Скачать бесплатно СОР СОЧ ФО. Тегін жүктеу БЖБ ТЖБ ҚБ

Статус
Закрыто для дальнейших ответов.
Сообщения
2
Оценка реакций
0
Википе́дия (англ. Wikipedia, произносится [ˌwɪkɨˈpiːdiə] или [ˌwɪkiˈpiːdiə]) — общедоступная многоязычная универсальная интернет-энциклопедия со свободным контентом[комм. 2], реализованная на принципах вики. Расположена по адресу wikipedia.org.
Владелец сайта — американская некоммерческая организация «Фонд Викимедиа», имеющая 37 региональных представительств. Название энциклопедии образовано от английских слов wiki («вики»; в свою очередь заимствовано из гавайского языка, в котором оно имеет значение «быстро») и encyclopedia («энциклопедия»).
Запущенная в январе 2001 года Джимми Уэйлсом и Ларри Сэнгером[6], Википедия сейчас является самым крупным и наиболее популярным[7] справочником в Интернете[8][9][10]. По объёму сведений и тематическому охвату Википедия считается самой полной энциклопедией из когда-либо создававшихся за всю историю человечества[11][12]. Одним из основных достоинств Википедии как универсальной энциклопедии является возможность представления информации на родном языке пользователя[13]. На май 2018 года разделы Википедии есть на 301 языке, а также на 493 языках в инкубаторе. Она содержит более 40 миллионов[1] статей. Интернет-сайт Википедии является пятым по посещаемости сайтом в мире[14].
Главной особенностью Википедии является то, что создавать и редактировать статьи в ней может любой пользователь Интернета[комм. 3]. Все вносимые такими добровольцами изменения незамедлительно становятся доступными для просмотра всем посетителям сайта. В декабре 2013 года в заявлении ЮНЕСКО по случаю награждения Джимми Уэйлса, основателя Википедии, Золотой медалью Нильса Бора про Википедию было сказано, что она является «символом эпохи взаимодействия, в которую мы живём, и это не просто инструмент, это воплощение мечты, столь же древней, как человеческий интеллект и собрания Александрийской библиотеки»[15][16].
Надёжность и точность Википедии вызывают вопросы[17]. Википедию критикуют за возможность добавления ложной или непроверенной информации[18] и вандализма на её страницах. Однако научные исследования свидетельствуют о том, что в Википедии следы актов вандализма обычно оперативно устраняются[19][20].
Раздел Википедии на русском языке на 28 июня 2020 года занимает 7-е место по количеству статей среди всех языковых разделов.
 

Мирсаид

New member
Пользователь
Сообщения
2
Оценка реакций
0

zhamigul97

New member
Пользователь
Сообщения
4
Оценка реакций
0
Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім. Өйткені сол тіршілік иесінің арқасында сіз қазір осы шығарманы оқып отырсыз. Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз.

Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ.

Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.

Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.

Барында анаңызды қуантыңыз! Күлдіртіңіз! Оларға бәріне лайық!
 

zhamigul97

New member
Пользователь
Сообщения
4
Оценка реакций
0
Өз баласына жамандық, қастық ойлайтын әке болмайды. Олар не де болса, бізде бәрі жақсы болса екен дейді. Біздің өмірде сүрінгенімізді, шалыс басқанымызды қаламайды. Кез-келген ата-ана "Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін" деп отырады. Кез-келген ата-ананың баласына деген махаббаты ерекше. Олар өз баласын бәрінен артық көреді. Әке де, ана да адамда біреу ғана. Сондықтан оларды сыйлап, құрметтеу керек. Мен ата-анамның көңіліне қаяу түсіргім келмейді. Олардың үмітін ақтап, жақсы мамандық иесі болсам деймін. Менің ата-анам - баға жетпес байлықтарым. Оларсыз өмірімді елестете де алмаймын. Сондықтан әр күні ата-анама ұзақ ғұмыр, денсаулық, күш-қуат тілеймін. Ата-анасы бар адам шынында да ешқашан қартаймайды. Ата-анам әрдайым аман болса екен.
 

