелгі досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!.



Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Отан оттан да ыстық» демекші мен өз елімді қатты жақсы көремін. Менің Отаным, менің елім, менің жерім ол – Қазақстан. Қазақстан елі өте тату өмір сүреді. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бар. Оларды айта кетсек өзбек, орыс, татар, кәріс тағы басқада ұлт өкілдері. Менің отанымда түрлі қазба байлықтар өндіріледі. Қазақстаным күннен күнге көркейіп келуде. Елу дамыған елдің қатарына қосылады. Қазақ елінде әлемге әйгілі ақындар, ғалымдар және жазушылар бар. Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығын тойлағалы жатырмыз. Мен осындай елде тұрғаныма мақтанамын.
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Сонау ұлан-байтақ жері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Осындай аймағы кең, қойнауы қазынаға толы әрі құнарлы жерімізге кімдер көз салмады десеңші?! Олар қазақ жерін басып алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, елімізді тыныш қоймады. Бірақ мықты, батыл ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, талай рет тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, жайланып жатырмыз. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары жетіп отырған бостандық туын биікке желбіретіп, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
Өз басынан ұрпақ тағдырын биік санаған ардақты ақын, батыр Махамбет Өтемісұлы елі үшін, халқы үшін аянбай тер төкті. Халқым, елім азат болсын деп жанын берді. Қарапайым адамдардың қамын ойлап, тәуелсіздікті сыйлаймын деп барынша талпынды. Қаңжардай кеудесімен өзінің халқын қорғады. Олардың ар-намысын бәрінен де артық санады. Бейбітшілік, ынтымақ, еліміз тыныш болсын деп тіледі.
 

Дилфуза

Active member
Пользователь
Сообщения
38
Оценка реакций
36
«Отан» деген сөз ежелден көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың от жағып, тіршілік еткен ұясы деген ұғымнан шықса керек-ау. Отан үшін отқа да түскен, суға да батқан Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп асыл сөз қалдырған. Осындай елін сүйген және одан жігер алған, жұрттың қорғаны болған қазақ азаматтарының алар асуы мен жетер белестері әлі алда деген ойдамын.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жиырма үш жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет атанды. Қазақ халқы үшін үлкен қуаныш. Бұл жағдай 23 жасқа толған мемлекетке оңайға соқпады. Дәл осындай Қазақ елі атты азат ел барын, көк аспанда шарықтап ұшқан, қалықтап ұшқан, көк туын желбіретіп ұшқан қыран бейнелі қайратты халық бар екендігін өзге елдер де танып жатыр
 

Мирассс

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
3
Жаманның Аяз би аталу себебі неде ? A ) әділеттілігінде B ) көрегендігінде C ) тапқырлығында Д ) ақылдылығында .Чтобы найти ответы я должны семь день писать стоит
 
Статус
Закрыто для дальнейших ответов.
Верх