Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді.
Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу аталады.
Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілемдері, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді.
Қазақстан территориясының ауқымдығына қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі – табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарына Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы – Алатаудың қасында орналасқан. Алатау – биік, әдемі тау.
Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Қазақстан азаматы ретінде туған Отанымды, халқымды құрмет тұтамын.
Әрбір Қазақстандық азамат атамекенін, ел намысын қорғайтын, ата салтын бұзбайтын, қайырымды болуы керек.
Қазақстандық азамат отанды сүйетіндігін сөзбен емес, іспен дәлелдеуі қажет.
Толығырақ:
http://testent.ru/publ/studenty/kazak_tili_sabagi/tu_an_zherge_sajakhat/3-1-0-2984
0 0
Пікір Қосу
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Екінші тоқсаннан бастап оқушылар мектепке барып оқиды
Тест: Хәрри Поттер әлемін қаншалық жақсы білесіз?
Қазақстан оқушылары күзде неше күн демалады?
Поможем сдать ЕГЭ на 100 баллов
Реклама
"Қызсың ғой". Сексизммен күресіп жүрген Ботакөздің әңгімесі
Шетелдіктер асырап алған қыз Қазақстаннан отбасын іздейді
10% Бонусов с Kaspi Gold на Kaspi.kz
Реклама
Бесплатный корпоративный мессенджер
Реклама
Түркістан облысында 23 жастағы әйел алты баланың анасы болды
Ұқсас сұрақтар
1жауап
"Туған жер жайлы бір дерек" тақырыбында мәтін керек?
Жезнирадасный_рахит Мектеп 16.02.2015 сұрақ қойды | 4.0k қаралды
1жауап
"Туған жер жайлы бір дерек" тақырыбында мәтін дайындап беріңіздерші?
d4i6kk,ui Кітап, Әдебиет 26.02.2014 сұрақ қойды | 2.6k қаралды
1жауап
"Ыстық ұям - туған жерім" тақырыбында шығарма керек?
Nursultan Кітап, Әдебиет 20.05.2017 сұрақ қойды | 3.6k қаралды
0жауап
Саяхатқа шыққанда өрттен табиғатты қорғайық мақала жазу керек?
Ернияз Табиғат 3.06.2014 сұрақ қойды | 677 қаралды
1жауап
Шығарма "Туған жердіңәр тасы қымбат маған"
mauletov_alisher Қазақ тілі 7.03.2015 сұрақ қойды | 5.7k қаралды
Сұрақ қою
" style="box-sizing: border-box; background-color: transparent; color: rgb(51, 122, 183); text-decoration: none; padding-bottom: 1px;">Заң1.8k
- Өмір, Тіршілік4.8k
- Тағам, Аспаздық976
- Жұмыс1.3k
- Экология, Табиғат1.3k
- Денсаулық6.2k
- Спорт3.1k
- Танысу, Махаббат2.7k
- Көңіл-көтеру1.7k
- Өнер1.5k
- Қыдыру, Демалыс449
- Кітап, Әдебиет3.2k
- Құрылыс, Жобалау374
- Музыка, Ән5.7k
- Ұялы телефон5.2k
- Әлеуметтік желі1.6k
- Кино, Теледидар3.1k
- Сурет, Видео1.4k
- Тұлға, Адам3.0k
- Салт-дәстүр974
- Логикалық сұрақтар3.2k
- Жалпы сұрақ13.8k
-
" style="box-sizing: border-box; background-color: transparent; color: rgb(51, 122, 183); text-decoration: none; padding-bottom: 1px;">Онлайн конференция10
121,614 Сұрақ
310,688 Жауап
153,261 Пікір
69,676 Қолданушы
Сұрақ-Жауап сайты