zhamigul97

New member
Пользователь
Сообщения
4
Оценка реакций
0
Әкем біз үшін, бізді жеткізу үшін аянбай еңбек етуде. Арманы бізді оқытып, өз орнымызға қондыру. Ол кісінің бір тамаша қасиеті, біздің таңдауымызға өмірі қарсы шыққан емес. Бәрін түсіністікпен қабылдайтын. "Мен айттым, солай жасайсыңдар" деп айтқан емес. Қашан да біздің пікірімізді біліп, бізбен санасады. Сіңлім екеуіміз болашақ мамандығымызды әлден таңдап қойдық. Әкем біздің инженер болғанымызды қаласа да, біздің өз қалауымызға қарсы болған жоқ. "Өздерің сүйген мамандықты таңдаңдар", - дейді ол. Сонымен қатар әкем анамыздың көңіліне де қаяу түсірген емес. Ол бәрімізге қамқор болып жүреді. Кішкентай кезімізде анамыз қатты шаршағанда, оған үй жинап, ыдыс та жуып көмектесетін. Қазір де анамыз үй жинаған кезде, бір жағына шығысып, кілемдерді қағып көмектеседі. Менің ең жақсы көретін сәтім кешкі уақыттарда бәріміз жиналып отырып, ән салатынымыз. Әкем гитарада немесе пианинода ойнайды. Сонан соң бәріміз бірігіп ән шырқаймыз. Мен әкемді жақсы көремін және осындай мейірбан, жақсы әкем болғаны үшін, өзімді бақыттымын деп білемін.
 

zhamigul97

New member
Пользователь
Сообщения
4
Оценка реакций
0
Әке - тамырын терең жайған ағаш. Әке - баланың қорғаны. Менің түйсігімде әке туралы қалыптасқан ой осындай және ол өмірде де дәл осындай көрініс табуда. Менің әкем - ең тамаша адам. Ол кішкентайымыздан бері сіңлім екеуімізді махаббатына бөлеп, алақанына салып, төбемізден құс ұшырмай өсірді. Мен әкемсіз, әкем менсіз тұра алмайтын едік. Бірер күнге туыстардың үйіне қыдырып кетсем болды, екеуіміз екі жақта жылап, ол мені алып кететін. Қазір есіме түссе, күлкім де келеді. Бірақ бұл менің өмірімдегі тәтті естелік. Әкем кішкентай күнімізден бері сіңлім екеуімізге қолдау білдіріп, кеңес беріп отыратын. Ол кісі домбырада, гитарада, пианионда, баянда ойнай алады, ән шырқайды, суретті шебер салады, кез-келген тамақты да өте дәмді етіп дайындайды, көліктің бұзылған жерін дыбысынан-ақ біледі, кез-келген техниканы жөндейді. Өзі сондай сегіз қырлы, бір сырлы адам. Және бойындағы осы игі де ізгі қасиеттерін бізге де үйретіп бақты. Әкем бізге таза жүруді, өтірік айтпауды, адал болуды, адамгершіліктің алтын ережелерін үйретті. Кішкентай кезімізден бері бізді айналып толғанып, қасында алып жүретін. Содан да болар, біз де әнге жақын болып өстік. Үйдегі бұзылып қалған затты әкем жұмыстан келгенше өзіміз-ақ ақтарып салып, жөндеп алатынбыз.б.
 

Узамаки руслан

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
0
«Аңыздың ақыры» романы қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес.
Сыншызерттеушілердің романның жанры туралы ортақ бір пікірге келе алмай жүруі де
сондықтан болар. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдардың қатарында
атаса, екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады.
Шығарманы үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған бір топ ғалымдар оның
монологқа, толғанысқа құрылғанын баса айтады. Ә.Кекілбаев өз шығармаларында халық
жадында сақталған ескі аңыздарды жаңғыртып, көне сюжеттерді көбірек бағдар тұтады.
Ә.Кекілбаев романтизмінің көркемдік жүйесін толықтыратын сипат
шығармаларында мифтік-фольклорлық сарынның, аңыз-әңгімелердің жиі көрініс беруі
болып табылады. Ә.Кекілбаев туындылары көбінесе бүтіндей мифтік-фольклорлық
сюжетке құрылады. Жазушы аңызәңгімелер арқылы өткенге, тарихи оқиғалар сілеміне көз
жібере отырып, мәңгілік мәселелерді шешуге ұмтылыс жасаған. Осы сипаттағы
шығармаларының бірі – «Аңыздың ақыры» романы. «Аңыздың ақыры» романы тарихи
тақырыпқа жазылып, тарихта болған Ақсақ Темір өмірінің бір сәті көрініс бергенімен, бұл
– үйреншікті мағынадағы дерекке негізделген тарихи туынды емес. Жазушы тарихи аңыз
шеңберінен шығып, қаламгерлік қиялын қоса отырып, дербес психологиялық шығарма
тудырған.
Мұнда тарих – фон, кезең колориті ғана. Сыншы С.Әшімбаев романның тарихи
негізін баса айта отырып: «шартты түрде болса да оқиға қай ғасырда, қай жерде болып еді,
Әмірші деп отырғанымыз кім, қай елдің ханы деген сұрақтың бетін ашу керек сияқты–
деген пікір білдіреді.
Ә.Кекілбаев үшін романда оқиғаның қай ғасырда, қай жерде болғаны маңызды
емес. Мәселе, оқиғаның қашан және қалай болғанында емес, болған оқиғаның
адамгершілік-философиялық мәнінде. Сюжетке өткен дәуір оқиғасы арқау болғанымен,
ішкі мазмұны махаббат пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, мейірім мен қатыгездік,
бақ пен тақ, бақыт сияқты жалпыадамзаттық мәні бар мәңгілік мәселелерді қозғайды.
Шығарма адамгершілік негізінің тереңдігімен ерекшеленеді. Адам жанының шындығын
тебіреніспен толғап, өмір туралы философиялық толғам, ғибратты ой ұсынады.
«Аңыздың ақыры» романының лирикалық, романтикалық сипаты мол. Романның
сюжеті үш кейіпкердің (Әмірші, ханша, шебер) төңірегінде өрбитін тарихи аңыз-әңгімеге
құрылған. Жазушы өзіне таныс аңыз-әңгімені жалаң баяндаушы емес, ол аңыздық желіні
жаңаша түсіндіріп, жаңғыртып, сол арқылы адам жанының терең иірімдерін ашқан
композициясы күрделі, психологиялық салмағы бар дербес туынды жасайды.
Әмірші, кіші ханша мен шебердің арасындағы шарпысқан ішкі психологиялық
сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен суреттеледі.
Шығармада Алмас хан өмірінің соңғы айларында болған оқиға баяндалады. Хан кезекті
жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын
алыстан көзі шалады.
Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен
іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Ханға суық хабар өзегін құрт
жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас
жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді.
Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен
өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі.
Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Шығармада мұнараның
атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны және шеберді өзара
байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да
осы мұнара бейнесімен байланысты. Ол жанданған кейіпке еніп, адам әрекетіне, адамға
тән мінезге, қылыққа ие.
«Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей
мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға
Оте керемет
 

Aizhanka

Member
Пользователь
Сообщения
5
Оценка реакций
0
Өліара шақ. Аспан бура бұлттармен көмкерілген. Тымырсық. Төрткүл дүние толғағы жетіп, босанардай немесе ғажайып бір құбылысқа кенелердей алмағайып халде. Жер бетін қара түнек басқан. Барша пенде баласы, жан-жануар болашақ қауіп-қатерден, зобалаңдардан сескенгендей қалш-қалш ете қорқып, оның соңы үрейге ұласа бастады. Ысқырып-үскіріп аласұрған адуын жел жер-дүниені, тау-тас, орман-көлдерді ықтырып, жойқын гуілімен жасқап барады. Бір мезгілде орасан зор гүріл шығып, артынан күн күркіреп, аспан көгін шатыр-шұтыр найзағай осып, ұлы дүрмек басталды. Алапат да- уыл басталды. Барша тіршілік қорқыныштан бүрісіп, бірі үйшіктеріне, енді бірі індеріне тығылды. Дауыл күшейіп, аспаннан шелектеп нөсер жауды. Әлсін-әлсін найзағайдың от семсері аспан төсін тілгілейді, сойғылайды. Осынау астан-кестең, жаһаннамға жол тартқан дүниеде тек бір бейне-құбылыс қана жаны жай тапқандай сақылдап күліп, соңына қорқыныш пен үрей, өрт пен тасқын қалдырып, асыр сала ойнақтап жүр. Ол Перінің қызы Марту еді. Кейде аярлана сықылықтап, кейде жан түршігерліктей ессіз сақылдай күлген Пері қызының жаһанды жалпағынан басып, дүниені шыр-көбелек айналып, мың бұралған биінің өзі үрей шашқандай. Осынау дүние дүрмегінің алдында қорқыныштан тізелері қалтырай бүгілген адамдар қорғансыздықтан бүріседі. Жаратқанға жалбарынып, жарықты, сәулелі Күнді қайтаруды сұрайды. Аспан одан сайын екілене күркіреп, найзағай қосыла шатырлайды. Шатыр-шұтыр еткен найзағай уілдеп келіп, жер бетін солқ еткізе шарқ ұрады, одан дауыл ұрып, бықсыған түтін желмен ұйтқып, отқа ұласып, айқұш-ұйқыш өрт шалады. Қою түнек пен қорқыныш, үрей үстемдік алып, мәз болып, мұратына жеткен Пері қыз – Марту аярлана күліп, дөңгелене билеп ойран салады.
 

Мирамгуль

New member
Пользователь
Сообщения
1
Оценка реакций
0
Өте керемет! Осындай ақпараттар көп бола берсін!
 
Статус
Закрыто для дальнейших ответов.
Верх